Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Biznesti__1201_yymdastyru_ShPOOR (1).docx
Скачиваний:
85
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
84.67 Кб
Скачать

22. Акционерлік қоғам мәні және құру ерекшелігі

Акционерлiк қоғамның құқықтық ережелерi, акционерлердiң құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының «Азаматтық Кодексінің» және оған  байланысты басқа да заң құжаттарына сәйкес белгiленедi. (2) Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам болып танылады.  

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 85-ші бабына сай Акционерлiк қоғамның акционерлерi осы заң актiлерiнде көзделгеннен басқа жағдайларда оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өзiне тиесiлi акциялар құнының шегiнде қоғамның қызметiне байланысты шығындар тәуекелiн көтередi. Акционерлiк қоғамның өз қатысушыларының мүлкiнен оқшауланған мүлкi болады, өз мiндеттемелерi бойынша өз мүлкi шегiнде жауапты болады және өз қатысушыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.  Қоғамның барлық акцияларын бiр акционер сатып алған жағдайда акционерлiк қоғам бiр адамнан құрылуы немесе бiр адамнан тұруы мүмкiн.

 Акционерлік қоғамды ұйымдастыру үшін оның құрылтайшылары банкке белгілі ақша соммасын салады. Қоғамның капиталы құрылтайшылардың акция шығару жолымен құрылады және оны барлық қоғам типтеріне байланысты алғысы келетіндерге сатады.

АҚ  тек өзіне қатысты мүліктерге қорған бола алады, яғни ұйым өз қатысушыларының  міндеттеріне жауап бермейді. Акционерлердің кредиторлары өзге қатысушылардан, жеке шаруашылықпен айналысатындардан АҚ – ның үлесін талап ете алмайды.

Акционерлік қоғамдарды құрудың ерекшеліктері:                                                  Қосымша капиталды тезірек жәнекеңірек тарту мүмкіндігі.Корпорация  қызметі әр-түрлі

23 . Жеке кәсіпкерлік түсінігі ж/е түрлері.

Ж.к/к- табыс табу мақс/да жеке тұлға/ң өз меншігіне негізделіп, өздері/ң тәуәкелге бел бууымен ж/е мүліктік жауапкершілігімен жүз.асырылатын жеке бастамашылық іс-әрекеті. Ж.к/ң түрлері: 1)дара кәсп/к- жеке менш.құқғ/н өзіне тиесілі мүліктің нег/де, сонд/ақ мүлікті қолд/ға н/е иемденуге жол беретін өзге құқ/а сәйкес ж.тұлғ/ң бір өзінің іс-әрекет жасауы. 2)ортақ (бірлескен) кәсп/к- жеке менш.құқғ/н өзіне тиесілі мүліктің нег/де, сонд/ақ мүлікті бірлесе қолд/ға н/е иемденуге жол беретін өзге құқ/а сәйкес бір топ ж.тұлғ/ң іс-әрекеті. 2.1 Ерлі-зайыптылар/ң кәсп/гі- ерл.-зайп/ң (ортақ) бірлескен ж.менш/ң нег/де жүз.асыр/ды. 2.2 Жанұялық кәсп/к- шаруа (фермер) қожалығы/ң (ортақ) бірлескен менш/гі нег/де н/е жекешелендірілген мүлікке ортақ ж.менш/ң нег/де жүз.асыр/ды. 2.3 Жай серіктестік- ортақ үлесті менш.нег/де жүз.асыр/ды.

24 Франайзинг мәні түрлері, қолдану сферасы. Франчайзинг 1) ірі кәсіпорынның өзініің фирмалық таңбасы мен тауар өндіруге, қызмет көрсетуге лицензиясын белгілі бір кезеңге және шектеулі аумақта фрачейзерлерге беру; 2) кәсіпкер өз тауарларын сату құқығын (лицензиясын) шектеулі сауда кәсіпорнына тік кооперация арқылы ұсынатын өткізу жүйесі; 3) ноу – хау, технология, белгіленген сауда белгісі келісілген нарыққа дейінгі қолданылған басқа бір фирманы тапсыруды, екі компания арасындағы болжамды ұзақ мерзімді келісім.

«Франчайзинг» термині француздың «franchise» - жеңілдік, арықшылық, сонымен қатар салық пен жарналардан босату сөзінен пайда болған.

Франчайзингті қалыптасуы және даму тарихы, оның дефинициясы мен терминінің мағынасы батыс және отандық әдебиеттерде әр түрлі белгіленген. Франчайзингтің бастапқы пайда болуы мекені – АҚШ – та ол тауарлар мен қызметтерді сату, сатылған күрделі тауарларғ сервистік қызметтер көрсету қажеттілігіне байланысты дистрибьютерлік желіні құру, кеңейту және жетілдіру мәселері туындаған кезеңде кеңінен

таралды. Әйгілі «Зингер», «Форд», «MC Donalds» сауда маркілері франчайзинг қатынастары негізінде дамыған.

Франчайзингтің экономикалық мәні, ерекшелік белгілері бойынша келесі түрде бөлуге болады: Бизнес жүргізудің ерекше әдісі;Ірі және шағын кәсіпорындардың интеграциясыКәсіпорынның дәстүрлі емес қаржыландыру көзі Жеңілдікті кәсіпкерлік

Франчайзингтік қатынастың 3 типі бар:Франчайзер – өнім өндіруші немесе қызмет көрсетуші фирма, өзінің өнімдіру немесе қызмет көрсету құқығын франчайзиға береді.

Франчайзер – негізгі өнім өндіруші, өз өнімнің көтерме сату құқығын фрачайзиға береді.

Франчайзер – көтерме сатушы, тауарды бөлшек сату құқығын франчайзи фирмасына береді.

25 Сақтандыру — сақтандыру ұйымдары (сақтандырушылар) мен жеке заңды тұлғалар арасындағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының өздерінің арасындағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар. Сақтандыру ерікті және міндетті нысандарда жүзеге асырылады. Ерікті сақтандыру сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы шартқа негізделеді. Ерікті сақтандырудың ортақ шарттарын және оның жүргізілу тәртібін айқындайтын ережелерін сақтандырушы дербес айқындайды. Міндетті сақтандыру заңға сәйкес жүзеге асырылады. Сақтандыру классификациясының барлық звеносы сақтандырудың екі түрін қамтиды. Олар:

  1. Міндетті сақтандыру.

  2. Ерікті сақтандыру.

Міндетті сақтандыру – заң негізінде сақтандыру қорлары ресурстарының құрылуы және пайдалануымен байланысты. Яғни, азаматтық, құқықтық байланыстарды білдіреді. Міндетті сақтандырудың инициаторы болып мемлекет табылады. Яғни, заңды және жеке тұлғалардың қоғамдық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында заң арқылы міндеттейді.

1997 жылы Қазақстан Республикасы міндетті сақтандыру ауылшаруашылық өндірісін жаңартуға қолданған. Негізінде міндетті сақтандыру, сақтандыру төлеміне тәуелсіз және белгіленген мерзімде ғана әрекет етеді.

Ерікті сақтандыру – міндетті сақтандырудың әрекетіне қарағанда азаматтық, құқықтық қатынастар негізінде пайда болған сақтандырушы (сақтандыру компаниялары) және сақтандырушы (жеке және заңды тұлғалар) өзара келісім негізінде пайда болды.

Ерікті сақтандырудың инициаторы болып, шаруашылық субъектілері мен жеке және заңды тұлғалар табылады.

Міндетті сақтандыру формасын мемлекет тек қана жеке сақтандырулар мүддесін қорғау мақсатында ғана емес, сонымен қатар жалпы қоғам үшін белгіленіп және бекітіледі. Заң міндетті сақтандыруды жүргізетін сақтандыру мекемесін анықтайды.

Ерікті сқтандыру алдын-ала келісілген сақтандыру мерзімі анықталады. Ерікті сақтандыру, сақтандыру жарнасын төлеген соң ғана күшіне енеді.

Міндетті сақтандыру:

  • автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін;

  • жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық жауапкершілігін;

Ерікті сақтандыруды екі үлкен салаларға бөлуге болады:

  1. Мүлікті сақтандыру.

  2. Жеке басты сақтандыру.

Сақтандыру өз іс-әрекетінде танымның теориялық және эмпирикалық тәсілдеріне сүйенеді және бірқатар ғалымдардың, экономиканың, статистиканың, ықтималдықтардың теориясының нәтижелеріне негізделеді.

Сақтық қорғауы ұйымдастырылатын құбылыстардың бұқаралық сипатына байланысты, сақтандыру саласы барлық ақпаратты жинауға, топтауға, жүйелеуге және жалпылауға мәжбүр. Бұл ақпараттарды сақтандыру саласы қызметінің тиімділігін арттырудың тиімді стратегиясын жасау үшін қолданылады.

Экономикалық қатынастар жүйесі ретінде сақтандыру сақтық жауапкершіліктегі әртүрлі объектілер мен субъектілерді, заңдық ережелер мен тәртіптерге сәйкес қызметтерін ұйымдастыру түрлерін қамтиды.

Экономикалық қатынастардың алуан түрлігін реттеп, бірыңғай және өзара байланысты жүйені жасау үшін сақтандыруды жүйелеу қажет. Сақтандыруды жүйелеу әрбір сақтандырудың келесі буыны алдыңғы буынның бөлігі болатындай буындар мен салаларға бөлудің ғылыми жүйесі болып табылады. Сақтандыруды жіктеудің негізіне екі критериясы алынған: сақтандыру объектілеріндегі өзгешелік және сақтық жауапкершілігі көлеміндегі өзгешелік. Осы бөлуге сәйкес жіктеудің екі жүйесі қолданылады: сақтандыру объектілері бойынша және қауіптің тегі бойынша. Кеңейтілген және нақты мағынада сақтандыруды жіктеу сақтандырушыларда және олардың жұмысында, объектілерді, сақтандырушылар категориясында, сақтық жауапкершілігі көлемінде және сақтандыру өткізу түрінде өзгешеліктерді көрсету түрін бейнелейді.

Нарықта меншік түрі жағынан мемлекеттің және мемлекеттік емес болып бөлінетін арнаулы сақтандыру ұйымдары қызмет көрсетеді.

Бұл ұйымдардың қызмет ету саласы ішкі, сыртқы және аралас нарық салаларын қамтиды. Бұл экономикалық қызмет түрі ретіндегі сақтандыру саласын ұйымдық жіктелуі болып табылады.

Ұйымдастыру түріне қарай сақтандыру мемелекеттік, акционерлік, өзара кооперативтік болып бөлінеді. Ерекше ұйымдық түрге дәрігерлік сақтандыру жатады.

Мемлекеттік сақтандыру – сақтандырушы ретінде арнайы өкілетті ұйым тұлғасы арқылы мемлекет болатын ұйымдастыру түрі: мемлекет мүдделерінің щеңберіне оның кез-келген және жеке сақтандыру түрлерін жүргізуге үстемдігі жатады.

Акционерлік сақтандыру – сақтандырушы ретінде жарғылық қоры жеке және заңды тұлғаларға тиесілі акциялардан және басқа құнды қғаздардан жиналған акционерлік қоғам түріндегі жеке капитал болатын мемлекеттік емес ұйымдастыру түріне жатады. Бұл ұйымдастыру түрі сақтандыру компанияларның жұмысын тиімді қылуға қамтамасыз етеді.

Өзара сақтандыру – қабылданған шарттарға сәйкес бір-біріне мүмкін шығындарды анықталған үлестері көлемінде жабу жөніндегі жеке және заңды тұлғалар топтары арасындағы келісімді бейнелейтін мемлекеттік емес ұйымдастыру түріне жатады. Бұл түрдің қызметі құрылған сақтандыру кәсіпорыннан пайда табу мақсатын көздемейтін, яғни коммерциялық емес кескіндегі сақтандыру ұйымы болып табылатын өзара сақтандыру қоғамы арқылы жүзеге асырылады

26 Қазақстандағы франчайзингтік қатынастардың даму кезеңдері. Бірінші кезең 1994-1999 жж Компания атаулары Сoca-Cola құрылу жылы 1994, Рахат Палас 1994, Адидас 1995, Сеймар 1996, кодак 1997, Дока, Анкара, Рамстор 1999, Негізгі сипаттамалар 1) франчайзингті реттеуші нормотивтік-құқықтық базаның болмауы 2) нарықта бәсекелестік жоқтың қасы 3) жекелеген шетелдік компаниялар іс-әрекет аумағын кеңейту мақсатында Қазақстандық нарыққа шықты 4) өндірістік және сервистік франчайзинг қалыптаса бастады. Екінші кезеңі 2000-2004 жж Компания атаулары 1 С,Баскин Роббинс 31, Қазақстан франчайзинг қауымдастығы , Қ.Р “кешенді кәсіпкерлік лицензия туралы”заңы, Патио, Планета суши,World Class 2000;Business Consult , Scot Holland Estates 2003 ;Пятерочка , Max Mara Sela ; Три толстяка 2004 Негізгі сипаттамалар:1) Франчайзинг туралы заң қабылданды 2)Шетелдік ірі фирмалардың франчайзилерінің нарыққа шығуына байланысы бәсекелестік қалыптасты 3) Қазақстан Франчайзинг қауымдастығы құрылды. 4) Usaid кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағытында франчайзинг бағдарламасын ұсынды. Үшінші кезеңі 2005 ж.басталып осы уақытқа дейін Құрылу жылы English First, Alma Tv , Tiffany Marble 2005, Ромат,Umex Reality, Сбарро 2006,Finn Flare 2007, Aquatoria of Luxury Life 2008 . Негізгі сипаттамалар 1) Санаткерлік меншікке, франчайзингке қатысты заңнамалар белсенді қолданды 2) Франчайзинг көрмесі ұйымдастырылды. 3) Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры франчайзингті несиелеу бағдарламасын құрды. 4) Бәсеклестік өсіңкі түрде дамыды. 5) Медина және әлеуметтік франчайзинг пайда боды.

27 Франчайзингтік жүйенің артықшылықтары мен кемшіліктері. Бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік нысанын таңдамас бұрын, кәсіпкер франчайзингтің оң және кем жақтарын жете зерттеуі қажет. Франчайзингтің негізгі артықшылықтарының бірі бұл франчайзерден оқып үйрену мен жайындалу мүмкіндігі. Сондай – ақ франчайзер тек өндіріс мәселелерін оқытып үйретуді ғана ұйымдастырып қоя салмай , сондай –ақ бухгалтерлік есеп, тауарлық – материалдық құндылықтарды бақылау, еңбек ресурстарын басқару, сақтандыру мәселелерін және т.б. да оқытып үйретеді.

Тағы бір маңызды артықшылық – бұл франчайзер тарапынан жасалатын қаржыландырудың тікелей емес, жанама түріндегі қаржылық қолдау. Мысалы, франчайзер алынған тауар бойынша шарттағы төлеу мерзімін ұзарта алады, сөйтіп франчайзидің айналым капиталының көлемінің кобеюіне әкеледі немесе франчайзи банктен несие алған кезде кепілдік беруші бола алады.

Франчайзингтік қатынастардың негізгі кемшіліктеріне франчайзингтің құнын, фирма өсімінің, шарт мерзімнің және тәуелсіздіктің шектеулелігін жатқызу шарт. Франчайзингтің құнына ең алдымен франчайзи франчайзердің сауда маркасын, атын, өнімін, технологиясын, «Ноу - хау» және т.б пайдалану құқығын алғаны үшін төлейтін франчайзингтік төлем кіреді. Осы жерде егер франчайзер жаңа компания немесе тез өсу кезеңіндегі компания болса, оның капиталға деген қажеттілігі күрт еседі және пайда ол бұл проблеманы көбінесе франчайзи есебінен шешуге тырысатындығын есте ұстау керек. Бұл жағдайда франчайзингтік төлем жоғары болуы мүмкін. Сондықтан көптеген франчайзилер әріптес іздеген кезде ірі, тұрақталған фирмаларды таңдауға тырысады. Франчайзи бұдан басқа материалдар мен толықтаушыларға, құрал – жабдықтарға, еңбек ақы төлеуге кететін және т.б. шығындарды көтереді. Шығынның мөлшері мен құрылымы франчайзи – фирмасының түрі мен франчайзингтік қатынастың сипатына тәуелді.

28. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу

Кез келген кәсіпкерлік қызмет белгілі бір ұйымдастыру нысаны шегінде жүзеге асырылады. Кәсіпорынның нысанын таңдау жеке ынта мен талғамға байланысты, бірақ басты жағдайда объективті жағдаймен – қызмет аясымен, ақшалай қаражаттың болуымен, кәсіпорынның болжамды нысанының жағымды және жағымсыз жақтарымен байланысты.

Мемлекет экономиканы ұйымдастыруымен айналысуы қажет, бірақ сонымен бірге кәсіпкерге айналмауы керек, шаруашылық қызметіне тікелей араласпауы керек, сөйтіп, саяси ұйымдастырушы ретінде қалып, экономиканы реттеуде заңдық, атқарушылық және орындаушылық биліктің өз органы арқылы жүзеге асыруы тиіс: Мемлекетте қоғамның ортақ мүддесін қорғау үшін билік бар, ал барлық қалғаны кәсіпкерлерді қосқанда қоғам мүшелеріннің өздерінің қарастыруымен жүзеге асырылуы керек.

Кәсіпкерлікті мемлекттік реттеу жүйесінің қалыптасуы көптеген бағыттар бойынша жүреді.

1. Кәсіпкерліктің қызмет етуі мен дамуын құқықтық қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру.

Осы кезеңде заң актілерінің жоғарғы сапасын – олардың арасындағы қарама-қайшылықты жою, мүмкіндігінше оларды тікелей ықпал ететін заң актілеріне айналдыру керек, оларды өткізу тетіктерін қарастыру, кәсіпкерлердің құқығына кепілдік беру, оларды бұзған кездегі жауапкершіліктің экономикалық және басқа жақтарын қамтамасыз ету маңызды.

2. Қазіргі заманғы кәсіпкерлікті қолдау мен қаржылықты қамтамасыз етуді маңызды.

Мұндай жүйе салық салу, кредиттеу, сақтандыру, қаржыландыру, өтемақы және т.б. туралы саясатты сапалы жетілдіруді талап етеді.

3.Кәсіпкерлікті, кадрларды даялау бойынша жүйелерді, маркетингтік орталықтарды, бизнес орталықтарын және бизнес инкубаторларын, кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамысыз етуді қалыптастыру.

29 Дәрменсіздік, банкроттық, қаржылық көмек көрсту түсініктері. Дәрменсіздік борышкердің –жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның ақшалай міндеттемелер бойынша несие берушілердің талаптарын қанағаттандыра алмауы, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен еңбегіне ақы төлеу жөнінде есеп айырыса алмауы, сондай-ақ бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмайтын қабілетсіздігі оның дәрменсіздігі деп түсініледі.

Санация- оңалту шарасы, оның барысында борышкер мүлкінің иесі (ол уәкілеттік берген орган), кредиторлар немесе өзге тұлғалар дәрменсіз борышкерге қаржылық көмек көрсетеді, сондай-ақ борышкердің резервтерін жұмылдыру мен оның қаржы-шаруашылық жағдайын жақсарту жөнінде өзге де шаралар кешені іске асырылады.

Дәрменсіз борышкерді оңалту, заңды тұлғаны банкрот деп тану және оны тарату рәсімдерінің мониторингі (бұдан әрі – мониторинг) – кредиторлардың мүдделерін қорғау, экономикадағы шаруашылық тәуекелдердің деңгейін тиімсіз өндірістерді жою немесе қалпына келтіру арқылы азайту мақсатында төлем қабілеті жоқ ұйымдардың қаржылық –экономикалық жай-күйін жүйелі түрде талдау, қаржылық-экономикалық сауықтыру шараларын уақытында қолдану үдерісі.

Оңалту рәсімінің мерзімі: Оңалту рәсімін жүзеге асырудың ұзақтығы үш жылдан аспауға тиіс. Оңалтуды басқарушының өтініші бойынша кредиторлар комитетінің келісімімен, уәкілетті органның қорытындысы болған жағдайда, сот оны жүзеге асыру мерзімін ұзартуға құқылы, бірақ ол 6 айдан аспауға тиіс.

Оңалту рәсімін тоқтату: Оңалтуды басқарушы борышкер жөніндегі оңалту рәсімін аяқтау туралы өтінішпен:Егер борышкер жөніндегі оңалту рәсімінің мақсаты орындалса:егер ол бұл мақсатқа жету мүмкін болмайтынына көзі жетсе, сотқа жүгіне алады. Оңалтушы басқарушының өтінішіне уәкілетті органның қорытындысы мен оңалтушы басқарушының есебі қоса беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]