Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практика.docx
Скачиваний:
94
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
422.93 Кб
Скачать

«Рахат» акционерлік қоғамының өнімдері

«Рахат» фирмасы Қазақстандағы тәжірибесі мол ұйымдардың бірі. Компания өз өнімдерінің қоршаған ортаға залалын тигізбеу үшін көптеген шаралар қолданады. Мысалы, фирма өндіретін конфет орамдары экологиялық жағынан қауіпсіз шараларына толығымен жауар береді. Компания болашақта өз заводтарының қалдықтарын қайта өңдеуге жіберу, шектелген ресурстарлы басқа игіліктермен алмастыру сияқты жұмыстарды жүргізуді жоспарлар отыр

.Ғылыми-техникалық фактор.

Ғылым мен техниканың дамуы үлкен мүмкіндіктер мен қатар қоршаған ортаға айтарлықтай қауіп тудырады. Сондықтан да кәсіпкерлер өз қызметінің қоғам дамуына кері әсерін тигізбеуі үшін ғылыми-техникалық ортадағы өзгерістерді ескеруі қажет. Сонымен қатар компаниялар ғылыми – техникалық жетістіктерді пайдалану арқылы өнім көлемін, сапасын барынша арттыруға және еңбек дәтиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік алады.

Кез келген тауарды өндіру әрқашан да адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті іс болып келеді. «Рахат» компаниясы кәсіпорындар мен кеніштердегі шығынды азайту мақсатында қазіргі кездері жаңа халықаралық қауіпсіздік техникасының стандарттарын еңгізуде. Жұмыскерлерді осы стандарттарға үйрететін кәсіптік білім беру орталықтарын ашуда. Жыл сайын барлық қызметкерлер тестілеуден өтеді. Бұл олардың білімін арттырады. Жаңа технологиялар әкелінуде.

Бүгінде жаңа технологияны меңгерген, бәсекеге қабілетті өндіріс жағдайын білетін, білікті мамандармен өндірісті жаңарту мәселесі бірінші кезекте тұр. Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу мекемелерінде, ЖОО-дарында оқитын жастар  үшінші онжылдықтың негізгі өндірістік күшін құрайды. ХХI ғасыр қоғамының келбеті олардың азаматтық, қоғамдық, кәсіби сапасының қалай қалыптасатынына байланысты. Бұл міндеттерді шешу, көбінесе, жұмыс берушілер мен оқу орындарының өзара қарым-қатынасына, былайша айтқанда, әлеуметтік серіктестікке қатысты. № 13 кәсіби-техникалық мектеп, ал 2010 жылдан бері «Білім беру ұйымы «Перспектива» лицейі» деп аталатын оқу мекемесі мен «Рахат» АҚ   35 жылдан бері тығыз байланыста, бұл ынтымақтастық күшеймесе, азайған жоқ, қайта одан әрі даму үстінде. Осы жылдар ішінде кәсіптік мектеп «Рахат» АҚ  үшін  3500-ден аса жұмысшылар дайындады. «Рахат» АҚ-ның басшылығы жоғары сапалы өнім шығаруда, кәсіпорынның үздіксіз, үдемелі қызмет атқаруында, фабриканың қазіргі кезеңде әрі келешекте табысқа жетуі мен гүлденуінде  кәсіптік-техникалық мектеп түлектері еңбегінің маңызы зор екенін есте ұстайды және өз кәсіпорнында мамандар дайындау саясатына баса назар аударады.

Саяси фактор.

Белгілі бір дәрежеде кәсіпкерлік қызметті реттейтін құқықтық нормативтік актілер жағдайы мен мемлекеттің рөлі анықталғандықтан тауарлар мен қызметтер рыногінің дамуы саяси құқықтық орта әсерінен өзгеріп отырады. Яғни кәсіпкерлік және маркетингтік қызметке тікелей қатысты заңдар, нормативтік ережелер, нормалар және т.б-лардың жиынтығы.

Әр түрлі гастрономиялық дәстүрлері бар елдердің халқы «Рахат» АҚ кондитерлік өнімдерінің тұтыну сипаттамасының тартымдылығын мойындауда. Бүгінгі күні Акционерлік Қоғам өзінің өнімдерін ТМД елдеріне, жақын және алыс шетелдерге экспортқа шығарады.

Тұтынушылардан сұрау барысында тауардың жеке топтары бойынша сатып алушылардың қалаулары анықталады. Атап айтқанда плиткалық шоколадқа сұранысты оқу нәтижелері Германия және Ресейде өндірілген тағамдардың әйгілігін көрсетті.

Сонымен қатар сұрау процесінде шоколадтың әр түрлеріне сұраным айқындалады.

  • Қосындылары бар сүтті шоколадты - 50% атады;

  • Қосындылары жоқ сүтті шоколад - 42% атады;

  • Қосындылары бар қара түсті - 53% атады;

  • Қосындысыз қара түсті - 57% атады;

  • Қосындылармен ақ шоколад - 15 % атады;

  • Қосындылары жоқ ақ шоколад - 36% атады;

  • Толтырушымен - 45% атады;

Кәсіпорынның жұмысын шектейтін заңдарды білу арқылы рынок әрекеттерін бағыттауға болады. Яғни, кәсіпорын саяси-құқықтық ортаны жетік білудің өзі тұтынушыларды заңсыз іс-қарекеттерден және қызмет көрсетуден қорғауға мүмкіндік береді. «Рахат» АҚ ИСО 9000 сериясының стандарттары негізінде сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) әзірленіп, енгізілді. 2010 жылы сараптама және сертификаттау Ұлттық орталығы сапа менеджменті жүйесінің ҚР ИСО 9001-2009 СТ талаптарына сәйкестігін растаған қайта сертификаттау аудитін өткізді.

Сапа менеджменті жүйесі – кәсіпорын процестерін басқару жүйесі. Қазіргі заманғы тұтынушы тауарға ғана емес, оны өндіретін компанияға да назар аударады. Ол тауарды таңдар кезде «Ұтымды ұйымдастырылып, дұрыс басқарылған компанияның өнімі де жақсы» деген қағиданы жиі ұстанады. Ісі жолға қойылып, өз қызметін жүзеге асыруда СМЖ:

өнім сапасының тұрақтылығына;

• компаниядағы процестердің басқарылуына;

• компания қызметінің сапаны қамтамасыз етуге бағытталуына кепілдік береді.

Сапа менеджменті жүйесі тек өнім сапасына қатысты емес, ол кәсіпорын тіршілігінің барлық саласын қамтиды. Бұл — жабдықтар мен техниканы дұрыс пайдалану, өндіріс мәдениеті, кәсіпорынның әр жұмыскерінің өз міндетін сапалы орындауы, тұтынушының сұранысы мен пікірін ескеру, шикізатты кіргізу мен дайын өнімді шығару сапасын үнемі әрі үздіксіз бақылау. Яғни, «Рахат» компаниясы саяси-құқықтық нормаларға сай жұмыс істейді және өз өнімдерінің сапалылығына кепілдік бере алады.

Әлеуметтік – мәдени фактор.

Тауар ассортименті – кәсіпорын өндірген белгілі тауардың барлық түрлерінің жиынтығы. Оған әр түрлі тауар түрлері кіреді, мысалы ( ирис, шоколад, вафли, зефир т.б.) функционалды айырмашылықтарына, сапасына, бағасына қарай әр түрлі сұранысқа ие болады.

Соңғы жылы «Рахат кәмпиттері» шығаратын өнімді көркемдеу жағынан ынталана жұмыс істеуде. Кондитер тағамдардың барлығы тәжірибие жүзінде ауыстырылады. Драже, вафли, печенье үшін өлшеп буылған орам қолданылады, қораптардағы өнімдердің дизайн мен әшекейленуі өзгеріп отырады.

Қазіргі кезде дайын конфеттері ғана емес, көтерме және бөлшек сауда технологиялары бойынша бәсекеге қабілетті өнім өндірісі тәжірибие жүзінде жетілген.

«Рахат кәмпиттері» жарнама іс-әрекетінің құрылымы келесі бағыттарды енгізді: «Рахат кәмпиттері» бейнесін қалыптастыру, тауарлық жарнама, нарық ақпараттану деңгейін дамыту.

Жалпы бүгінгі таңда «Рахат кәмпиттері» Қазақстандағы тамақ өнеркәсібінің алдыңғы қатарлы табысты кәсіпорыны болып саналады. Оған дәлел ретінде оның әлемдік стандартқа сай дәмді де сапалы және басқа қабілетті өнім түрлерін өндірумен байланысты деуге болады. Ал ол кәсіпорынның қызметінің табыстылығы мен тиімділігін көрсетеді.

Кәсіпорынның маркетинг жұмысының нәтижесі мәдени факторларғабайланысты.

Қалыптасқан қоғам ережелері, салт-дәстүрлері, табиғатқа, еңбекке деген адамдардың көзқарасы, іс-қимыл қатынастары маңызды мәдени фактордың көрсеткіштеріне жатады. «Рахат» компаниясының тұтынушылардың көңілінен шығудың себептерінің бірі – өнімдердің салт-дәстүрге сай жасалуы. Мысалы, компания арнайы наурыз меймрамдарына киіз үй формалы конфет жиынтығын шығарады. Және конфет-шоколадтардың аты да қазақ халқының дәстүріне сай аталған («Айгерім», «Нұр» , « Ажар» және т.б). Фирма жастардың талғамдарын да ескеруге тырысады. Мысалы, қазіргі бойжеткендердің көбісі фигура, сыртқы келбеттеріне көп назар аударады. Сондықтан компания, тәттіні жақсы көретін, бірақ фигурасына назар аударатын тұтынушылар үшін арнайы 80% какоа қосылған қара шоколадтар және қант қосылмаған өнімдер, мармелад өнімдерін шығарады.

Фирманың микроортасы

Микроортаол фирма қызметіне тікелей әсер ететін күштердің және субъектілердің жиынтығы. Микроортаны «бақыланатын орта» деп те атайды.

Әрбір фирма негізгі - табыс табу. Маркетинг басқару жүйесінің негізгі мақсаты нарықтарды қызықтыратын тауарлар шығаруды қамтамасыз ету. Дегенмен, маркетингілік басқарудың табысты болуы фирманың басқа бөлімдерінің жұмыстарын және делдалдардың, бәсекелестердің және әр түрлі контактылы аудиториялардың әрекеттеріне де байланысты.

Тұтынушылар.

Шоколадқа қосынды сапасында ірі жаңғақ, мейіз, жеміс – жидек пайдалану тұтынушылардың ең үлкен ықыласын тапты. Сатып алушылардың карамель мен үгітілген кокос сияқты қосындыларға қатынасы бейтарап. Ал ұнтақталған жаңғақ пен үгітілген вафли сияқты шоколадқа қосындылар сұраным таппайды. Жүргізілген зерттеудің мақсаттарының формасы жөніндегі тұтынушылардың қалауларын анықтау болады.

Қарағанды қаласы нарығын зерттеу кондитер тағамдарын сататын сауда орындарына ирис көбінесе «Рахат кәмпиттері» өнімдерін ұсынған. Ол үшін тұтынушылармен үздіксіз өзара әрекет негізінде кәсіпорынның кондитер тағамдары мен қызметтеріне тән жетістігін қолдау мен күшейтуге бағытталған маркетинг стратегиясын құрады.

Жабдықтаушылар дегеніміз фирманы және оның бәсекелестерін тауарды өндіру үдерісіне қажет материалдық ресурстармен жабдықтайтын іскер компаниялары мен жеке тұлғалар. Жабдықтаушыларға көптеген талаптар қойылады. Оның ішінде ең маңыздылары: өнім сапасы стандарқа сай болуы, келісілген кестеге сәйкес нақты мезгілде өнімді жеткізу, өнімді жеткізу көлемін толығымен орындау, келісілген бағаны сақтау және т.б. «Рахат» компаниясының ең маңызды жабдықтаушыларының бірі «Алтайская Нива » компаниясы. «Рахат» пен «Алтайская Нива» 2006жылы келісімге отырған. Осы жабдықтаушысы арқылы компания көптеген жылдардан бері өз өнімдерін Ресей террирориясында жақсы сатуда.

Маркетинг делдалдары фирманың тауарларын клиенттерге қарай жылжытуға , оларға өткізуге және таратуға көмектесетін әдетте арнайы компания мамандары. Қазіргі кезде, «Рахат» компаниясы делдалдарға қатты мұқтаж деп айтуға болмайды. Себебі бұл тәжірибесі мол компания сапасымен ерекшеленіп, өзінің тұрақты тұтынушыларын тапқан. Енді фирма өзінің өнімдерін шет елдерге де ұсыну ойлары бар. Соған байланысты «Рахат»  неміс фирмасы «Вольф Нордмайер Конфесери-Пралине» сатып алып, оны «Рахат GmbH» деп өзгертті. Бұл «Рахат» өнімдерін дүние жүзіне таныстырудың алғашқы қадамы болды. Қазіргі кезде компания өнімдері ТМД-ның барлық дерлік елдерінде, Қытай, Швеция және т.б. мемлекеттерінде сатылып жатыр.

Кесте