Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

право реферат

.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
41.32 Кб
Скачать

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультет: механика-математика

Кафедра: информатика

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Домендік атау

Орындаған: Танаш С.С.

Тексерген: Мұқалдиева Г. Б.

Алматы 2015

Жоспар

  1. Кіріспе

Домендік атау туралы түсінік

  1. Негізгі бөлім

  1. Домендік атауды тіркеу туралы келісім(жариялы белгілі келісімі)

  2. Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату қағидасын бекіту туралы заң

  3. Кибер қылмыс

  1. Қорытынды

  2. Қолданылған әдебиет

Домендік атау туралы түсінік

Домендік атау дегеніміз – сайттың Интернет желісіндегі атауы, мысалы gazet.kz, zhurnal.kz бұл сіздің сайтыңыздың атауы болуы мүмкін.

Домендік атаулар ереже бойынша бірегей болып табылады, яғни екі бірдей домендік атауды тіркеуге болмайды.

Домендік атаулардың бірінші, екінші, үшінші деңгейі болады.

  • Бірінші деңгейлі домендік атау мысалы: com, net, ru, info, biz, uа, de.

Доменнің бірінші деңгейі доменнің Интернет желісіндегі аймақтық белгісін береді, мысалы:

  • kz – Қазақстан;

  • ru – Ресей;

  • com – коммерциялық;

  •   edu – білім саласы;

  • net – желілік жобалар;

  • gov – үкіметтік;

  • org – коммерциялық емес ұйымдар.

  • Екінші деңгейлі домендік атау мысалы: gazet.kz немесе zhurnal.kz.

  • Үшінші деңгейлі домендік атау мысалы: shugyla.gazet.kz немесе abai.zhurnal.kz.

Домендік атауды дұрыс таңдау өте маңызды, себебі сайтыңыз кейін Интернет желісінде редакцияңыздың өкілетіболып есептеледі, яғни сайтыңызды болашақта Интернет желісінде бренд ретінде қалыптастыру тікелей домендік атауға байланысты.

Домендік атауды таңдау үшін бірнеше ұсыныс:

  1. Әр редакцияның бағыты мен ұстанымына байланысты, домендік атау ең алдымен редакцияның бағытын сипаттау керек немесе тым ұзақ болған жағдайда қысқа сөз немесе  аббревиатуара қолдануға болады,  бірақ домендік атаудың мазмұнын жоғалтпауға тырысу керек.

  2. Пайдаланушылардың есінде тез сақталу үшін, домендік атау қысқа болған дұрыс, ал егер де домендік атауды қысқарту мүмкіндігі болмаса 10 символдан аспаған жөн.

  3. Домендік атау латын әріптермен белгілену керек(киррилицаны қолдану мүмкіндігі бар, бірақ латын әріптері пайдаланушылар үшін ыңғайлы), сонымен қатар ерекшеліктері бар әріптерді де ұмытпаған жөн, мысалы ағылшын тілінде жазылуы өзгеше әріптер к (c, k, ck), в (w, v), ф (f, ph), х (h, kh), ц (ts, z).

  4. Домендік атау жеңіл оқылып, жеңіл жазылу керек, айтылуы қиындық тудыратын сөзді есте сақтау қиын болса, демек оның жазылуын есте сақтау екіталай.

  5. Қателік жасамау үшін басқа тілден еңген сөздердің жазылуын мұқият тексеру, өкінішке орай бір рет тіркелген домендік атауды өзгерту мүмкіндігі жоқ, қате болған жағдайда домендік атауды жаңадан тіркеу қажет болады.

  6. Домендік атауды тіркеу алдында басқа да домендік зоналарда сіз таңдаған домендік атауды тексеру керек, басқа домендік зонада дәл сондай домендік атау қайталанатын болса үлкен мәселе туындамайды, бірақ пайдаланушылар қателесіп сол сайтқа кіруі мүмкін.

Жоғары деңгейлі домендік атаулар құрамында үшінші деңгейлі домендік атаулар және тағы басқа екінші деңгейлі домендік атаулар бар, нақты осындай үлгімен хаттың орналасқан жерін көрсету үшін пошталық мекен-жайларды қолданамыз: Ел (жоғары деңгей), қала (екінші деңгей), көше

Жоғары деңгейлі домендерде домендік атауларды тіркеу және қолдаумен менеджерлер айналысады және олардың негізгі функциялары болып табылады:

  • интернетке домендік атауларды тіркеуге сұраныстарды қабылдау мен әзірлеу;

  • домендік атаулардың деректер базасын қолдау және домендік атаулар туралы ақпаратты сұраныс бойынша ұсыну;

  • домендік адресаттауды пайдаланатын Интернет желісінің компьютерлік жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін Интернетте DNS серверін қолдау және ұсыну;

  • екінші деңгейлі домендік атауларды әкімшілендіру мен басқару бойынша құқықтарды ұсыну;

Ереже бойынша, жоғары деңгейлі домендік атауларды қолдаудағы менеджердің рөлін қатысты мемлекет аумағында орналасқан коммерциялық емес ұйым орындайды.

KZ жоғары деңгейлі домендегі Интернет домендік атауларды тіркеу және қолдау бойынша менеджері (оператор) – "Қазақ торап ақпарат орталығы" Мекемесі коммерциялық емес ұйымы немесе қысқаша KazNIC (nic.kz)

KZ Домендік атауларды тіркеу қағидасы

Бұл құжат KZ адрестік кеңістігіндегі екінші деңгейлі домендік атаулардың орналасу қағидасын түсіндіреді. 12 тармағы бар. Төменде көрсетілгені 5 тармағы Сауда таңбалары.

Домендік атауды тіркеу туралы келісім(жариялы белгілі келісімі)

A. Домендік атауды тіркеу туралы бұл келісім (Тіркеу Келісімі) Internet-те домендік атауды тіркеу мақсатында «Қазақ торап ақпарат орталығына» ("KazNIC") беріледі. Егер бұл Тіркеу Келісімін KazNIC қабылдап, ал домендік атау KazNIC домендік атауларының деректер базасында тіркеліп, оның Тіркелушісіне тағайындалса, Тіркелуші («Тіркелуші») Тіркеу Келісімінің құрамдас бөлігі болатын және Сілтемелері бар осы Тіркеу Келісімімен және KazNIC Дауларды Шешу Тәртібінің (одан ары «Тәртіп») шарттарымен келіседі. Бұл Тіркеу Келісімі KazNIC офистерімен қабылдану керек.

B. Шарттар төлемі. Тіркелуші әрбір жаңа домендік атауды тіркеу үшін немесе бар тіркеуді қайта жаңартуға Құрама штатының 30 доллар сомасын төлеуге келіседі. Төлемақы тура KazNIC-ке немесе көсемше Тіркелушінің Internet - Провайдері ("ISP") арқылы KazNIC-ке төлену керек. Төлемақы шоттың көрсетілген мерзімінен бастап міндетті түрде 30 (отыз) күн аралығында төлену керек. Төлелмейтін сомасы бастапқы тіркеу кезінен бастап бір жыл (1) кезеңін жабады және ұзарту үшін жабу кезеңінің аралығында өзіне домендік атаудың кез келген жазбаларын қосады.

C. Дауларды Шешу тәртібі. Тіркелуші осы Тіркеу Келісімін тапсыру шартын KazNIC қабылдайтынымен келісу керек, Тіркелуші KazNIC-тің қазіргі Дауларды Шешу Тәртібімен байланыста болу керек. Дауларды Шешу Тәртібінің қазіргі версиясын KZ доменіне қызмет көрсету сайтынан табуға болады: http://nic.kz/rules/policy.jsp

D. Тәртіптің өзгертулері мен ауысуы. Тіркелуші KazNIC өз қалауы бойынша кез келген уақытта жоғарыда көрсетілген Тәртіпті өзгертетініне немесе ауыстыратынына келіседі. Тіркелуші Тәртіптің өзгертулері күшіне енгеннен кейін домендік атаудың тіркеуін қолдайтын Тіркелуші осы өзгертулер мен модификацияларды мойындайтынын жалғастыруына қарсы болмайды. Егер Тіркелуші осы кез келген өзгертулерді өзі үшін қолайлы деп ойласа, ол домендік атаулардың деректер базасынан домендік атауды жоюын сұрауына болады.

E. Даулар. Тіркелуші егер оның домендік атауының тіркелуі кез келген үшінші жақпен қаралатын болса, Тіркелуші Дауларды Шешу Тәртібінде анықталған шарттардың әрекетіне түсетініне келіседі.

F. Агенттер. Тіркелуші егер осы Тіркеу Келісімі Тіркелуші үшін агентпен мысалы, ISP немесе Әкімшілік Контакт/Агент әзірленген болса келіседі, осыған орай осында, сонымен қатар Дауларды Шешу Тәртібінде көрсетілген барлық ережелер бойынша басты жақ болып табылады.

G. Жауапкершіліктің шектеулілігі. Тіркелушінің кез келген шығынына осы Тіркеу келісімі бойынша KazNIC жұмысының үрдісінде туатын KazNIC-пен жабу кезеңі аралығында домендік атау жазбаларының кез келген мақұлды өзгертулер жасауына байланысты, сонымен қатар Тіркелушінің не бастапқы тіркеу, не қайта жаңарта тіркеу, не Дауларды Шешу Тәртібінің шарттарына әрекет жасау, қызметтерге ақы төлемеу нәтижесінде KazNIC жауапты болмайтынына Тіркелуші келіседі. Тіркелуші KazNIC-тің максималды жауапкершілігі кез келген дерекпен осы Келісім бойынша Құрама Штаттарының 500 (US$500) долларынан аспау керек.

H. Өтеу. Тіркелуші егер Тіркеу Келісімі KazNIC қабылдаса және зиянды өтеу үшін кез келген үшінші жақпен дау туылған жағдайда KazNIC-ті қорғауға келіседі, бұл мүмкіндік зиян қаупінен қорғауға, Тіркелуші Дауларды Шешу Тәртібіндегі барлық жағдайлар мен шарттарды қабылдайды.

I. Бұзушылық. Тіркелуші осы Тіркеу Келісімінің немесе Дауларды Шешу Тәртібінің кез келген шарттарын сақтамаса, KazNIC қатаң бұзушылық ретінде санап, Тіркелушіге осы бұзушылықты көрсетіп, жазбаша түрде ескерту жібереді. Егер осы ескертудің поштамен жіберу кезінен бастап отыз (30) күн аралығында Тіркелуші растауға бас тартып, KazNIC-ті еш міндеттердің бұзылмағанына қанағаттандырса, онда KazNIC Тіркелушінің домендік атауының тіркемей бас тартуына болады. Тіркелушінің кез келген осындай бұзушылығы KazNIC Тіркелушінің кез келген басқа бұзушылықтарына көңіл аудармағанымен, ақталды деп санауға болмайды.

J. Кепілдіктердің жоқтығы. Тіркелуші KazNIC-те домендік атауды тіркеу кезінде, осындай тіркеу домендік атауды тіркеу немесе қолдануда тосқауылдарға қарсы қорғаныс қамтамасыз етпесе келіседі.

K. Кепілдік. Тіркелуші Тіркеу келісімінде берілген ақпарат нақты және дұрыс болып табылатынына және бұл ақпараттың кез келген өзгертулері алдағы уақытта домендік атаулардың өзгеру үрдістерін өткізу үшін KazNIC-ке уақытында ұсынылатынына кепілдік береді. Бұл кепілдіктің бұзушылығы өте қауіпті болып саналады.

L. Бас тарту. Тіркелуші егер осы Тіркеу Келісімі, немесе оның келесі модификациясы жалған не адастырушылыққа әкелетін ақпарат құрамында болса немесе кез келген ақпаратты жасырса, KazNIC-ке домендік атауын жойып тастауына болады. Мүмкін KazNIC бұл деректерді қарап өз шешімі кезінде осы Тіркеу Келісімін бекітеді.

M. Бас тарту құқығы. KazNIC өз пікірі бойынша кез келген Тіркелушінің Тіркеу Келісімін бекітуде бас тарту құқығын сақтайды. Тіркелуші осы Тіркеу Келісімін беруі KazNIC оны бекітуге міндетті емес екеніне келіседі.

N. Бөлінуі. Тіркелуші осы Тіркеу Келісімінің шарттары бөлінетініне келіседі. Егер кез келген шарт немесе ереже қате болса, бұл өз әрекетін тәуелді жалғастыратын қалған шарттар немесе ережелерге ықпал етпейді.

O. Бүтінділік. Тіркелуші нақты Тіркеу Келісімі және Дауларды Шешу Тәртібі KazNIC пен Тіркелуші арасында Тіркелушінің домендік атауын тіркеуге қатысты барлық бастапқы келісімдер мен келісулерді және басқа қатынастарды өзімен ауыстыратынына келіседі.

P. Құқық өктемділігі. Тіркелуші нақты Тіркеу Келісімі Қазақстан Республикасының заңдарымен сәйкес, барлық қатынастарда бағынатынына және талқыланғанына келіседі.

Q. Бұл # 1 версияның Домендік атауын Тіркеу туралы Келісімі. Бұл Тіркеу Келісімі тек KZ зонасындағы екінші деңгейлі домендік атауларды тіркеу үшін қызмет етеді. Осы Тіркеу Келісімін құрап KazNIC-ке қарастыру және қабылдауға беру үшін Тіркелуші жоғарыда көрсетілген A әрпінен P әрпіне дейінгі бөлімдерді оқып, оларға бағынуға қарсы еместігін білдіреді.

Domain Version Number: 3.2

Тіркеуден бас тарту

Домендік атауды тіркеуде мына жағдайларда Менеджердің бас тартуына құқығы бар: а) егер өтінім формаға сәйкес не толық емес немесе керекті қосымшалар жоқ болса; б) егер домендік атау сұраныс беру кезіне дейін тіркелген болса; в) 5 тармақта көрсетілген Интернет стандарттарының сұраныстарына сәйкес болмаса.

Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату қағидасын бекіту туралы

Түпкілікті домендік атау – домендік кеңістік иерархиясының басы. Түпкілікті домендік атау нүктемен «.» (RFC-882) белгілейді; Тіркелуші – тіркеушіге домендік атауды тіркеу үшін өтінім мен міндетті құжаттарды (ұзарту, өзгерту, тапсыру, трансфер, жою) жолдаған және тіркеу кезеңінде оның меншік иесі болып табылатын, тіркелген домендік атау туралы мәліметтерді басқару бойынша құқықтар мен міндеттерге ие жеке немесе заңды тұлға; Тізілім – құрамында тіркелушілердің өтінімдеріне сәйкес барлық міндетті мәліметтер бар, жоғары деңгейлі қазақстандық домендік атауларда тіркелген барлық домендік атаулардың деректер қорының орталықтандырылған жиынтығы;      Тізілімді жүргізу – домендік атаулар тізілімінің қызметін қамтамасыз ету, тіркеушілердің тізілімге өзгерістер енгізу мүмкіндіктері, домендік атауларды ұсыну, WHOIS-сервер арқылы тіркелген домендік атаулар туралы барлық ағымдық мәліметтерді ұсыну; Тіркеу орны – жоғары деңгейлі қазақстандық домендік атау әкімшісі уәкілетті органның және ICANN (Internet Corporation for Assigned Names and Numbers) халықаралық ұйымының келісімі бойынша белгілейтін, Интернет желісінде жоғары деңгейлі қазақстандық домендік атаулардың тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым;      Тіркеуді бұзу – тізілімнен домендік атау туралы ақпаратты толығымен алып тастау;      Тіркеуді тоқтату – домендік атаудың жұмыс қабілетін тізілімнен домендік атау туралы ақпаратты алып тастамай уақытша тоқтата тұру (ұсынуды тоқтата тұру);      Тіркеуді ұзарту – домендік атауды тіркеу әрекеттерінің мерзімін кезекті мерзімге ұзарту;      Тіркеуші – тіркелушілерге домендік атауды тіркеу бойынша қызметтер көрсететін, тіркеу орны мен тіркеуші арасында жасалған келісімге (шартқа) сәйкес ақпаратты тізілімге енгізуді қамтамасыз ететін және тіркелушінің тіркеу орнында домендік атауды басқару жөніндегі құқықтарын іске асыратын жоғары деңгейлі қазақстандық домендік атау әкімшісімен аккредиттелген Қазақстан Республикасының резиденті, заңды тұлға; DNS–сервері – RFC-1032, RFC-1034, RFC-1035, RFC-1122, RFC-1133, RFC-1591 сәйкес жұмыс істейтін домендік атаулар жүйесіне (Domain Name System) қызмет көрсетуге арналған мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету (бұдан әрі - БҚ), сондай-ақ БҚ орындалатын құрал-жабдық; RFC құжаты – Интернет желісі жұмысының техникалық және ұйымдастырушылық жұмысын анықтайтын және Internet Engineering Task Force (IETF) және Internet Engineering Steering Group (IESG) қоғамдық ұйымдарымен қабылданатын стандарт; WHOIS-сервер – RFC-3912 сәйкес жұмыс істейтін, тіркелген домендік атаулар туралы мәліметтер алуға арналған мамандандырылған БҚ, сондай-ақ БҚ орындалатын құрал-жабдық.

Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу тәртібі

Домендік атау тізілімге ол туралы ақпарат енгізілген кезден бастап тіркелді деп есептеледі.       Тіркеу орны немесе тіркеуші домендік атауды тіркеуді мынадай жағдайларда тоқтата тұрады:       1) өтінімдегі домендік атау туралы мәліметтер толық емес немесе дәйексіз екендігі анықталғанда;       2) домендік атаудың тіркеуді тоқтату туралы тіркелушінің өтінішінің болуы;       3) тіркелген домендік атауды қолданатын интернет-ресурстың серверлік жабдығы Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан болса;       4) заңды күшіне енген сот шешімінің болуы.       Осы тармағында қарастырылған жағдайларда, заңды күшіне енген сот шешімімен үлкен мерзім белгіленбеген болса, тіркеуші аталған доменді тіркеуді кемінде 10 күнтізбелік күн мерзімге тоқтата тұру туралы хабарлама жолдаумен тоқтатады. Аталған мерзім өткеннен соң тіркелуші қосымша мәліметтер ұсынады немесе тоқтата тұрудың болған себептерін жояды.       Тоқтата тұру себептері жойылған жағдайда немесе тіркеуді жаңғырту туралы заңды күшіне енген сот шешімі бойынша домендік атауды тіркеуді жаңғырту жүргізіледі.      Домендік атауды тіркеуді жою мынадай жағдайларда жүргізіледі:       1) домендік атауды тіркеуін тоқтату жүргізілген себептерін жоймау;       2) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша.       Осы тармағында қарастырылған жағдайларда, тіркеуші тізілімге тиісті мәліметтерді енгізе және тіркелушіні ескерте отырып, шұғыл түрде тіркеуді жояды.       Домендік атауды пайдалану «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және осы Қағидаға сәйкес тіркелушімен жүзеге асырылады.       Домендік атауларды пайдалану туралы барлық тіркелушілер мен үшінші жақтың арасындағы домендік атаудың тіркелуіне қатысты даулар сот тәртібімен шешіледі.       Домендік атауларды пайдалану кезінде ықтимал бұзушылықтарды болдырмау мақсатында тіркелуші Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексіне, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қайшы келетін ақпараттар, оның ішінде Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты насихаттау және үгіттеу, экстремизм немесе терроризмді насихаттау немесе үгіттеу, сондай-ақ есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық басымдықты насихаттау, сондай-ақ, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты насихаттауға бағытталған ақпараттарды құрайтын ресурстарды құру үшін домендік атауды пайдаланбау.       Тіркеу жүйесін тарату негізінде үш деңгейлі өзара қарым-қатынас үлгісі жатады:      - жоғары деңгейлі қазақстандық домендік атау әкімшісі, тіркеу орын;      - тіркеуші;      - тіркелуші.      Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тарату кезінде жоғары деңгейлі қазақстандық домендік атау әкімшісі өзара қарым-қатынас жасайды:       1) жоғары деңгейлі қазақстандық домендік атауын әкімшілендіру және дамыту мәселелері бойынша уәкілетті органмен;       2) жоғары деңгейлі қазақстандық домендік атауын әкімшілендіру мәселелері бойынша ICANN (Internet Corporation for Assigned Names and Numbers) халықаралық ұйымымен;       3) жоғары деңгейлі қазақстандық домендік атаудағы домендік атауларға қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен (оның ішінде құқық қорғау және сот);       4) жоғары деңгейлі қазақстандық домендік атауын әкімшілендіру мен дамыту мәселелері бойынша тіркеу орнымен, оның жұмысын бақылайды және тіркеушілерді аккредиттейді.      Жоғары деңгейлі қазақстандық домендік атау әкімшісі Интернет желісінің қазақстандық сегментінің әкімшілігінің қызметін тіркеу орнына және тіркеушіге бермейді.    Белгілі бір арналуы бар, резервке сақталған домендік атауларына мыналар кіреді:       1) COM.KZ – коммерциялық ұйымдар үшін үшінші деңгейлі домендік атауларды тіркеуге арналған;       2) EDU.KZ – білім қызметіне лицензиясы бар Қазақстан Республикасы резиденттерінің ұйымдары үшін үшінші деңгейлі домендік атауларды тіркеуге арналған;       3) GOV.KZ – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары үшін үшінші деңгейлі домендік атауларды тіркеуге арналған;       4) MIL.KZ – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің органдары үшін үшінші деңгейлі домендік атауларды тіркеуге арналған;       5) NET.KZ – уәкілетті органның тиісті лицензиялары бар деректерді беру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар үшін үшінші деңгейлі домендік атауларды тіркеуге арналған;       6) ORG.KZ – коммерциялық емес ұйымдар мен жобалар үшін үшінші деңгейлі домендік атауларды тіркеуге арналған.

      Белгілі бір арналуы бар, резервке сақталған домендік атаулары уәкілетті органның келісімі бойынша жоғары деңгейлі қазақстандық домендік атау әкімшісімен анықталады. Бұл ақпарат көпшілікке арналған және тіркеу орнының интернет-ресурсында орналасады.      Тіркеу орны және тіркеушілер Интернет желісінің қазақстандық сегментінде тіркелушілерге домендік атауларды таратады. Резервке сақталған домендік атаулардан басқа екінші деңгейлі және үшінші деңгейлі домендік атауларды тарату домендік атауларды тіркеу тәртібі бойынша жүзеге асырылады.

Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату  Қағидасына қосымша      

Нысан

Тіркеушіге (Тіркеушінің аты)

Тіркелушінің өтінімі

      1. *домендік атаудың аты;       2. *домендік атауды тіркеу кезеңі;       3. *төрт байланыс туралы мәліметтер:       1) *тіркелуші;       2) әкімшілік байланыс;       3) техникалық байланыс;       4) қаржылық байланыс;       4. *әрбір байланыс келесі мәліметтерден тұруы қажет:       1) *байланыс тұлғасының Т.А.Ә. (егер байланыс жеке тұлға болса);       2) *ұйымның аты (егер байланыс заңды тұлға болса);       3) *пошталық мекенжай;       4) *қала;       5) *облыс;       6) *пошталық индекс;       7) *елдің 2 әріптік коды;       8) *телефон;       9) факс;       10) *электрондық пошта мекенжайы;       5. *DNS-серверлер туралы мәліметтер:       1) *алғашқы DNS-сервердің желілік мекенжайы;       2) *бірінші DNS-сервердің желілік мекенжайы;       3) қосымша DNS-серверлердің мекенжайы.       6. *өтініш берген домендік атауды қолданатын интернет-ресурстың серверлік жабдығының орналасқан жері:       1) *пошталық мекенжай;       2) *қала;       3) *облыс.       Осымен  тіркеушінің интернет-ресурсында жарияланған, домендік атауды тіркеу бойынша қызмет көрсетудің толық шарттарын қамтитын домендік атауды тіркеу туралы келісімнің мәтініне өз келісімімді растаймын.

      Ескертпе:

      Тіркелуші мәліметтерді тіркеушіге ұсынады және бүкіл тіркеу мерзімі бойы тіркелімде сақталады.       Жұлдызшамен белгіленген тармақтар міндетті болып табылады.       Барлық мәліметтер латын транскрипциясында беріледі.       Техникалық және қаржылық байланыстар туралы деректер жоқ болса, олардың қызметін автоматты түрде әкімшілік байланыс орындайды.       Әкімшілік байланыс туралы деректер жоқ болса, оның қызметін автоматты түрде тіркелуші орындайды.       Серверлік жабдыққа қойылатын талап оның физикалық орналасқан жері Қазақстан Республикасының аумағы болуы болып табылады.

Киберқылмысқа қарсы Халықаралық Конвенция бар, Қазақстан соған қатысуды ойластырып жатыр. Ал қазіргі 1997 жылғы 16 шiлдедегi N 167 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 227-бабында Компьютерлiк ақпаратқа заңсыз кiру, ЭЕМ үшiн зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату туралы мынандай жауапкершіліктер қарастырылған.  1. Заңмен қорғалатын компьютерлiк ақпаратқа, яғни машиналық сақтағыштағы, электронды есептеу машинасындағы (ЭЕМ), ЭЕМ жүйесiндегi немесе олардың желiсiндегi ақпаратқа заңсыз кiру, сол сияқты ЭЕМ-ге, ЭEM жүйесiне немесе олардың желiсiне кiре алатын адамның ЭЕМ-дi, ЭEM жүйесiн немесе олардың желiлерiн пайдалану ережелерiн бұзуы, егер бұл әрекет ақпаратты жоюға, бөгеуге, жаңартуға не көшiруге, ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесiн немесе олардың желiсiн бұзуға әкеп соқса екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не нақ осы мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.  2. Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған немесе ұйымдасқан топ жасаған не адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол әрекет бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.  3. Ақпаратты санкциясыз жоюға, бөгеуге, жаңартуға не көшiруге, ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесiн немесе олардың желiсiн бұзуға көпе-көрiнеу әкелетiн ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар жасау немесе қолда бар бағдарламаларға өзгерiстер енгiзу, сол сияқты осындай бағдарламаларды немесе осындай бағдарламалары бар машиналық сақтағыштарды пайдалану не тарату бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.  4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген абайсыздықпен ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қорытындылай келе,

Киберсквоттинг(англ. Cybersquatting) – танымал компания атауларымен ұқсас домендік атауды тіркеп алып, кейін оны қайта сатып пайда табу. Киберсквоттингпен айналысатындарды киберсквоттер деп атайды.

Киберпиратство (ciberpiracy) -  киберсквоттингпен пара-пар.

Киберсквоттингтен қорғану жолдары

# Қайталанбайтын, ешкімде жоқ домен атауын құру керек;

# Бірнеше домен атауы аймағына тіркеу керек;

#Соған ұқсайтын көптеген домен атауын құру;

#егер экономикалық маңызы болатын болса,оларды сатып алу керек.

Қолданылған әдебиет:

  1. http://webpress.kz/index.php?option=com_k2&view=item&id=643:domendik-atau-men-khosting-turaly-ne-bilesiz&Itemid=895

  2. http://www.nic.kz/rules/rules-old.jsp

  3. http://adilet.zan.kz/files/docx/832/v1000006523.21-10-2011.kaz.docx

  4. http://www.antula.ru/domen-5.htm