Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КМО практика.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14.24 Mб
Скачать

Әдебиеттер

  1. Шершнева Л.Н. Әйел және балалар киімдерін конструкциялау.

  2. Бланк А.Ф., Фомина З.М. Практическая книга по моделированию женской одежды.-3-е изд., стереотипное.-М.:Легпромбытиздат, 1992.-256 с.:ил.

Жұмысқа қажетті сұрақтар

  1. Жең пішімдеріне байланысты қандай түрлерге бөлінеді?

  2. Реглан жеңнің қандай түрлерін білесіз?

  3. Қондырмалы жеңнің қандай түрлері бар?

  4. Жең сызбасын сызуға қандай өлшемдер қажет?

Реглан жеңді киім үлгілері 19 ғасырдың аяғында европалық киімдерде пайда болды. Бұл жең ағылшын генералы лорд Регланның атымен аталды, олай болуына себеп ол осындай жең үлгісіндегі әскери киімдер еңгізді. Сондықтан реглан жеңді киімдер алғашында ерлер киімдерінде қолданылып, көп кешікпей әйел киімдерінде кеңінен қолдана бастады.

Реглан жеңнің пішіміне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

1.Кәдімгі реглан (1а суретте). Жең ойығы сызығы өңір мен жота бойдың жаға ойынды сызығының жоғарғы нүктесінен 1,5-2,5 см төмен ирек сызық түрінде қолтық түбіне қарай бағытталады.

2.Нөлдік реглан (1б суретте). Өңір мен жота бойдың жең ойық сызығы жаға ойындысының ең жоғарғы нүктесінен яғни сызбадағы А2 мен А4 нүктелерінен қолтық түбіне қарай дөңестеліп сызылады.

3.Погонды реглан (1в сурет). Жең ойығы сызығы жаға ойындысының жоғарғы нүктесінен 4-8 см төмен алынып, иық кесіндісіне бағыттас жүргізіп, сонан соң мүшелену деңгейінде жең түбіне қарай ирек сызықпен жүргізіледі.

4.Жартылай реглан (1г сурет). Жең ойығы сызығы өңір, жота бөліктердің иық кесіндісінің жартысынан жең түбіне қарай сызылады.

5.Фантазиялық реглан (1д сурет). Жең түбі ойығынан басталып өңір мен жота бөлігінде алуан түрлі формаға ие болуы ықтимал.

Реглан пішіміндегі жең өзінің өлшемдері, формасы, мүшеленген жүйелерінің саны, жең түбі ойық тереңдігі мен етек жағының түрге келуі жеңінен алуан түрлі болуы ықтимал.

Ені бойынша біркелкі кеңейтілген, кең жіңішке (2а сурет), төменгі жағы кеңейтілген (2б сурет) жеңдер кездеседі. Реглан пішімдегі тарлау жең сирек кездеседі. Себебі олар қолдың еркін қимылдарын тежейді. Егер мұндай жеңдер тігетін болса онда көбіне жең түбіне қолтырмаш (ластовица) қондырылады. Жең аузына қарай тарылған жеңдерді шынтақ тұсынан да бүкпе салынған дұрыс/ Жең аузы сырмалы да, бүрмелі де, манжетті де (қиыстырылуыда, желбіреукті де, қондырмалы да және т.б.) болуы мүмкін.

Реглан жең конфигурациясы кеуденің иық белдеуінің көзге түсуіне елеулі ықпал етеді.

Реглан жеңді киім сызбасын құрған кезде кеуде айналымына Ка қосылатын қосымша Қ біршаманы арттыру тиіс, яғни ойықты кеңейтіп, тереңдетіледі, жең ойығы жүйесі бойынша жең кеңейтіліп, оның иілу бұрышы азайтылады.

Әйел киімдері үшін ҚКа = 6 см және Қжтүб. – 2,5 см. Жеңнің жоғары кесіндісінің иілу бұрышын 20-35 болғандығын, сондай-ақ Қка қосымшасын учаскелер бойынша мына қатынаста: жота бөлігіне 30%, жең ойындысына 50%, өңірге 20% пайыз үлестіргенді тиімді деп есептейді.

Реглан пішімді киім бөліктерінің сызбасын графикалық және есептеу сияқты екі түрлі әдісімен құрылуы мүмкін.

Графикалық әдіс бойынша реглан жеңді киім бөліктерінің сызбасын сызу.

Ол үшін өңір мен жота бөліктің сызбасында реглан пішімдегі жең ойығы сызығы жүргізіледі. Сонан соң жоғары орналасқан бөліктерді қиып алып, жеңдерге көшіреді. Мұнда П3 нүктесін П3І нүктесімен, П6 нүктесін П6І нүктесімен біріктіреді (з суретте). Бұл әдіс негізінен күрделі ойдан туған формалардың сызбасын сызу кезінде пайдаланылады.

Қондырмалы жеңді және реглан пішімдегі жеңі бар бұйымдар конструкциялары негіздерінің аралығында принципті айырмашылығы жоқ. Өзгерістердің тек ойық жүйелерінің жоғары бөліктерін түрге келтіруге ғана қатысы бар. Сондықтан реглан пішімдегі жеңіл киімдер детальдарының чертеждерін құру, қондырма жеңді бұйымдардың чертежін құрудың жоғарыда атап көрсетілген кезеңдері мен есеп-қисаптарын сақтай отырып жүргізеді.

Құрылым бүкпе тігістерді өңір бойлықтағы иық кесіндісінен омырау жүйесіне көшіруден және жота бойлықтағы жоғарғы контур жүйелерін үстіне көшіруден басталады. А нүктесінен вертикаль бойынша 0,5 см жоғары көтеріп, А0 нүктесін қояды. АА0=0,5 см. Перпендикулярдағы А2 нүктесінен иық жүйесіне АА0 кесіндісіне тең - А2А21 кесіндісін көтереді. Жота бойлықтағы мойын ойығы жүйесін А0А21 нүктелері арқылы өтетін толқымалы қисық сызық арқылы түрге келтіреді.

Перпендикулярдағы П1 нүктесінен иық жүйесіне 1 см көтереді, сөйтіп П11 нүктесі пайда болады, яғни, П1П11=1 см.

А21 және П11 нүктелері тікелей жалғастырылады.

Жота бойлық ойығының төбесін (О1 нүктесі) А мойын ойығы жүйесі бойынша А21 нүктесінен 0-4 см жоғары көтеру арқылы алады. А21О1=0…4 см. Егер ойық жүйесі осы тұста томпақтау болса онда О1 және П3 нүктелері тікелей жалғастырылады (суретте көрсетілген), егер ол тік болса онда ойықтың төменгі бөлігіне жанама жүргізіледі. Осы жанаманың аГ1 вертикалімен қиылысу нүктесін П31 әрпімен белгілейді. Қосымша О2 нүктесі О1П31 кесіндісінің орта тұсында жатады. Яғни О1О2=0,5 О1П31. О2 нүктесінен ОП-ге тікелей перпендикуляр тұрғызылып, ОП кесіндісі жоғары көтеріледі.

ОО =1…4 см. О2О3 кесіндісінің ұзындығы модель бойынша алынады. Бұл кесіндіні ұзарта түсу иық тұсын көзге кеңдеу ғып көрсетуге әсер етеді.

Жота бойлық ойығының жүйесін О1, О3, П31, Г11 және Г2 нүктелері арқылы жүргізіледі. П31 нүктесінен төменірек учаскеде ойық жүйесін қондырма жеңді бұйымда қалай жүргізілсе нақ солай жүргізіледі.

Өңір ойығын құру кезінде өңір ойығы төбесінің орналасуын анықтайтын кесіндіні мойын ойығы П жүйесі бойынша А4 нүктесінен төмен түсіреді. Кесіндінің ұшы С0 әрпімен белгіленеді. АС021О1=2,5 см. Пайда болған С нүктесі арқылы оның оң жағынан жоғарғы тігістің жаңа жүйесін тартады. Тігістің сол жағын оң жағымен теңестіріп, оны сол жақтағы А9Г7С=А9Г7С0 бұрышына тартады. Г7С=Г7С0.

Төменгі бөліктегі ойық жүйесіне жанасатын С нүктесінен төмен қарай тіке жүйе жүргізіледі. Оның А2Г4 вертикалімен белгілейді. Неғұрлым томпақтау жүйе алу үшін С нүктесін П6 нүктесімен жалғастырады.

СП61 кесіндісінің орта тұсынан (С1 нүктесінен) сол перпендикуляр тұрғызып, оған С1С2 кесіндісін көтереді. С1С22О3=1,5 см.

Ойық жүйесі С1С2, П61, Г41, Г2 нүктелері арқылы жүргізіледі.

Жең чертежінің құрылымы оның жоғарғы кесіндісінің иілу бұрышын анықтаудан басталады. Жең жұмсақ формалы болғанда оның жоғарғы кесіндісі А21П11 иық кесіндісі жүйесінің жалғасына сәйкес келеді.

Жеңнің жоғарғы кесіндісінің жүйесі таңдап алған бұрышты ескере отырып, П11 нүктесінен төмен көтеріледі. П11М=Д. М нүктесінен П11М кесіндісі жағына перпендикуляр тұрғызылып, одан жең енінің тең жарымы төмен түсіріледі.

ММ1=(Озап0зап)/2+1.

Шынтақ жүйесінің деңгейін П11Л=Дшынтақ кесіндісімен анықталады. Шынтақ жүйесі П11М кесіндісіне перпендикуляр жүргізіледі.

Жеңнің шынтақтап жоғары кесіндісі А21П11 және М нүктелері арқылы өтетін толқын тәрізді томпақ қисық түрінде болады.

Қосымша 0,5 нүктесі ГГ2 горизонталына Г1 нүктесінің оң жағына 1-2 см қашықтықта қойылады. Г1О5=1 см.

О5 нүктесі арқылы П11М кесіндісіне перпендикуляр жең түбі енінің жүйесі жүргізіледі. Оның П11М жүйесімен қиылысу нүктесі Р әрпімен белгіленеді. Ортасынан П11Р кесіндісіне тең радиус пен П11 нүктесіне доға жүргізіледі. Осы доғаның иық жүйесінің жалғасымен қиылысу нүктесі О4 деп белгілейді.

Ортасынан О1П31 (немесе О1П3) кесіндісіне тең радиуспен О1 нүктесіне доға жүргізіледі. Оның хордасының сол жағына еркін қозғалысты қамтамасыз етуге қажетті ойықтың бойлай босанқы (посадка) жасауға арналған ұзындығы 1-2 см тең П31П32 (немесе П П ) кесіндісі көтеріледі. Бұл кесіндінің ұзындығы жоғарғы кесіндінің иілу бұрышына байланысты болады. Бұрыш қаншалық үлкен болса, П31П32 кесіндісі де соншалық ұзын болады.

П32 нүктесінен 0,7 см қосылған П31Г2 (немесе П3Г3) кесіндісіне тең радиуспен жең ені жүйесінің жалғасына кертпе жасайды да, О6 нүктесін қояды. П32О6 тең учаскесі П31Г2 ойық учаскесінің айнадағы бейнесі ретінде қабылданады.

Жеңді иыққа қондыру жүйесі О1О3П32 және О6 нүктелері арқылы өтетін бір қалыпты қисық сызықпен бейнеленеді.

О6 нүктесін М1 нүктесімен тікелей жалғастырып, оның шынтақ жүйесімен қиылысын Л1 мен белгілейді.

Жеңнің шынтақтан төмен кесіндісі толқын тәрізді томпайған қисық түрінде болады. Шынтақ жүйесіндегі сырма айқырмасы 0,7-1 см, яғни Л1Л11=0,7…1 см болады.

Жең жұмсақ формада болғанда төменгі кесінді жүйесін О6 нүктесінен жеңнің жоғарғы П11М кесіндісіне параллель жеңнің білек жүйесімен қиылысқанға жүргізіледі. Қиылысу нүктесін М11-мен белгіленеді.

Жең білегі М және М1 нүктелері арқылы өтетін томпақ қисық түрінде болады. Ортаңғы бөлігінің томпақтығы 0,7-1 см. Тар жеңге шынтақ сырмасын жобалаған жең, оның айқырмасы Л нүктесінен оңға қарай сырылады. Л1Л2=2…2,5 см.

Л және Л2 нүктелері өзара тікелей жалғастырылып, салыстырмалы түрде жеңнің төменгі бөлігі (М11 және М21 нүктелері) алшақтатылады. Шынтақ сырмасының ұзындығы әдетте 7-8 см-ге тең болады. Чертеждегі Л3 нүктесі жең бүкпесінің ортақ жүйесіне 1-2 см жетпей тұруы тиіс. Сырманың екі жағы да (Л2Л31Л3) тексеріліп, 0,5-0,7 см-ге ұзартылады.

Жеңнің шынтақтан төмен толқынды қисық түрінде болады. Шынтақ жүйесіндегі сырма айқармасы 0,7-1 см, яғни Л1Л11=0,7…1 см болады.

О6Л11 және Л12М21 нүктелерін жалғастырады.

Жеңнің алдыңғы жартысының жоғарғы кесіндісінің бағыты жеңнің білектен жоғарғы кесіндісінің таңдап алынған бағытымен сәйкес келуі тиіс. Жұмсақ формалы бұйымдарда жеңнің алдыңғы жартысының үстінгі кесіндісінің жүйесін А9П5 иық кесіндісінің жалғасы ретінде жүргізіледі. Жекелеген жағдайларда оның бағытын мынадай құрылым анықтайды.

П5 нүктесінен орталық ретінде артқы бойлық чертежіндегі П11Р кесіндісіне тең радиуспен доға жүргізіледі де Р1 нүктесі қойлады. Хорда бойынша артқы бойлық чертежіндегі О4Р-ге тең Р1С3 кесіндісі көрсетіледі. С3 нүктесі П5 нүктесімен жалғастырылады.

С нүктесінен СП6 радиусы мен доға жүргізіледі, ал хордасы бойынша П нүктесінің оң жағына 1,5-2,5 см жегереді де С4 нүкте қойылады.

Жеңнің білек кесіндісі төбесінің жағдайы (С5 нүктесі) екі доғаның қиылысқан жерінде анықталады. Оның бірін орта тұстан ойыққа жеңді қондыруға арналған 0,5 см қоса есептелген П6Г2 кесіндісіне жең радиуспен С4 нүктесінде жүргізіледі. Екінші доғаны орта тұстан жеңнің шынтақ бөлігіндегі 2-2,5 см қысқартылып тасталған чертеждегі РО6 кесіндісіне тең радиуспен С3 нүктесінде жүргізіледі С4С56Г2 0,5 см; С3С56-(2…2,5) см.

Жеңнің С4С5 учаскесін ПГ ойығы учаскесін айнадан көрінген бейнесі ретінде түрлендіреді. С3 нүктесінен төмен қарай С3С5 кесіндісіне перпендикуляр жүйе жүргізіледі. Осы жүйемен жеңнің ұзындығын көтеріп, М2 нүктесін қояды. С3М2=РМ (жеңнің шынтақ жартысының чертежінен).

Шынтақ жағдайын жеңнің шынтақ жартысы чертежіндегі РЛ кесіндісіне тең С3Л4 кесіндісі анықтайды.

Жеңнің жартысының жоғарғы кесіндісі А9, П5, С3, Л4 және М2 нүктелері арқылы жүргізіледі. Жеңнің жоғарғы кесіндісін иық тұсында жасауды иықтардың моделі мен формасы (биік, )

Егер жеңнің білек тұсында тігіс жобаланса, онда білектің шынтақтан жоғарғы білекке дейінгі тұсындағы тігіс оңға қарай жүргізіледі: М2М3ММ11 (жеңнің шынтақ тұсындағы чертежінен).

Жең ұшы мен шынтақ жүйесі С3М2 кесіндісіне жіп жүргізіледі. Жең ұшының кеңдігі М2М4 мына формула бойынша анықталады:

М М =0,5 (0зап + П0.зап.)-1

С5 және М4 нүктелері қосымша сызықтар арқылы тікелей жалғасады. Жең ұшының төменгі кесіндісі қисық жүйемен белгіленеді. Шынтақ жүйесі деңгейіндегі Л5Л6 бүктемесі артқы бойлық чертежінің Л1Л11 кесіндісіне тең болады.

Егер жең жұмсақ болса оның төменгі кесіндісінің жүйесі жоғарғы кесіндісіне, былайша айтқанда С3М2 кесіндісіне, параллель жүргізіледі.

Жең ұшы бір қалыпты икемді көмкеріледі. Жеңнің иық тұсындағы бүктемесі 0,7…1 см тең болады.

Реглан жең сызбасын шаблонды әдіспен сызу

Графикалық әдіспен регланды жең сызбасын сызу

тақырыбы: ЖАҒА СЫЗБАСЫН КҰРАСТЫРУ

мақсаты Студентерді түрлі пішімді жаға сызбасын сызуға үйрету.

Қажетті құрал-жабдықтар: Масштабты сызғыш, дәптер, өшіргіш, қалам.

ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ

  1. Теориялық бөлімді оқып шығу.

  2. Қайырма жағаның сызбасын сызу (мойын астына дейін түймеленетін киімнің жағасы)

  3. Тік жаға сызбасын сызу.

  4. Ашық омырауға арналған қайырмалы жаға сызбасын сызу.

  5. Шәлі жөне апаш жаға сызбасын сызу.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Шершнева Л.Н. Әйел және балалар киімдерін конструкциялау.

  2. Мельникова Л.В., Н.П. Земзанго. Обработка тканей. Учебное пособие для учачихся 9-10 кл. сред. общеобразован. шк. -М., Просвещение,1986,-208стр.

  3. Матузова Е.М., Соколова И.Р. Гончарук Н.С. Разработка конструкции женских швейных изделии по моделями. -Изд. 2-е испр. и доп.- М. Легкая и пищевая промышленность, 1983-224стр.

  4. Бланк А.Ф., Фомина З.М. Практическое книга по моделированию женской одежды -3-е изд. -М, Легпромбытиздат, 1992.-256 стр., илл.