Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
27-01-2013_10-52-07 / экзамен.doc
Скачиваний:
79
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
144.9 Кб
Скачать

10. Айла бұйымдардың арналуы мен классификациясы

Әдістемелер металл кескіш станоктарға арналған қосымша құрал болып келеді, олар затты және кесу құралын орнатуға арналған. Соңғы жағдайда олар көмекші құрал деп аталады.

Жаппай өндірісте арнайы әдістемелер тек берілген дәлдікті ғана емес тағы тетіктің тез арада орнатуын қамтамасыз етеді.

Әмбебап айла бұйымдар – бірлік, ұсақ сериялы және сериялық өндірісте арналуы жалпы металл кескіш білдектерінде қолданылады. Оларға білдектерге арналған құралдарды жатқызуға болады (жұдырықшалы патрондар, білдекті тиски және т.б).

Әмбебап құру әдістемелер (ӘҚӘ) - өзіне кіретін тетіктер мен тораптардан жиналады (корпусты тетіктер, орнату, бағыттау, орнату және т.б. тетіктер).ӘҚӘ сериалы өндірісте қолданылады. ӘҚӘ қолданылғанда әдістемелерді жобалау жұмысы күрт төмендейді.

Әмбебап дұрыстау әдістемелері - токарьлі, фрезерлі, бұрғылау және басқа білдектерде құрылысы жағынан ұқсас тетіктерді орнатуға қолданылады. Ол екі бөліктен тұрады: әмбебап (тұрақты) және дұрыстау (ауыстырмалы). Дұрыстау бөлігі белгілі бір тетік үшін оның пішімі өлшемі ескеріліп жасалады.

Арнайы әдістемелер мен салыстырғанда бірдей тетікті өңдегенде еңбек сиымдылығы 60-70% - ке төмен болады.

Арнайы әдістемелер берілген тетіктердің өңделуінің арнайы операцияларын орындау үшін және бірлік дана мен жасалады.

Автоматтық линияларға арналған арнайы әдістемелер ерекше орын алады, олар серік деп аталады. (спутник). өңделетін тетіктің ерекшелігіне қарай серіктер стационарлы әдістемелердің орнына қолданылады.

Әдістемелер механизациялану және автоматтану деңгейіне байланысты қолды, механизацияланған, жартылай автоматты және автоматты болып бөлінеді.

11. Тоқырау түрлері

Қолдану процесі кезінде машинаның техникалық күйінің нашарлауын ақаулармен істен шығу салдарынан пайда болады. Істен шығу уақыты кездейсоқ сипатына байланысты істен шығу бірғалыпты немесе кездейсоқ бірғалыпты істен шығу. Машинаның техникалық күй параметрлерінің бір немесе бірнеше шамаларына өзгеріруін сипаттайды. Ол көбіне сыртқы жағдайларының өзге,руіне байланысты (артық жүктелуі,машинаның жұмыс органдарына бөтен заттардың түсуі т.б).

Кездейсоқ істен шығу машинаның ұзақ уақытын жұмыс істегіне байланыссыз бір қалыпты ықтималдықпен пайда болады.

Күй параметрі – физикалық шама, жұмыс процессінде өзгеретін машинаның жұмыс жарамдылығы немесе жөндеулігін сипаттайды.

Істен шығудың түрлерімен себептерін анықтау өте маңызды, оларды келесі топтарға бөлуге болады.

Конструкциялы істен шығу конструктордың кателік салдарынан пайда болады ( жеткіліксіз беріктілік, маханизмдер шаңдар әсерінен, ылғалдан т.с.с.).

Өндірістік істен шығу машина жасау мен жөндеудің белгіленген процесінен бұзудың салдарынан пайда болады.

Эксплутациялық істен шығу экспулатациялық машина ережесін бұзу немесе ереженің көрсетілмеген әсерінен, машинаның алдын ала тоқтауына әкеп соғады.

Бұйымның сенімділігін бағалауда келесі көрсеткіштер қолданылады:

  • істен шығудың орташа жұмыс уақыты Тор – бірінші істен шығуға әкеп соқтырады;

  • орташа жұмыс уақыты, бір істен шығуға келеді;

  • Т – бірінші ісиен шығуға әкеп соқтырады;

  • істен шығудың интенсивтілігі;

  • жұмысқа икемділік күйінің орташа уақытын қалыптастыру tв;

  • t уақыты бойынша қарсылықсыз жұмыс істеу мүмкінділігі;

  • Кг дайындық коэффициенті;

Бөлшектің жарамсыздығы ең көп тараған түрі жұмыс бетінің тозуы болып табылады.

12. Машина бөлшектерінің ақауларының классификациясы

Жалғау мен бөлшектің дефектациясы.

Ақау – бұл бөлшек пен жалғаудың техникалық бақылау процесі, жөндеу объектісінде жарамды дәрежесін пайдалануды анықтауды айтады. Ақаулардың негізгі тапсырмасы – бөлшекті жинағанда жіберіп қоймау керек, жарамсыз немесе аз жоспарлы жөндеудегі мерзімдегі ресурс, керек бөлшектерді жарамсыз етпеу, жөндеу қажеттілігін шығару. Жасырынды дефектілер бөлшегі пневматикалық, гидравликалық, магниттық, капиллярлы және ультра дыбысты тәсілдермен шығарады.

Бөлшектің жарамдылық дәрежесін бөлшекті қайта қолдану немесе қайта қалпына келтіру дефектацияның техникалық картасымен орнатылады.Онда көрсеткендер: бөлшектің сипаттамасы (материал, термилалық өңдеу, қаттылық, өлшем, түрлері және т.б.)

Ақаулар процесінде барлық бөлшектер бес топқа бөлінеді және белгілі бір бояуға боялады: жарамды жасыл; жаңа бөлшектермен біріктіру жөнделген номиналды өлшемдеге дейінгі – сары; берілген мекемеде жөндеуде жататын – ақ; арнайы мекемелерде жөндеуде жататын – көк; жарамсыз, утилизацияға жататын – қызыл.

Бөлшектерде машинаның эксплуатациялық процесінде өзгеріп отыратын параметрлерді бақылап отырады. Көп бөлшектер бірнеше дефектілер болуы мүмкін. Ақаулардың еңбексыйымдылығы төмендеуі үшін технологиялық картада көрсеткендей бақылауды қажет етеді.

13. Көліктік техниканы жөндеуді ұйымдастыру формалары

Өндірістік ұйымдардың түрлері. Жөндеу кәсіпорындарда олар мамандықпен тығыз байланысты, еңбекті бөлуге негізделген. Өндіруші кәсіпорындарды келесі түрмен бөліп көрсетуге болады: тығырықтық, узелді және ағынды.

Өндірістік ұйымдастырудың тупиктік түрі жылжымайтын жөндеу объектісімен сипатталады. Бұзып – қайта жинауды машинаның орналасқан жерінде жасайды.

Жеке жөндеу жинауы, әмбебап жабдықтармен жүргізіледі. Жұмысшылар – жөндеушілер кешенді операцияны кең номенклатурада бөлшекті жинауда әмбебап, жанжақты квалификациясы болуы керек.Жұмыс орнымен құрал – жабдықтары әрдайым емес жиынтығы бір қалыпты операцияларда сирек қайталанады. Бөліп – қайта жинау және басқада жұмысқа қатысатын адамдар, машинада жұмыс істейді. Шеберлік шаруашылықта тупиктік түрі кеңінен таралған.

Өндірістік ұйымдастырудың тораптық түрі машинаның қасиетін қолдануында бөлек құрамды бөлімдерге түрленеді. Еңбек сыйымдылығының жұмысына байланысты әрбір жеке құрастыру немесе жылжымайтын машинаның шешкен тобы белгіленген жұмыс орнында жөнделеді, арнайы құрылғымен және аспаппен жабдықталып, жұмысының маманы отырған орны арқылы анықталады. Өндірістің ұйымдастырудың тораптық түрі жөндеу – механикалық зауыттарда шеберхананың жалпы берілісінде қолданады. Тораптық түрді тупиктікпен салыстырғанда еңбек өндірісі жоғарлайды, жөндеу сапасы жақсарады, еңбек сыйымдылығы және өзіндік жұмыстың құны төмендейді.

Өндірістік ұйымдастырудың тораптық ағымды түрі біріңғай көліктегі жұмысты конвейердегі жүйедегі бөліп-қайта жинау және жөндеу жұмыстары арнайы жұмыс орындарында жүргізіледі (үзельдік түріндегіндей) көлікті қозғалту үшін әр түрлі конструкцияда тракторлы құрылғылар қолданылады.

Өндірісті ұйымдастыру ағымды-тораптық түрі узельдің барлық артықшылықтары және де ағымды өндірістің таңдамалы элементтерін қолданады.

Өндірістік ұйымдастырудың тораптық ағымды түрі арнайы техникалық кезекте орналасқан арнайы жұмыс орындарында жүргізілетін уақытқа байланысты реттелген негізгі және көмекші операцияның жиынтығы осы ағымды жүйенің негізгі шарты болып жеткізіледі. Өндірістік бағдарлама жөнделетін объектінің номинклатурасы, тұрақтылығы және олардың үзіліссіз қамтамасыздандыру болып табылады. Өндірісті процесті ұйымдастырудың осы түрі үшін ағымды тізбектің болуы қажет, өз алдына арнайы жұмыс орындарының жиынтығы ал өз алдына техникалық процестегі операйиялардың ретіне қарай орналастырған арнайы жұмыс орындарының жиынтығын құрайды және оларды үзіліссіз ретті қамтамасыздандыру. Ағымды форманы арнайы жөндеу мекемелерінде қолданылады.

Техникадағы қызмет көрсету мен жөнеу шығындарын азайтудағы және осы жұмыстың сапасын арттырудағы жөндеу өндірісін жетілдіру және дамытудың негізгі бағыттары деп жөндеу мекемелерінің, бірігуін, мамандану және таласуын айтуға болады.

Өндірістің концентрациясы – ол үлкен мекемелерде өндірістік құрылғылардың, жұмыс күшінің және өнімді шығарудың жиынтығы.

Мамандану – мекеме жұмысын объект номенклатурасын жөдеуде шектеу және технолгиялық біртекті операцияларды жасаудың жиынтығы.

Топтасу – бір объектіні жөндеу үшін бірнеше мекеменің қатысуымен өндірістік ұйымдастырудың формасы.

14. Бұйым сенімділігінің көрсеткіштері

Машинаның сенімділігі – кешенді қасиет, ол істен шықпайтындығымен,жөндеуге жарамдылығымен, ұзақ мерзімділігімен,ұзақ сақталуымен, сипатталады. Сенімділіктің осы айтылған әр қасиеті техникалық және экономикалық көрсеткіштерімен бағаланады, физикалық мәні және саны машинаның конструкциясына, дайындау технологиясына, қолдану шарттарын, техника қызмет көрсету және жөндеу сапасына байланысты.

Істен шықпайтындығы – белгілі бір уақыт мерзімінде немесе тоқтаусыз жұмыс жасағанда машинаның жұмысқа жарамдылығын сақтап қалу қасиеті істен шықпай тәжірибелік жолмен анықталады.

Жұмысқа жарамдылық – машина конструкциясына ақаулар бұзылуын алдын ала байқауға және жөндеуге ыңғайлылығы, жұмысқа жарамдылығы қалпына келтіру немесе техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу арқылы жүргізіледі. Басқаша айтқанда жұмысқа жарамдылық – машинаның эксплуатациялық – техникалық қасиеттері, оның конструкциялық жөндеу – қызмет көрсету жұмыстарына бейімділігі (техникалық күйін тексеру, әсерлерді реттеу, ақауларды жөндеу, бөлшектерді ауыстыру т.б.).

Ұзақ мерзімділігі – машинаның белгілі бір күйге дейінгі, нормативті техникалық құжаттарға көрсетілген дейінгі мерзімде, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге қажетті үзілісті ескергендегі жұмысқа жарамдылығын сақтап қалуы.

Шектеулі күйі – машинаның оны ары қарай қолдану мүмкін еместігі немесе мағынасыздығын көрсететін күйі немесе оны жұмысқа жарамдылығын, жөндеулі күйін қалпына келтіру мүмкін еместігі немесе мағынасыздығы.

Сақтаулығы – машинаны сақтау немесе сақтаудан кейін және (немесе) тасымалдағандағы узақ мерзімділігі, жөндеуге жарамдылығы және ұзақ мерзім қасиеттерін сақтап қалу.

Машинаның сенімділін бағалау үшін дара немесе комплексті сенімді көресеткіштер қолданылады.

15. Өндірістік және технологиялық үрдістер

Өндірістік процесс деп, шикізаттың машинаға айналу үшін барлық кезеңдер жиынтығын айтады. Өндірістік процеске мыналар кіреді: машина бөлшектерінің дайындамасын жасау, оның әр түрлі өңдеу әдістері (механикалық, техникалық, химиялық және т.б.), сапаны басқару, керек жерге жеткізу, сақтау, жинау және тораптарды тексеру.

Өндірістік процестен технологиялық процесс бөлінеді: технологиялық процесс болып, өндіріс объектісінің көлемін, өлшемін, физикалық қасиетін өзгертуімен және бөлек бөлшектер арасындағы қатынасының өзгеруі мен байланысты процесті атайды. Негізінде технологияның процестері бөлшек немесе өнімге қатысты қарастырады, ал өндірістік процесс - цех немесе оның жер көлеміне қатысты қарастырады. Келешекте оңай болу үшін механикалық өңдеу мен жинаудың технологиялық процестерін қарастырамыз.

Бөлшектерді өңдеуге - технологиялық процестерге оны орнату мен шешу жатады. Өңделініп жатқан бөлшектің пішімі мен өлшемдері өзгермесе де, бұл бөлшектер өнімнің пішімі мен өлшемінің өзгеруіне тура әсерін тигізеді.

Өнімді станоктан көтеріп – тасымалдау машинасы арқылы алу- технологиялық процеске жатады, бірақ өнімді көтеріп тасымалдау машинасы мен цех ішінде тасымалдау өндірістік процесті саналса да, технологиялық процесс болып саналмайды. Бұл бөліну, станоктан өнімді алып, не орнатқанда станок технологиялық процесс орындай алмайтындықтан пайда болды, ал цех ішінде тасығанда, бұл процесті станок орындай алады.

16. Технологиялық үрдістің құрылымы

Технологиялық операция дегеніміз – бір жұмыс орнында орындалатын технологиялық үрдістің аяқталған бөлігі.

Қосымша операцияға тасымалдау, бақылау және маркировка жатады.

Орындалатын жұмыстың көлеміне байланысты ТО келесі түрлерге бөлінеді:

  1. Технологиялық өтпе- қолданылатын әбзелдің тұрақтылығымен сипатталатын, ТО-ның аяқталаған бөлігі.

  2. Қосымша өтпе- беттің формасының, өлшемінің және сапасының өзгеруінің қатысуынсыз жабдық пен адамдың әрекеттерінен тұратын ТО-ның аяқталаған бөлігі.

  3. Жұмыс жолы- беттің формасының, өлшемінің және сапасының өзгеруінің қатысуымен, бұйымға қатысты әбзелдің бір реттік қозғалуынан тұратын ТӨ-ның аяқталған бөлігі.

  4. Қосымша жол - беттің формасының, өлшемінің және сапасының өзгеруінің қатысуынсыз бұйымға қатысты әбзелдің бір реттік қозғалуынан тұратын ТӨ-ның аяқталған бөлігі.

Орын деп, бұйымның өзгермейтін бекітілуіндегі орындалатын ТО-ның бөлігі.

Қабылдау – операцияларды орындау барысындағы жұмысшы әрекеттерінің аяқталған жиынтығы.

Позиция – білдекке қатысты айла бұйыммен бірге бекітілген өңделетін бұйымның фиксирленген орны.

17. Технологиялық операцияның құрылымы

Технологиялық операция дегеніміз – бір жұмыс орнында орындалатын технологиялық үрдістің аяқталған бөлігі.

Орындалатын жұмыстың көлеміне байланысты ТО келесі түрлерге бөлінеді:

  1. Технологиялық өтпе- қолданылатын әбзелдің тұрақтылығымен сипатталатын, ТО-ның аяқталаған бөлігі.

  2. Қосымша өтпе- беттің формасының, өлшемінің және сапасының өзгеруінің қатысуынсыз жабдық пен адамдың әрекеттерінен тұратын ТО-ның аяқталаған бөлігі.

  3. Жұмыс жолы- беттің формасының, өлшемінің және сапасының өзгеруінің қатысуымен, бұйымға қатысты әбзелдің бір реттік қозғалуынан тұратын ТӨ-ның аяқталған бөлігі.

  4. Қосымша жол - беттің формасының, өлшемінің және сапасының өзгеруінің қатысуынсыз бұйымға қатысты әбзелдің бір реттік қозғалуынан тұратын ТӨ-ның аяқталған бөлігі.

Қабылдау – операцияларды орындау барысындағы жұмысшы әрекеттерінің аяқталған жиынтығы.

18. Машина жасау өндірістерінің түрлері

Машина жасауда өндірістің 3 типі анықталады: бірліктік, сериялы және жаппай басқа машина жасау зауыттарында сияқты, автомобиль және трактор зауыттарында өндіріс типтерінің барлық түрі кездеседі. Сондықтан зауыт өндірісін сипаттау үшін, оның көп қолданылатын технолгиялық процестерге сүйену тиіс.

Бірліктік «индивидуалды» өндіріс деп, бөлшек пен дайындаманың тек бір дана мен, әр түрлі пішінде шығаралатын өндірісті атайды. Бұл жағдайда шығарылатын бөлшекпен дайындаманың қайталануы жоспарланбаған.

Бірліктік өндірісте кең номенклатуралы бөлшектер салыстырмалы аз данада шығарылады сондықтан бұл өндірістің түрі әр түрлі тапсырмаларды орындауға ыңғайлатуға тиіс. Бұл үшін зауыттар, кең номенклатура өнімдер жасай алатын, әмбебап аспаптар мен қамтамасыз етіледі соны мен қатар әмбебап құралдар мен кесу құралдар мен қамтамасыз етілуі тиіс.

Бірліктік өндірісте негізінде заңдылықты – концентрленген технологиялық процесс қолданылады: бір станокта көптеген өтпелер саны орындалады одан кейін бөлшектің толық өңделуі орындалады.

Бірліктік өндіріске мыналар жатады машиналардың эксперименттелу мысалдары күшті гидротурбиналарды жасау, электрогенераторлы және т.б.

Сериялы өндіріс деп, бір бөлшектің қайталап шығаруын атайды. Өндірістің бұл кезеңінде білдектер, бөлшектің аяқталуын жаболанып болғаннан кейін қайта жөнделеді.

Сериялы өндірісте технологиялық процесс белгілі бір станоктарға бекітілген оілдектерперацияларға бөлінген. Әр түрлі б қолданылады: әмбебап, мамандырылған, автомамандырылған.

Білдектердің мамандырылғаны соншалық олар бір өндірістік сериядан одан құрылымдық жағынан бір өндірістік сериядан, одан құрылымдық жағынан өзгеше болатын басқа өндірістік серияға өтуіне болады.

Мысалға әмбебап білдектреді қолданғанда мамандырылған және арнайы аспаптар мен кесу құралдарын қолдануға болады, сонымен қатар шығын мен күшімен экономикалық пайданы есептеу тиіс. Сериялы өндіріс біріліктік өндіріске қарағанда едәуір үнемді, өйткені бұл процесте мол өнімді аспаптар мен құралдар пайдаланылады. Жұмысшылардың мамандалуына байланысты еңбек өнімділігі жоғарылайды.

Бір жыл ішінде серияда өнімдердің санына,олардың сиымдылығына, қайталануына байланысты аз орта және көп сериялы болып бөлінеді. Аз сериялы өндіріс ұйымдастырылуы жағынан бірліктік жақын, ал көп сериялы өндіріс жаппай өндіріске жақын.

Өндірістің сериялық түріне станок жасау және т.б. жатады.

Жаппай өндіріс болып, бір типті өнімдер бөлшектер және дайындамалар үздіксіз ұзақ уақыт бойы жасалатын өндірісті айтады. Жаппай өндірістің сипаттық белгісі болып барлық жұмыс орындағы үздіксіз қайталанатын жұмыс саналады. өндірістің бұл түріне машина, трактор жасау кіреді.

Машина жасауда дайындама мен бөлшек өндірудің және машина жинаудың 2 түрі бар: ағымдық және ағымдық емес. Егер әр операциялар бөлшектер партияларымен жасалса, бұл әдісті ағымдық емес деп атайды. өңделетін бөлшектер белгілі бір жұмыс орнына немесе аспапқа бекітілмейді, ал бұл аспаптар технологиялық процестің заңдылық тәртібі бойынша орналасқан.

Егер барлық жұмыс орындарындағы операцияларының уақыт ұзақтығы бір – біріне тең немесе еселі болса, онда жұмыс ерте орнатылған жиілік бойынша үздіксіз ағыммен атқарылады.

Соседние файлы в папке 27-01-2013_10-52-07