Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практика.docx
Скачиваний:
94
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
422.93 Кб
Скачать

Кіріспе

Маркетингтік орта нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті. Бір немесе бірнеше кәсіпорыннан тұратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымдарды фирма деп атайды. Ал, сол фирманы қоршаған барлық жүйелер маркетингтік ортаны қалыптастырады. Курстық жұмыстың өзектілігі, маркетингтің ішіндегі ең басты құралы-маркетингтік ортаның кеңінен қолданылуында. Жалпы өндірілетін өнім жайлы ақпаратты міндетті түрде білу керек және оны тиімді етіп қалыптастыруда оның ортасын білу қажет. Өндірушілер осы қызметті маркетингтік ортаны қалыптастырудағы әдіспен жүзеге асырады. Мысалы, өзіндік өткізу бөлімшелері арқылы немесе дербес делдалдау арқылы. Өнімді тікелей өткізу әрқашанда тиімді емес сондықтан өндірушілер делдалдардың қызметін қажет етеді. Өзінің байланыстары, тәжірибесі және мамандануы арқасында делдалдар бірқатар қызметтер ұсынып, фирманың өз бетінше ала алатын шамадан көбірек пайда табуға жәрдемдеседі. Дистрибьюторлармен, бөлшек сауда дүкендерімен тәуелсіз делдалдармен келісім негізінде құрылған арналады қажет кезде өзгерту өте қиын. Сондықтан, басқарушы қызметкерлер өткізу арналарын құрауға байсалды, байыпты қарауға тиіс. Осының барлығы маркетингтік ортаны зерттеу барысында жүзеге асырылады.

Курстық жұмыстың мақсаты негізінде, жалпы ұйымдар адамдардың әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғандықтан, әрбір ұйымның өзіндік қолдану аясы, ерекшеліктері, өлшемдері және т.б. болады. Жаңа замандағы рыноктық экономикаға сай ұйымдар өз қалауынша стратегия, мақсат құрып, өзіндік саяси даму бағытын таңдай алады. Бірақ тәуелсіз бола отырып, әрбір ұйым сонымен қоса үлкен, динамикалық жүйенің бір бөлігі болып табылады. Ол жүйе – кәсіпорынның маркетингтік ортасы. Сол себепті де оны жан-жақты зерттелуі қажет.

Бұл курстық жұмыстың негізгі міндеті- маркетингтік ортаны әрбір бөлімде толық зерттеп, оның әдіс-тәсілдерін, мақсатын айқындау.     

Осы мақсатпен байланысты келесі міндеттерді шешу қажет:

1.Маркетингтік ортаны ұйымдастырудың негізгі нысандарын зерттеу; 2.Оның мақсаты, мәні мен даму стратегиясын айқындау; 3.Фирманың маркетингтік ортасын зерттеу; 4.Фирманың маркетингітік мәселелерін қарастыру. Оны дамыту жолдары мен әдістері.

Курстық жұмыстың  кіріспеден,үш бөлімнен, корытындыдан және пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.

І. Маркетингтік ортаның теориялық негізі.

1.1. Маркетинг ортасының түсінігі мен түрлері, әсер етуші факторлар

Қазіргі заман: «еңбек бөлінісі, белгілі бір міндеттердің атқарылуы және иерархиялық құрылым принциптеріне негізделген қандай да болмасын мақсатқа жету немесе мәселелрді шешу үшін біріккен топтар мен адамдардың жиынтығын » көрсететін әр түрлі ұйымдар әлемі деп қарастырылады. Ұйымдар адамдардың әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғандықтан, әрбір ұйымның өзіндік қолдану аясы, ерекшеліктері, өлшемдері және т.б. болады. Жаңа замандағы рыноктық экономикаға сай ұйымдар өз қалауынша стратегия, мақсат құрып, өзіндік саяси даму бағытын таңдай алады. Бірақ тәуелсіз бола отырып, әрбір ұйым сонымен қоса үлкен, динамикалық жүйенің бір бөлігі болып табылады. Ол жүйе –кәсіпорынның маркетингтік ортасы.

Маркетинг ортасы дегеніміз – ол фирманың маркетинг бөлімінің мақсатты клиенттерімен тиімді байланыс орнатып, оны үзбей сақтау мүмкіндіктеріне әсер ететін белсенді субъектілердің және күштердің жиынтығы. Маркетинтік орта үнемі өзгеріп отыратын, белгісіздікке толы ұғым болғандықтан ол фирманың өмірінде өте маңызды орын алады. Маркетингтік орта факторлары «басқаруға келмейтін» күштер болғандықтан, фирма оларды анықтап, зерттеп соған байланысты маркетингтік стратегия құрастыру қажет.

Маркетинг ортасын зерттеу барысында ол орта келесі түрлерге бөлінеді:

  • Макроорта

  • Микроорта

  • Медиаорта

Мысалы, ұйым – іс-әрекетіне көптеген күрделі күштер әсер ететін макроортадағы микроорганизм. Ұзақ мерзімді жоспарға сай тұрақты дамуы үшін оның іс-қимылы қоршаған орта жағдайларымен үйлесімді болуы шарт, өйткені жағдай мемлекеттік шешімдердің, заңдардың өзгеруі, бәсекелестер әрекеті мен тұтынушы мінез-құлқы салдарынан, сондай-ақ әлемдік нарықта болып жатқан өзгерістерге қарай қауіпті сипат алуы мүмкін. Мысал ретінде 70-жылдардағы мұнай дағдарысын, 1987 жылғы қор нарығының күйреуін, Германияның бірігуін, Шығыс Еуропа революциясын, Кеңестер Одағының ыдырауын, Біртұтас Еуропа нарығының пайда болуын, еуровалютаның енуін, Ирактағы соғысты, 2007 жылдың соңында АҚШ-тағы банктік дағдарыс, ипотекалық күйзеліс және т.б. жағдайларды айтуға болады.

Ұйымның маркетингтік ортасы:

  • Ұйым

  • Жабдықтаушылар

  • Бәсекелестер

  • Маркетингтік делдалдар

  • Клиенттер

  • Байланыс аудиториялары

Маркетингтік орта факторлары.

Маркетинг теориясына макро, микро және медиаортадан тұратын маркетингтік орта ұғымы енгізілді. Ұзақ мерзімді жоспарға сай тұрақты  дамуы үшін фирма іс-қимылы қоршаған орта жағдайларымен үйлесімді болуы  шарт, өйткені жағдай мемлекеттік  шешімдердің, заңдардың өзгеруі, бәсекелестер әрекеті мен тұтынушы мінез- құлқы  салдарынан, сондай ақ әлемдік нарықта  болып жатқан процестердің болуына  қарай қауіпті сипат алуы мүмкін. Мысал  ретінде  Кеңестер Одағының ыдырауын, 1993 жылғы  Біртұтас еуропа нарығының пайда болуын, еуровалютаның  енуін, Ирактағы соғысты және т.б. айтуға болады.

Фирманың манркетингтік ортасы- бұл фирмадан тыс күшті әсер ететін белсенді субьектілер жиынтығы мен  маркетинг басшылығының мүмкіндіктеріне  әсер ететін, мақсатты клиентермен  ынтымақтастықты нығайту болып  табылады.

Макроорта

Макроорта фирманы қоршап тұратын және оның қалыптасуына әсер ететін факторлардан тұрады. Ф. Котлер бойынша, макроорта факторларына демографиялық, экономикалық, табиғи, ғылыми-техникалық, саяси және әлеуметтік-мәдени факторлар жатады.

Сурет