Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Getero_1-30.docx
Скачиваний:
52
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
13.22 Mб
Скачать

6. Азиридин синтезіне мысал келтіріңіздер. Өндірісте қолданылатын негізгі әдістерін көрсетіңіз.

Азиридин немесе басқаша айтқанда, этиленимин- құрамында азоты бар үш мүшелі гетероциклді қосылыс. Ол түссіз, аминдерге тән иісі бар сұйықтық. Суда және көптеген органикалық еріткіштерде тез ерігіш.

Азиридин синтезі:

Венкер әдісі бойынша 2-аминоэтилсульфат арқылы моноэтаноламинді циклдеу реакциясы:

1,2-дихлорэтанның NH3 артық мөлшерімен әрекеттесуі:

Моноэтаноламиннің 380о-та ниобий катализаторы қатысында тікелей конверсиялануы:

Қолданылуы: Азиридин полиэтиленимин алуда және полимерлерді аминоэтирлеу кезінде қолданылады. Ал, азиридиннің туындылары полимерлер өндірісінде тігуші агенттер ретінде, сонымен қатар, пестицидтер, инсектицидтер өндірісінде негізгі компонент болып табылады.

7. 4 мүшелі гетероциклді қосылыстар - аты айтып тұрғандай кемінде бір төрт мүшелі цикл мен кем дегенде құрамына бір гетероатом кіретін қосылыс. Оларға оксетан, диоксетан және азетидин жатады. Басқа гетероциклді қосылыстарға қарағанда тұрақты, ашылуы өте қатаң жағдайда жүреді.

Алу әдістері:

1. Мысалы, оксетанды 3-галоген-1-пропанолдарға (немесе олардың күрделі эфирлеріне) сілтімен әсер ету арқылы ала аламыз, бұл кезде оксетан циклін түзе отыра молекулаішілік алкилдену жүреді. Осылайша, орынбасарлары жоқ оксетан 3-хлорпропилацетаттан калий гидроксиді қатысында 150оС-де алынады, шығымы 40%-ды құрайды:

ClCH2CH2CH2OCOCH3 + 2KOH (CH2)3O + CH3COOK + KCl + H2O

2. Азетидинді тұз қышқылды триметилендиаминді құрғақ айдау кезінде азетидин мен оның туындылары түзіледі:

3. Азетидинді γ-галогенпропиламин туындыларын циклдеу арқ. алуға болады. Мысалы,3-аминопропанолдан:

4. Ең негізгі өндірісте алыну әдісіне сілті қатысында синтезі жатады:

Тиетанның негізгі синтездері:

8. Оксиран – құрамында бір атом оттектен тұратын үшмүшелі гетероциклді қосылыс. Түссіз, өте улы , эфирлі иісі бар газ.

Алу жолдары:

1. 30-ж ХХ ғ этиленді ауа қатысында, кейін оттек қатысында,

күміс катализаторын қолдану арқылы , 1-3 МПа қысымда, 200-300 °С темп-да оксиранды алды:

  1. . Алкендер перқышқылымен RCOOOH полярсыз ортада әрекеттескенде оксиран түзеді:

  1. . Өндірісте алдымен этиленді гипохлорлау арқылы этиленхлоргидридін алады

СН2=СН2 + НОСl → OH-CH2-CH2-Cl

Кейін этиленхлоргидриді 30 % кальций гидроксиді ерітіндісімен 100°С темп-да реакцияға түседі:

2 OH-CH2-CH2-Cl + Са (ОН)2 →2(СН2СН2)О+СаСl2+H2O

4. Келесі оксиранды алу әдісі β- галогенспирттерден негіз қатысында галогенсутектің үзіп алынуына негізделген:

9.Оксетан синтезіне мысал келтіріңіз, өндірісте қолданылатын негізгі әдістерін көрсетіңіз.

Оксетан (1,3-пропиленоксид, триметиленоксид)- құрамында оттегі бар қаныққан төртмүшелі гетероцил. Суда , этанолда, диэтил эфирінде, полярлы еріткіштерде жақсы еритін түссіз сұйықтық.Оксетанды сілті мен 3-хлорпропилацетаттың циклизациясы арқылы 150 °C,нәтижесінде шығымы 40% құрайды.

ClCH2CH2CH2OCOCH3 + 2KOH (CH2)3O + CH3COOK + KCl + H2O

Оксетанның тағы бір синтезі карбонильді қосылыс пен олефиндердің жарық қатысынды циклоқосылуы жүреді.

Карбонильді қосылыс ретінде алифаттты ароматты  альдегидтер и кетондар, a-дикетондар, хинондар,a-кетоэфир және ацилцианидтер, олефины-ациклдық және циклдық, қос байланысы бар қолсылыстар.

Патерно — Бюхи реакциясы симметриялық емес олефиндерден изомерлі оксетандар қосылыс шығады. I алынған өнімнің шығымы II өнімнен 1,6 есе көп. Бұл реакциялар негізінде өндірісте оксетанды алады.

I-оксетан

Неғұрлым алкил топтары көп болған сайын соғұрлым оксетан шығымы көп болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]