Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
27-01-2013_10-52-07 / экзамен.doc
Скачиваний:
79
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
144.9 Кб
Скачать

22. Дайындамаларды базалау

Дайындама немесе тетікке таңдалған координат жүйесіне қатысты және талап етілген күй беру – базалау деп аталады. Тетіктің бір немесе бірнеше беттеріне қатысты қарастырылып отырған беттің орналасуы (өнімнің дұрыс жұмыс істеуін ескере отырып) база деп аталады.

Сызуды дайындағанда және тетікті базаға белгілегенде, түзу мен нүктелер қабылданады. Базаның келесі түрлері ажыратылады: технологиялықтық, жинақтық және бақылау.

Конструктордың тетіктің бетімен осіне сәйкес келетін, өлшеммен басқа түзулерге орын беретін түзулер мен нүктелер конструкторлық деп аталады.

Механикалық өңдеудің технологиялық процесінде қолданылатын базалар – технологиялық деп аталады. Жинау кезінде қолданылатын базалар – жинақтық деп аталады. Тетіктерді бақылау кезінде қолданылатын базалар бақылау базалары деп аталады.

База таңдаудың келесі шарты бар. Дайындаманы станокта дұрыс анықтау үшін және беттер санын толық түсіну үшін оны дұрыс орнату керек. Ол үшін механикада қарастырылатын қатты дененің тепе – теңдік тартып ескеріп, дайындаманың алты бастық нүктелерін қозғамлайтын бекітпе мен бекіту керек. Дайындаманың әр бостық нүктесін бекіту, оны бір нүктелі тірекке қосу арқылы жүзеге асырылады. Бұдан алты тіректі қысу арқылы жүзеге асырылады.

23. Алты нүкте ережесі

Бұдан алты тіректі нүктесі жайлы шарты пайда болады.

Дайындаманың алты нүктесін үш жазықтықта байланыстыру үшін, үш тірек нүкресін бірінші жазықта орналастыру керек. Қалыпты жағдайда әдістемедегі дайындамалардың статикалық анықталмаған қондырма пайда болады. Артық тірек нүктесі болған жағдайда не дайындама барлық барлық тірекке тірелмейді немесе оны барлық тірекке бекіту үшін деформацияға ұшырату керек болады. Дйындаманың статикалық анықталған қондырмасын анықтайтын кез келген базалық беттерді алты нүкте шарты бйынша орналасқан қозғалмайтын бір нүктелі тірекпен алмастыру керек.

24. Машина бөлшектері мен дайындамалардың өңделуші беттерінің сапасы

Тетік бетінің сапасы деп – оның бетіне технологиялық әдістердің әсерінен кейінгі жағдайы. Тетіктердің бетінің сапасы – беттің геометриялық сипаттамасы мен бет қабатының физико – механикалық қасиеттерімен анықталады.

Өңделген беттің геометриялық қасиеттеріне – беттің кедір – бұдырлығы (микроқисықтықтар), оның пішімі (макрогеометрия), толқындық пен механикалық өңдеудің іздерінің орналасуы және жұмыс кездегі тетіктердің бағыты жатады.

Кедір-бұдырлық пен беттің пішімі – оның ұзынынан және шінен бағытталған құрылысы мен сипатталады. Микро – макрогеометрияға ажыратылу себебі – олардың пайда болу себептерінің әр түрлілігі және оның өлшеу ыңғайлығы.

Беттің толқындылығы – кедір-бұдырлық пен пішімі өзгеру арасында болатын қасиет.

Беттің кедір-бұдырлығы.

Кез-келген бет әрқашан кедір-бұдыр болады. Оның алу кедір-бұдырлық қандай өңдеу әдісін қолданса да пайда болады. Бұл біріншіден қатты дененің дискретті, атомды – малекулалық құрылымы мен физикалық беттің тадиғатымен түсіндіріледі. Екіншіден, механикалық өңдеуден кейін бетте кесу құралының әсерінен әр-түрлі кедір-бұдырлықтар пайда болады. Кедір-бұдырлық кесуді жүзеге асыратын тудыратын негізгі жұмыс бағытымен және беріліс бағытымен орналасуы мүмкін. Мұның арқасында ұзындық және ендік кедір-бұдырлық пайда болады.

Кедір-бұдырлықтық пішімі, өлшеу және бағыты өңдеу тәсіліне тәуелді. өңдеудің қажетті тәсілдерін қолдана отырып, кедір-бұдырлықтық сипаты мен орналасуын өзгертіп отыруға болады. Кедір-бұдырлықты базалау – оның ең жоғары мәнді бағытынан анықталады.

Беттің кедір-бұдырлығы МЕСТ 2789-59 арқылы анықталатын сапатын негізгі сипаттамасы болып саналып келесі шарттарға негізделген: Rа профилінің орта арифметикалық ауытқуы және Rғ он нүктесі бойынша профиль кедір-бұдырлығының биіктігі. Кедір-бұдырлық биіктігі, профиль қисықтығының ең жоғарғы биіктігі қисықтықтың орташа қадамы, шыңы бойынша қисықтықтың орташа қадамы, қатысты тіректі ұзындық. Rа шарты интегралды болады, электрлі құрылғылармен өлшенеді және беттік қисықтығының пішімін ескереді. Rғ анықтау үшін оптикалық құрылғылар қолданылады. Олда профилограмма арқылы анықталады.

Беттің толқындылығы.

Толқындылық толқынның биіктігімен қадамымен анықталады. Толқынның биіктігімен қадамы тұрақты болып келеді. Тетіктің тұтынушылық қасиеттерінетолқын биіктігі әсер етеді, сондықтан оны жоғары үлкейту арқылы өлшеу керек (1000-3000 есе одан да жоғары). Толқындылық станокта жұмыс кезінде дірілдеу арқасында пайда болады.

Беткі қабаттың физико- механикалық қасиеті – қаттылықпен, құрылымдық және фазалық түрленумен қалған кернеулердің таралу шамасымен, белгісімен және тереңдігімен, кристаллдық тордың жеформациясымен сипатталады.

Соседние файлы в папке 27-01-2013_10-52-07