Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практика.docx
Скачиваний:
94
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
422.93 Кб
Скачать

Қорытынды

Қорыта келгенде, біз маркетингтік орта фирма өзіне пайдалы мүмкіндіктерді іздеуге және қауіп-қатердің алдын алуға негізделген сферадан тұратынын ұқтық. Оған кәсіпорынның рынокпен байланысты қалыптастыруға әсер ететін барлық факторлар күші жатады.

Фирманың манркетингтік ортасы- бұл фирмадан тыс күшті әсер ететін белсенді субьектілер жиынтығы мен маркетинг басшылығының мүмкіндіктеріне әсер ететін, мақсатты клиентермен ынтымақтастықты нығайты болып табылады.

Осы курстық жұмыста түсінігінде микроорта фирманың өзіне тікелей байланысты күштермен  және клиентерге, жабдықтаушыларға, маркетингтік делдалдарға, бәсекестелерге қызмет көрсету бойынша мүмкіндіктерді ұсынады.

Ал, макроорта әлеуметтік жоспар күштері  арқылы ұсынылады: демографиялық факторлар, мәдени, табиғи, саяси, ғылыми-техникалық факторлар.

Маркетингтік ортаны зерттегенде БАҚ-тың алатын орыны ерекше екенін атап өту қажет. Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы лық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай  ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың  рөлі зор.

Кез келген маркетингтік ортаны зерттеу мақсаттарының  бірі бұл тауар өндіруші мен сатушылардың, сондай–ақ бизнес инфрақұрылымының өзге қатысушылардың, соның ішінде жарнама агенттердің қызметін, басқа да маркетингтік қызмет салаларын реттеу болып табылады.

Жалпы, маркетингтік орта факторлары үнемі өзгеріп отыратындықтан, фирма оны толыққанды зерттеп, оның барлық даму тенденцияларын ескеру қажет. Біздің мысалымыздағы «Рахат» компаниясының басты міндеті дәстүрді сақтай отырып, қазіргі заманның талабына сай барынша көп адамның қажеттілігін жоғары сапалы кондитер өнімдерімен жоғары деңгейде қанағаттандыруға бағытталған. Егер фирма ары қарай өзінің тауарларының сапасын арттырып, маркетингтік ортаның тағы басқа факторларын зерттеп, ескеріп отырса, болашақта үлкен жетістіктерге жетіп, Қазақстан беделін әлем дәрежесіне көтереді деп сеніммен айтуға болады. Яғни, фирма маркетингтік ортаның  неғұрлым жақсы және терең зерттеп, оның факторларының өзгерістерін мұқият бақылап, анализ жасаса, соғұрлым қатерлі жағдайлар тез табылып, жұмыстың пайдасы артады. Қазіргі кездегі басты мақсат мемлекеттің экономикасын дамыту. Ол үшін де кәсіпорындардың маркетингтік ортасын зерттей отырып, дұрыс шешім қабылдау қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Ілиясов Д.Қ. Маркетинг: теориясы мен практикасы: Оқу кұралы:Алматы, Қазақ университеті, 2002. – 411 б.

2. Фатхудинов Р.А. Стратегический маркетинг: Учебник. - М.: ЗАО «Бизнес-школа» Интел-Синтез», 2000. –498б.

3. Нысанбаев С.Н, Садыханова Г.А., Маркетинг негіздері, А.: Қазақ университеті, 2002. –321б.

4. А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы және практикасы. Алматы, 2009.-367б.

5. Жолдасбекова Г.Ө. Кәсіпорын экономикасы.- Алматы: Экономика баспасы, 2002. –297б.

6. Поспелов А.Н. Маркетинг и коммерция. – М.: изд. Книготорговый центр «Маркетинг», 2003, - 399 с.

7. www.stat.kz.

8. www.google.kz

9. www.yandex.ru

10. Wikipedis.org

11. Rakhat.kz

12. www.ComCon-2.kz

13. www.stud24.kz

14. Ескерту: Оразбаева К.Н. «Маркетинг», Алматы: 2007.-19б

15. Есімжанова С.Р. «Становление маркетинга в экономике Казахстана» // Вестник КазГУ. – 2003. №2

16. Қажымұрат. «Кәсіпорынды басқару жүйесіндегі маркетингтің рөлі» // Саясат – 2002. №2

17. Тоқтасын А. «Қазақстанның кәсіпорнындағы маркетингті пайдалану ерекшеліктері» // Қаржы-қаражат – 2003. №4

18. Фирманың маркетингтік қызметі. // Парасат әлемі. 2004. №3

19. Шеденов У.К., Ильясов Д.К. Теория маркетинга и менеджмента в сфере услуг. - Алматы, Қазақ университеті, 2002.

20. Дюсембекова Ж.М. Маркетинговые исследования: Учебн. пособие. – Алматы: Экономика, 2005. – 320 с.

21. Голубков Е.П. Маркетинговые исследования: теория, методология и практика. – М.: Издательство «Финпресс», 2008. – 496 с.

22