Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практика.docx
Скачиваний:
94
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
422.93 Кб
Скачать

Маркетинг макроортасына әсер етуші факторлар

Ескерту: Оразбаева К.Н. «Маркетинг», Алматы: 2007.-17б.

Макроорта – кәсіпорындардың әрекетіне жалпы бірыңғай сыртқы жағдай жасайды. Ал жеке алынған белгілі бір фирманың жағдайына айрықша жағдай тудырмайды. Фирмалардың әрқайсысы макроортаның әсерін талдайды, бағалайды және әрекетіне тигізетін жағымды, немесе қолайсыз жақтарын сынайды, алайда оны басқара, немесе өзгерте алмайды.

Рынок көлемін талдау барысында демографиялық факторлар маңызды орын алады.  Мұнда маркетинг халықтың өсім құрылымын, туу мәселелерін қарастыруы қажет. Соның негізінде фирма кімге, қанша және қандай тауар өндіретінін біледі.

Кесте.

Макроортаның негізгі факторлары

                                                Негізгі факторлар

1.Демографилық фактор

Тұрғындардың саны. Аумаққа қарай орналасуы. Халық тығыздығы. Миграциялық бағыт. Өсім құрылымдары. Туу.Өлу.т.б

2.Экономикалық

Тұрғындардың сатып алу қабілеті. Инфляция деңгейі. Мемлекеттің қаржы және қаражат жағдайы. Салық жүйесі.т.б

3.Табиғи

Энергоресурстары мен шикізат көздерін пайдалану жағдайы және болашағы. Қоршаған ортаның ластану деңгейі мен ресурстарды тұтыну интенсивтілігіне мемлекет ұйымдарының әсері.

4.Ғылыми-техникалық

Шектес және бақылауға алынған салалардағы технологиялық өзгерістердің қарқыны. Фирманың және оның бәсекелестерінің инновациялық әлуеті т.б.

5.Саяси-құқық

Кәсіпкерлікті реттеудің құқықтық жағынан жағдайы. Мемлекеттің экономикалық саясаты. Сыртқы саясаттың рыноктың дамуына әсері.

6.Мәдени

Тұтынушылар бірлестіктерінің мәдени ерекшеліктері мен дәстүрі. Мәдениет түрлері, т.б.с.с.


Ескерту: Оразбаева К.Н. «Маркетинг», Алматы: 2007.-17б

Нарықтың өзгермелі жағдайына бейімделу үшін фирма үнемі маркетингтің макроортасын қалыпты түрде бақылап отыруы қажет. Бірақ ол факторлардың барлығы кәсіпорын қызметіне бірдей әсер етпейді. Ұйым өз тарапынан макроортаның қандай факторлары қызметке зор әсер ететінін, ал қайсысы дамуына қауіп төндіретінін анықтауы қажет.

Маркетингтің микроортасы – фирма қызметіне тікелей қатысты болатын маркетингтік күштер.

Сурет

Микроортаға әсер етуші факторлар

Ескерту: Оразбаева К.Н. «Маркетинг», Алматы: 2007.-19б.

Тұтынушылар. Микроорта факторларының ішінде –тұтынушылар ерекше орын алады. Тұтынушыларды зерттеу арқылы фирма олардың қажеттіліктері мен қалауын, тауарлар мен сату көлеміне деген сұранысты біле алады. Олардың елеулі өзгерістері байқалған жағдайда, маркетинг бағдарламасына қажетті түзетулер енгізу керек.

Ф. Котлер фирма тұтынушыларын 5 түрге бөледі.

Тұтынушылар нарығы – тауарлар мен қызметтерді өзі тұтынуы үшін алатын жеке тұлғалар мен үй шаруашылықтары.

Өндіруші-ұйымдар нарығы – тауарлар мен қызметтерді өндіріс үрдісінде қолдану үшін алатын ұйымдар.

Аралық сатушылар нарығы – тауарлар мен қызметтерді өздеріне пайда түсіру үшін қайта сатумен айналысатын сауда ұйымдары.

Мемлекеттік мекемелер нарығы – тауарлар мен қызметтерді әрі қарай пайдалану үшін алатын мемлекеттік ұйымдар.

Халықаралық нарық – құрамына шетелдік тұтынушылар, өндірушілер, аралық сатушылар кіретін елден тыс аймақтағы тұтынушылар.

Бәсекелестер. Фирма бәсекелестері оның маркетингтік стратегиялары мен нарықтағы табысына тікелей әсер етеді. Ф. Котлердің айтуы бойынша бұл – бәсеке-тілектер (транспорт, пәтер алу, демалысқа бару); тауар-тектес бәсекелестер (тілегіңіз жол сапарға шығу болса, қандай көлік түрі арқылы қажеттілігіңізді қанағаттандырасыз – автомобиль, ұшақ, пойыз, мотоцикл ма); тауарлы-түрлес бәсекелестер (3-жылдамдықты және 5 жылдамдықты мотоциклдер); әр маркалар бәсекелесі (Skoda және Subaru өзара экономикалық үнемдеу жағынан, ал Porsche мен BMW өте жақсы пайдалану сипаттамаларға ие болу жағынан бәсекелеседі).

Нарықтағы бәсекелестерге талдау жасай отырып, жетілген бәсеке, олигополия, монополиялық бәсеке және таза монополия сияқты нарықтың әр түрлі бәсекелестік құрылымдарына сүйену қажет. Олар бірқатар теориялық зерттеулерде баяндалған.

Жабдықтаушылар дегеніміз – фирманы тауар өндіру мен қызмет көрсету үшін қажетті материалдық ресурстармен қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен ұйымдар.

Маркетинг тұрғысынан жабдықтаушылардың  келесі түрлері болады:

«Эксклюзивті» жабдықтаушылар  тек қана белгілі  фирмамен  жіне оның бәсекелестеріне бірдей  адал қызмет жасайды;

«Лояльді» немесе «адал» жабдықтаушылар  фирмаға және оның бәсекелесте-ріне  бірдей адал қызмет көрсетеді;

«Сырттағы» жабдықтаушылар –  тек қана бәсекелестерге қызмет  көрсетеді.

Медиаорта - фирманың қызметіне жанама түрде әсер ететін факторлардың жиынтығы. Фирманың қызметі барлық медиаорта факторларымен тиімді өзара қарым – қатынастарды нығайту және олардың алдында өз беделін көтеру және өзінің қызметіне тиімді қатынастарды құру болып табылады.

Медиаорта дегеніміз фирманың нақты көңіл бөлетін және белгіленген мақсатына детуіне әсер ететін кез келген топ. Медиаорта фирма әрекетіне көмектесетін немесе кедергі жасайтын топтарға бөледі:

Мейірбанды – бұл топтың фирмаға тілектестік неиті болғаны;

Ізденуші – фирмаға қажет топ (ақпарат тарататын ұйымдар);

Керегі жоқ – бұл топтың ниетін фирма өзіне аударғысы келмейді, бірақ олармен санасады. (байкот жариялайтын тұтынушылар тобы, салық инпекциясы және т.б)

    

1.2. Маркетингтік ортаны зерттеу және оның әдіс-тәсілдері.

Фирма – микроорта күштерінің бірі болып есептеледі. Фирманың құрамында оның басшылары, бухгалтериясы, маркетинг, өндіріс, материалдық-техникалық жабдықтау, қаржы, жоспарау, т.б. бөлімдер әрекет етеді.

Маркетингтік зерттеудің тұжырымдамасы – зерттеудің міндеттерін, объектісін және мақсаттарын айқын белгілеу, жұмыс жоспарын жасау.

Маркетингтік зерттеулер дегеніміз – компанияның басқару шешімдерін дұрыс қабылдау мақсатында, алдына қойған маркетингтік міндеттерге сәйкес ақпарат жинау, өңдеу және мәліметтерді талдау мен қорытындылар ұсыну.

Маркетингтік ортаны зерттеуді бес кезеңмен өткізуге болады:

1.   Зерттеудің мәселесі мен мақсаттарын айқындау.

2.   Зерттеу жоспарын құру.

3.   Ақпарат жинау.

4.   Жиналған ақпаратты талдау. 

5.   Зерттеу қорытындылары туралы есеп

Жалпы маркетингтік ортаны зерттегенде маркетинг басшысының атқаратын қызметі де ескерілу қажет.

Сурет