Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Biznesti__1201_yymdastyru_ShPOOR (1).docx
Скачиваний:
85
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
84.67 Кб
Скачать

11. Кеңес беру (консалтингілік) кәс/к.

Кәс/ң экон/қ формадағы қызметіне төтеп беру өзгешелігі, кәсіпкер барлық жұмыс/ды қолға алады, ал тұтынушы оған бүгіннен бастап ақша төлеуге дайын. Кәсіпкер тауар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай, кәс/к өндірістік, коммерц/қ ж/е қаржы/қ, кеңес беру болып бөлінеді. Осылар/ң әрбір формасы өзіндік ерекшелігі, өзгешелігі, демек өзіндік технологиясы болады. Соның ішінде Кеңес беру (консалтингілік) кәс/не тоқтала кететін болсам, Кеңес беру (консалтингілік) кәс/гін жүргізу басқа кәс/к қызмет түріне қарағанда өте табысты, жұмысын іске асыру формалары сан алуан. Олардың ішіндегі өте кең тарағаны – ауызша кеңес беру, ең жиі кездесетіні – консалтингілік жобалар. Кеңес беру (консалтингілік) кәс/гі мыналарды қамтиды:

  • Жалпы басқару;

  • Қаржыларды басқару;

  • Кадрларды басқару;

  • Маркетинг.

Кеңес беру (консалтингілік) кәс/гін іске асыруда алғы шарты бар. Онсыз мүлдем іске аспайды. Ол– қажеткер– тапсырысшының болуы. Тапсырыстар әр түрлі бағытта болуы мүмкін. Атап айтқанда, әкімш/к, қаржы/қ басқару шешім/рі, кадр/ды басқару, маркетинг, арнайы қызметтер мен т.б болуы мүмкін. Тапсырыс түскен кезде кеңес беру (консалтингілік) кәс/гі ең алдымен туындап отырған мәселені анықтап алуы к/к. Жұмыстың келесі кезеңі– кеңес беруші ж/е тапсырыс беруші– фирмалар арасында мәмілеге келуі. Жұмыс жасау кезінде кеңес беруші фирма компания мүдд/н сақтап қалуы үшін, ынталы жоғары деңгейде жұмыс жасайды. 1) жобаны жүргізу мерзімін мұқият қадағалайды; 2) көрсетілген қызметтің өзіне тән сипатына б/ты жұмысты жүргізу барасында тапсырыс беруші/ң мүддесімен санасу, оларға әр түрлі ыңғайлы ж/е тиімді жол/н ұсынады.

12. Кәсіпкерліктің негізгі ұйымдастыру - экономикалық формалары

Кәсіпкерліктің ұжымдық – экономикалық формалары.

1. Концерн – көпсалалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады.

2. Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми –техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.

3. Консорциум – бұл ірі финанс операцияларын істеу үшін (мысалы, өте ірі жобаға инвестиция) біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.

4. Синдикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.

5. Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандардын бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім.

6. Финанс - өнеркәсіп тобы – банк, сақтандыру және сауда капиталының бірлестігі.

Нарықтық экономиканың негізгі экономикалық буыны болып кәсіпорын (фирма) табылады. Кәсіпорын (фирма) дегеніміз - бұл пайда табу мақсатымен өндіріс факторларын қолданып шаруашылықта еркіндік алған экономикалық субъект. Ұйымдастыру формасына байланысты кәсіпорындар әртүрлі формаларға бөлінеді, олардың ішінде ең бастылары: жеке бизнес, серіктестік, акционерлік қоғам.

Кәсіпорындардың негізгі формалары

Формалар

Артықшылықтары

Кемшіліктері

Жеке шаруашылық -бизнем, иесі бір адам.

  • Іс әрекеттің еркінділігі,

  • тәуелсіздік,

  • барлық пайдаға ие болу

  • Мүліктік жауапкершіліктің шексіздігі,

  • несие алу мүмкіншілігінің шектеулілігі.

Серіктестік дегеніміз -бірнеше адамның немесе заңды тұлғалардың бірлесіп шаруашылық жүргізу үшін ұйымдастырылған фирма:

  • жауапкершілігі шектеулі,

  • толық жауапкершіліктегі,

  • жауапкершілігі аралас серіктестік.

  • Ұйымдастырудің қарапайымдылығы,

  • қосымша қаржы, құралдардың тарту жеңіл,

  • мамандандырылу-дың деңгейі жоғары,

  • өндіріс көлемін кеңейту мүмкін-шілігі мол.

  • әр бір құрылтайшының мүліктік жауапкершілігі,

  • серіктес мүдделерінің бір бірімен сай келмеуі,

  • құрылтайшылар үлесін анықтау қиыншылығы,

  • бір құрылтайшының кетуінен серіктестіктің жабылу мүмкіншілігі.

Акционерлік қоғам- акция шығару арқылы орталықталынған капиталға негізделген фирма: ашық және жабық.

  • Бағалы қағаздарды сату арқылы капитал тартудың шексіз мүмкіншілігі,

  • фирманың іс-әрекет шаруашылық жүргізудегі тұрақтылығы (бір акционердің кетуінен фирма жабыла қаймайды.)

  • Басқарудың және ұйымдастырудың тым күрделілігі,

  • акционерлердің басқаруға қатысуы мен бақылау деңгейінің жоғары еместігі,

  • кәсіби кұпияның ашылу мүмкіндігі.

Ұжымдық кәсіпорындар кооперативтік, мемлекеттік кәсіпорындар түрде болуы мүмкін. Нарықтық экономика жағдайында формалар бизнес-жоспар жасайды. Өндірістің мақсаттарын анықтау және оларды орындау шараларын белгілеу үшін бизнес жоспарды жасау – жалпы қолданатын құрал. Бизнес-жоспар инвестицияның қажеттілігін дәлелдеу үшін қолданатын фирманың негізгі құжаты болып табылады және ол 3-5 жылға жасалады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]