- •М.Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті
- •Мазмұны
- •І. Киімді констукциялау жөнінде жалпы мәліметтер
- •Адам денесінің өлшемдерін алу техникасы
- •Иық орамындағы еркін қозғалысты жеңілдетуге қосымшылар (Поп)
- •Мектеп жасындағы қыздардың типті өлшемі
- •Ê еуденi» бiрiншi жарты айналымы
- •Бел сызы¹ыны» жарты айналымы Мыºынны» жарты айналымы
- •Жұмыстың мазмұны
- •Жұмыстың мазмұны
- •Әдебиеттер
- •Теориялық мағлұматтар
- •Конусты формалы белшалғы
- •Консустық белшалғы түрлері қиық белшалғы
- •Нұсқау картасы
- •Жұмыстың мазмұны:
- •Теориялық мағлұматтар
- •Түнгі көйлек сызбасын сызу
- •Көйлек сызбасын сызу және есептеу
- •02, 03, О4 нүктелерінен вертикаль жүргізіп оларды қиылысқан нүктелерді р2, л2, м2,Рл. Л3, м3, р4, л4, м4 деп белгілейміз.
- •Жең сызбасы
- •Жұмыстың барысы
- •Әдебиеттер
- •Жұмысқа қажетті сұрақтар
- •Жүмысқа қажетті сүрақтар
- •Түймелігі тамак, астына жететін көйлек жағасы Қондырмалы тік жаға
- •Тіктемесімен жартылай пішілген қайырма жаға
- •Тіктемесі түтас пішілген қайырма жаға
- •Жазық жатық жағалар
- •Қайырма жатық жаға сызбалары
- •Тік қайырма жаға түрлері іі бөлім: киімді модельдеу негізі
- •Белшалғы түрлерін модельдеу
- •Шалбардың түрлері
- •Жұмысты талқылап, қорытынды жасау. Қажетті құралдар мен материалдар-
- •Теориялық мәліметтер
- •Теориялық мәліметтер
- •Жүмысқа қажетті нұсқаулар
- •Көкірек бүкпесін рельэфті тігістерге ауыстыру
- •Көкірек бүкпесінің орнын ауыстыру арқылы модельдеу
- •Жұмыстың мазмұны
- •Жұмысқа қажетті сұрақтар
- •Жилеттің тор сызбасын сызу
- •Мойын сызығы
- •Жұмыстың мазмұны:
- •Әдебиеттер
- •Теориялық мәліметтер
- •Жұмыстың мазмұны:
- •Әдебиеттер
- •Теориялық мәліметтер
- •Қолданылған әдебиеттер
Жилеттің тор сызбасын сызу
Біріншіден горизонталь және вертикаль сызықтар сызылады. Екі сызықтың басталған нүктесін А әрпімен белгілеп, А дан төмен тік сызық бойынша жилет ұзындығын белгілейміз.
АН = Бұ = 60
А нүктеден оңға В нүктесіне қарай көкірек айналымының жарымы қойылады. АВ = К а =Қ = 44+2см =46см.
АВ кесіндісіне паралель НН1 сызығын сызып АВН1Н тік бұрышын сызамыз.
АТ арқаның белге дейінгі ұзындығына тең.
АТ = Абұ =36см.
АГ нүктесін табу үшін көкірек айналымын үшке бөліп оны 5см-ге қосқанда тең болады.
АГ = Ка = 3+5см.= 44:3+5см = 19,7 см.
Г нүктеден АВ-ға паралель сызық сызылады. Бұл көкірек сызығы болады. Г нүктеден төмен бел және мықынға дейін ұзындық 16÷18см өлшеп қойылады.
ТН = 16
Бұл нүктеден оңға сызық жүргізіледі. Арқаның ені Г нүктеден оңға арқа бойының ені өлшеп қойылады, оны Г2 әрпімен белгілейміз.
ГГ2 = Ае = 16,1
Г2 нүктесін ГГ2 АГ нүктесіне паралель жүргіземіз де А1 әрпімен белгілейміз.
Жең ойындысын табу үшін
Г2Г3 =Ка : 4 = 44 : 4 = 11см.
Г2 және Г3 нүктелерінен жоғары қарай тік сызықтар сызып, В1Г1 нүктелеріне Г3В1 сызығын паралель жүргіземіз.
Жең сызығын сызу. Г2Г3 кесіндісінің ортасынан тауып, Г4 нүктесі төмен бүйір сызық сызылады. Киім екі бөліктен, артқы және алдыңғы бөліктен тұратын болады.
Мойын сызығы
А Арқа
Г Г2 |
Жең тереңдігі
Г4 |
В
Алды
Г3 |
|
Көкірек
Т Бел |
Сызығы
Сызығы
|
||
Мықын Б |
Сызығы Б2 Б4 |
||
Жұмыс барысы
Жаға тереңдігінің ені. А нүктеден оңға мойын айналымының үштен бір бөлігінің 0,5 см. қосылып сызылады.
АР = Ма : 3 + 0,5 = 17,5 : 3 + 0,5 = 6см.
Жаға тереңдігінің биіктігінің тұрақты: 2см : РР = 2см.
Иықтың бүкпесі 1,5см-ден 2,5см-ге шейін иықтың тұрғызылуына қарап алынады: А2А3 = 1,5 см. А13 нүктесінен 3 см түсіріп қосымша нүкте табамыз. Р1А2=4 см
Иықтың ұзындығы.
Р1 нүктеден иық қиындысын сызамыз П = Ие + 1,5см бүкпе ені қосылып Р1П = 13+1,5 = 14,5 өлшеп қоямыз. Бұл бүкпенің тереңдігі 7 немесе 8см. Жең тереңдігін сызу үшін қосымша нүктелерді пайдаланамыз. Ол үшін А1Г2 = А1Г2 : 4= 19,7 : 4 = 5см. Төменгі бір бөлігі Х нүкте жоғарғы бөлігін А нүктесі деп белгілейміз. Г2 нүктеден тұрақты шаманың өлшемі Г20 немесе 3см.етіп Г4 нүктесін белгілейміз. П нүктесін Х нүктесімен О және Г4 нүктелерімен біріктіреміз, артқы бөліктің жең ойындысы сызылды.
Алдыңғы бой сызығы.
Алдыңғы бойдың жаға тереңдігінің жоғарғы нүктесін анықтау үшін көкірек сызығы Г1 нүктеден жоғарға Г1В1 = Ка : 2 + 1 бойынша жаңадан анықтаған КБ = 22см өлшеп алынады. Г1В1 = К6 өлшеп қою үшін Г1В1 = Ка : 2 + 1 бойынша формула барлық денеге тура келе бермейді.
Иық кесіндісін сызу В2П1 кесіндісінің жоғарыдағы төрттен бір бөлігін А4 деп белгілейміз. В2 нүктесін А4 нүктесімен біріктіреміз. В2 нүктесінен солға тұрақты өлшем 4 см. өлшеп В4 әрпін белгілейміз.
Көкірек бүкпесін сызу.
Г1 нүктеден солға көкірек сызығы үстімен Кнц = 9см. өлшеп Г5 нүктесін белгілейміз.
Г5 және В4 нүктелерін біріктіреміз.
Иық бүкпесінің шұңқырлығын анықтау.
В4В5 = Ка : 8 = 44 : 8 = 5,5см. өлшеп қоямыз. Көкірегі үлкендер үшін 5,5см + 1 = 6,5 см өлшеп қоямыз. Көкірегі кішкентай денелерге 5,5 – 1 = 4,5см өлшеп қоямыз.
Бүкпе жақтарын теңестіреміз.
Г3Г4 = Г5В6. Иық кесіндісі үстінен В5 нүктесін Ие = 4см = 13-4 = 9см. өлшеп қоямыз және П1 нүктесін белгілейміз. П1 ден А2Р3 кесіндісінің төрттен бір бөлігі 2х немесе тұтастырушы сызық сызамыз.
П1 нүктесінен төмен 1,5см өлшеп П2 нүктесін белгілейміз. П2 нүктесін бірітіреміз. Алдыңғы бойдың иық сызығы дайын болады және 2Х кесіндісін екіге бөлеміз оны О3 деп белгілейміз. О3О4 = 0,5см. Перпендикуляр түсіріп, ойық сызығы жүргізіледі. Г3 нүктесінен 2,5см биссектриса жүргізіліп ол нүктені О5 деп белгілейміз.Яғни алдыңғы бойдың ойық сызығы дайын болды.
Бел бүкпелерінің енін есептеу ( Ка+2) – (Ба+2) = (44+2)-(34+2) = 10см. Осы бүкпелердің суммасын алдыңғы бөлігіне 3см, артқы бөлігіне 4см, бүйір бөлігіне 3см жіктейміз.Бүкпенің тереңдігі көкірек сызығы мен мықын сызығына 4см жетпейді. Ал бүйір сызығы бел шалғыдағыдай безендіріледі.
Желет сызбасын сызу бойынша нұсқау картасы.
Р/С |
Сызбадағы кесінділер |
Есептеу формуласы |
Стандарт өлшем |
Өзінің өлшемі |
1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. |
АН АВ АТ АГ ТБ ГГ2 Г2Г3 Г2Г4 |
Сетканы сызу Б.ұз Ка + 2:4 Абұ Ка:3+5 Тұрақты өлшем Ке Ка: 4 Г2Г3:2 |
60 46 36 19,7 16-18 17,5 11 5,5 |
16 |
9. 10 11 12.. 13.. 14. |
АР РР1 А1А3 Р1П Г2О Г2Х |
Артқы бойды сызу Ма : 3+0,5 Тұрақты өлшем Тұрақты өлшем Кв + 1,5 Тұрақты өлшем Г2А1:4 Артқы иық бүкпесі 1,5 * 7 |
6 2 2 14,5 3 5 |
2 2 |
15. 16.
17. 18. 19. 20. 21. 22. 23. 24. 25. 26. |
Г2В1 В1В2
ВВ3 В2В4 О1О2 Г1Г5 В1В5 В4Г5 В5П1 П1П2 О3О4 Г3О5 |
Алдыңғы бойды сызу К6 Ка:2+1 Ма:3+0,5 Тұрақты өлшем Тұрақты өлшем Тұрақты өлшем Кнц Ка:8(> +1) (< -1) Г5В6 К6-4 Тұрақты өлшем Тұрақты өлшем Тұрақты өлшем
|
22 6 3,5 4 1,5 9 5,5
9 1,5 0,5 2,5 |
3,5 4 1,5
1,5 0,5 2,5 |
Лабораториялық жұмыс
Тақырыбы: Иық бұйымдарын қондырудағы ақаулар және оларды жою.
Мақсаты: Киімнің классификациясымен танысып, киімнің өлшемін алуға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Жұмыстың мазмұны:
Теориялық бөлімін оқып шығу, конспектілеу.
Киімнің өлшемін алып, жұмысты дәптерге түсіру.
Әдебиеттер
Л.П. Чижикова «Кружкова конструирование».-1999г
Л.П. Костецкая., Л.П. Чижикова «Конструирование и модельирование одежды». 5-7 кл. Пособие для учителей. 1990г.
Шаңырық үй тұрмыс энциклопедия. 1999ж.
Р.И. Егорова., В.П. Монастырная. «Іс тіге біл». 1993ж.
Теориялық мәліметтер
№ |
Ақау түрі |
Себептері |
Жою тәсілдері |
1 |
Артқы бой ойындысы кең болып тұлғаға қонбайды
|
Құрастырған кезде тұлғаның ерекшеліктері ескерілмеген: а) жауырын шығыңқы; б) иықтары төмен |
а) Ойынды бойынша матаның артығын пайдаланып, артқы бойдың иық қиығына қосымша қондырма жасап немесе қатарманың саласын үлкейту керек; б) Артқы бойдың иық қиығының шетінен артқы мата бөлігін алып, ал тамақ тұсында жазып жіберу.
|
2 |
Алдыңғы бойдың ойындысы (шалғыйы) кең болып тұлғаға қонбайды.
|
а) Көкірек қатармасының саласы жеткіліксіз; б) Кеуделік ойындының жоғарғы нүктесі көтеріліп кеткен. |
а) Пішу кезінде көрсетілген матаның қосалқы бөлкмерін пайдалана, көкірек қатармасының саласын үлкейту; б) Кеуделік ойынды жоғары нүктесінен матаның артқы жерін алып ойындының тереңдігін кішірейту; қажет болған жағдайда ойындыны тереңдетуге болады. |
3 |
Артқы бойдың иық тігісінен тамақ астына дейінгі көлденең қыртыстар.
|
Артқы бойдағы желке ойындысының тарлау болуы. |
Артқы бойдың иық қиығын ортасына қарай, алдыңғы бойға қатысты етіп жылжыту, тамақ ойындысындағы матаның артығын қиып алу; ойыққа матаның босалқы бөлігін жіберу. |
4 |
Иық тігісі мен тамақ ойындысының жоғарғы жағы нан алдына қарай көлбеу қыртыстар.
|
а) Тамақ ойындысының ені молйын шеңберіне сәйкес емес; б) Жағаның ұзындығын ойынды бойынша қысқарған; в) Тамақ ойындысы төмен түсірілген |
а) Тамақ ойындысын кеңейту; б) Жағаны үлкейту; в) Тамақ ойындысындағы матаның босалқы бөлігін жіберіп, мойынның биіктігін өсіру; г) Кеуделікті артқы бойдыңойындысына қатысты жылжыту. |
5 |
Алдыңғы қатармадан көлбеу қыртыстар
|
Қатарманың саласы үлкейтілген |
Матаның босалқы бөлігін бүйір тігісіне алып немесе қосымша қатарма жасап қатарманың саласын кішірейту.
|
6 |
Бел бойындағы бүйір тігісінен жоғары көлбеу қыртыстар
|
Қатарманың саласы үлкейтілген (бүйір тігісінің) |
Бел бойында бүйір тігісі бойынша матаның босалқы бөлігін жіберу қажет болса алдыңғы қатарманың саласын осынша шамаға үлкейтуге болады, не қосымша қатарма жасау керек.
|
7 |
Көкірекшедегі салбырап тұрған көлденең қыртыстар
|
Көкірекшенің алды ұзарған-тамақ ойындысының биіктігін үлкейтілген. |
Иық қиығының бүкіл ұзына бойында матаның босалқы бөлігін ала отырып көкірекшенің алдының ұзындығын кішірейту керек.
|
8 |
Иық тігістері алдыға қарай жылжиды артқы бой бұл кезде көтеріліп тұрады.
|
Тамақ ойындысының биіктігі төмен түскен және алдыңғы ойығының биіктігі жеткіліксіз. |
Иық қиығының бүкілұзына бойын және тамақ тілігіне матаның босалқы бөлігін жібере отырып көкірекшенің алдыңғы бөлігін ұзарту. Егер бұл әдіп жеткіліксіз болса, онда алдының бүйір қиығына артқы бой бойынша жылжыту керек; алдын жоғары көтереді; осы шамаға ойындыны тереңдетіп, алдын да ұзартады. |
9 |
Қынама киімдердегі қатармалар мен бүйір тігістеріненшыққан көлбеу қыртыстар; артқы бой бұл кезде белі қыналмайды.
|
Бел сызығы көтеріңкі |
Пішінге байланысты белдің жаңа сызықтары бойынша қатармалар мен бүйір қиықтары болмен қайта жүргізу керек.
|
10 |
Иық тігістері артқы бой жаққа жылжиды, алды бұл көтерііп кетеді.
|
Артқы бойдың ұзындығы пішінге сәйкес емес. |
Иық қиығы мен мойынның бүкіл ұзына бойына матының босалқы бөлігін жібере артқы бойды ұзарту. Егер босалқысы аз болса не жоқ болса, онда ртқы бойды бүйір тігісі бойынша жоғары көтере төменгі әдіптің есебінен ұзартады. Ойындыны осы шамамен тереңдетеді. |
11 |
Жеңнің төмені көтеріліп кетеді.
|
Жеңі қысқа. |
Жеңнің биіктігі жеңнің бойы мен төменгі жағындағы әдіптің есебінен үлкейту. |
12 |
Алдыңғы құлама бөлігіндегі көлденең қыртыстар.
|
а) женнің ені тар; б) жең дұрыс тепшілмеген. |
а) жеңнің енін кеңейту; б) жең бойының жоғарғы нүктесін жылжыту. |
13 |
Бедер бойның бостығы кеуде шығыңқылығынан жоғары.
|
Кеудеге бедерлеп салынған қатарма қысқа болған. |
Қатарманы кеуденің жоғарғы нүктесіне дейін ұзарту керек. |
14 |
өңірлері төменнен ашылып кеткен.
|
Киімнің арақатынасы бұзылған; а) алдының белге дейінгі ұзындығының мөлшері үлкейтілген. |
а) өңір жағынан артығын иық тігісіне әкету және тамақ ойындысын тереңдету керек. б) бүйір тігісінен босалқы бөлігін түсіру.
|
15 |
Өңірлері бір-біріне ілгері кіріп кеткен.
|
Киімнің арақатынасы бұзылған алдының белге дейінгі ұзындығы ның шамасы азайтылған. |
Иық қиығының және тамақ өңірінің қосалқы бөлігін шығару керек. |
Тақырыбы: Белшалғы пішудегі кемшіліктер және оларды жөндеу.
Мақсаты: Киімнің классификациясымен танысып, киімнің өлшемін алуға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
