Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ALEUMETTANU.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
162.72 Кб
Скачать

31.Отбасы әлеуметтік институт және кіші топ ретінде.

Отбасы - ертеректен келе жатқан әлеуметтік институттардың бірі. Ол алғашқы қауымдық құрылыстьң топырағьнда таптардан, үлттардан және мемлекеттен бұрын пайда болды. Отбасының қоғамдық құндылығьның шарты тікелей өмірді жалғастыруда ұрпақтар әкелу, балаларды тәрбиелеу және олардың өзіндік сапасын қалыптастыру болып табылады. Ең көне отбасының түрі - топтық некеге негізделген еді. Балалар мен әжелер, әкелер мен шешелер, балалар тобында - ағалы-інілер, апалы-сіңілілер, немере туыстар біріне-бірі ерлі-зайыпты, яғни әр ұрпактың бір -біріне ағалы-қарындас бола тұра некелес болатын. Отбасы әлеуметтік институт ретінде адамзат коғамының қальптасуымен бірге пайда болды. Отбасының қалыптасу және қызмет жасау процесі қүндылық нормалық жүйелермен белгілешен. Отбасы әлеуметтік институт ретінде түсінуде отбасындағы рөлдер қатынасында талдау жасаудың үлкен маңызы бар. Отбасылық адамның қоғамдағы әлеуметтік рөлдерінің бір түрі болып табылады. Отбасы адамның өз өмірінің негізгі процестерін бастан кешіретін кіші әлеуметтік топ болып табылады. Ондағы әрбір адамның өмірі отбасымен тығыз байланыстылығы сонша, ол әрбір отбасы мүшесінің дамуына шешуші әсер етеді. Социология ғылымы отбасыны былай анықтайды: отбасы дегеніміз тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ - оның жалпы белгілері - бөтен адаммен жыныстық орнату, туысқандық қатынастар жүйесі, адамның әлеуметтік және жеке дара адамгершілік сапаларын қалыптастырып дамыту, белгілі бір экономикалық қызметті іске асыру. Отбасы - бұл өзара махаббат, туыстық сезім, мақсаттары мен ұмтылыстары бір, бір-біріне және отбасы мүшелеріне жауапкершіліктері бар, заң жүзінде неке шартына отырған адамдар тобы.Отбасының негізгі қызметі - отбасы мен қоғам арасындағы карым-катынасты бір жағынан, ал екінші отбасы және жеке адам арасындағы жүйелік қарым-қатынас. Қоғамның дамуына және отбасының деген талаптарына өзгеруіне байланысты оның әлеуметтік кызметтері де өзгерді

32.Еңбек әлеуметтануының категориялары.

80-жылдардың ортасында социологияда еңбек қызметінің себептік факторларына байланысты түжырымдама жасалынды. Белгілі ғалым, социолог Александр Здравомысловтың еңбек қызметі себептеріне жасаған тұжырымдамасына қатты көңіл бөлуге еңбегі сіңген. Еңбек қызметінің себептерінің бірінші деңгейі - еңбек нәтижесінде адамдардың материалдық қызығушылығы мен қажеттіліктері өркендейді. Адам үшін еңбек әрқашанда емірді өндіруші құрал болып қалады. Табыс еңбекке ынта бола алады, егер ол жүмысшының енбек аманатына сәйкес қалса. Практика, еңбекке төлем ақының тепе-теңдігі жұмыста адамның кызығушылығының төмендеуіне, сондай-ақ, оның сапасындағы жауапкершілікке, кейде өнімділіктің төмендеуіне әкеліп соқты, жүмысшы өндірісте өзін қожайын сезінбеді. Бұл немқұрайлыққа, әрекетсіздікке тіреді. Бірақ, адамның еңбек қызметінің әрекеті тек материалдың қызығушылықпен бітпейді. Енбекке сертті қатынасатын факторлардың бірі - еңбек мазмұны. Еңбектің функционалды мазмұны - енбек әрекетінің нақты түрінде жеке түлғаның шығармашылық тәсілдерін дамытудағы объективті мүмкіндік. Дәл осы кезеңде еңбектің шығармашылық функциясы іске асырылады жене оның қатыспауы кез-келген өсу жүйесінің әсерін катты төмендетеді. Еңбек кызметінің себептері үжымдағы барлық қарым-қатынастар жиынтығын адам кайда еңбектенсе, сонда туғызады: үжымда басшы мен әріптестермен қарым-қатынасы.

Адамның барлық белсенділік себептерінің жинақталған әсері еңбек нәтижесінің өндірістік дамуы тек қана оның техникалық жабдықталуына байланысты емес, сонымен қатар, әлеуметтік даму көрсеткіштерінің есепке алуының кұлдырауына байланысты екенін айғақтады: жеке түлғаның ізгілікті потенциалына, еңбек ұжымының атмосферасына, адамдық қарым-катынас формаларына жене т.б.Бұл жұмысты орындаған адамның жалпы жағдайда қанағаттануын қамтамасыз ететін әлеуметтік - психологиялық баланска әкеліп соғады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]