- •М.Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті
- •Мазмұны
- •І. Киімді констукциялау жөнінде жалпы мәліметтер
- •Адам денесінің өлшемдерін алу техникасы
- •Иық орамындағы еркін қозғалысты жеңілдетуге қосымшылар (Поп)
- •Мектеп жасындағы қыздардың типті өлшемі
- •Ê еуденi» бiрiншi жарты айналымы
- •Бел сызы¹ыны» жарты айналымы Мыºынны» жарты айналымы
- •Жұмыстың мазмұны
- •Жұмыстың мазмұны
- •Әдебиеттер
- •Теориялық мағлұматтар
- •Конусты формалы белшалғы
- •Консустық белшалғы түрлері қиық белшалғы
- •Нұсқау картасы
- •Жұмыстың мазмұны:
- •Теориялық мағлұматтар
- •Түнгі көйлек сызбасын сызу
- •Көйлек сызбасын сызу және есептеу
- •02, 03, О4 нүктелерінен вертикаль жүргізіп оларды қиылысқан нүктелерді р2, л2, м2,Рл. Л3, м3, р4, л4, м4 деп белгілейміз.
- •Жең сызбасы
- •Жұмыстың барысы
- •Әдебиеттер
- •Жұмысқа қажетті сұрақтар
- •Жүмысқа қажетті сүрақтар
- •Түймелігі тамак, астына жететін көйлек жағасы Қондырмалы тік жаға
- •Тіктемесімен жартылай пішілген қайырма жаға
- •Тіктемесі түтас пішілген қайырма жаға
- •Жазық жатық жағалар
- •Қайырма жатық жаға сызбалары
- •Тік қайырма жаға түрлері іі бөлім: киімді модельдеу негізі
- •Белшалғы түрлерін модельдеу
- •Шалбардың түрлері
- •Жұмысты талқылап, қорытынды жасау. Қажетті құралдар мен материалдар-
- •Теориялық мәліметтер
- •Теориялық мәліметтер
- •Жүмысқа қажетті нұсқаулар
- •Көкірек бүкпесін рельэфті тігістерге ауыстыру
- •Көкірек бүкпесінің орнын ауыстыру арқылы модельдеу
- •Жұмыстың мазмұны
- •Жұмысқа қажетті сұрақтар
- •Жилеттің тор сызбасын сызу
- •Мойын сызығы
- •Жұмыстың мазмұны:
- •Әдебиеттер
- •Теориялық мәліметтер
- •Жұмыстың мазмұны:
- •Әдебиеттер
- •Теориялық мәліметтер
- •Қолданылған әдебиеттер
Жұмыстың мазмұны:
Теориялық бөлімін оқып шығу, конспектілеу.
Киімнің өлшемін алып, жұмысты дәптерге түсіру.
Әдебиеттер
Л.П. Чижикова «Кружкова конструирование».-1999г
Л.П. Костецкая., Л.П. Чижикова «Конструирование и модельирование одежды». 5-7 кл. Пособие для учителей. 1990г.
Шаңырық үй тұрмыс энциклопедия. 1999ж.
Р.И. Егорова., В.П. Монастырная. «Іс тіге біл». 1993ж.
Теориялық мәліметтер
№ |
Ақау түрі |
Себептері |
Түзету тәсілдері |
1 |
Белшалғы бөксе деңгейінде тартылып, бүйір тігістері бойынша бостау тұрады.
|
Артқы және бүйір қатармаларының тереңдігі дұрыс емес. |
Артқы тереңдігін үлкейтіп, бүйір қатармалардың тереңдігін азайту керек. |
2 |
Алдыңғы қатарма бір-біріне тым жақын, қатармадан төменкөлемі артық.
|
Қатармалардың тереңдігі мен орналасуы дұрыс емес. |
Қатармаларды бүйіріне жылжыту; олардың тереңдігі мен ұзындығын азайту; пайда болған көлемінің артық бөлігін үйір тігістеріне жинау. |
3 |
Белшалғы бөксеге қарай тартылған, арты босап кеткен.
|
Қатармалардың тереңдігі мен орналасуы дұрыс емес. |
Артқы қатармалардың тереңдігін азайтып, бүйір қатармаларының тереңдігін көбейту.
|
4 |
Қатармалар төменнен ажырап кеткен.
|
Төменгі бойынша қатармаларының есебі дұрыс емес. |
Қатармалардың дұрыс орналасуын бормен не түйреуішпен белгілеу; екі жағына ажыратып ½ бөлігіне тереңдіктіазайту.
|
5 |
Артқы бойдың ортасында белшалғы шалбардың қыртысы бөксе деңгейінен алшақ түскен отыру деңгейінде көлденең бүгілген. |
Бөксе деңгейінде бұйымның ені жеткіліксіз. |
Бөксе деңгейінде қатпардың тереңдігін азайтып, не бүйір тігістеріне жіберу. |
Тақырыбы: Шалбар қондырудағы ақаулар.
Мақсаты: Киімнің классификациясымен танысып, киімнің өлшемін алуға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Жұмыстың мазмұны:
Теориялық бөлімін оқып шығу, конспектілеу.
Киімнің өлшемін алып, жұмысты дәптерге түсіру.
Әдебиеттер
Л.П. Чижикова «Кружкова конструирование».-1999г
Л.П. Костецкая., Л.П. Чижикова «Конструирование и модельирование одежды». 5-7 кл. Пособие для учителей. 1990г.
Шаңырық үй тұрмыс энциклопедия. 1999ж.
Р.И. Егорова., В.П. Монастырная. «Іс тіге біл». 1993ж.
Теориялық мәліметтер
№ |
Ақау түрі |
Себептері |
Түзету тәсілдері |
1 |
Шалбардың белдігі (ышқыры) кең.
|
а) бел шеңберідұрыс өлшенген; б) шалбардың жоғарғы қиығы созылған. |
а) матаның артығын бүйір тігісі мен қатармаға немесе белден мықынға дейінгі орта тігіске жіберу; б) шалбардың жоғарғы қиығы бойынша белдікке тиісті қондырма жасау.
|
2 |
Шалбардың мықын тұсы кең-артқы жартысындағы тік қатпарлар бүйір тігісінің бойымен.
|
Мықын шеңберін өлшеу дұрыс жүргізілмеген, не мықын тұсын қосымша үлкейтілген. |
Мықын деңгейігдегі бүйір тігісіне матаның артығын жіберу.
|
3 |
Алдыңғы жартысының бүрмелері сыртқа жылжыған.
|
а)шалбардың жартылары адым тігісі бойынша дұрыс қосылмаған; б) құрастыру кезінде аяқ позициясынң ерекшелігіескерілмеген; ә) мықын бөлігінде шалбардың артқы жартысы тартылған; г) бүйір тігісі қысқа пішіннің ерекшелігі ескерілмеген (сандары шығыңқы). |
а) б) шалбардың алдыңғы жартысын бант сызығын тереңдете қадам тігісімен жоғары қажетті шамаға жылыту; қажет болса, матаның қалдығын белдің жанынан, алдынан қию; матаның қосалқы бөлігін төмен осыжәне тізе сызығында тексеру нүктелерінің орнын өзгерту; в) шалбардың артқы жартысын бөксе бөлігінде енкейту; г) бүйір тігісі жанында бел сызығы бойынша матаның қосалқы бөлігін жіберу немесе бант сызығын көшіру қажет болса, орта тігісті тереңдету. |
4 |
Сырып тігілген белдік сызығы жанында шалбардың артқы жартысы босап кеткен.
|
Шалбардың артқы жартысының сызығы бойынша жоғары қарай ұзын болған. |
Матаның артығын белдікке жинап, қажет болғанда матаның артығын қиып тастау.
|
5 |
Орта тігісінің төменгі бөлікте артық болып түсуі.
|
Отыру тереңдігін үлкейту. |
Отыру тереңдігін азайту бел сызығынан артығын қию соған сәйкес төменгі жағы бойынша ұзындығын жіберу.
|
6 |
Алдыңғы жартысы ішке жылжыған.
|
а) адым тігісі бойынша шалбардың жартысы дұрыс қосылмаған, алдыңғы жарты жоғары жылжып кеткен; б) құрастыру кезінде аяқ позициясының ерекшелігі ескерілмеген. |
а) б) Матаның қосалқы бөлігі болмағандықтан алдыңғы жартының бант сызығы бойынша түзетуді артқы жартының есебінен жүргізеді. Артқы жартының адым тігісі бойынша орта тігісін тереңдете жоғары қажетті шамаға жылжыту керек, осыған сәйкес төменнен матаның артық бөлігін осындай шамаға жіберіп және тізе сызығындағы тексеру нүктелерін өзгерту қажет.
|
7 |
Бөксе тұсындағы бүгілген жерлер
|
Шалбардың артқы бөлігі отыруға тар. |
Артқы бөлігінің адым тігісіндегі матаның қосалқы бөлігін жібереді; онда қиықшаны артқы жартысынан сырып тігу керек.
|
8 |
Мықын сызығы бойындағы көлденең қатпарлар жоғары болса – шалбардың бел сызығы тар болады.
|
а) бел шеңбері дұрыс өлшенбеген. |
а) б) бүйір тігістері бойынша матаның қосалқы бөлігін жіберу, қатармалардың тереңдігін азайту. |
Тақырыбы: «Тұтас жеңді киім сызбасын сызу»
Мақсаты: «Тұтас жеңді киім үлгілерінің сызбасын сызуға үйрену»
Жұмыстың мазмұны
4. Теориялық мәліметтерді зерделеу.
5. Тұтас жеңді киім сызбасын сызу үшін есептеулер жүргізу.
6. Сызбаны сызу, әрі оның дұрыстығын тексеру.
Жұмысқа қажетті сұрақтар
Тұтас жеңдер қандай киімдерде кездеседі ?
Конструкциялау дегеніміз не?
Киімді пішудің қандай әдістерін білесіз?
Әйел мен балалар тұлғасының ерекшелігі неде?
Жеңнің қандай түрлері бар?
Қажетті құралдар
Сантиметрлік таспа, сызғыш, қара қалам, өшіргіш, бор, үшбұрышты
сызғыш, лекала.
Әдебиеттер
1. Егорова Р. И., Монастырная В.П. Іс тіге біл:5-8 кл. оқушыларына арн. кітап./ Ауд. Орынбаева Ә., Тәжіғалиева Б.-Алматы :Рауан,1993.-167 бет
2. Шершнева Л.П. Основы конструктирования женской и детской одежды: Учеб пособие для студентов проф тех. Училищ.-М.: Легпромбытиздат, 1987.-224с.
3. Конструктирования мужской и женской одежды. Учебник для нач. проф образования / Б.С.Сакулин, Э.К.Амирова, О.В.Сакулина, А.Т. Туруханова. – МИРПО: Изд центр «Академия»,-144с.
Теориялық мәліметтер
Сызбаны сызу үшін әйел көйлегінің сыза негізіне дайындалған өңір мен жота бөліктерді қағаз бетіне түсіріп, ондағы бақылау белгілері мен П1 П5,П2 П5 нүктелер белгілеп шығамыз.
Жота(1-суретте ).
Жеңнің жоғарғы қиындасы. П5 нүктесімен оңға қарай жең түбі тереңдігіне П1 Г кесіндісін түсіреміз, ол иық айналымынан 1см алғандағы шамаға тең болады яғни:
П1 Г Оп-1-1-28,1см.
Иықтың жоғарғы (бақылау) нүктесін Г нүктесімен біріктіріп сызамыз осы сызық бойымен 57,4см жеңнің ұзындығын өлшеп қоямыз. Табылған жең ұзындығын екіге теңдей бөліп белгіленген нүктеден төмен қарай 5см түсіріп, ұршық сызығының бүкпе ұшын белгілейміз.
Иықтың жоғарғы бақылау нүктесінен жоғары қарай 1-2 см көтеріп, табылған нүктені иықтағы бүкпе сызығына дейін және 5 нүктесімен қосып біріктіріп шығамыз.
Жең аузы енін түсіру.
57,4 нүктесінен перпендикуляр түсіріп, оған жең аузы енін қоямыз ол үшін, саусақ айналымының жартысына 4см қосамыз яғни:
(Са:2)+Қса =(18:2)+4=13см
Жеңнің төменгі қиындысы.
П5 нүктесінен төмен қарай жең түбі тереңдігін 8-10см түсіреміз, табылған кесіндіні екіге бөліп көмекші нүктені табамыз оны 13 жең аузы нүктесімен біріктіреміз. Жең түбіндегі көмекші нүктеден төмен қарай сызық бойымен 8-10см түсіріп бақылау нүктесін қоямыз. 5 нүктесінен перпендикуляр түсіріп оны 1см ұзартып сызамыз жеңнің төменгі сызығына қарағанда, табылған нүктені жоғары қарай 6-7см тереңдікте ұршық бүкпесінің тереңдігін белгілейміз. Бүкпе ені 2см тең, бүкпе қабырғаларын теңестіреміз. Оң жақтағы бүкпе шетінен жеңнің төменгі сызығының 13 нүктесімен қосып табылған кесіндіні үшке бөліп бақылау нүктелерін белгілейміз. Жең аузы сызығын 13-пен 57,4 нүктелерінен жоғары қарай 1-2см көтереміз, жеңнің аузын 1-2 нүктелерімен 1 нүктесін біріктіру арқылы безендіреміз, онан соң жеңнің төменгі қиығын 1-2, 2 және 8-10 нүктелерін қисық сызықпен біріктіреміз. Иықтың жоғрғы сызығын да 1-2 және 5 нүктелерін түзу сызықпен біріктіреміз. Бел сызығын 1,5-2,5см ұзартып нүктені бел тұсындағы бүкпемен біріктіреміз.
Сызбаның негізгі сызықтарын бастырып шығамыз.
Өңір.
Көкірек бүкпесінің енін 3/1 есе кішірейту. Ол үшін бүкпе енін түзу сызықпен қосып, осы кесіндіні 3-ке бөлеміз. Бүкпенің соңынан 3/1 шаманы оңға қарай қойып бақылау нүктесін белгілейміз. Иық сызығының төменгі бөлігін де осы щамаға тең етіп оңға жылжытамыз.
Жеңнің жоғарғы қиындысы.
П5 нүктесінен солға қарай көкірек сызығы бойымен жең түбі ойындысын П2 Г кесіндісін белгілейміз, ол иық айналымынан 6см алған шамаға тең, яғни:
П2 Г=ИА-6=29,1-6=2,1см
Иық қиындысының бақылау нүктесі мен Г нүктесін түзу сызықпен қосып Г нүктесінен асыра сызамыз. Иық кесіндісінің төменгі түктесінен солға 57,4см жең ұзындығын екіге бөліп, табылған ортаңғы нүктеден перпендикуляр етіп төмен қарай 5см (ұршық сызығын) түсіреміз.
Иықтың төменгі бақылау нүктесінен 0,5-1,5см жоғары қарай иық сызығын көтереміз. Осы табылған нүктелер юойынша жоғарғы қиындыны 0,5-1,5 және 5 нүктелері арқылы қисық сызықтармен біріктіреміз.
Жең аузы ені.
57,4 нүктесінен перпендикуляр сызығы арқылы оңға қарай жең аузы енін қоямыз, оның ені жота бөлігіндегі жең аузы енінен 3см кем болады:
13-3=10см
Ескерту.
Егер киімнің иығына иық асты қиылатын болса онда жең ұзындығына иық астының биіктік шамасы қосылады. Иық сызығының үстіңгі бөлігі жоғары көтерілген соң, жең түбі астындағы 5 нүктені бүйір сызықпен сызбада көрсетілгендеі етіп біріктіреміз.
Жеңнің төменгі қиығы.
Жең түбі тереңдігінен (П5 нүкт.) бастап төмен қарай бүйір сызығына 8-10см түсіреміз. Табылған кесіндіні екіге бөліп, оны 10 нүктесімен біріктіреміз (жең аузы ені), осы нүктеден солға қарай 8-10см түсіреміз. Табылған кесіндіні екіге бөліп, оны 10 нүктесімен қисық сызықтар арқылы біріктіреміз. Бүйір сызығын бел сызығы бойынша 1,5-2,5см ұзартамыз. Жеңнің төменгі қиығын сызбада көрсетілген секілді етіп безендіруге болады.
Тақырыбы: «Жең түбі тереңдетілген әйел киімін конструкциялау»
Мақсаты: «Киімнің классификациясымен танысып, киімнің өлшемін алуға үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу»
Жұмыстың мазмұны
4. Теориялық бөлімін оқып шығу, конспектілеу.
5. Киімнің өлшемін алып, жұмысты дәптерге түсіру.
Қажетті құралдар
Сантиметрлік таспа, сызғыш, қара қалам, өшіргіш, бор, үшбұрышты
сызғыш, лекала.
Әдебиеттер
1. Л.П. Чижикова. «Кружок конструктирование и моделирование».-1990
2. Л.П. Костецкая., Л.П. Чижикова. «Кружок конструктирование и моделирование одежды».5-7 кл. Пособие для учителей.1990
3.Кобляковой. «Лабораторный практикум по конструктированию одежды» 1976г.
4. «Шаңырақ үй тұрмыс энциклопедиясы». 1990
Теориялық мәліметтер
Қазіргі кезле әйел киімінде классикалық қондырмалы жең түрлерінен әр түрлі конфигурациялы жең үлгілерін пайдалануда. Ойық өзінің өлшемдері бойынша түрлі көлемде өзгере алады. Әсіресе ол ені мен тереңдігіне байланысты болады. Ойық ені қолдықтың астыңғы сыртқы диаметріне қосылатын Қжот қосымшасымен анықталады. Қондырма жеңді бұйымдарына 0,5-7см дейін ауытқиды. Жеңі жоқ бұйымдарда қосымша 0,5-1см шамасында алынады. Көйлектің ең ары кеткенде 4-5см қосымшаға жол беріледі. Ойықтың тереңдігі қолтық астындағы артқы бұрыш деңгейінде Қжот қосылатын үстемемен анықталады. 0,5-2,0см дейін өзгеруі мүмкін. Әйел көйлегіндегі блузкадағы ойық тереңдігіне қосылатын үстеме1,5-2,5см. Әдетте бұйымның жалпы көлемін ықшамдаған кезде кеуде жүйесі бойынша ойық тереңдігі азаяды. Ал үлкейтілген кезде үлкейтіледі. Оның тереңдеуіне қойылатын үстеме Қжот жең пішімінің түріне байланысты анықталады. Мысалы: Қжот 1-3 см қондырма жең пішімінің типтік формасы сай келеді. (1-суретте көрсетілген). Ал 4-6см жең үстеме көйлек пішімдегі жеңге (2-суретте көрсетілген). Ал 6-10см үстеме сақ пішімдегі жеңге (3-суретте көрсетілген) және 10-20см дейінгі үстеме Монто пішімдегі бұйымға тән қондырма жеңді бұйымдар ойығы жүйелердің конфигурациясы алуан түрлі болады. Яғни олар лекалды қисық және түзу жүйелі немесе оларды үйлескен түрінде құрылуы мүмкін. Тұйықталған түрінде овал формасыа ие болатын ойық типтік есептік деп аталады. (4-суретте көрсетілген).
Тақырыбы: Түрлі пішімді жең үлгілерін модельдеу.
Мақсаты: Түрлі пішімді жең үлгілерін модельдеу ерекшелігін оқып үйрену.
Жұмыстың барысы
Теориялық мәліметтермен танысып шығу.
Жең үлгілерін модельдеудің М 1:4 және М 1:1
Қажетті құрал-жабдықтар
Масштабты сызғыш, өшіргіш, дәптер, қалам
Әдебиеттер
Бланк А.Ф., Фомина З.М. «Практическая книга помоделированию женской одежды». Стеретипное М. Легпромбытиздат. 1992г. -256 стр. ил
Махмутова Х.И. Конструктируем, моделируем, шьем. Книга для учащихся. М.: Просвещение, 1994г. 144 стр. ил
Жұмысқа қажетті сұрақтар
Әйел киімдеріне қандай жең үлгілері типтік болып саналады?
Қондырмалы жеңнің қиықты сызықтары қандай аталады?
Қондырмалы жең сызбасын сызуға қандай өлшемдер қажет?
Киімді конструкциялау қандай кезеңдерден тұрады?
Қондырмалы жеңнің қандай түрлерін білесің?
Киімді модельдеудің қандай тәсілдері бар?
Қатарма жең.
Бір тігісті жең сызбасы (1-суретте) негізінде жең аузында қатыршасы бар жең сызбасын сызу үшін төмендегідей есептер сызамыз:
Жең ұшының ортаңғы сызығынан жоғары қарай 10-12см көтеріп қатарманың биіктігін белгілеп көлденең пунктер сызығын жүргіземіз.
Жеңнің ортаңғы сызығы мен қатарма биіктігінің қиылысу сызығынан оңға қарай 2см қашықтықта қатарма ені бөлінеді.
Жең ұшының ортаңғы сызығынан оңға қарай 14см қатарма енін белгілейміз.
Қатарма енін дәл ортасынан жоғары қарай пунктер сызығын жүргізіп, қатарманың жоғарғы бөлігінің енін сол бетімен теңестіреміз.
Жең аузын бүйір тігісі тұсынан 2-3см-ге тарылтамыз.
2.1-суреттегі принцесса жеңіл модельдеу үшін жеңнің жоғарғы жағынан О2М сызығы арқылы төмен қарай перпендикуляр түсіреміз, осы сызықты О2 нүктесінен бастап М нүктесіне 1-немесе 2 мм жеткізбей қиып шығамыз. Жаңа қағаз бетіне вертикаль сызығын жүргіземіз. Бұл біздің жеңіміздің ортаңғы сызығы, осы сызықтан модельге байланысты шамаға жең бөліктерін жеңнің жоғарғы сызығын біріктіріп сызамыз. Яғни, жеңнің жоғары бөлігі үлкен формалы болса, онда азырақ ашамыз. Мұндай модельдеу тәсілі конустық деп аталады.
Келесі 2.2-суреттегі «қанатты жең» үлгісін модельдеу үшін жеңнің жоғары шегі өз қалпында болып, төменгі жағы кеңейтіледі. Мұнда белгіленген сызық бойына төменнен жоғары қарай қиылып, жеңнің жоғары иін сызығына 1-2мм жетпей қиылады.
Енді жаңа қағаз бетіне вертикаль сызығы сызылып оған О2М нүктелерін беттестіріп жең ортасын белгілейміз де әрбір қиықтар арасын қалыпты шамамен ашып шығып, бұйымның жаңа контурын белгілейміз. Егер жең ұшында әрбір қиық арасы 3 ... 6см болса, онда М нүктесінен төмен қарай 4 ... 5см жең ұшын төмен түсіріп ирек сызықпен қосып сызамыз.
2.3-суреттегі фонар жең үлгісін модельдеу үшін параллель модельдеу тәсілін пайдаланып, біз біркелкі кеңейтілген жең үлгісін дайындаймыз. Жең ені үлкейуіне байланысты жеңнің жоғарғы иін сызығын шамалы көтереді (1,5см), сондай-ақ жеңді кеңейту көлеміне қарай, осы шаманың 1/3-жең ұзындығына қойып оны ұзартады. Бұл жең аузына манжет салынады.
Осы суретте берілген модельдерді дәптеріңе көшіріп алған соң, өз ойларыңнан басқа жең түрлерін эскизін дайындап оны модельдеуге кірісіңдер.
