Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
27-01-2013_10-52-07 / экзамен.doc
Скачиваний:
79
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
144.9 Кб
Скачать

19. Бөлшек құрылымының технологиялылығы және оның көрсеткіштері

Қазіргі замандағы бұйымдарды құрастыру жоғары пайдаланулық сипаттамаларға және олардың төмен құндылығына негізделген. Мұндай құрастыру құрылымның технологиялық принциптің сақтағанда қамтамасыз етіледі. Технологияланған құрылым – жоғары пайдалану сапасын, өз еңбек сиымдылығын және материал сиымдылығын және төмен құндылығын қамтамасыз ету тиіс. Бұдан басқа құрылымның технологиялылығы сериялы өндірісті тең игеруіне себепші болады.

Бұйымдарды технологиялылығына өңдеу үздіксіз процесс болып келеді. Ол құрастыру бірінші кезеңдерінен басталып сериялы және жаппай өндірістің дайындалуында жалғасады. Бұйымдарды технологиялылығына өңдеу тек қана өнім щығару тоқтатылғанда ғана аяқталады.

Көрсеткіштері:

  1. бұйымды дайындаудың еңбек сыйымдылығы дегеніміз – оның өндірісіне және қолдануына кеткен еңбектің саны, жұмыс уақытының бірлігінде анықталады, адам/сағ, норма/сағ.

  2. материал сыйымдылығы бұйымды өндіру мен оны пайдалауға кеткен материал саны, масса бірлігінде анықталады, кг, т.

  3. Материалды унификациялау – материалды қолдану коэффициентімен анықталады.

  4. Энергосыйымдылық – дайындауға, монтаждауға, техникалық және технологиялы қызмет көрсетуге, утилизация және жөндеуге кеткен жағармай-энергетикалық ресурстар саны.

  5. Бұйымның өзіндік бағасы – ьұйымды өндіру мен пайдалануға кеткен жағармай-энергетикалық ресурстың, материалға және еңбекке кеткен шығындардың саны.

20.Әдіптерді анықтау. Әдіптердің негізгі элементтері

Әдіп – өңделетін беттің дәлдігі мен сапасына жету үшін бұйымды механикалық өңдеу үрдісіндегі материалдың алынатын қабаты.

Аралық әдіп болып, механикалық өңдеудің берілген технологиялық өтпе кезінде алынатын материал қабаты саналады. Бұл әдіп бұның алдында болған және болып жатқан өтпелер кезіндегі дайындамалар өлшем айырмасымен анықталады. Әдіп нормаль бойынша кері бетте өлшенеді, және бір жаққа қарай есептеледі. Тек цилиндрлік, конустық және бұларға жақын тетіктер үшін және дайындаманың екі жағын бірдей өңдеген кезде әр бет әдібі екі бетіне есептеледі, яғни диаметр мен қалымдық.

Жалпы әдіп болып, тетікке аяқталған күй беру үшін беттен алынатын материал қалыңдығы аталады. Жалпы әдіп дайындаманың қарастырылатын бетінің өңделгенге дейін және кейінгі өлшемдер айырмасымен анықталады. Әдіптер нақты берілуі мүмкін емес, сондықтан қабылдамалар орнату тиіс. Жалпы әдіп қабылдама дайындаманың арналған өлшеміне де қабылдама болып келеді.

Әдіпті анықтаудың аналитикалық әдісі.

Дайындама өңделуіне арналған әдіпті анықтау үшін В. М. Кован ойлап тапқан әдісін қолданамыз. Бұл әдіс шарты бойынша әр орындалған өтпе кезінде алдыңғы өтпеде жасалған қателіктерді және өңделген тетікті қондыру кезіндегі қателіктерді түзеу керек.

Өтпе кезінде жіберілетін қателіктерге жатады:

А) өлшемдер ауытқуы;

Б) пішім қателіктері;

В) беттің кедір-бұдырлық биіктігі;

Г) қателік жасалған қабат тереңдігі;

Д) базалық бетке қатысты өңдеген беттің қателік жіберген бет орналасуы.

21. Механикалық өңдеуге әдіптерді есептеу

Соседние файлы в папке 27-01-2013_10-52-07