Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КМО практика.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14.24 Mб
Скачать

Жүмысқа қажетті сүрақтар

  1. Жағаның қаңдай түрлерін білесіз?

  2. Сызбада мойын ойындысының кендігі қалай есептелінеді?

  3. Жота мен өңір бойындағы мойын ойындысының айырмашылығы неде?

  4. Мойын айналымының өлшемі қалай алынады?

ТЕОРИЯЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР

Әйел киімдерінің омырау торабы - жаға басты әрі маңызды, сондай-ақ сәндік роль атқарады. Жаға формасы, өлшемдері мен композициялық шешіміне қарай жағалардың бірнеше түрлері бар. Олар қондырмалы, тұгас пішілген, кұрама (мұнда жағаның жеке бөлігі тұтас пішіледі) жағалар.

Жағаның пішіміне қарай - тік, қайырмалы және жайылмалы түрлері бар. Тік жаға желе негізінде кұралып бір тіреуден тұрады (1а-суретте), оның ұшы кейде бантқа, галстукке және тағы сол сияқгы басқа пішімге өзгертілуі мүмкін (1 сурет,б)

Жаға сызбасын сызуда жағаның ортаңғы тіреу сызығы мен жағаның мойын ойындысының қосымша сызығы конструктивті мәнге ие. Жағаның конструкторлы формасына сай жаға енін ОВ=1,5—11,0см шамада алады. Мысалы, жаға тіреуі биік болатын болса, онда бұл шама өте аз болады, егер жаға тіреуі шамалы болса немесе жазық жағаға бұл шама үлкен болады.

Түймелігі тамак, астына жететін көйлек жағасы Қондырмалы тік жаға

  1. О нүктесінің төбесінен тік бұрыш сызамыз.

  2. ОВ=2,5÷4,5см жаға биіктігін белгілейміз.

  3. О нүктесінен оңға қарай ОА=арқа бойындағы жаға ойығы сызығы+алдыңғы бойдағы жаға ойығы сызығы, өлшемде А нүктесін белгілейміз.

  4. А нүктесінен жоғары қарай сызық жұргізіп В нүктесінен жаға ені сызығымен қиылысуында А перпендикуляр В =А1 нүктесін табамыз.

  5. Жаға ұшын модельге байланысты безендіруге болады

  6. Мойынға қынамалы болатын тік жаға сызбасын сызу үшін мынадай өзгеріс енгізуге болады

  7. А1А2-Ісм кесіндісін белгілеу

  8. ОА:3=О1 нүктесін табамыз.

  9. О1 нүктесін А2 нүктесімен қосып сызамыз.

  10. А2 нүктесінен А2О1 перпендикуляр түсіріп оған А2А3-ОВ тік жаға ені қойылады.

  11. А3 және В нүктелерін ирек сызықпен қосамыз. Тіктеме жаға ені мен төменгі сызық параллель болуы тиіс. негізгі жіп бағыты жаға ені ортасынан өтеді.

Қондырмалы тік жаға- хомут, (1 сурет, в). Хомут-жаға ерекшелігі тірегінде,

себебі жағаның жұмсақ формасы.

Жағаның ені жағаның астарына тұтас пішілген еніне тең, тік бұрышты.

Бұл жаға жіптің негізіне 45 градуста пішіледі.

Тіктемесімен жартылай пішілген қайырма жаға

  1. О нүктесінің төбесінен тік бұрыш жүргізу.

  2. Тік жағаның биіктігі және жағаның ені жағаның ортасының қайыру сызығына байланысты. ОВ=1,0÷12см.

  3. Неғұрлым биік болған сайын оның қайыру сызығы аз болады, яғни қайыру сызығы аз болған сайын жаға ұшының ені соғұрлым көп болады.

Тік жағаның биіктігі ВВ1=1,5÷4см.

  1. Ортаңғы жағаның ені ВВ2=7÷6см

  2. Радиусты В нүктесінен Арқа бойыңдағы жаға ойындысы ұзындығы және алдыңғы бойдағы жаға ойығы сызығы ұзындығына тең доға жүргізіледі.

  3. Горизонтальды О нүктесінен оның қиылысу нүктесін А деп белгілейміз.

  4. ВА арқа бойыңдағы жаға ойындысы ұзындығы, алдыңғы бойдағы жаға ойындысы сызығының ұзындығына тең.

  5. Тіктеменің бүгілу сызығы 0,5÷3,5см

  6. ВА қиындысын екіге бөліп, оған перпендикуляр жүргіземіз және тіктеменің бүгілу өлшемі алынып тасталынады. Тік жаганың қиындысы ирек сызықпен белгіленеді. Жаға ұшы сызығын модельге байланысты белгілейміз.