Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практика.docx
Скачиваний:
94
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
422.93 Кб
Скачать

2.1. «Рахат» акционерлік қоғамының маркетингтік ортасын зерттеу.

Макроорта – фирманың қызметіне сырттай әсер ететін факторлар жиынтығы. Макроортаны «бақыланбайтын орта» деп те атайды. Себебі фирма оған не жаңа мүмкіншіліктер ашатын, не оған жаңа қауіптер туғызатын кең байтақ макроорталық күштер шегінде жұмыс атқарады және фирма оларға әсер ете алмағандықтан, оларды ұқыпты түрде бақылап, оларға жауап беріп отыруы керек. Ф. Котлер макроортаның негізгі 6 факторын бөліп қарастырды:

«Рахат» компаниясы өнімдерін  тұтынушылар жиі қолданатындықтан қазіргі кезде бұл фирманың дүкендері Қазақстанның 10-нан астам қалаларында және кішігірім аудандарда ашылған. Халықтың  туу деңгейі жоғарылағандықтан компания ассортиментінде кішкентай балаларға арналған өнімдер көбеюде. Мысалы, осы жылы фирма арнайы балаларға арнап, жаңа жылдық конфет сыйлықтарының жаңа түрлерін қосып, сыртқы қаптамасын әдемі безендірген болатын. Соңғы жылдары дәрігерлердің көрсеткіші бойынша халық арасында диабет ауруына ұшырау жиілілігі екі есе өскен. Осыған байланысты, компания арнайы диабетиктерге арналған кондитер өнімдерін шығырады. Бұл өнімдер оған қоса, диабет ауруына шалдыққандардың денсаулығы үшін керекті микроэлементтермен байытылған.  Сонымен қатар компанияның өнімдері ТМД елдерінде де сұранысқа ие.Ресейдің оңтүстік-шығыс бөлігінде, Красноярск, Новосибирск, Омск, Челябинск, Барнаул қалаларында өнім өткізудің кең нарығы қалыптасқан. Мұнда кондитерлік өнім нарығының алдыңғы қатарлы қатысушылары өз қалаларының тұрғындарына ұсына алатын, көпке ұнайтын, нарықтағы барлық ұсыныстардың ішінен дәмдік өлшемдері бойынша ғана емес, тұтынушылық қасиеттерінің барлық сатылары бойынша да тартымды өнімнің  тиімділігін іс жүзінде тексеруден өткізді.  Осының арқасында «Рахат» АҚ-ның кондитерлік өнімдері Санкт-Петербург тұтынушыларының белгілі бір бөлігіне белгілі болса, Еділ бойы мен Орал жағалауындағы ірі қалалар – Самара, Саратов және Орынборда өнімнің таралуы     қарқынды жүргізілуде.

Демографиялық фактор;

Экономикалық фактор;

Табиғи фактор;

Ғылыми техникалық фактор;

Саяси фактор;

Әлеуметтік мәдени фактор.

Демографиялық фактор.

Нарық адамдардан құралған болғандықтан, демографиялық өзгерістер және тенденциялар нарықты зерттеуде келешекке болжамдар жасауда ерекше мәнге ие болып табылады. Негізгі демографиялық көрсеткіштер:

  • Халық саны;

  • Жас шамасы;

  • Халықтың білім деңгейі;

  • Туу/өлу көрсеткіштері және т.б.

«Рахат» АҚ-нда 3500-ге тарта адам жұмыс істейді. Өндірістік қуат Алматы және Шымкент қалаларындағы екі алаңда шоғырланған. Өндірістің жан-жақтылық сипаты, оның ауқымы мен какао бұршақтарын қайта өңдеу бойынша дербес желінің болуы компания үшін отандық өндірушілер арасында кондитерлік өнімдердің кең сұрыпталымын иеленуге мүмкіндік береді. Бүгінде «Рахат» АҚ-ның сұрыпталым қоржыны 10 түрлі топқа жататын алуан түрлі кондитерлік өнімнің 250-ден аса атауымен толыққан.

Кәсіпорында бірыңғай жауапкершілік пен сапаны бақылаудың кешенді жүйесіне негізделген ішкі сапалық жүйе ұйымдастырылып, іске асырылуда. Бұл жүйе өндірістің әр сатысында шикізат пен өнім сапасын бақылайды. Кәсіпорында ҚР ИСО 9001 - 2001 СТ стандартына сәйкес сертификатталған сапа менеджменті жүйесі енгізілген және іске қосылған.

Жас шамасы 20-40 жас шамасындағы жұмысшылардыкөптеп талап етеді. Өндіріс технологияларының жылдан-жылға дамуы, жұмысшылардың кәсіби білімділіктерін арттыруды қажет етеді.

Басшылығы:

Директорлар Кеңесінің мүшелері:

Даулетова Шолпан Алтыбаевна ─ Директорлар Кеңесінің төрайымы

Попелюшко Анатолий Висханович ─ Директорлар Кеңесінің мүшесі

Мейрамбаев Жексембай Аргынгазинович ─ Тәуелсіз директор

Басқарма мүшелері:

Попелюшко Анатолий Висханович

Зенков Александр Сергеевич

Хильчук Наталья Мироновна

Рустемова Римма Асхатовна

Гордиенко Ольга Ильинична

Кристаль Лариса Герасимовна

Маркетинг ортасы дегеніміз – ол фирманың маркетинг бөлімінің мақсатты клиенттерімен тиімді байланыс орнатып, оны үзбей сақтау мүмкіндіктеріне әсер ететін белсенді субъектіледің және күштердің жиынтығы.

Маркетинг ортасы ішкі орта және сыртқы орта деп екіге бөлінеді. Ішкі орта дегеніміз – кәсіпорынның өндірістік процесін ұйымдастыруға қажетті барлық әсер ететін факторлар.

Тұтынушыларды сұрау процесінде «Рахат кәмпиттері» тағамдарына, кондитер өнімдеріне сұраным айқындалады. Сұраудың осы бағытының нәтижелері кестеде көрсетілген.

Кесте.

«Рахат кәмпиттері» ассортиментіне жоқ тауарларға тұтынушылардың қалаулары.

Кондитер

Тағамдары

Тұтынушылардың жас шамалығы топтары

15-20

жас

21-25

жас

26-30

жас

31-40

жас

40 жастан

жоғары

Шоколад

Батончиктері

66

57

41

43

38

Толтырушымен шоколад

8

38

50

25

30

Шоколад-вафли

томы

8

-

33

37.5

13

Үлкейтілген

конфеттер

-

4

25

12.5

7

Шоколад

Пастасы

33

38

25

50

36

Тағамдар

8

24

8

-

10

Экономикалық фактор.

Кез келген сыртқа өнім шығаратын кәсіпорын қызметіне міндетті түрде экономикалық ахуал өз әсерін береді. Рыноктың үнемі өзгеріп отыратын жағдайына бейімделу мақсатында маркетингтің экономикалық факторын үздіксіз түрде бақылап отыру қажет. Негізгі экономикалық көрсеткіштер:

  • Баға деңгейі;

  • Сұраныс деңгейі;

  • Жұмыссыздық деңгейі;

  • Инфляция;

  • ЖҰӨ;

  • ЖІӨ;

  • Валютаның бағамы және т.б.

Рахат компаниясы өз өнімдерін шет елдерге шығаратын компания болғандықтан, корпорация үшін тек ұлттық экономика ғана емес сонымен қатар әлемдік экономикадағы ахуал да өз әсерін береді.

Фабрика өнімдерi отандық нарықтағыдай жақын және алыс шет елдер нарығында да белгілі. «Рахат» АҚ өз өнімін ішкі нарықта жоғары деңгейде жеткілікті ету саясатын жүзеге асырады. «Рахат» АҚ сату ауқымы бүкіл Қазақстанды қамтиды, компанияның 14 облыс орталығын қосқанда 18 қалада өнім тарату жүйесі бар. Алматы қаласы бойынша өнім ірі көтермемен сатып алушылар арқылы, сонымен бірге фирмалық бөлшек сауда дүкендері арқылы таратылады.

Республиканың басқа аймақтарына «Рахат» АҚ өнімін жеткізу фирмалық сапалы өнім сатуды жүзеге асыратын дистрибьюторлық желі (еншілес кәсіпорындар) құрумен қамтамасыз етіледі. Осылайша «Рахат» АҚ-ның сату ауқымы бүкіл Қазақстанды және компанияның еншілес сауда ұйымы бар көрші Қырғызстанды қамтиды. Өнімді сыртқа шығару жоғары бәсекелестік жоқ және саяси-экономикалық жағдайлар ішкі саудаға кедергі келтірмейтін орталық-азия өңірлеріндегі елдермен (Ауғанстан,  Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан) жүргізіледі. ТМД-ның басқа республикалары және алыс шет елдер тарапынан «Рахат» АҚ өніміне деген қызығушылыққа байланысты келешекте компания өндіріс көлемін арттыруды және экспорт көлемін ұлғайту жолымен өткізу нарығын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Әр түрлі гастрономиялық дәстүрлері бар елдердің халқы «Рахат» АҚ кондитерлік өнімдерінің тұтыну сипаттамасының тартымдылығын мойындауда. Бүгінгі күні Акционерлік Қоғам өзінің өнімдерін ТМД елдеріне, жақын және алыс шетелдерге экспортқа шығарады.

Фирманың әлуетті тұтынушыларны білуімен бірге, олардың қанша тауар сатып ала алатынын анықтау ісі аса маңызды болмақ. 2008-2009жылдарғы дағдарыс әсерінен, көптеген тұтынушылардың қаржылық көрсеткіштері өзгерген болатын. Соның саладарынан, кондитер тауарлары бірінші тауарлар қатарына жатпайтындықтан оларға деген сұраныс төмендеген еді. 2009 жылғы есеп бойынша фирманың жалпы кірісі 9 268 564 млн.теңгені құраса, 2011 жылы жағдай біршама тұрақтанып, бұл көрсеткіш 12 560 211 дейін өсті. Сонымен қатар, компания көптеген қайырымдылық акциялар ұйымдастыруда. Қайырымдылық  шараларды үйлестіру мақсатында 2010ж. желтоқсанда «Рахат» акционерлік қоғамы «Демеу» бірлескен қайырымдылық қорын құрды. Көп жылдар қайырымдылық қызметімен айналысу нәтижесінде кәсіпорында қолданыстағы және жаңадан жасалған жобаларды тиімді түрде басқаратын кәсіби құрылым құру қажеттілігі туындады.   Қор жұмысының маңызды бағыттарының бірі зейнеткерлерге, соғыс ардагерлеріне қолдау көрсету, олардың тұрмыс жағдайы мен сапасын жақсартуға қолдан келгенше көмек корсету.

Табиғи фактор.

Кәсіпкерлік іс әрекет қоршаған ортаға белгілі бір мөлшерде қауіп төндіреді. Сондықтан да кәсіпкерлер әр қашан қоршаған ортаны қорғауға мүмкіндік беретін және қоғам дамуының қауіпсіздігі үшін адам денсаулығын сақтау мақсатында қазіргі замаға сай ресурстарды сақтайтын жаңа, жетілген технологияларды өндіріс процесінде қолдануға ұмтылуы қажет.

Кәсіпорын өз өндірісін одан әрі жалғастыруға ерекше көңіл бөліп, маркетингтің функциялы қызметінің бөлім құрылымын құруды ойластырып 1999 жылы наурыз айында кәсіпорынның маркетинг бөлімі құрылды.

Кәсіпорын мақсатына жетуі көбінесе факторлар мен функционалды ұйымдастырылуына байланысты болды, яғни, кәсіпорын маркетинг қызметін функционалды сипатымен ұйымдастырса, мұнда әрбірі сол қызметті функционалды мақсатты жеке тұлғасы немесе тұлғалар тобы белгілі жауапкершілікті өзіне артуын белгілейді.

Сол себепті иеліктегі кеніштерді оңтайландыру және бар өндірістің тиімділігін арттыру, тартымды да игерілмеген табиғи ресурстар активтерін іздестіру мен иелену компанияның басты корпоративтік стратегиясы болып табылады. Сондай-ақ корпорация құрамына кіретін зауыттары жыл сайын қоршаған ортаға зор көлемде өндіріс қалдықтарын шығарады. Осының бәрін есептеп, компания өзінің табиғи факторға тигізетін зардаптарын азайтуда.

Сурет