Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2015-2016жмірзаова Педагогиканы оыту дістемесі.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
225.35 Кб
Скачать

Тәрбие теориясы бөлімін оқыту әдістемесі

26.1 Тәрбие теориясы- тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттары мен тәрбие үрдісін ұйымдастыру мәселесін арнайы зерттейтін педагогиканың бір саласы

26.2 Тәрбие теориясы мен әдістері мәселелерін ұсынудың тәсілдері және әдістемелік негіздері

27.1 Тәрбие теориясы мен әдістері мәселелерін ұсынудың тәсілдері және әдістемелік негіздері

27.2 «Адамгершілік тәрбиесі», «Азаматтық-патриоттық тәрбие» БАОӨЖ №тарын оқыту

28.1 «Экологиялық тәрбие», «Эстетикалық тәрбие» БАОӨЖ №тарына методикалық сипаттама

28.2 «Отбасы педагогикасының негіздері» тақырыбын оқытуТәрбие теориясы мен әдістері сұрақтары.

Тәрбие теориясы тәрбие процесін педагогикалық ұжымның оқушылардың ата-анасымен байланыс жасай отырып оқу және оқудан тыс әрекет етуі барысында жүзеге асырылатын арнайы ұйымдастырылған іс-әрекет ретінде қарастырады.

Тәрбие процесінің негізгі сипаттамалары:

уақыт ұзақтығы;

мақсатты бағытталуы;

тәрбие процесінің дамуы және үнемі өзгеруі;

тәрбие процесінің әрекеттік сипаттамасы;

тәрбиешінің тәрбие процесінде үнемі қалпын (позициясын) өзгертуі;

тәрбиешінің тәрбие құралдары мен әдістерін пайдалану қозғалысы;

тәрбие процесінің (комплекстлігі) тұтастығы;

тәрбие процесін, оның бағдарламалары мен міндеттерін нақты анықтау жағдайында басқару мүмкіндігі;

Ұжымды қалыптастыру проблемасын оқыту.

Аталған проблеманы оқытуда тәрбие теориясы бойынша оқу құралдары мен оқулықтарына сүйену қажет, келесілер қарастырылатын:

ұжымның анықтамасы;

ұжымның мақсаты мен міндеттеріне жету құралы;

ұжымның перспективалық сызық жүйесі;

ұжымды қалыптастыру жолдары;

ұжымды және жеке адамды талап қою жүйесі ретінде дамыту кезеңдері:

1 кезең: мұғалім талап қояды;

2 кезең: белсенді анықталады, және ол ұжымға талап қояды;

3 кезең: оқушылар мұғалім талабына сәйкес бір-біріне талап қояды;

4 кезең: өз-өзіне талап қою;

Көзқарасты қалыптастыру.

Көзқарас-бұл идеалдар, сендіру, көзқарастар жүйесі.

Берілген түсінік жеткілікті жоғары абстракция және оны студенттер әртүрлі мысалдар, белгілі адамдар өмірінен нақтылы дерекетр көмегімен ғана меңгере алады.

Осыдан кейін көзқарас адамның құндылықтар жүйесін, білімін, іскерлігін, шеберлігін, оның дүниеге, адамдарға, табиғатқа және жалпы қоғамға қатысын анықтайтындығын ашып көрсету қажет.

Содан кейін, кіші жастағы оқушылардың көзқарасын қалыптастыру ерекшеліктері мен формаларын, әдістерін, құралдарын, немесе бұл кезеңде аталған көзқарастар мен қатынастардың тек негізі қалыптаса бастайтындығын ашып көрсету қажет.

4. Адамгершілік, еңбек, дене, эстетикалық тәрбие. Адамгершілік, еңбек, дене және эстетикалық тәрбие негіздерін оқыту бойынша жұмыс жүйесі мынадай:

мәнін анықтау;

мақсат және міндеттерін анықтау;

бастауыш мектеп жасындағы тәрбие ерекшеліктері;

адамгершілік, еңбек, дене және эстетикалық тәрбиені ұйымдастыру формалары, тәсілдері және әдістері, құралдары (тәрбие теориясы бойынша оқу құралын қараңыз).

Негізгі әдебиеттер: 6, 11-13

Қосымша әдебиеттер: 16, 18, 20, 28, 31-32, 45.

«Білім беру жүйелерін басқару» бөлімін оқыту әдістемесі

29.1 Оқу тәрбие үрдісі үшін тиімді жағдайды қамтамасыз ету мақсатында мектепті басқару әдістері мен мазмұны, оның жұмысын ұйымдастыру мәселелерінің бөлімде көрініс табуы.

30.1 Мектепті басқару жүйесінде басқару теориясы, білім беру экономикасы сияқты басқа білім салаларының жетістіктерін пайдалану

1. Студенттердің педагогика бойынша оқу-танымдық әрекеті нәтижелерін тексеру.

Педагогикада оқу-тәрбие әрекетін тексеру проблемасын талдауға ерекше назар аударылған.

Бұл жұмыстың негізгі жақтары ретінде:

- оқу-танымдық әрекеттің ерекшелігі;

- еңбек нәтижелерін үнемі тексеру және бағалау қажеттігі;

- тексерудің оқытушылық және тәрбиелеушілік сипаты;

- білім беру міндеттері мен сипаттамасын ескеру;

оқу пәнінің жіктемесі мен оның міндеттерін ескеру;

- оқу процесін ұйымдастыру мен сипаттамасын тексерудің тығыз байланыстылығы;

Бұл жағдайлар педагогика бойынша болашақ мұғалімдердің оқу-танымдық әрекетін тексеруді ұйымдастыруды анықтайды.

Тексеру материалы ретінде мыналар Қызмет етеді: студенттердің педагогика бойынша теориялық білімі, бұл білімдерін мектептегі шынайы педагогикалық процесте пайдалана білу іскерлігі, оқушылар әрекетінің әр түрін ұйымдастыра білу іскерлігі.

Тексеруді ауызша және жазбаша формада жүргізуге болады. Бұл практикалық тапсырмалардщы орындау, педагогикалық есептер және жағдаяттарды шешу, әзірлеген сабақ фрагменттерін немесе тәрбиелік шараларды жүргізу және т.б. түрінде болуы мүмкін.

Негізгі әдебиеттер:10,13.

Қосымша әдебиеттер:28,32.