Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
27-01-2013_10-52-07 / экзамен.doc
Скачиваний:
79
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
144.9 Кб
Скачать

25 Бет сапасына әсер ететін факторлар

Кедір-бұдырлыққа материалдың механикалық, химиялық қасиеті және құрылымы әсер етеді. Сондай-ақ кедір-бұдырлыққа технологиялық жүйенің қаттылыға әсер етеді.

Толқындылыққа технологиялық жүйенің дірілі әсер етеді, сондай-ақ ол қатты емес бұйымдардың қалдық кернеуінің әсерінен туады.

Физико-механикалық қасиеті күштік және жылу факторларының әсерінен өзгереді.

26. Бет кедір-бұдырлығының негізгі көрсеткіштері, олардың анықтамалары

Ra – базалық ұзындық шегіндегі пішіннің орташа ұзындықтан орташа арифметикалық ауытқуы

L базалық ұзындығы – бет кедір-бұдырлығының түзуемес жерлерін белгілеу үшін қолданылатын базалық сызық ұзындығы l=0.01-25мм

Rz он нүкте бойынша профиль түзуеместігінің биіктігі профильдің ең үлкен 5 максимум және ең үлкен минимум бойынша орташа арифметикалық абсолютті ауытқу қосындысы.

Ең үлкен түзуеместіктің биіктігі Rmax база ұзындық шегіндегі профиль выступы сызығы мен профиль впадинасының сызығы арасындағы қашықтық.

Sm – түзуеместіктің орташа қадамы, базалық ұзындық шегінде профиль түзуеместігінің қадамның орташа арифметикалық мәні.

S- төбелері бойынша түзуеместігінің орташа қадамы, базалық ұзындық шегінде профильдің төбелері бойынша түзуеместігінің қадамның орташа арифметикалық мәні.

tp – қатысты тірек ұзындығы, тірек ұзындығының базалыққа қатынасы.

27. Дайындамалардың түрлері

Көліктік өндірісте келесі негізгі дайындамалар қолданылады:

а) шойын, болат және түсті металл құймалары;

б) болат пен кейбір түсті металдардыңқоламалары мен штампталу;

в) болат пен түсті метал домалақтамалары;

г) болат және басқа металдардан өндіру – пісірмелері;

д) пластмассадан өндірмелер және дайындамалар; е) металлокерамикалық (ұнтақты металлургия).

Тетіктің құны дайындамалар құны мен оны өңдеуге кетек құн қосындыларынан тұрады, сондықтан дайындама алумен оны өңдеу прцессін ескере отырып, тетік процессін комплексті түрде қарастыру керек. өндірістің берілген талаптарына сай дайындама алудың ең қолайлы және арзан әдісін таңдау керек. Мысалы, жаппай өндіріс кезінде пішімі бойынша дайын өнімге ең жақындалған тетікті өндіру экономикалық жағынан ақталады. Дайындаманың технологиялық сипаттамасы үшін (тетіктің геометриялық пішімі мен өлшем дұрыстығы мен металдың физикалық қасиетін бағалауын санамағанда) металл алу коэффициенті қолданылады.

Кg = g1-g2 / g1

мұнда, g1 – дайындама салмағы;

g2 – тетік салмағы.

28. Дайындамаларды алу әдістері

Дайындаманы негізінен екі түрлі әдіспен алады – құю және қысыммен өңдеу (пластикалық деформациялау) арқылы. Кейбір жағдайларда ірі габаритті бөлшектер үшін пісіріп немесе аралас дайындау қолданылады ( яғни, ауыр формалы алдын –ала штампталған немесе құйылған жеке элементтерді пісіру арқылы алынған).

Құю – дайындаманы жасаудың технологиялық үрдісі (кейде – дайын бөлшекті), ол алдын-ала дайынлаған құю формасына кезекті қатаятын

сұйық материалдың (металл, құйма, пластмасса) толтыруынан тұрады.

Материал қасиеті құюды да, пластикалық деформациялауды да қолдануға мүмкіндік берсе, онда таңдау бірінші кезекте бөлшек формасының ерекшелігіне тоқталу керек.

Егер ауыр форманың қуысы, бүйір сыртқы және ішкі беттердің шығыңқылары болса, әдетте құю әдісін қолданады.

Егер де бөлшек формасы қалыптауды да, құюды да қолдануға мүмкіндік берсе, онда әдісті таңдау бөлшектің техникалық талаптарына, әсіресе бөлшектің ішкі және беткі қабатының макро- және микроқұрылымына сай болуы қажет. Сондай-ақ өндіріс көлемі (бөлшекті шығарудың жылдық бағдарламасы) мен өндіріс түрін, яғни шығару темпін ескеру қажет.

Соседние файлы в папке 27-01-2013_10-52-07