Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Biznesti__1201_yymdastyru_ShPOOR (1).docx
Скачиваний:
85
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
84.67 Кб
Скачать

7 Қр-да кәсіпкерлік қызметтің дамудағы мәселелер

Кәсіпкерліктің қазіргі нарықтық жүйені қүрастырушы бөлігі және нарықтық механизмінің қүрылуының басты қүрылғысы болып табылатындығын бүгінде қоғам мойындаған тәрізді Әлемдік практика көрсеткендей шағын бизнес мемлекет дамуына үлкен роль қосады және қазіргі экономикада өз орнын алады. Бірақ кәсіпкерліктің кең көлемде дамуы мемлекет жағынан барлық - мемлекеттік, аумақтық, жергілікті деңгейде әр жақты және белгілі қолдау көрсетуді қажет етеді. Бүл әсіресе Қазақстан үшін өте қажет. Жалпы экономикалық қүлдырау жағдайында әйелдер мен жасөспірімдер арасында Жүмыссыздықтың өсуі, халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі, кең көлемді маркетингтік зерттеу жүргізу, персоналдық мамандық деңгейін көтеру, ішкі көшірмелеу және мамандануды қолдану өте қажетті мәселелер болып табылады. Бүл жерде кәсіпкерлік ғылыми негізге қойылған, осы бағытта кең көлемде жүмыс жасауда, бүл жағдайдан тек қана көпшаралы және икемді мемлекеттік қолдаудың арқасында ғана шығуға болады. Шағын кәсіпорындар басқару сферасында байланыстың қарапайымдылығы және нарықтық өзгерісіне жайлы және шапшаң әсер етуіне байланысты көптеген жетістіктері бар. Сонымен қатар олар Қазақстанда көптеген нақты қиыншылықтарға кездесуде: - негізгі капиталдың жоқ немесе жетіспеушілігі; - бюрократия, коррупция; қылмыстық қүрылымның қысымы; - мемлекеттік қолдаудың , білім беру сұрақтарындағы нарықтылықтың жоқтығы. Сондықтан жеке кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан көмек қажет. Экономика және сауда Министерствосының мәліметі бойынша 2003 жылы Қазақстанда 117 348 шағын кәсіпкерлік тіркелген. Жұмыс істеушілерінің саны 46 670. Тіркеу мәліметі бойынша өнеркәсіпте-11,6 %; ауыл шаруашылығында-30,4 %; қүрылыста-8,9 %; саудада- 16,3%; жалпы коммерциялық қызметпен-9,7 % кәсіпорын айналысады. Аймақ бойынша шағын кәсіпорындардың көбісі Алматы қаласында-27 817 (23,7 пайызы), Шығыс Қазақстан облысында-13 517 (11,5 пайызы), Ақмола облысында-7941 (6,8 пайызы), Қарағанды облысында-8 575 (7,3 пайызы), Алматы облысында-2 891 (2,5 пайызы) орналасқан. Статистикалық мәліметтерді талдау, сонымен қатар басқа да материалдарды зерттеу Қазақстанда шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бар және белгілі екенін көрсетті. Шағын және орта бизнесті қолдауға арналған ҚР Президентінің "ҚР-ғы шағын кәсіпкерліктің дамуын" белсендіру және мемлекеттік қолдау шараларын жақсарту және "ҚР-ғы шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдауға арналған аймақтық бағдарламаларды жетілдіру туралы" заңдары қабылданды. 1997жылы 19-маусымда Парламент "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы", "ҚР-сының кейбір заңды актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу", "Индивидуалды кәсіпкерлік туралы" деген заңдар енгізілді.

8.Өндірістік кәсіпкерлік. Өндірістік кәсіпкерлікке қатысты негізгі қызметтер: - өнім өндіруге бағытталған жұмыстар мен қызмет көрсетуді атқару; - ақпараттарды өңдеу және жинау; - рухани құндылықтарды игеру; - тұтынуға жататын басқа да өткізілімдер. Бұлардың негізгі қолдану өрістері:   -өндірістік кәсіпорын және мекемелер; - коммерциялық сауда мекемелері; - тауар-қор биржалары; - банктер мен халықтар. Қызмет түрін таңдауда алдын-ала маркетингтік зерттеу жүргізу керек және қандай тауардың немесе қызмет көрсетудің тұтыным мүмкіндігі мол, оған деген сұранымның тұрақтылығы, келешек даму теңденциясы, тауарларды сатуда ықтимал баға бірліктері, өнім өндіру мен оны өткізу процесіндегі шығындар, өткізу көлемін болжау. Өндірістік кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде өнім пайда болатынын жоғарыда айттық. Кәсіпкер екінші сатыда өндіріске қажетті қаржы-қаражаттың шамасын белгілеуге, қорытынды мәмілелерді топтауға, өнім өндіруді бастауға дейін әзірленген заттарды жеткізу мен банкротқа ұшыраудың алдын алуға бағытталған жұмыстарды атқаруға тиіс.Өнімді тиімді сату шаралары кәсіпкерліктің үшінші сатысын құрайды. Бұл процесс делдал агенттіктер, брокер немесе кәсіпорынның өз күшімен жүзеге асырылады. Бұл кәсіпкерлік технологиясының айрықша жауапты кезеңі.

9. Коммерциялық кәсіпкерліктің іс өрісі-тауар биржалары, сауда мекемелері. Тауар биржалары ең көп тараған бірқалыпты жұмыс істейтін көтерме сауда нарығы. Тауар биржаларында тауармен, жабдықтаушылармен сауда жасаумен бірге, келісім шарттар жасау, яғни фьючерлік айырбас келісімдер жасалады. Мұндай шарттар бойынша төлемді мерзімді уақыт өткеннен кейін келісілген бағамен сатады Тауар биржалары мынадай қызмет атқарады:- сауда-саттық келісім жасауға делдалдық қызмет атқарады;- тауар сатуды тәртіпке келтіреді, сауда операцияларын реттейді,- баға туралы, өндіріс жағдайын, тағы басқа бағаға ықпал ететін факторлар жөнінде мәліметтер жинап жариялайды. Тауар биржасының айналымының көп бөлігі нақты тауарлар сату емес, тауарды келісім бойынша сату, болашақта тауарлар мен тұтынушыларды жабдықтау туралы шарттар жасаудан тұрады. Коммерциялық кәсіпкерліктің негізгі жұмысы тауарды сатып алу-сату операцяларымен байланысты. Өндірістік кәсіпкерліктен коммерциялық кәсіпкерліктің айырмашылығы, біріншісі тауар өндірсе, екіншісі сатып алып сатады. Сауда өндірістің жалғасы болып табылады.Коммерциялық кәсіпкерлікпен шұғылданар алдында нарықты маркетингтік талдау жасау қажет. Жалпы алғанда маркетинг барлық шаруашылық істерді ұйымдастыру, басқару жүйесін жасақтау болып табылады.

10. • Қаржылық кәсіпкерлік –бұл сату, сатып алу объектісі ақша, валюта, құнды қағаздар болып табылатын коммерциялық кәсіпкерліктің түрі. Қаржылық кәсіпкерлікке коммерциялық банктер және қор биржалары жатады.Коммерциялық банктер. Қаржылық кәсіпкерлік іс негізінен коммерциялық банктер мен қор биржаларында жүзеге асырылады. Осы нарық институттарына сипаттама берейік.

Коммерциялық банк – акционерлік түрдегі төлем негізінде коммерциялық ұйымдарды несиелендіретін, ақшалай салымдарды қабылдайтын (депозиттерді) және клиенттердің басқа да өтініштерін, талаптарын орындайтын қаржылай-кредиттік мекеме. Коммерциялық банктің кірісінің көзі – депозиттік пайыздық шама мен кредиттің пайыздық мөлшерінің айырмасы болып табылады.Коммерциялық банктердің операцияларын үш негізгі топқа бөліп көрсетуге болады: пассивтік (құралдарды тарту); активтік (құралдарды салу); ақылы-делдалдық (клиенттердің тапсырысы бойынша ақы негізінде әр түрлі операцияларды орындау).

Қазақстагдағы коммерциялық банктердің ерекшеліктері олар ақша құралдарын көп уақытқа тартады, ал кредит құралдарын беру уақыты салыстырмалы түрде әлдеқайда төмен. Соңғы жылдары коммерциялық банктер салымдарды қайтаруға кепілдік беру жүйесіне кірген. Еліміздегі коммерциялық банктер негізінен депозиттік салым қабылдау мен несие беруді жүзеге асырады.

Қазақстандағы коммерциялық банктердің тағы бір ерекшелігі – көпшілігі көп мөлшерде ұзақ уақытты несие бере алмайды. Өйткені Қазақстанның коммерциялық банктерінің көпшілігінде ондай қаржылар жоқ. Ал дамыған елдердегі коммерциялық банктердің негізгі кірісі ұзақ уақытты несие негізінде қалыптасады. Біздің банктерде сол күнге жетеді деп ойлаймыз.

Қор биржалары.

Нарық институтының тағы бір түрі, қаржылық кәсіпкерлік істің бір элементі – қор биржасы болып табылады.

Қор биржасы – активтердің нақты бағасын анықтайтын, капиталдық іс-қимылын тездететін, қалыпты жұмыс істейтін, ұйымдастырылып, реттелген бағалы қағаздар нарығы.

Қор биржасының жұмыс істеу принципі сұраныс пен ұсынысты оперативті түрде реттеу негізінде қалыптасқан. Қор биржасында бағалы қағаздардың баға белгілеуі жүргізіледі. Ол биржа арқылы өтетін, сатылатын, сатып алынатын құнды қағаздардың арнайы мамандармен жүйелі түрде бағалануы деген мағынаны білдіреді. Бұл жерде ағымдық бағамдар дәл осы уақыттағы биржада бағалы қағаздарды сатып алуға, сатуға болатын баға деңгейін көрсетеді. Бұл бағалар биржаның белсенділігінің индекстерін алуға негіз болады (мысалы, Доу Джонс индексі).

Шетелде фирмалар мен кәсіпорындар биржаға тікелей қатыспайды. Олардың атынан банк, холдингі компания немесе биржаның делдалдық компаниясы қатысуы мүмкін. Бұндай мүшелердің саны реттеліп отырады және олар жаман атаққа ілікпеген болуы керек. Қор биржасына мүше болу үшін ақша төлеу керек. Мысалы, Нью-Йорк қор биржасындағы бір орынның бағасы 450-ден 6000 мың долларға дейін тұрады, мүшелерінің саны – 1469 дан өзгермейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]