- •М.Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті
- •Мазмұны
- •І. Киімді констукциялау жөнінде жалпы мәліметтер
- •Адам денесінің өлшемдерін алу техникасы
- •Иық орамындағы еркін қозғалысты жеңілдетуге қосымшылар (Поп)
- •Мектеп жасындағы қыздардың типті өлшемі
- •Ê еуденi» бiрiншi жарты айналымы
- •Бел сызы¹ыны» жарты айналымы Мыºынны» жарты айналымы
- •Жұмыстың мазмұны
- •Жұмыстың мазмұны
- •Әдебиеттер
- •Теориялық мағлұматтар
- •Конусты формалы белшалғы
- •Консустық белшалғы түрлері қиық белшалғы
- •Нұсқау картасы
- •Жұмыстың мазмұны:
- •Теориялық мағлұматтар
- •Түнгі көйлек сызбасын сызу
- •Көйлек сызбасын сызу және есептеу
- •02, 03, О4 нүктелерінен вертикаль жүргізіп оларды қиылысқан нүктелерді р2, л2, м2,Рл. Л3, м3, р4, л4, м4 деп белгілейміз.
- •Жең сызбасы
- •Жұмыстың барысы
- •Әдебиеттер
- •Жұмысқа қажетті сұрақтар
- •Жүмысқа қажетті сүрақтар
- •Түймелігі тамак, астына жететін көйлек жағасы Қондырмалы тік жаға
- •Тіктемесімен жартылай пішілген қайырма жаға
- •Тіктемесі түтас пішілген қайырма жаға
- •Жазық жатық жағалар
- •Қайырма жатық жаға сызбалары
- •Тік қайырма жаға түрлері іі бөлім: киімді модельдеу негізі
- •Белшалғы түрлерін модельдеу
- •Шалбардың түрлері
- •Жұмысты талқылап, қорытынды жасау. Қажетті құралдар мен материалдар-
- •Теориялық мәліметтер
- •Теориялық мәліметтер
- •Жүмысқа қажетті нұсқаулар
- •Көкірек бүкпесін рельэфті тігістерге ауыстыру
- •Көкірек бүкпесінің орнын ауыстыру арқылы модельдеу
- •Жұмыстың мазмұны
- •Жұмысқа қажетті сұрақтар
- •Жилеттің тор сызбасын сызу
- •Мойын сызығы
- •Жұмыстың мазмұны:
- •Әдебиеттер
- •Теориялық мәліметтер
- •Жұмыстың мазмұны:
- •Әдебиеттер
- •Теориялық мәліметтер
- •Қолданылған әдебиеттер
Ф.4.7-008-03
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті
Кәсіпке баулудың теориясы мен әдістемесі кафедрасы
Тігін бұйымдарын конструкциялау мен модельдеу
пәні бойынша практикалық сабақтарға арналған
әдістемелік нұсқау
Шымкент – 2015ж
ОАК 687.0. (075.7)
ББК 372.74.
Жолдасбекова С.А.
Тігін бұйымдарын конструкциялау мен модельдеу. - Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2015. - 82 бет.
Пікір берушілер: Саипов А.Б. М.Әуезов атындағы ОҚМУ п.ғ.к., доцент
Ортаев Б.Т. А. Яссауи атындағы ХҚТУ п.ғ.к., доцент
Әдістемелік нұсқау 5В012000-«Кәсіптік оқыту» мамандығы студенттері үшін, «Тігін бұйымдарын конструкциялау мен модельдеу» пәнінен практикалық жұмыстарды орындауға арналған. Киім түрлері оларға қойылатын талаптар, өлшем алу техникасы мен қосымшалар қосу жөнінде мәліметтер берілген. Сонымен қатар, әйелдер мен қыздардың белдемшелі, иықты киімі мен бас киім түрлерін, ерлердің шалбары мен иықты киімдерін конструкциялау мен модельдеуге бойынша мәліметтер берілген. Әдістемелік нұсқауда практикалық жұмыстың тақырыптары, жұмыстың мазмұны, орындалу барысы, қажетті әдебиеттер ашылып көрсетілген.
Әдістемелік нұсқау М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Әдістемелік кеңесінде мақұлдап, басылымға ұсынылған (№ хаттама, _________ 2015ж).
© М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2015
Мазмұны
Кіріспе..................................................................................................................3
І. Киімді констукциялау жөнінде жалпы мәліметтер..............................4
Адам денесінің өлшемдерін алу техникасы...................................................5
Белшалғыларды конструкциялау....................................................................15
Шалбардың негізін салу...................................................................................23
Шолақ шалбардың сызбасын сызу..................................................................26
Түнгі көйлек сызбасын сызу............................................................................30
Әйел көйлегінің сызбасын сызу.......................................................................34
Бір тігісті жең сызбасын қүрастыру................................................................44
Реглан жеңді киім сызбасын құру....................................................................47
Жаға сызбасын құрастыру................................................................................54
ІІ. Киімді модельдеу негіздері.............................................................................61
Белшалғыны модельдеу..................................................................................61
Шалбарды модельдеу......................................................................................64
Түнгі көйлекті модельдеу...............................................................................69
Көйлектің кеудесін модельдеу.......................................................................73
Жилет сызбасын сызу әрі модельдеу...........................................................78
Қорытынды...........................................................................................................83
Қолданылған әдебиеттер.....................................................................................84
Кіріспе
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат міндеттерінің бірі - өзінің, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу, ұрпақ тәрбиесі келешектегі қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық азамат ретінде тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Осыған орай, бүгінде заман талабына қарай жастарды киім үлгілерін модельдеуге, пішуге, тігуге көркемдеп сәндеуге әрі эстетикалық талғамын арттырып, көркемдік білім деңгейін көтеру маңызды мәселелердің бірі болып отыр.
Университет қабырғасында жоғары оқу орындарында 5B012000-Кәсіптік оқыту мамандығы бойынша студенттер оқу жоспарына сай "Киімді конструкциялау мен модельдеу" пәніне арналған "Киімді конструкциялау мен модельдеу" оқу құралын ұсынылып отыр.
Киім өндірісі - адамның тұрмыстық талаптары мен көркемдік талғамдарына сай қызмет ететін индустрияның қуатты саласы. Ғылым мен техниканың даму нәтижесінде киім адам тұлғасын сыртқа ортадан қорғау үшін ғана емес, қолданбалы өнер объектісі ретінде қолданылады.
Жоғары оқу орындарында болашақ мамандардың алған теориялық білімдерін практикамен байланыстыруда лабораториялық сабақтардың маңызы үлкен. Студенттер теориялық білімдерін тереңдетіп, толықтырып, ғылыми-теориялық негіздерді экспериментті түрде тексеріп, құрал-жабдықтармен танысып, ғылыми жұмыстар мен ғылыми ізденіс әдістерін практикада қолдануды үйретуге көмектеседі. Әрбір лабораториялық жұмысқа теориялық нұсқау, сызбаны есептеу барысы көрсетіліп, толық сипаттама берілген және сұрақтар тізбесі ұсынылып, көрнекі-иллюстрациялық материалмен толықтырылған. Сондықтан, студенттер сабақ алдында өтілген материалдарды қайталап, қажетті лекция конспектісін және әрбір жұмысқа ұсынылған әдебиеттерін пайдаланып, жұмыстың негізгі мәліметтерімен танысады. Студенттердің сабаққа дайындығын ауызша сұрау арқылы және лабораториялық жұмыс дәптерлерін тексеру арқылы бағаланып отырады. Сабаққа дайын емес студенттер лабораториялық жұмыстарды орындауға жіберілмейді. Практикалық жұмыстарды студенттер жеке орындайды.
