
Catalog KZ Bас
.pdf
ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г
экономика және бизнес жоғары мектебі

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г |
293 |
|
|
5B050508 Есеп және аудит
5B050600 Экономика
5B050700 Менеджмент
5B051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару
5B090900 Логистика
5В050508 ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ МАМАНДЫҒЫ
1 курс
I семестр
Негізгі міндетті модульдер Негізгі міндетті модуль1. 6 кредит.
ENG 1201,FRE 1201,GER 1201 Шетел тілі. 3 кредит.
KAZ 1001 (RUS 1001) Қазақ (орыс) тілі. 3 кредит.
Негізгі міндетті модуль5. 3 кредит.
ECN1001 Экономикалық теория. 3 кредит.
Негізгі элективті модульдер
Негізгі элективті модуль 1,2,3,4. 6 кредит.
KAZ 1003 (RUS1003) Кәсіби мақсаттар үшін қазақ (орыс) тілі. 3 кредит. Пререквизиттер: жоқ.
Модульдің мақсаты студенттерді мемлекеттік тілде іс жүргізумен таныстыру, арнайы ресми формалар мен тілдердің түрлерін қарастыру және арнайы ақпаратты алу және беру мүмкіндіктерін үйрету болып табылады.
KAZ 1002 Қазақ тілі және әдебиет. 3 кредит.
Пререквизиттер: жоқ.
Модуль студенттерді сөйлем құрылымымен, грамматикалық ерекшеліктерімен, әдебиет туындыларымен таныстырады. Студенттердің өз ойларын жинақтап барлық пайдалнушыларға ақпаратты еркін жеткізу дағдысын қалыптастырады.
SLV 1001 Өмір сүру қауіпсіздігі негіздері. 1 кредит.
Пререквизиттер: жоқ.
ECO 1001 Экология және тұрақты даму. 2 кредит.
Пререквизиттер: жоқ.
Модульдің мақсаты студенттерді қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға шақыру, өзін-өзі сақтау әдістерін үйрету, әлемде болып жатқан экологоиялық тұрақсыздықтарды және экологияға әсер етіп жатқан негізгі факторларды қарастыру болып табылады.
POL 1001 Саясаттану. 3 кредит. Пререквизиттер: жоқ.
Модульдің мақсаты саясат пен биліктің моральдік негіздерін қарастыру, еліміздің сыртқы және ішкі саясатытарының ерекшеліктерімен таныстыру болып табылады.
Кәсіби элективті модульдер
Экономикадағы математика және статистикалық әдістер. 3 кредит.
EM 1005 Экономикадағы математика. Пререквизиттер: жоқ.
ECN 1002 Экономикадағы статистикалық әдістерге кіріспе. Пререквизиттер: жоқ.
Модуль математикалық және статитсикалық әдістер мен тәсілдерді экономикалық қызметтің құбылыстарын, экономикалық үрдістерді зерттеу мақсатында пайдалануға үйрету болып табылады.
II семестр
Негізгі міндетті модульдер
Негізгі міндетті модуль 2. 3 кредит.
ENG 1201,FRE 1201,GER 1201 Шетел тілі. 3 кредит.
Негізгі міндетті модуль 3. 3 кредит.
INFT 1001 Ақпараттық технологиялар. 3 кре дит.
Негізгі міндетті модуль 4. 3 кредит. HST 2001 Қазақстан тарихы. 3 кредит. Негізгі міндетті модуль 6. 6 кредит. MACE 1002 Микроэкономика. 3 кредит. MKT 1002 Маркетинг. 3 кредит. Негізгі міндетті модуль 7. 3 кредит.
AUD1001 Бухгалтерлік есеп тарихы. 3 кре дит.
III семестр
Негізгі міндетті модульдер
Негізгі міндетті модуль 8. 2 кредит. PHIL 2001 Философия. 2 кредит. Негізгі міндетті модуль 9. 6 кредит.
ECN 2001 Экономиканы мемлекеттік реттеу. 3 кредит.
MGT 2001 Менеджмент. 3 кредит. Негізгі міндетті модуль 10. 6 кредит. MACE 2001 Макроэкономика. 3 кредит. AUD 2001 Статистика. 3 кредит.
Негізгі элективті модульдер Негізгі элективті модульдер 5,6. 6 кредит.
Экономика және құқық негiздерi. 6 кредит. LAW 1001 Құқық негіздері.
3 кредит. Пререквизиттер: жоқ.
ECN 1001 Экономикалық ілімдер тарихы.
3 кредит. Пререквизиттер: жоқ.
Модульдің мақсаты құқықтық негіздер мен Конституционалдық қатыстарды зерттеу, студенттерді бүгінгі экономикалық жағдайды өз бетімен тануға дағдыландыру, экономикалық теория ғылымының даму тарихымен таныстыру болып табылады.
Психология және әлеуметтану. 6 кредит. SOC 1001 Әлеуметтану.
3 кредит. Пререквизиттер: жоқ.
PSY 1001 Психология.
3 кредит. Пререквизиттер: жоқ.
Экономика және бизнес жоғары мектебі

294 |
ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г |
|
|
Экономика және бизнес жоғары мектебі
Модуль студенттердің ізденушілік қабілетін қалыптастырады, арнайы бағдарламалар құрастыруға және алынған мәліметтер негізінде талдау жасауға, әлеуметтік жағдайлар мен психологияның қалыптасуына әсер ететін негізгі факторларды анықтай білуге үйретеді.
IV семестр
Негізгі міндетті модульдер
Негізгі міндетті модуль 11. 3 кредит. FIN 2001 Қаржы. 3 кредит.
Негізгі міндетті модуль12. 6 кредит.
AUD 2002 Аудит теориясы. 3 кредит.
AUD 2003 Бухгалтерлік есеп қағидалары. 3 кредит.
Кәсіби элективті модульдер
Логистика және эконометрика. 6 кредит. MKT 2001 Логистика.
3 кредит. Пререквизиттер: МКТ 1002.
MACE 2002 Эконометрика.
3 кредит. Пререквизиттер: МКТ 1002.
Модульдің мақсаты логистика түсінігін, ҚР логистиканың пайда болуын, логистиканың негізгі түрлері мен әртүрлі слалардағы логистиканың мәнін қарастырады. Ықтималдықтар теориясы мен математика-статистикалық мәліметтерді зерттейді.
Институционалды экономика және экономикалық жүйелер. 6 кредит.
ECN 2002 Институционалды экономика.
3 кредит. Пререквизиттер: ECN 1001, ECN
2001.
ECN 2003 Экономикалық жүйелерді салы стырмалы талдау.
3 кредит. Пререквизиттер: ECN 1001, ECN
2001.
Модульдің мақсаты экономикалық жүйені құрастыратын институттар мен институционалды ортаны зерттеу, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді, салыстырмалы талдау әдістерінің өзара байланыстыра мен заңдылықтарын қарастыру болып табылады.
Қазақстан Экономикасы және экономикалық талдау теориясы. 3 кредит.
AUD 2004 Экономикалық талдау теориясы.
3 кредит. Пререквизиттер: AUD 1001.
MKT 2002 Қазақстан экономикасы.
3 кредит. Пререквизиттер: ECN 1001, ECN
2001.
Модульдің мақсаты Қазақстанның экономикалық тарихын зерттеу, халық шаруашылығының дамуын, ҚР нарықтық экономикалық құрылымын қарастыру болып табылады. Талдаудың теориялық негіздерін, негізгі түсініктерді, талдау түрлері мен әдістерін қарастырады.
V семестр
Негізгі міндетті модульдер Негізгі міндетті модуль13. 3 кредит.
AUD 3001 Қаржылық есеп. 3 кредит.
Кәсіби элективті модульдер
Қаржылық талдау және аудит. 6 кредит. AUD 3003 Аудит.
3 кредит. Пререквизиттер: AUD 2002.
AUD 3004 Қаржылық талдау.
3 кредит. Пререквизиттер: AUD 2001, AUD
2003.
Модуль қаржылық есептілік нысандары негізінде анықталатын негізгі көрсеткіштердің мәні мен мазмұнын қарастырады. Бақылаудың бір нысаны ретіндегі аудитті жүргізу әдістемесін қарастырады және аудиттелетін субъектінің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесі жөніндегі тәуелсіз пікір-аудиторлық қорытынды құрастыру әдістемесімен таныстырады.
Кәсіпорын экономикасы және банк ісі. 6 кре дит.
MACE 3001 Кәсіпорын экономикасы.
3 кредит. Пререквизиттер: MACE 1002, MGT
2001.
FIN 3001 Банк ісі.
3 кредит. Пререквизиттер: FIN 2001.
Модуль кәсіпорын мен банкті жеке шаруашылық объектілері ретінде қарастыра отырып, олардың құрылымын, өндірістік және нарықтық өзара байланыстарын, қызметтерінің тиімділігін, қаржылық-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштерін зерттейді.
Бизнесті ұйымдастыру және Әлемдік эконо мика. 3 кредит.
MGT 3001 Бизнесті ұйымдастыру.
3 кредит. Пререквизиттер: FIN 2001.
IE 3001 Әлемдік экономика.
3 кредит. Пререквизиттер: жоқ.
Модуль бизнестің даму үрдісін, бизнесжоспарды құрастыру тәртібін, басқару стратегиясын зерттейді. Әлемдік экономиканы біртұтас жүйе ретінде қарастырады және бірегейлендіру мен жаһанданудың алғышарттары мен өзге де мәселелерін зерттейді
Қаржы және салық салу. 6 кредит. FIN 3004 Салық және салық салу.
3 кредит. Пререквизиттер: FIN 2001.
FIN 3002 Корпоративтік қаржы.
3 кредит. Пререквизиттер: FIN 2001.
Модуль салықтардың мәнін, салық салу механизмін қарастырады, материалдық өндіріс саласындағы экономикалық қатынастарды қарастыра отырып, ақша қаражаттары мен қорларды қалыптастыру, бөлу және пайдалану мәселелерін зерттейді.

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г |
295 |
|
|
Қаржылық нарық және корпоративті басқару. 6 кредит.
FIN 3003 Қаржылық нарық және делдалдар.
3 кредит. Пререквизиттер: FIN 2001.
MGT 3002 Корпоративтік басқару.
3 кредит. Пререквизиттер: FIN 2001.
Модуль қаржы нарығының құрамы мен құрылымын және оның қатысушыларын қарастырады, корпорация түсінігін, сонымен қатар, корпоративті мәдениет пен ішкі іскерлік этикалық кодексті қарастырады.
VI семестр
Негізгі міндетті модульдер Негізгі міндетті модуль14. 3 кредит.
AUD 3002 Басқару есебі. 3 кредит.
Кәсіби элективті модульдер
Қаржылық есеп және есептілікті талдау. 3 кредит.
AUD 3005 Қаржылық есеп 2.
3 кредит. Пререквизиттер: AUD 2003.
AUD 3009 Қаржылық есептілікті талдау.
3 кредит. Пререквизиттер: AUD 3007.
Модуль шоғырландыру, яғни бизнесті біріктіру мақсатында пайда болатын қаржылық есеп сұрақтарын терең зерттеуге бағытталған. Сонымен қатар, қаржылық есептілік нысандары негізінде есептелетін негізгі көрсеткіштердің мәні мен мазмұнын қарастырады.
Экономика салаларындағы есеп. 6 кредит. AUD 3006 Банктегі бухгалтерлік есеп пен
есептілік.
3 кредит. Пререквизиттер: AUD 2003, AUD
3004.
AUD 3007 Құрылыстағы бухгалтерлік есеп.
3 кредит. Пререквизиттер: AUD 2003, AUD
3004.
Модульдің мақсаты банк және құрылыс сияқты экономика салларындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жүргізу, қаржылық есептілікті құрастыру ерекшеліктерін зерттейді.
Қаржылық институттардағы есеп және тал дау. 6 кредит.
AUD 3012 Сақтандыру компанияларындағы бухгалтерлік есеп.
3 кредит. Пререквизиттер: AUD 2003, AUD
3004.
AUD 3011 Зейнетақы қорларындағы бухгалтерлік есеп
3 кредит. Пререквизиттер: AUD 2003, AUD
3004.
Модульдіңмақсатықаржылықинституттардағы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті құрастыру ерекшеліктерін қарастыру болып табылады. Оның ішінде, сақтандыру компаниялары мен зейнет ақы қорларындағы есеп пен есептілік жүйесінің ерекшеліктерін зерттейді.
Ішкі аудит және банк қызметін талдау. 3 кре дит.
AUD 3008 Ішкі аудит.
3 кредит. Пререквизиттер: AUD 2002.
AUD 3010 Банк қызметін талдау.
3 кредит. Пререквизиттер: AUD 3007.
Модуль компанияда ішкі аудитті ұйымдастырудың мәні мен мазмұнын зерттейді. Банк қызметін талдау әдістемесін, оның ішінде талдау нәтижесінде анықталатын негізгі қаржылық көрсеткіштерді қарастырады.
Есептілік және есептің ақпараттық жүйелері. 3 кредит.
AUD 3013 Бухгалтерлік есепті компьютерлендіру.
3 кредит. Пререквизиттер: AUD 2003, AUD
3004.
AUD 3014 Есептілік.
3 кредит. Пререквизиттер: AUD 2003, AUD
3004.
Модуль есептік мәліметтердің трансформацияланаып қаржылық есептілік нысандарының қалыптасу жолдарын және есептік ақпараттарды компьютерлік бағдарламалар арқылы өңдеу ерекшеліктерін қарастырады.
VII семестр
Кәсіби элективті модульдер
Халықаралық қаржылық есептілік және салық есебі. 6 кредит.
AUD 4001 Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары.
3 кредит. Пререквизиттер: AUD 2003, AUD
3004.
AUD 4002 Салық есебі.
3 кредит. Пререквизиттер: AUD 2003, AUD
3004.
Модуль халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының негізгі ережелерін және заңды және жеке тұлғалардың салықтар мен бюджетке тиісті өзге де міндеттемелерін төлеу мақсатындағы салық салынатын табыс сомасын анықтауға және оның шаруашылық субъектісінің қаржылық көрсеткіштеріне әсерін қарастыруға, салық және бухгалтерлік есептер арасындағы өзара байланыстарды зерттеуге бағытталған.
Экономиканың өзге салаларындағы бухгалтерлік есеп. 6 кредит.
AUD 4002 Туризмдегі бухгалтерлік есеп.
3 кредит. Пререквизиттер: AUD 2003, AUD
3004.
AUD 4002 Агроөнеркәсіп кешеніндегі бухгалтерлік есеп. 3 кредит.
Модульдің мақсаты туризмдегі және агроөнеркәсіп кешеніндегі бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті құрастырудың ерекшеліктерін қарастыру.
Экономика және бизнес жоғары мектебі

296 |
ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г |
|
|
Экономика және бизнес жоғары мектебі
Басқару есебі 2 және талдау. 6 кредит. AUD 4005 Басқару есебі 2.
3 кредит. Пререквизиттер: AUD 3001
AUD 4006 Басқарушылық талдау.
3 кредит. Пререквизиттер: AUD 3007.
Модульдің мақсаты нарық жағдайындағы өзіндік құнды калькуляциялау мен басқару шешімдерін қабылдау мәселелерін қарастыру.
Сыртқы экономикалық қызметтер есебі және талдау. 6 кредит.
AUD 4007 Сыртқы экономикалық қызметтердің бухгалтерлік есебі.
3 кредит. Пререквизиттер: AUD 2003, AUD
3004.
AUD 4008 Сыртқы экономикалық қызметтерді талдау.
3 кредит. Пререквизиттер: AUD 3007.
Модульдің мақсаты халықаралық экономикалық қатынастардың, халықаралық технологиялар мен инновацияларды айырбастаудың және электронды сауда қатынастарының бухгалтерлік есебі мен талдау мәселелерін қарастыру болып табылады.
Халықаралық аудит стандарттары және ақпараттық жүйелері. 6 кредит.
AUD 4009 Халықаралық аудит стандарттары.
3 кредит. Пререквизиттер: AUD 2002, AUD
3003.
AUD 4010 Аудиттің ақпараттық жүйелері.
3 кредит. Пререквизиттер: AUD 2002, AUD
3003.
Модульдің мақсаты Халықаралық аудит стандарттарына комментарилер мен түсініктемелерді, сонымен қатар, аудитті жүргізудің қазіргі заманғы ақпараттық жүйелерін қарастыру болып табылады.
Тәжірибелік және салықтық аудит. 6 кредит. AUD 4011 Тәжірибелік аудит.
3 кредит. Пререквизиттер: AUD 2002, AUD
3003.
AUD 4012 Салықтық аудит.
3 кредит. Пререквизиттер: AUD 2002, AUD
3003.
Модульдің мақсаты бухгалтерлік есеп бойынша салықтарды есептеудің ҚР Салық кодексі бойынша салықтық декларацияны толтыру мақсатында салықты есептеудің өзара сәйкестігін зерттеу болып табылады.
ПӘНДІК ҚҰЗЫРЕТ
D1 - экономиканың барлық салаларында әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдарында (мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда, ҚР резиденттері және резиденті емес заңды тұлғаларда, жеке кәсіпкерлікте) жұмыс істеуге дайын болу; олардың қызметіне талдау жасай білу және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті сәйкес ұсыныстарды дайындау.
D2 - қоғамдағы бухгалтерлік есеп ақпаратын пайдаланушылардың әртүрлі типтерін анықтау; бизнес мақсаты мен қызметін анықтау және бухгалтерлік есеп пен талдаудың негізді шешімдер қабылдаудағы рөлін ашып көрсету; бухгалтерлік есеп және бағалау әдістерін таңдап алу.
D3 - халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша қаржылық есептілікті құрастыруға қажетті ақпараттарды жинау, тіркеу және өңдеуді меңгеру; бухгалтерлік есеп стандарттарының қаржылық есептілікпен және аудитордың тәуелсіз есебімен өзара байланысын анықтау.
D4 - ұйымның қаржылық жағдайын зерттеу, өндірістік-шаруашылық қызметінің дамуын бақылау және қарыжылық есептіліктің шынайылығын растаушы тәуелсіз аудиторлық пікір қалыптастыру, пайдаланушылардың қажеттілігін қамтамасыз ету. Ұйым қызметін жоспарлау және бақылау, шешім қабылдау мақсатында ақпаратты жинақтай білу және мәлімдеу, және де атқарған қызметінің көрсеткіштерін бағалау.
D5 - экономикалық ақапаратты өңдеудің арнайы әдістері және тәсілдерін меңгеру, ұйымның нақты өндірістік-шаруашылық қызметін талдау, жекелеген талдамалық ақпараттарды жинақтау және тиімді басқару шешімдерін қабылдауға қажетті сәйкес қорытындылар жасау.
5В050600 ЭКОНОМИКА МАМАНДЫҒЫ
1 курс І семестр
Міндетті модільдер Негізгі міндетті модуль 1. 3 кредит.
ENG 1001, FRE 1001, GER 1001 Шет тілі. 3 кредит.
Негізгі міндетті модуль 2. 3 кредит.
INFT 1001 Ақпараттық технологиялар. 3 кре дит.
Негізгі міндетті модуль 6. 6 кредит.
ECN 1002 Экономикалық теория. 3 кредит. MANL 1005 Экономикадағы математика. 3
кредит.
Негізгі элективті модульдер (1-4)
НЭМ 1 Кәсіби мақсаттар үшін қазақ (орыс) тілі. 3 кредит.
KAZ 1003 (RUS 1003) Кәсіби мақсаттар үшін қазақ (орыс) тілі.
3 кредит. Пререквизиттері: Жоқ.
Модульде қазақ және орыс тілдерінің даму ерекшеліктері мен бетбағыттары және маңызды проблемалары қаралады. Қазақ тілдің қалыптасу кезеңдері ашылып, сонымен бірге кәсіби мақсаттар үшін қазіргі заман терминдері беріледі. Студенттер қазақ (орыс) тілдерінде ресми құжат мәтіндерді жазуын және ғылыми мақалалары мен мәтіндерді кәсіби деңгейде аударуды үйренеді.

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г |
297 |
|
|
НЭМ 2 Қазақ тілі және әдебиеті. 3 кредит. KAZ 1002 Қазақ тілі және әдебиеті.
3 кредит. Пререквизиттері: Жоқ.
Модульде қазақ тілі мен әдебиеті дамуында пайда болған ерекшеліктері мен бетбағыттары және маңызды проблемалары қаралады. Қазақ тілі мен әдебиетінің қалыптасу кезеңдері ашылып, қазіргі замандағы олардың рөлі және маңыздылығы көрсетіледі. Студенттер қазақ қоғамы қалыптасуындағы әр түрлі кезеңдеріндегі көрнекті жазушылар мен ақындар шығармаларын оқып білетін болады.
НЭМ 3 Тіршілік әрекеттің қауіпсіздігі және экология. 3 кредит.
SLV 1001 Тіршілік әрекеттің қауіпсіздігі.
1 кредит. Пререквизиттері: Жоқ.
ECO 1001 Экология және тұрақты даму.
2 кредит. Пререквизиттері: Жоқ.
Модульдің мақсаты студенттерді төтенші жағдайдағы дұрыс жүріс-тұрыс негіздерін және алғашқы медициналық көмек беру ережелерін үйрету болып табылады. Тіршілік әрекеттің қауіпсіздігі және экологияның мақсаттары мен міндеттері арасындағы байланыс қаралады. Қазіргі экономикалық және саяси проблемаларын шешуде экологияның рөлі, сонымен бірге, экономиканың тұрақты дамуына оның әсері зерттеледі. Экологияның аутэкология, демэкология, синэкология деген факторлары қаралады. Аутэкология: экологиялық факторлары, оптимум және минимум аймақтары. Демэкология: популяциялардың сипаттамалары, популяция санының өзгерткіштігі (флуктуация) мен реттеуі (регуляция). Синэкология: бірлестіктердегі әрекеттестік типтері, бірлестіктің нәрлену (трофикалық) құрылымы және экологиялық пирамидалары. Экожүйелердің тұтастығы мен орнықтылығына әсер ететін энергетикалық алмасуы және заттек айналымы сияқты сол экожүйелердің функциялары зерттеледі.
НЭМ 4 Саясаттану. 3 кредит. POL 1001 Саясаттану.
3 кредит. Пререквизиттері: Жоқ.
Саясаттану – бұл саясат туралы ғылым. Студенттер өкімет қатынастарымен, қоғамның мемлекеттік-саяси ұйымдарымен, саяси институттарымен, нормаларымен, қағидаларымен байланысты қоғамның тіршілік әрекетінің сол бас саласы туралы нақты көрініс алады. Соңғылар әр түрлі адамдар, мемлекет және қоғам араларындағы өзара қатынастардың қалыптасуын, қоғамның ісәрекетін қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады.
II семестр Міндетті модульдер
Негізгі міндетті модуль 3. 6 кредит.
ENG 1201, FRE 1201, GER 1201 Шет тілі. 3 кредит.
KAZ (RUS) 1001 Қазақ (орыс) тілі. 3 кредит. Негізгі міндетті модуль 4. 3 кредит.


