Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КМО практика.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14.24 Mб
Скачать

Жүмысқа қажетті нұсқаулар

Жұмыстың алдыңда студенттер казіргі замавдағы мода ағымында кездсетін иықгы бұйымдардың пішіміне көңіл аударып, танысып шығып, бұйымның конструкциялық ерекшеліктерін көрсетіп жүмысшы дөптерге модель жайында талдау жасайды. Студенттер альбомға көкірек модельдің алдынан және артынан графикалық эскизін жасайды. Эскиз модельдің пішіліп, конструкторлық шешімін, бұйымның жеке бөліктерінің сәнді безендірілуін айқын көрсетуі қажет. Модельдің эскиздері ретімен белгіленіп олардың ерекшеліктері кестеге жазылады. Кесте 1.

Универсалды үлгі арқылы модельдеу әдісі.

Көкірек негізінің универсалды үлгісі арқылы кажетті конструкциялы модельдеу әдісі көкірек бүкпесінің орнын онан өрі тез ауыстыруға болады. Ал, студенттер модельдің кеудесін универсалды үлгі арқылы мұғалімнің берген тапсырмасымен немесе өздері тандап алған эскиз бойынша жобалайды.

Кеудені шаблон арқылы модельдеу өдісі.

Студентер аоьбомға эскиз жасап, оны М 1:4, М1:5 масштабтағы шаблонмен орындайды.

Жұмысқа талдау жасап, корытындылау: Жұмысты бітірген соң, студенттер мына сұрақгарға жауап береді.

  1. Көюрекгі модельдеудің қандай өдістерін білесіз?

  2. Көкірек конструкциясының негізгі элементтерін атап шығыңыз?

  3. Көкірекі модельдеудің төсілдерін атап шығыңыз?

Жұмысты қорытындылауда мынадай жұмыстар орындалуы қажет.

  1. Кеуде моделіне талдау жасау.

  2. Альбомда модельдің эскизін жасау.

  3. Кеуде моделінің піпгімі М 1:1, М1:4.

  4. Кеудені модельдеу мен талдау альбомы.

Көкірек бүкпесін рельэфті тігістерге ауыстыру

Көкірек бүкпесінің орнын ауыстыру арқылы модельдеу

тақырыбы: Жилет сызбасын сызу әрі модельдеу

мақсаты: Жилет сызбасын сызу мен модельдеуге үйрету.

Жұмыстың мазмұны

  1. Теориялық мәліметтерді зерделеу.

  2. Жилеттің шығу тарихы жөнінде мәлімет.

  3. Өлшемі 1:4 масштабта жилет сызбасын сызу.

  4. Өлшемнің дұрыстығын тексеру, лекалдар дайындау.

Жұмысқа қажетті сұрақтар

1.Жилет сызбасын сызу үшін қандай өлшемдер қажет?

2.Жилет, қамзол дегеніміз не?

3. Жилет пішіміне қарай қандай түрлерге бөлінеді ?

4. Мойын ойындысын өңделуіне қарай қандай түрлерге бөлінеді?

Қажетті құралдар

Сантиметрлік лента, масштабты сызғыш, қара қалам, өшіргіш,бор, үшбұрыш.

Әдебиеттер

  1. Егорова Р.И.,Монастырная В.П. Іс тіге біл:5-8 кл. оқушыларына арн. кітап./ Ауд. Орынбаева Ә., Тәжіғалиев Б.- Алматы: Рауан, 1993.- 167бет.

  2. Шершнева Л.П. Основы конструрования женской и детской одежды: Учеб пособие для студентов проф тех. училищ.-М.: Легпромбытиздат,1987.-224с.

  3. Конструрования мужской и женской одежды.Учебник для нач. проф. образования / Б.С.Сакулин, Э.К.Амирова, О.В.Сакулина, А.Т.Туруханова.-МИРПО; Изд центр''Академия'',1990,-144с.

Жилет сөзін Францияның комедиялық театрының Жиля персонажынан алынған. Жилетті - ер кісілердің жеңі ұзын тізесіне дейінгі камзолдың арғы тегі деп атауға болады. Ол ХVІІ ғасырдың ішінде көйлектің сыртына киілген. Жилет-камзолдың жеңін алып тастап, ұзын күйінде қалдырылған түрі. Бірақ ХVІІІ ғасырда ол қысқартылып жилет атын алды. Ол алғашында тек ерлер киімі болды, бірақ ол тез арада әйелдерге де киім болып үлгерді.

Жилет пен жакет арасында айырмашылық аз. Бұлар: жилет-спексер; жилет кордиган, жилет блузок болып бөлінеді.

Көкірек бүкпесі бар жилет әр түрлі фасондағы түрлерге келтіруге болады, олардың астары жұмсақ матадан немесе замштан кестелем тігіледі.

Енді біз жилеттің бірнеше модельдерімен, конструкциясымен тігу технологиясымен танысамыз.

Бұл жолы жилеттің 2 моделімен танысамыз.

№1 Модель. Жилетте рельефтік тігістер бар. Бұл фигура бойынша қыналып тұрады. Алдың ашықтығы тереңсу болады. Көбінесе екі түймелік болады. Көбінесе екі түймелік болады, етегі үшкірленіп бітеді. Артқы бөлігінде де рельефті тігіс, ал етегі горизонталь болады.

№ 2 Модель

Ағытылатын жилет. Алдыңғыға қарағанда қысқарақ және кеудесіне дейін терең қиығы бар. Ұзындығы мықын сызығынан 5-6 см жоғарырақ болады. Борт қиындысы мен мойын ойындысы және етегі тесьмамен қапталған. Борттың жоғарғы жағынан 10-15 м тесьмада байлағышқа қалдырады.

Өлшем алу жолдары.

1.Майн.-мойын айналымы. Жетінші омыртқа бағанасынан мойынға дейін өлшенеді және оның жартысы жазылады.

1.Кайн.-көкірек айналымының жартысы. Арқаның көкірек тұсынан, қолтық астымен, көкірек үстіменен өлшенеді және оның жартысы жазылады.

Мқа-мықын айналымының жартысы. Бөксенің қатты шығыңқы үстіменен өлшенеді және оның жартысы жазылады.

  1. Абұ-арқаның белге дейінгі ұзындығы жетінші омыртқа бағанасынан тура сызық бойынша белге дейінгі ұзындық өлшенеді және толық жазылады.

  1. Бұ-бұйымның ұзындығы. Жетінші омыртқа бағанасынан мықынға дейін өлшенеді және толық жазылады.

  2. Ие-Иық ені Мойын айналымынан иықтың басталған нүктесінен және иықтың қолмен жалғанған аралығы өлшенеді.

  3. Кнц-көкірек аралығы өлшенеді және жартысы жазылады.

  4. Ба-бел айналымының жартысы. Дененің ең қыпша жерінен айналдыра өлшенеді және жартысы

  5. БҰ - бұйымының ұзындығы. Жетінші омыртқа бағанасынан мықынға дейін өлшенеді және толық жазылады.

  6. Ие – иық ені Мойын айналымынан иықтың басталған нүктесінен және иықтың қолмен жалғанған аралығы өлшенеді.

  7. Кнц – көкірек аралығы өлшенеді және жартысы жазылады.

  8. Ба – бел айналымының жартысы. Дененің ең қыпша жерінен айналдыра өлшенеді және жартысы жазылады.

Қосымша өлшемдер.

Әр түрлі бұйымды тұрғызғанда арқаның кеңдігі және көкіректің орналасуы әр түрлі болады.