Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ALEUMETTANU.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
162.72 Кб
Скачать

64. Социологиялық зерттеудің міндеттерін анықтау.Міндеттердің түрлері.

 Социология – тарихи қалыптасқан әлеуметтік жүйелердің дамуының, өмір сүруінің өзіндік заңдары мен заңдылықтары, жекелеген адамдардың, әлеуметтік топтардың, таптардың, халықтардың өміріндегі осы заңдардың әрекет ету механизмдері мен көріну формалары туралы ғылым.

Социология ғылымының пайда болуы мен дамуы өмірлік тәжірибеден алынған мағлұматтарды талдаумен тығыз байланысты. Социологиялық зерттеулер дегеніміз зерттеліп отырған нысан туралы объективті мағлұматтар алу мақсатындағы бір-бірімен өзара байланысты жүргізілетін логикалық, методологиялық, тәсілдік және ұйымдастырушылық-техникалық амалдар жиынтығы. Нақтылы социологиялық зерттеулердің мақсаты:

- қоғамдағы әлеуметтік құбылыстар мен процестердің шынайы сипатын білуге жағдай жасайды;

- әлеуметтік байланыстарды дамытудағы қайшылықтар мен  тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді;

- экономикалық, саяси және әлеуметтік дамудың бағдарын айқындауға көмектеседі;

- қоғамдық прогресс жолдарын анықтауға жағдай жасайды.

Социологиялық зерттеулер теориялық сипаттағы методологиялық тұжырымдамаларды және нақтылы әлеуметтік құбылыстарды немесе процестерді зерттеуге арналған әдістерді қамтитын бағдарламалар жасаудан бастау алады.

Социологиялық зерттеулер біздің қоғамды тану мүмкіндіктерімізді арттыра түсетін, объективті мағлұмат алудың маңызды құралы.

Социологияның зерттеу нысаны – қоғам және оның өмір сүру, даму заңдылықтары, яғни индивидтердің қауымдастығы, олардың өзара қарым-қатынастарының ортасы түрінде қарастырылатын қоғам.

Нысан ретінде әлеуметтік өмірдің бір бөлшегін социологияның зерттеу пәні етіп алу проблемалық жағдайдан, яғни кейбір әлеуметтік қайшылықтарды бөліп қарастыру қажеттілігінен туындайды. Проблемалық жағдай зерттеу пәнін құрайды, ал әлеуметтік өмір құбылыстарындағы проблемалық жағдайды шектеу - зерттеу нысанын бөліп алуға онтологиялық негіз болады.

Әлеуметтік нысандардың даму және өмір сүруінің объективті заңдылықтарын анықтау мақсаты алға қойылған теориялық - бағдарлық әлеуметтік зерттеулердің пәні эмпириялық шындықтың елеулі қасиеттері мен өзара байланыстарын теориялық анықтамалар мен ұғымдар түрінде түсіндіреді, ал мақсаты әлеуметтік жүйелер мен процестерді іс жүзінде басқару болып табылатын қолданбалы социологиялық зерттеулердің пәні ұғынылған нысаннан  өмір шындығына жету түрінде болады.

Социология қоғамдағы жеке адам, әлеуметтік топтар, жіктер мен қауымдастықтар, институттар мен процестер тіршілігі мен қызметінің барлық проблемаларын түгел қамтуға тиіс.

Қолданбалы социологиялық зерттеулер әлеуметтік теориялардың тәжірибелік негізін құрайтын деректерді немесе тапсырыс берушілердің (мекемелердің, қоғамдық ұйым өкілдерінің, партиялар мен қауымдастықтардың, мемлекеттік басқару органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының) нақтылы практикалық қажетін қанағаттандыра отырып, дербес нақтылы-қолданбалы ұғымға ие болатын мәлімет жүйелерін  алуға бағытталған. Ол теориялық  болжамдарды дәлелдеу немесе жалған екенін анықтау мақсатында жүзеге асады.

65.Еңбек ұжымы-әлеуметтік институты. Еңбек - қоғам мен адам емірініц негізгі шарты. Еңбек адам мен табиғат арасында жасалынатын жүйе және осы жүйеде адам ез әрекетімен өзінің табиғат пен карьгм-қатынасьш бақылайды, реттейді. ОсЫ еңбектің аркасында адам өз өміріне бөлінді және адам болып қаланды. Еңбек нағыз адамды, адамдық қоғамды жасады, сондыктан еңбек адамньщ басқа нәрселер әрекетімен ғана іске асады. Сол себепті, еңбек әрқашанда ұжьшдьЕҚ әрекетретінде көрінеді. Еңбек және өндіріс жүйелерінде адамдар белгілі бір байланыс пен карым-қатынасқа түседі, тек қоғамдық байланыс аумағында және олардың табиғаттағы қарым-қатынасында ендіріс белгілі бір орын алады Еңбек - адамның табиғатпен қарым-қатынасын көрсететін және барлық қоғамдық формалар үшін, күші бар адамдардың бір-бірі мен қарым-қатынасын көрсететін абстракция, бірақ, бүл көптеген еңбек түрлері толығымен дамығанда және еңбектіц нақты бір түрі адамзаттық әрекеттердің әр түрлілігіне бегеу бола алмағанда корінеді. Ірі машиналарды өңдеу нәтижесінде еңбектің нақты түрлерініц жиынтығы дамығаны көрінеді. Тек қана адам еңбектің нағыз субъектісі бола алады, ал машиналар, жануарлар жүмыс істейтін табиғаттың бір бөлігі болып табьшады, бірақ та еңбек дегеніміз бүл пайдалы қоғамдық қызмет. Бүл үғым әлеуметтік тарихи әлемді түрлевдіріп, адам осы түрлендіру жүйесінде жаца максаттар қойып, көптеген қиын мәселелерді шешеді. Ецбек бай адамдар ғажайып заттар келтіреді, бірақ та ол жүмысшылардьщ кедейленуіне әкеліп соктьфады. Еңбектің мақсаты адамдардың түрмыс жағдайын көтеру үшін мумкііішіліктер күру больш табьшады.

Адам еңбегі дамуынын бірінші сатысы - бүл дәстүрлі немесе индустрияга дейінгі коғам. Бүл кезде қолмен істелінетін өндіруші еңбек толығымен үстемдік жасаған, және үстемдік жасаған элита әзінің қойған шағын талаптарына канағаттанып отырған. Еңбек физикалык ауыр және тартымсыз тек адамды тамактандыруға арналған болды (ауыл шаруашылығы). Сонымен катар, бұл кезде экономикадан тыс итермелеу (қүлдық, крепоснойлық) болды: әйтпесе адамдар жүмыс істемеді, өнеркәсіп жаңадан өсе бастаған жагдай да болды. Екінші сатысы - машина ендірумен сипатталатын индустриалды қоғам. Шаруашылық күрылымында өнеркәсіп басым болды. Ецбек аздап ауырлау және тартымсыздау болды: бүл кезде материалдық қызығушылык түрінде экономикалық итермелеу болды. Ауыл шаруашылығы және өндіріленетін өнеркөсіптер екінпіі жоспарға қалды, бірінші кезекте - индустрияны өндеу. Бірінші сатьгға қарағанда өнімділік жоғары, негізгі материалдық қажеттіліктер жеткілікті өлшемде қанағаттандырарлыктай болды.

Қоғамның дамуының үшінші сатысы қазір тек мьша елдерде дамыған: Жапония, АҚПІ, Германия. Бүл - постиндустриялды қоғам, ол тек автоматты еңбекке негізделген. Негізгі салалары: білім, ғылым және қызмет керсету. Өнеркәсіп үшінші орынға қалды, бірінші кезекте - ақпаратты оңдеу. Еңбек материалдьщ реттеуді қажет етпейді. Постиндустриалды қоғамда еңбекке ынтаны еңбекке қозғайтын іпгкі себептер алмастырады (мысалы, берілген жүмысқа қызығушылық). Еңбектің енімділік шегі өте жоғары. Капиталистерде жоғары пайда, ал жүмысшыларда жақсы еңбек ақы . Қоғамдық өндіріс жүйесінде негізгі рел материалдық өндіріске жатады. Материалдық өндіріс - ендіруші және жеке қажеттіліктер үшін материалдьщ игілікті өндіру тәсілі. Материалдық - ондірістік әрекет адамдардың материалдық талантарын қанағаттандыруға бағытталған: тамақта, киімде, үйлерде.Қоғамдьщ өндірістің негізгі элементтерінің бірі рухани өндіріс.

66.Зерттеудің негізгі әдістері, олардың сипаттамасы.

Социологиялық ақпараттар жинаудың негізгі төрт әдістері бар. Олар:

1) сұрақ алу әдісі;

2) бақылау әдісі;

3) тәжірибе жүргізу әдісі.

4) құжаттарды талдау әдісі;

Сұрақ алу әдісі. Эмпириялық ақпараттар сұрақ алу арқылы алынады. Бұл әдіс ұйымдастыру жағынан артықшылығымен, арзандығымен, ақпараттың мазмұндылығы және әмбебаптылығымен, алынған ақпаратты өңдеуге техникалық құралдарды барынша мол пайдалану мүмкіндігімен ерекшеленеді.

Сұрақ әдісінің негізгі түрлеріне анкеталық сұрау мен әлеуметтік сұхбат (интервью) жатады.

Сұрақ алу тәсілінің өзіндік ерекшелігі «сұрақ-жауап» жүйесі логикалық көзқарас тұрғысынан жүзеге асып, алынған жауаптар кейіннен сапалық және сандық өңдеулерге түсуінде жатыр.

Бақылау әдісі деп – зерттеу барысында бақылаушының болып жатқан оқиғаларды ағымдық процесіне қарай тікелей тіркеп отыру әдісін айтамыз. Бақылау әдісінің ерекшелігі: зерттеу объектісін тікелей өз көзімен көріп, құлағымен есту арқылы мағлұмат жинау, мәліметтерді сұралушының еркіне қарамай алуына мүмкіндіктер беру, зерттеуші мен объектінің арасында тікелей байланыстың болуы арқылы шапшаң ақпараттар алып тұру мүмкіндігі. Бақылау бақыланушының түрлі жағдайлардағы іс-әрекеттерін, мінез-құлқын дәл және кеңірек ұғынуға, олардың болып жатқан оқиғаларға реакциялары мәнін түсінуге көмектеседі. Бақылаудың түрлері:

Жеке бақылау – зерттеушінің зерттеу объектісін өзінше жеке бақылауы;

Топтық бақылау – зерттеу объектісін бақылауға құрылған арнайы топ;

Іштей  бақылау – зерттеушінің зерттеу объектісіне қатысу арқылы мәлімет жинауы;

Сырттай бақылау – зерттеушінің зерттеу объектісіне араласпай сыртынан бақылауы;

Табиғи бақылау – табиғи ортада, табиғи жағдайларда жүргізілетін зерттеу;

Зертханалық бақылау – арнайы құрылған, жасанды жағдайдағы бақылау. 

Тәжірибе (эксперимент) – бақыланып және басқарылатын жағдайда жаңа білімдер алудың ғылыми әдісі болып табылады. Тәжірибеде зерттелетін оқиғаның жағдайын жоспарлы түрде басқару арқылы себепті байланыстары туралы болжамдар тексеріліп, сыни тұрғыдан қарастырылады. Ол қарастырылып отырған құбылыстың белгілі бір гипотетикалық моделін жасауға негізделіп, оның негізгі параметрлері, өзара және басқа құбылыстармен байланыстары, сол байланыстарының себепті салдарлы бағыттары айқындалады. Тәжірибеде зерттелетін осы модельдің көмегімен құбылыс өзгермелі жүйе ретінде сипатталады; оның ішінде іс-әрекеті басқаруға бағынып, тәжірибенің бақылауындағы тәуелсіз өзгермелісі ерекшеленеді.

Құжат деп – адамның белгілі бір материалға түсірген мәліметтерді сақтап, керек кезінде алып қолдану үшін құрған арнайы затын айтамыз. Құжат қолжазба, тасқа басылған мәтін, баяндаманың стенограммасы, магнитофон жазбасы, фотосурет, сурет, кинофильм, видеожазба күйінде болуы мүмкін. Мәліметті жазып алу, беру және сақтау үшін микрофильм, микрофиша, компьютер дискеті, лазер дискасы жиі қолданылады.

Құжаттарды түрлі белгілеріне қарай жүйелеуге болады. Мәліметтерді тіркеу тәсіліне қарай төмендегідей бөлінеді:

1. Жазба құжаттар 2. Фонетикалық 3. Иконографиялық.

67.информацияның жинау және өндеу әдістері. Бақылаулық әлеуметтік зерттеудің қорытынды сайысы мәліметтерді өңдеу, анализдеу мен интерпритациялау, бақылаулар негізіндеп жалпылаулар, шешімдермен нүсқауларды алуды қарастырады.Мөліметтер интерпритациясының тереңдігі зерттеушінің анкеталық сұрау нәтижелік анализдеу барысында кандай дөрежеде, қалайша әлеуметтік акпаратты өңдеудің қазІргі заманғы математика-статистикалық әдістері мен ерте пайдалануына байланысты.

Мәліметтерді өңдеу келесі сәттерден түрады:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]