Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КМО практика.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14.24 Mб
Скачать

Консустық белшалғы түрлері қиық белшалғы

Қиық белшалғы 4 немесе 12 қиықтардан тұрады, бірақ біз бір ғана қиықтың сызбасын сызамыз. Қиықты түрғызу үшін Т нүктесінде өзара қиылысатын перпендикуляр сызықтар сызамыз. Т нүктесінен төмен қарай белшалғы ұзындығы және мықынға дейінгі үзындықты бөліктерге бөліп түсіреміз де Б және Н нүктелерімен белгілейміз.

ТБ=Абұ х 2

ТН=Бұ

Б және Н нүктелерін солға және оңға қарай горизонталь сызықтар бойымен мықын және етек сызықтары бөліктерінде қиықшаның кендігін түсіреміз. Қиықшаның кендігі Т 1Т 2 бел сызығы бойындағы

Т1Т2=(Ба + Қба)х 0,5п

Бұл жерде, п- белшалғы қиықшаларының саны.

Жамбас сызығы бойындағы қиыкшалардың кеңдігін Б1Б2

Б1Б2=(Мқа + Қмқа) х О,5п

Етек сызығы бойындағы қиықшаның кендігін модель бойынша анықтайды. Табылған Т1Т2, Б1Б2, Н1Н2 бөліктерін екіге бөліп, қиықшаның орта сызығынын екі жағына түсіреміз. Т1Б1Н1 және Т2Б2Н2 нүктелерін түзу сызықтармен қосамыз. Етек сызығының қашықтығын төмендегідей анықтаймыз. НН1, НН2 бөліктерінің (кесінділерінің) ортасында орналасқан Н нүктесінен 0,5см төмен түсіреміз. Н3 және Н4 нүктелерінен қиық бүйіріне қарай модельге сай (мысалы годе белшалғы) кеңейтуге болады. Табылған Н3Н10,5 Н2Н4 нүктелерді қоса отырып, қиықшаның етек сызығын қисық сызыкден безендіреміз. Қиықшанын бел сызығын да осылай сызамыз.

Бел мен мықынның айырмашылығы өте үлкен болса, жанынан және артқы бөліктен кішкене бүкпелер түсіруге болады. Тігіс артқы бөліктің ортасы арқылы жүргізіледі. Бүл белшалғыга түксіз, түрлі-түсті немесе симметриялы клеткалы шотландка, креп, сулықтық маталар таңдап алынады.

Қиық белшалғы негізінде годе белбемшені модельдеу

Тақырыбы: Шалбар сызбасын сызу

Жұмыстың мақсаты: Студенттерді шалбарды конструкциялауға

модельдеуге үйрету, конструкторлық, ой-

өрісін жетілдіру, әсемдікке тәрбиелеу.

ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ

  1. Мода журналдарымен, суреттермен танысып бүгінгі күнгі шалбар пішімдерін анықтау.

  2. Негізгі мәліметтермен танысып шығу.

  3. Өлшемдерді есептеп, 1:4 масштабта киім сызбасын сызу.

  4. Сызба негізінде шалбарды көркем конструкциялау

Қажетті құралдар: масштабты сызғыш, өшіргіш, дәптер, сантиметрлік лента.

ЖҰМЫСҚА ҚАЖЕТТІ СҰРАҚТАР

  1. Жас ерекшеліктеріне байланысты балаларды қандай топтарға жіктейміз?

  2. Шалбардың конструкторлы сызықтарын атаңыз.

  3. Қазіргі мода ағымында қолданылып жүрген маталарға сипаттама жасаңыз.

  4. Киім тәрбиелік ролін атаңыз.

Шалбар сызбасын сызуға қажетті өлшемдер:

Ба (Бел айналымы)-37см;

Мқа (Мықын айналымы)-49см;

Шұ (Шалбар ұзындығы)-106см;

Штұ (Шалбардың тізеге дейінгі ұзындығы)-58см;

Та (Тізе айналымы)-18см;

Об (Отыру биіктігі)-27см.