- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қорқыт ата атындағы қызылорда мемлекеттік университеті
- •Жұмыс оқу бағдарламасы
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •Оқу жоспарының көшірмесі
- •5.1. Дәріс сабақтарының мазмұны
- •5.2. Практика /семинар сабақтарының мазмұны
- •5.4. Білім алушының оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының жоспары
- •5.4. Білім алушының өзіндік жұмысы
- •7. Негізгі әдебиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиеттер тізімі
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қорқыт ата атындағы қызылорда мемлекеттік университеті
- •Білім алушының сабақ түріне байланысты жұмыс уақытының бөлінісі
- •5.4. Білім алушының оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының жоспары
- •5.4. Білім алушының өзіндік жұмысы
- •7. Негізгі әдебиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиеттер тізімі
- •Дәріс тақырыптарының тезистері.
- •4. Саналылық
- •3. Оқу әдебиеттерінің негізгі түрлерін даярлаудың басты талаптары
- •2. Білімді бақылау және бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары
- •3. Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың жаңа технологиясы
- •4. Оқыту жүйесіндегі білімді бақылау және бағалаудағы немқұрайлылықты (формализмді) жою
- •«Дидактика» бөлімін оқыту әдістемесі
- •Тәрбие теориясы бөлімін оқыту әдістемесі
- •«Білім беру жүйелерін басқару» бөлімін оқыту әдістемесі
- •Практикалық сабақ жоспары
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Практикалық тапсырмалар
- •Педагогика курсының мазмұнына жалпы сипаттама
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Талқыланатын сұрақтар
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Сабақ барысы
- •2.«Проблема шешімін қолдану» кезеңі
- •Сабақ барысы
- •2.«Проблема шешімін қолдану» кезеңі
- •1 Тапсырма.
- •2 Тапсырма
- •3 Тапсырма.
- •2.4. Оқытушының басшылығымен студенттердің өзіндік жұмыс шеңберіндегі сабақтардың жоспарлары.
- •Глоссарий
- •Өзгерістерді тіркеу парағы
- •Дәрісханалар тізімі
- •2015- 2016 Оқу жылына
Дәріс тақырыптарының тезистері.
№ 1 –дәріс Педагогиканы оқыту әдістемесінің пәні мен міндеттері.
1.1 Педагогиканы оқыту әдістемесінің пәні ретінде
1.2 Оқыту әдістемесі жеке дидактика ретінде.
2.1 Пәнді оқыту әдістемесі нақты пәнді оқыту теориясы ретінде.
2. 2 Дидактика мен әдістеменің ара қатынасы
2.3 Педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі пәнді оқыту әдістемесінің дидактикамен байланысы
30-жылдардың басында педагогикалық оқу орнының екі типі қалыптасты: педагогикалық техникумдар,онда бастауыш мектеп үшін мұғалімдік кадрлар даярлау жүзеге асырылды және педагогикалық институттар. 1930 жылдардан бастап педагогикалық институттар жоғары оқу орнының негізгі типі саналды.Онда орта және жоғары сыныптар үшін, орта арнаулы оқу орындары үшін мұғалімдер даярланады.1937 жылы педагогикалық техникумдар педагогикалық училищелер болып ауыстырылды.
Қалыптасқан тәжірибе бойынша көп жылдар бойы кәсіби даярлықтың негізі болашақ мұғалімдерді өзінің мамандығы пәні бойынша біліммен қаруландыру.Бұл көзқарас мынадай қысқа формулада бейнеленген: « Пәнді біл, оқытуға үйренесің ». Мұғалімдер даярлау мазмұнында арнайы пәндер бойынша біліммен қаруландыруға басты назар аударылды.Психологиялық – педагогикалық циклдегі пәндер аз көлемде және терең меңгертуге көңіл бөлінбей оқылды.
Кейіннен зерттеушілер мұғалімдерді кәсіби даярлауда білім, білік, дағды қатынасын анықтаған. Психологиялық-педагогикалық даярлықта басты орынды педагогика алынады.Физиология мен психологияны оқып-үйренуге сүйене отырып, ол осы пәндер бойынша білімдерді біріктіреді және тереңдетеді. Педагогика арқылы Физиология мен психология бойынша білім әдістеме мен педагогикалық практикаға ауысады.Мұғалімдер даярлаудағы педагогикалық білімнің бұл ерекшелігін Н.Ф.Талызина атап көрсеткен. «Дело в том,-пищет она,-что достижения педагогической психологии не могут использоваться в практике обучения напрямую. Прежде их необходима превратить в дидактические принципы, отразить в методах обучения, затем следует учесть специфику изучаемого предмета, т.е. спуститься на уровень частных методик, которые также опосредуют связь педагогической психологии с практикой обучения»/Талызина Н.Ф. Предисловие //Стоунс Э. Психопедагогика. Психологическая теория и пркатика обучения.-М.:Педагогика,1984-С.6./Мұғалімнің педагогикалық білімінің әрекеттілігі көп жағдайда олардың қаншалықты арнайы пәндерді оқытудың әдістемесімен толық және терең байланыстылығына тәуелді.
Әлбетте әдістеме ғылым және оқу пәні ретінде тек оқыту пәнімен және жартылай дидактикамен байланысты.Әдістеме курсын құруға мұндай көзқарас оның теориялық «кедейленуіне» және жеке тұлғаның жан-жақты дамуының тиімді жолын іздестіруді қиындатады.
Кез келген мамандықтың мұғалімін тәрбие мақсатын жүзеге асыруға терең кәсіби даярлау тек мына жағдайда мүмкін болады:Әдістеменің педагогикамен тұтастай тығыз байланыс болғанда,оқу пәнінің ерекщелігін ескере отырып, педагогиканың тек жеке сұрақтарын қолданып қоймай, сонымен қатар оның фундаменталдық идеялары мен принциптерін қолдану. Болашақ мұғалімдерді қалыптастыру
да психологиялық - педагогикалық циклдегі пәндердің байланысы мен бірлігін атап өте отырып, біз педагогиканың оқу пәні ретіндегі ерекшелігіне көңіл аудармауға хақымыз жоқ.
Я.А.Коменскийден бастап педагогтар «ең бастысы ережелерді оқып-үйрену емес, осы ережелерден туындайтын ғылыми негіздерді оқып-үйрену»,-деп атап көрсетеді.
Педагогикалық білімдердің ерекшелігін кезінде К.Д.Ушинский атап көрсетеді: «Тәрбиеші ешқашанда нұсқауды соқыр орындаушы бола алмайды: өзінің сенімдерін жүрегінен өткізбей, оның ешқашандай күші жоқ» . Педагогиканың бұл ерекшелігі оның оқу курсы ретіндегі мазмұнын, сондай-ақ оны оқып-үйренуді ұйымдастыруды анықтайды.
Педагогикалық білім үнемі оқытушылық шеберліктің бақылағандарымен, оның талдауымен, оны болашақ мұғалімдерді оқу-тәрбие процесіне қатыстыруымен бекітіліп отыруы керек. Тек осындай оқып-үйрену педагогикадан терең білімді қамтамасыз етеді, білімнің сенімге айналуына септігін тигізеді.
2. Педагогиканы оқыту әдістемесі бірден біртұтас жүйе болып қалыптасқан жоқ. Әдістеме жүйесінің қалыптасу процесі педагогиканың оқу пәні ретінде қалыптасас бастауымен байланысты. Педагогиканы оқытудың алғашқы қадамынан бастап тәжірибе жинақталады, ол жалпыланады және жүйеленеді. Осының негізінде кейбір принциптер мен ережелер тұжырымдалады, оқытудың кейбір мәселелері бойынша әдістемелік ұсыныстар құрылады. Тәжірибені жалпылаумен тығыз байланыста үнемі зерттеулер жүргізіледі. Зерттеудің деңгейі мен сипаты, әдіснамалық негіздемесі мен әдістемелік құралы педагогиканың жалпы даму деңгейімен анықталынады.
Соңғы 30 жылда белгілі жүйеде педагогиканы оқытудың зерттеулері жүргізілді, тәжірибе қарқынды қалыптасты.
Педагогиканы оқыту әдістемесі – бұл теория мен тәжірибенің синтезі. Ол педагогиканы оқыту процесін оқытудың мазмұны, формалары мен әдістері, оқытушы мен оқушылардың іс-әрекетінің бірлігі ретінде зерттейді. Педагогиканы оқыту әдістемесі өзінің күшін болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін оқытудың принциптері мен ережелерін, формалары мен әдістерін негіздеуге шоғырландырады. Педагогиканы оқыту әдістемесінен материалды таңдау мен жүйелеуде бағыт беретін ғылыми әдіснама. Әдіснама теориялық білімнің жүйесі ретінде анықталады.Ғылыми білімдердің барлық саласының жалпы әдіснамасы философия, оның ішінде таным теориясы. Ол танымның жалпы жолдарын көрсетеді.
Педагогикалық білімдердің әдіснамасы түпкі қағидалар туралы, педагогикалық теорияның құрылымы мен негіздемесі туралы, білім алу тәсілдері мен принциптері туралы білімдерін жүйесін анықтайды.
Педагогикалық әдіснамаға мыналар енеді:
1. Педагогикалық білімнің құрылымы мен қызметі туралы ілім;
2. Түпкі,фундаменталды,жалпығылыми және педагогикалық қағидалар (теориялар, тұжырымдамалар, болжамдар);
3. Педагогикалық зерттеулердің әдістері туралы ілім(әдіснама тар мағынасында)
3. Педагогиканы оқытудың әдістемесі педагогикалық білімсаласы болып табылады және педагогиканың жалпы, жеке әдіснамасын пайдаланады. Ол педагогиканың ғылым және оның әдіснамасы ретінде қарқынды даму кезеңінде қалыптасады.Бұл оған өз пәнін – педагогиканы оқыту процесін зерттеуде тік және сенімді жолдармен жүргізуді қамтамасыз етеді. Педагогика әдістеме үшін тек зерттеу обьектісі ғана емес, сонымен қатарғылыми әдіснаманың обьектісі болып табылады.Сол себепті педагогиканы оқыту әдістемесі педагогикада қолданылатын зерттеу әдістерін қолданады және қолдана бермек.
4. Педагогиканы оқыту әдістемесінің міндеттері:
- Саналылық пен әлеуметтік белсенділікті қалыптастырудың нақты жолдары мен ғылыми негіздерін өңдеу.
Курстың оңтайлы мазмұнын , педагогика курсының негізгі және арнайы үйлесімдік жолдарын өңдеу.
Ғылым негіздері бойынша білімді меңгерудің жаңа басқышын қамтамасыз ету, еңбекке баулу, кәсіби бағыттылық, адамгершілік, дене, эстетикалық тәрбиені жақсарту.
4. Студенттерді оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру іскерлігімен, дағдыларымен қаруландыру.
Жоғары мектептің болашақ оқытушыларында кәсіби-педагогикалық бағыттылықты қалыпетастыру.
Жинақталған тәжірибені іріктеу және жүйелеу, оларды пайдалану бойынща ұсыныстар жасау.
Шығармашылықты ынталандыру, тәжірибені жалпылау мен таратуда көмек көрсету.
Негізгі әдебиеттер: 1-7
Қосымша әдебиеттер: 16-17, 39-40
Лекция № 3 Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде
3.1 Ғылым шындық туралы обьективті білімдерді өндіру және теориялық тұрғыда жүйелеуге бағытталған адам іс әрекетінің саласы ретінде.
3.2 Ғылымның белгілері:қоғамның қажеттілігіне сай пайда болуы, пәні мен негізгі ұғымдары, табиғаттың даму заңы туралы обьективті білім мен зерттеу әдістерінің болуы.
4.1 Педагогика ғылыми пәндердің күрделі жүйесі ретінде .
4.2 Оқу пәні ретінде педагогиканың даму кезеңдері
4.3 Ғылым мен оқу пәнінің өзара байланысы мен ара қатынасы
Педагогика ғылыми білімнің маңызды саласы бола отырып,өзінің дамуы мен қалыптасуының кезеңдерін анықтауға тырмысады. Өткен дәуір мен қазіргі уақытта педагогика дамуының негізгі кезеңдерін көрсетуге талпыныстар жасалуда.
К.Д.Ушинский ғылыми педагогиканың қалыптасуының маңызды басқышын халық педагогикасы деп санайды.Ол үлкен ыждаһаттылықпен өз кезіндегі тәрбие жүйесін халық өмірінің ерекшеліктерімен байланысын көрсетіп, педагогиканы халықтық дәстүрден алшақтамауға, оны терең
Оқып-үйреніп, дамытуға шақырды. Біртіндеп педагогика дамуында 2 кезең көрсетілді: ғылыми дамуға дейінгі кезең және педагогиканың ғылым ретінде қалыптасу кезеңі.
Тек соңғы жылдары бұлай бөліп көрсетуді нақтылау мен тереңдетуге талпыныстар жасалды. Белгілі неміс педагогы Франц Хофман (ГДР) педагогика дамуының 3 кезеңін атап көрсетеді. Автор алғашқы кезеңді ақылды тәрбие кезеңі деп атаған. Бұл кезең адамзаттың примитивті пед.ойлаудан, тәжірибеден тексерілген ойлауға қадам жасау кезеңі. Еңбекте бұл кезеңнің көптеген туындылары: ежелгі египет папирустары, «Соломоновтардың ....кітабы» т.б. келтіріледі.
Екінші кезең Қайта өрлеу жазушыларының стилімен – «Пайдагогия» деп аталған. Бұл кезеңнің қалыптасуында Ежелгі Грецияның педагогикалық ойлары маңызды роль атқарды. Бұл кезеңде педагогикалық білімдер саяси, философиялық және психологиялық бөлімдер бөлігі болып табылады.
3-кезең – педагогиканың дербес ғылыми теория болып қалыптасады. Теориялық педагогиканың қалыптасуы, бәрімізге белгілі, атақты чех педагогы Я.А. Коменский - дің есімімен байланысты. Өзінің «Ұлы дидактика» еңбегін ,- деп жазды Ф.Хофман – Коменский әмбебеап оқуға басшылық құралы ретінде қарастырды. Я.А. Коменскийдің еңбектерінде педагогикалық ойлардың дамуындағы тек жетістіктер ғана орын алып қойған жоқ, сондай-ақ жалпы ғылыми білімнің даму деңгейіне орын берілген.Мысалы,көптеген жарастылыстану ғылымдары жалпыға мәлім принциптер қатарын тұжырымдаған.Коменский осы категорияны педагогикаға ендірген.Автор «Ұлы дидактикада» универсал теорияны – барлық адамды бәріне үйретуге, өз идеалына жетуге болатындығын ыждаһаттылықпен дәлелдейді, оған өзі қатты сенеді.
2. Педагогика ғылымы дамиды, оған қатынасушылар: педагогтар, ата-аналар, оқушылар. Ғылым - өте кең ұғым. Ол табиғат, қоғам және сана туралы нақты білімдер жүйесі.
«Ғылым» ұғымы оның барлық жақтарын және сәттерін қамтиды:
білімді, қабілетті,ғылыми біліктілігі бар және тәжірибесі бар оқымыстыларды;
ғылыми мекемелер, олардың құрал-жабдықтары;
ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістері;
ғылыми ұғымдар мен категориялар;
- ғылыми ақпарат жүйесі;
Ғылым шыңына жету оның негіздерін оқып – үйренуден басталады. Ғылым мен оқу пәні бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл байланыстар өте күрделі. Сонымен, ғылым өзінің пәні жайлы барлық білімді қамтиды. Оның міндеті – оны толық та терең тану, ал басты қызметі – зерттеу. Ал оқу пәні ғылымның бәрін қамтымайды, тек оның негіздерін, ал олар оқитындардың даярлығы, жас ерекшелігі және оқыту міндеттеріне сәйкес арнайы таңдап алынған. Оның негізгі қызметі – оқу.
Пән ғылым құрылысының толықтай көшірмесі емес. Ол өзінің білімдік негізгі қызметін жүзеге асыра отырып, белгілі жүйеде құрылады. Оқу пәні ғылымдағы барлық өнімді біріктіре отырып, ғылыми қағидаларды тексеру үшін қызмет етеді.
Орта және жоғары мектептегі оқу пәндерінің құрылымында белгілі өзгешеліктер бар. Соңғысы ғылым құрылысына жақын, яғни ғылыми зерттеу әдіснамасы мен әдістері, жаңалықтардың тарихы, ғылымдағы сапалы өзгерістер т.б. зерттеледі.
3. Педагогиканың оқу пәні ретінде дамуы.
Педагогика курсы оқу пәні ретінде кеңестік елдерде 20 жылдары жоғары оқу орны жүйесінде өз орнын тапты. 1922-1925жж. П.П.Блонский, А.П.Пинкевич, А.Г.Калашников, М.С.Григоревский, В.Я.Струминский т.б. кітаптары жарық көрді.
Олардың еңбектерінің атаулары:
Блонский П.П. Педагогика.-1*922.
Калашников А.Г. Опыт построения индустриально-трудовой школы ближайшего будущего.-1922.
Григоревский М.С. Школоведение.-1923.
Пинкевич А.П. Основные проблемы современной школы. Шесть лекций по педагогике.-1924.
Пинкевич А.П. Педагогика. Общая часть. Дошкольный возраст.-Т.1., Трудовая школа.-Т.2.-1924-1925жж.
Пинкевич А.П. Введение в педагогику.-1925.
Блонский П.П. Основы педагогики.-1925.
Струминский В.Я. Настольная книга для работника трудовой школы.-1923.
Кітаптардың барлығы оқу мақсаттарын көздемеді, дегенмен бұл өткеннің педагогикалық идеяларын мазмұндаудың алғашқы тәжірибесі болды. Сондай-ақ, бұл өткеннің тәжірибесін жаңаша санадан өткізіп, педагогикадағы жаңа жолдарды анықтауға мүмкіндік берді.
1927-1930 жж. педагогикалық пікірталастар педагогиканың әрі қарай дамуына үлкен үлес қосты. Әдіснамалық проблемаларды талқылауға қатты серпіліс болды. Осның негізінде мұғалімдерді даярлаудың қысқа курстары үшін бірнеше оқулықтар жарық көрді.
1. Попов В.Н., Вальнер А.Г.. Зеленко А.У. Учебник педагогики для краткосрочной подготовки педагогических кадров.-1931.
2. педагогика : для педтехникумов. / Под ред. А. Африканова и П.Груздева. -1931.
3. Шимбирев П.Н. Педагогика: учебник педтехникумов.-1934.
4. Пистрак М.М. педагогика. Учебник для вузов.-1934.
Бұл оқулықтардың, содан кейін педагогика бойынша бағдарламалардың авторлары жоғары мектеп оқытушылары және ғылыми мекемелердің қызметкерлері болды.
Педагогика бойынша алғашқы бағдарлама 1933ж.ал сонан соң М.М. Пистрак пен П.Н.Шимбиревтің оқулықтары болды.
Бағдарлама мен оқулықтың негізгі бөлімдері:
Кеңестік педагогиканың мәні, маңызы және мақсаттары.
Халыққа білім беру жүйесі.
Оқу жоспары мен бағдарламамлары.
Политехникалық мектептерде оқыту әдістері.
Мектепте белім берудің ұйымдастырушылық формалары.
Оқулықтар.
Тәртіп.
Ком.бал.қозғалысы.
Мектептен тыс жұмыс.
Мұғалім.
Мектептің ұйымдастырушылық-педагогикалық мәселелері.
Бағдарламаға қойылатын талаптар тұжырымдалды:
материал мазмұнын таңдауда мақсатты ұстаным маңызды орында болды;
бағдарламада диаматты шығармашылықпен қолдану;
бағдарламаны мұғалімді тәрбиелеуге бағыттау;
политехникалық білім беру идеясын бейнелеу;
жүйелілік принципін есепке алу;
Оқулыққа қойылатын талаптар:
- игерілетін материалды ыждаһаттылықпен таңдау;
- педагогикалық факульттерде педагогиканың түпкі қағидаларын мазмұндау;
- бағдарламаға сәйкес келуі;
1939-40 ж.ж. педагогиканың үш жаңа оқулығы жарық көрді:
2-і жоғары оқу орындары үшін, 1-і педагогикалық училищелер үшін. Оқулықтар соңғы жылдары жарық көрген педагогика курсының құрылымына жақынырақ болды.Педагогикалық училищелер үшін оқулықты П.Н.Шимбирев жазды. Онда 15 тарау: коммунистік тәрбие негіздері – 5тарау, дидактика – 4 тарау, сынфыптан тыс және мектептен тын жұмыс, пионер мен комсомол ұйымы, жанұя мен мектептің іс-әрекеті, мектепті басқару – 6 тарау арналды.
Соғыстан кейінгі жылдары 3 оқулық: 2-і – жоғары оқу орнына арналған, 1-і педагогикалық училищелер үшін.
1. Есипов Б.П., Гончаров Н.К. Педагогика.-1948.
2. Шимбирев П.Н., Огородников И.Т. Педагогика.-1954.
3. Педагогика / Под. Ред. И.А.Каирова.-1956.
Оларда тарау болды: педагогиканың жалпы негіздері, дидактика, тәрбие теориясы және мектептану. Бұл құрылым осы күнге дейін бар. Педагогика курсы дамуының әр жаңа басқышы оқу пәні мазмұны бойынша, педагогиканың ғылым ретінде түпкі проблемалары бойынша кең пікірталастарды туғызды. Бұл әлсіз жақтарды, анағұрлым көкейкесті проблемаларды айқындау, зерттеушілік ізденісті ынталандыруға септігін тигізді.Зерттеулерді интенсификациялау педагогиканы оқу пәні ретінде (толықтыруға) байытуға әкеліп соқты.
4. Мұғалімді шет елдерде даярлау проблемалары мен бағыттары.
Бүкіләлемдік қауымдастық алдында тұрған ауқымды мақсат – жалпыадамзаттық құндылықтардан шығатын тәрбие проблемалары мен басымдылықтар иерархиясын анықтау.Басымдылықтарға мыналар жатады:
- басқа ұлт өкілдеріне, дінге, әлеуметтік құрылымға және мәдениет дәстүрлеріне толеранттық қатынасты тәрбиелеу;
- басқа адамдарға көмек көрсетуге және аяушылықпен қарау сезімін тәрбиелеу;
- тұлғалық, жоғары адамгершілік сапаларды тәрбиелеу,
Проблемаларға мыналар енеді:
1. Интернационалдық тәрбие проблемалары. Көкейкестілік адамзаттың жалпы үйі ретінде Жер тұрғындарының тұжырымдамасымен байланысты. Батыстағы тәрбие саяси-идеялық ұстанымдардан тыс тәржімаланады, бірақ істе басқаша көрінеді. Атап айтқанда, кейбір аймақтарда национализмнің, этноцентризм мен расизмнің көрінуі байқалады.
2. Полимәдени тәрбие проблемалары. Ұлттық және этникалық шағын топтардың тәрбие қызығушылықтары мен мәдениеттің байланысы.
3. Білім беруді демократизациялау проблемалары. Бұл идея мынаны қарастырады:
- білім алудың мүмкіншілігі;
- оқу орындары автономиясы;
- білім берудің барлық басқыштарының сабақтастығы;
- шығармашыл, еркін ойлаушы және әрекет етуші тұлғаны дамыту.
Бұл проблемаларды жүзеге асыруда екі жол анықталды:
1. элитаризм және жалпыға білім берудің бірыңғайлығы идеясы.
2. Қабілет, қызығушылық және қабілетерекшеліктерін ескере отырып, білім беруді диверсификациялау (дифференциялау) қажеттілігі.
Тәрбиенің теориялы негіздемесінде 2 негізгі бағыт бар: социологизаторлық тұрғыдан және биопсихологизм тұрғысынан. Екеуінің арасындағы басты айырмашылық – тәрбиенің әлеуметтік және биологиялық заңдылықтарға қатынасына байланысты.
Бірінші бағытта тұлғаның тәрбиесіндегі социумның жетекші ролі қарсы қозғалыстың стратегиясы, оқушылардың социализациясы ретінде қарастырылады, олар қоғамдық құрылымға жеңіл араласады. Бұл жағдайда мектеп - тәрбиенің әлеуметтік факторы, әлеуметтік ортаның өзіндік моделі. Қоғамдық құндылықтардың басты жүзеге асырушысы – мұғалім.
Екінші бағытта, өз кезегінде үш ағым бар:
экзистенциалистік педагогика (Жан Поль Сартр). Өз мақсатын еркін таңдайтын, ұшқыр ойлайтын, рухы жоғары адам идеалы. Сыртқы факторлардың ықпалы аса емес. Өзін-өзі тәрбиелеу тиімді. «Адам деген сол, өзінен өзін жасаған»(Человек естьь лишь то, что сам из себя сделал) – жаңа тәрбие – Франциядағы Бержье қаласының мектебі. (Р.Галь, А. Медичи, Г. Миаларе,м А.Фабр және т.б.) Қарама-қайшылық – ортамен өзара әрекет өте маңызды, бірақ әлеуметтік ортадан тәуелді емес.
Гуманистік психологиялық мектеп- АҚШ (А.Комбс, А.Маслоу, К.Роджерс). Мақсаты – баланың жеке тұлғасына қамқор қатынас, жеке дара ерекшеліктерін, психикасын, қызығушылығын ескеру. К.Роджерстің «Мен - тұжырымдама».
Қазіргі шетел педагогикасының идеялық базасы үнемі жаңартылады және түзетіледі. Қазір дидактика мен тәрбие теориясында не бар?
Шетел педагогикасындағы дидактикалық тұжырымдамаларға мыналарды жатқызуға болады:
дәстүрлі парадигма;
рационалистік модель;
феноменологиялық бағыт.
Дидактикадағы дәстүрлілік білім берудің консервативтік ролін сақтау мәдени құндылықты тарату Білім беруді мәдениет элементтерін жеткізу ретінде қарайды, яғни бұл шын мәнінде академиялық білім беру, оған қазіргі жағдайда жаңа өмір беру керек. Мұны Ж.Мажо, Л.КРО, Ж. Капеля – Франция, Г.Кавелти, Д.Равич, Ч.Е.Финн – АҚШ тұжырымдамаларынан көруге болады.
Білім берудің рационалистік моделі бар күшін білім меңгеру проблемасына және жастарды практикалық бейімделуге шоғырландырады. (П.Блум, Р.Гранье, Б.Скиннер) Білімнен бүгінгі қоғамға. Олар, мынаны дәлелдейді, кез келген білім беру бағдарламасы білім беру процесінде меңгеруге тиісті білім, білік, дағдылардың «мінез – құлықтық репертуарына» ауысуы мүмкін.
Феноменологиялық бағыт білім берудің гуманистік бағытын жақтайды. (А. Маслоу - АҚШ). Бағыттың басты назарында персональды оқыту болды.
Негізгі әдебиет: 6,11.
Қосымша әдебиет:16,17,40,41,42,43,44,45.
Лекция № 5. Педагогика курсының мазмұнын құрастыру
5.1 Педагогика курсының мазмұнын құрудың негізгі өлшемдері: ғылымның дамуы; курсты оқушылардың жас ерекшелііктері; оқушылардың жалпы орта білімді меңгеру дәрежесі; білім алушылардың болашақ кәсіби іс әрекетінің сипаттамасы; педагогикалық білімнің теориялық мәселелерінің деңгейі.
5.2 Стандарттау білім беру мазмұнын дамытудың қазіргі кездегі тенденциясы ретінде.
6.1 Педагогика курсы мазмұнын реттейтін нормативті құжаттар.
6.2 Білім беру мазмұнын жобалау деңгейлері: (оқу жоспары), оқу пәні (оқу бағдарламалары), оқу материалдары (оқулықтар).
6.3 Педагогика курсы мазмұнының оқулықтарда ашылуы.
Қазіргі педагогикалық білім беру тұжырымдамасы.
Қазіргі педагогикалық жүйеде «білім беру» ұғымы жаңа мазмұнмен толығуда. Оны көбінесе, адамда тұтас «әлем картинасын» (Л.Г.Асмолов), «Әлем бейнесін» (А.Н.Леонтьев) қалыптастыру процесі деп түсінеді. Педагогикалық білім берудің қазіргі парадигмасы жоғары мектептің болашақ мамандарын оқу және оқудан тыс іс-әрекетте білімді
өздігінен білімді алуға даярлығын қалыптастыруға, өзінің кәсіби даярлығында белсенді субьект болуға бағыттайды. Бұл Қазақстан республикасының «білім туралы» Заңында, «Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасында», «ҚР педагогикалық білім беру тұжырымдамасында» өзінің бейнесін тапқан. Осыған орай болашақ мұғалімдерді даярлау мазмұнының мақсатты бағыттылығын өзгерту қажеттілігі туындайды.
ҚР жоғары кәсіби білім берудің Мемлекеттік стандартын әзірлеу Педагогиканы ң типтік бағдарламасын құрудың негізін қалады, оның ішінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлауға жетекші рол берілген.
1 пәндердің оқу типтік бағдарламасын (егер пән міндетті компоненттен болса);
2. Жұмыс оқу бағдарламасы;
3. Cтуденттер үшін пән бойынша оқыту бағдарламасы (SyLLABUS);
4. Тапсырмаларды тапсыру және орындалу кестесі;
5. Оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі;
6. Лекциялық кешен (лекция тезисі, иллюстративтік және таратылым материалдар; қолданылған әдебиеттердің тізімі);
7. Семинарлық (практикалық) сабақтардың жоспары;
8. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныс;
9. Курстық жобалардың (жұмыстардың), практикалық жұмыстар, есептік-графикалық, әдістемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулардың орындалуы;
10. Білім алушылар үшін өзіндік жұмыстар материалдарында: үй тапсырмасының мәтіндер жинағы, әр БАОӨЖ № бойынша өзін-өзі бақылаудың материалдары, ағымдағы жұмыс түрінің тапсырмасының орындалуы, рефераттар және басқа да үй тапсырмаларымен әдебиеттердің еңбек көлемі көрсетілген;
11. Құжаттардың есеп түрі, оқу, өндірістік және диплом алды практикаларының әдістемелік нұсқаулары;
12. Білім алушылардың оқу бағасын бақылау және бағалау жетістігі бойынша материалдары (жазбаша бақылау тапсырмалары, тестілеу тапсырмалары, өзіндік даярлығы үшін сұрақтар тізбесі, емтихандық билеттер және т.б.);
13. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиалық сүйемелдеуі (пән мазмұнымен байланыстылығы);
14. Аудиториялардың, кабинеттердің және зертханалардың мамандандыру тізбесі
Педагогика курсының мазмұнын құруда білім алушылардың жас шамасы , олардың жалпы білімдік деңгейі , болашақ кәсіби қызметтің сипаты сынды өлшемдер есепке алынады. Педагогика ғылым ретінде оқу пәнінің мазмұнында өз көрінісін тауып отырады. Педагогиканың оқу пәні ретіндегі мазмұны білім берудің мақсатымен белгіленеді. Педагогика қоғамдық ғылым болғандықтан ол қоғамның талаптарын айқындайды. Оқу пәнінің мазмұнына педагогиканың ғылым ретінде дамуы әсер етеді. Мазмұнды белгілеуде педагогикалық мәселелердің теориялық өңделу деңгейі де маңызды. Педагогика ғылымының құрылымына: педагогика тарихы, жалпы педагогика, жас ерекшелік педагогикасы, әлеуметтік педагогика, түзету педагогикасы, этнопедагогика, салыстырмалы педагогика, жеуе әдістеме кіреді.Педагогика ғылымының ерекше тобын оқытудың жалпы заңдылықтарын білім беруде қолданатын және нақты оқу пәндерін зерттейтін пәндік дидактика немесе жеке әдістеме құрайды.
Педагогика ғылым ретінде болашаққа қызмет етеді. Сондықтан оның алдын болжауға және практиканы белсенді қайта өзгертуге қабілеті, , яғни адамды дамыту , тұтасымен алғанда адамзат қоғамын дамытудың мақсатты нәтижесін көре білу ерекше маңызды болып табылады.
Стандарт – үлгі, білім мазмұнының негізі. Білім мазмұны стандарты жазылған талаптарға сай жасалады. Стандартты оқушының меңгеруі тиіс. Білім, іскерлік дағдылардың көлемі, оқушының дайындығына қойылатын талаптар белгіленген.
Аталған құжат республикадағы білім саясатын стратегиялық маңызды құжат. Стандарттың негізгі қызметі:
басқару. Ол «Білім туралы заңға» сәйкес жасалады.
Отандық стандарттардың өз ерекшеліктері бар. Республикада ерекше пәндер (қазақ тілі, орыс тілі, араб тілі; ұйғыр тілі және әдебиеті стандартталады).
Дене тәрбиесінің стандарты Президенттік тест негізінде жасалған.
Оқу жоспары – тиісті білім беру деңгейіндегі оқу пәндерінің тізбегі мен көлемін, оларды зерделеу тәртібі мен бақылау нысандарын реттейтін негізгі құжат. Оқу жоспары мектептегі оқу тәрбие процесін реттеп отырады. Жалпы білім беретін мектептің оқу жоспары:
негізгі мемлекеттік құжат;
оқу жоспары инварианттың (мемлекеттік) және вариативтік (мемлекеттік) бөліктер белгіленген.
Оқу бағдарламалары оқу жоспары негізінде құрастырылады. Оның құрамы:
пән бойынша оқытудың мақсаты оқытудың мақсатын, оқушылар білімдеріне, біліктері мен дағдыларына қойылатын талаптарды, олардың білімін бағалау жолдарын, оқытудың түрлері мен әдістері туралы нұсқауларды, бағдарламаның басты ерекшеліктері мен айырмашылықтарын анықтайды. Түсінік хат;
әр БАОӨЖ №қа қажетті сағат мөлшері;
пәннің мазмұнын анықтайтын тараулар мен БАОӨЖ №тар;
негізгі дүниетанымдық сұрақтар, басты ғылыми проблемалар тізімі;
әдістемелік оқу құралдары мен көрнекілер тізімі, ұсынылған әдебиет.
Сонымен, оқу жоспарының негізінде әрбір жеке пәндер бойынша бағдарлама жасалады.
Оқулық – оқу бағдарламаларына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап.
Дәстүрлі кітаптармен қатар, аудио – видео кассетелер және компакт дисктерге жазылған оқулықтар да пайдаланылады.
Оқу пәнінің мазмұнына әсер ететін жағдайлар:
ғылымның даму деңгейі
курста оқушылардың жас құрамы
болашақ мамандығының сипаты педагогикалық білім беру мәселелерінің теориялық жағынан зерттелуі
Оқу пәнінің мазмұнына педагогиканың ғылым ретінде дамуы әсер етеді. Біздің еліміздегі жалпы орта білім, кәсіби орта және жоғары мектептің дамуы педагогикада жаңа мәселелердің туындауына, оның әрі қарай дамуына әкеледі. Осылайша, педагогиканың: педагогикалық этика, жоғары мекиеп педагогикасы, білім берудің экономикасы, педагогикалық психология, дефектология және т.б. жаңа салалары пайда болуда.
Педагогика ғылымы туралы сөз болғанда , екі өзара байланысты жақтарды – бұл саладағы теориялық білімде мен соған сай педагогикалық іс-әрекетті, яғни педагогтың білім алушылар мен тікелей қызметін нақты ажыратып көрсету қажет болады. Білім беру бұл педагогиканың обьектісі болып табылады. Педагогика негізінде адамның күнделікті даму үдерісін зерттеу кез-келген педагогикалық жүйе шарттарында жүзеге асады. Арнайы оқу-тәрбие мекемелері қалыптасып, адамның білім алуы ерекше қоғамдық қызметке айналғанда педагогикалық үрдісті арнайы ұйымдастыру мен мақсатты зерттеуді қажет етеді.
Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуында: білім беру,оқыту, тәрбие сияқты үш негізгі іргелі категория анықталады. Білім беру – оқыту мен тәрбиелеу процесінің нәтижесі. Білім беру ең алдымен, әлеуметтік құбылыс – мемлекеттің, қоғамның, тұлға қызығушылығының мақсатты тәрбиелеу және оқыту процесі.
Білім беру дегенде біз танымдық білім мен тәжірибенің адамзат жинақтаған тәжірибесі негізінде оқыту мен тәрбиенің ғылыми жүйесін және мәдени құндылықтарды, шығармашылық қабілеттерді, қоғамдық өмірге, еңбекке дайындығын белгілейміз. Білім беру ұғымына барлық әлеуметтік тәжірибенің элементі енеді.
Педагогика курсының мазмұнына жалпы сипаттама
B «Мазмұн» деген ұғымның түсінігі ежелгі грек ойшылдары Аристотель ж ; әне Платонмен ашылды. Аристотельдің ойынша, Мазмұн – ол бұтін бөліктердің жиынтығы.
«Білім берудің мазмұны» деген ұғымның педагогикалық түсінігі П.Ф.Каптеревпен анықталып, жүйелі білім ретінде түсіндірілді.
В.В.Краевский мен И.Я.Лернер білім берудің мазмұнын әлеуметтік тәжірибе ретінде қарастырып, мазмұн келесі өзара байланысты құрамдас бөліктерден тұратындығын айтады:
1) табиғат, қоғам, техника, адам, іс-әрекет құралдары туралы білім;
2) дағды және іскерлікпен танылған іс-әрекеттің белгілі тәсілдерін жүзеге асыру тәжірибесі;
3) интеллектуалдық рәсімге айналған, әдеттегі іс-әрекет шегінен асатын шығармашылық іс-әрекетінің тәжірибесі;
4) іс-әрекеттің құралы немесе нысаны болған болиысқа деген эмоционалды құндылық қатынас тәжірибесі;
Педагогикада білім берудің мазмұнын қалыптастыратын бірнеше концепциялар мен теориялар бар. Педагогика мазмұнын қалыптастыру концепцияларының басты ойларына қысқаша шолу жасай отырып, біз гуманистік парадигмада педагогикалық білім мен іскерліктің ролі үлкен екендігін көреміз. Оларды меңгеру адамға нақты бір іс-әрекет саласында жұмыс істеуге көмектеседі. Бұл амалды педагогтың жеке қасиетін, шығармашылыққа деген икемділігін, таңдау еркін іске асыру іскерлігін, табиғи мүмкіндіктерін және т.б. дамыта алуына назар аударылады.
Осылайша оқу пәні ретінде педагогиканың заманауи мазмұны келтірілген концепциялардың негізгі ойлары арқылы қалыптасады. Осыдан педагогиканың мазмұны – педагогикалық білім, іскерлік, дағды мен құзіреттердің жүйесі. Оларды меңгеру нәтижелі практикалық іс-әрекет үшін қолайлы мүмкіндіктер туғызады және педагогқа кәсіби маман және тұлға ретінде өзін-өзі жетілдіруге әсер етеді.
Педагогиканың мазмұны келесі қызметтерді атқарады:
ақпараттық, яғни педагогика ғылымы мен педагогикалық іс-әрекет жайлы оқу ақпараттарын ұсынады:
әдіснамалық, педагогты педагогикалық ғылым және педагогикалық іс-әрекет туралы әдіснамамен қаруландырады;
оқытушылық, педагогты педагогикалық үдерісті жобалау, ұйымдастыру, басқару туралы педагогикалық білім, іскерлік, дағды жүйелерімен таныстырады;
дамытушылық, тұлғаның интеллектуалды, эмоционалды, еріктік, шығармашылық және т.б. қасиеттерді дамытады;
тәрбиелік, педагогикалық іс-әрекетке деген тұлғаның көзқарастарын, пікірлерін қасиеттері мен құндылықтарын қалыптастырады.
Педагогиканың мазмұны мемлекеттік жалпыға міндетті жалпыға бірдей білім берудің стандарты, оқу жоспары, оқу бағдарламасы, оқу әдебиеттері сияқты нормативті құжаттарда бекітілген.
Педагогика курсын құру негіздері.Типтік және жұмыстық бағдарламалар.
Кез келген пәнді оқыту мазмұны тәрбие мақсатымен анықталады, оның нақты бейнесі болып табылады. Қоғам білім берудің алдына жаңа міндеттер қояды, ал оқу пәндері бұл өзгерістерге өзінше әрекет етеді.
Педагогика қоғамдық ғылым ретінде қоғамнығ талаптарын тікелей және жанама бейнелейді. Жанама жол ерекше: талап арқылы мектепке, мұғалімге – оның даярлығына.
Педагогика курсы мазмұнын қалыптастырудың кейбір жолдарын көрсетелік:
педагогиканың ғылым ретінде даму деңгейі.
Болашақ мұғалімді жалпы білім беретін даярлықтың деңгейі.
Болашақ кәсіби іс-әрекет сипаттамасы.
Педагогиканы аралас ғылымдар кешенінде оқып-үйрену
Педагогикалық білім беру мәселелерін теориялық әзірлеудің деңгейі.
Осы уақытқа дейін педагогикалық білім беру мазмұнын және педагогика курсын құрастыруда эмпирикалық жол басым болды. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасауға тәжірибелі мамандар шақырылып, педагогиканы жаңа материалдармен толықтырды. Сонымен, «дәстүрлік + жаңа» подход жетекші болды. Ғылым мен практиканың дамуы бұл көзқарастың өміршең еместігін дәлелдеді, яғни материалды механикалық тұрғыда байланыстыру және пәннің логикасы бұзылды.
Осыған орай, болашақ маманның еңбек сипаты мен мазмұнын оқып-үйрену негізінде білім беру мазмұнын құруға жаңа бетбұрыстар пайда болды. Даярлық пен біліктілікті көтеруге талаптар өңделіп, әзірленді. Алғаш рет А.И.Герце атындағы ЛМПИ –да бастауыш сынып мұғалімі профессиограммасы әзірленді. Профессиограммада бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық іс-әрекетінің мақсаты мен міндеттері, оның құрылымы ммен мазмұны анықталынды, мұғалімнің тұлғалық сапаларына қысқаша біліктілік сипаттама, білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар берілген, оқу жоспарын құру принциптері тұжырымдалған.
Сонымен , педагогика курсын оқып-үйрену мазмұны мен ұйымдастыру мұғалімнің біліктілік сипаттамасында, оның тұлғалық сапаларында, кәсіби – педагогикалық біліктер мен дағдылары негізінде құрылуы керек.
Педагогика курсы 4 бөлім мен 1 бөлімшеден тұрады:
Педагогиканың жалпы негіздері.
Тәрбие теориясы.
Дидактика
Мектептану
3. Педагогика курсы мазмұнының жалпы сипаттамасы.
Педагогика курсы мазмұны оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу құралдары арқылы анықталады. 1972 жылдан бері педагогика курсы 4 бөлімнен тұрады:
Педагогиканың жалпы негіздері,
Дидактика,
Тәрбие теориясы,
Мектептану.
(Мысалға соңғы жылдардағы оқулықтарды сипаттауға болады)
4. Педагогика курсы мазмұнын жетілдіру.
ХХ ғасырдың екінші жартысында барлық Педагогиканы ң: психология, педагогика, педагогика тарихы, тәрбие жұмысының әдістемесі және дербес пәндер әдістемесі - мазмұнын қайта қарау қажеттілігі туындады.Сондай-ақ, студенттердің педагогикалық практикасының мазмұнын өзгерту қажеттілігі де туындады. Осыған орай, жаңа бағдарламалар, оқулықтар мен оқу құралдары әзірленді. Мынадай толықтырулар жасалынды:
психология бойынша негізгі міндеттер анықталынды: оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыруды оқып-үйрену, ұжымдағы тәрбие, өзін -өзі тәрбиелеуге көмек.
Педагогика бойынша: алтыжасарларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері, оқушыларды кәсіптік оқыту, қоғамдық –пайдалы және өндірістік еңбекті ұйымдастырудың психологиялық – педагогикалық негіздері, өндірістік практика, оқыту мен тәрбиелеудегі ынтымақтастық формалары.
Педагогика тарихы бойынша: тәрбиенің мақсаты мен мәні, жеке адамды жан-жақты және гармониялық дамыту, табиғатқа сәйкестілік ілімі туралы, адамгершілік тәрбие идеалдары мен әдістерін дамыту, педагогикалық процесте танымдық іс-әрекетті белсендіру, оқушылардың творчестволық дербестілігін белсендіру, еңбек тәрбиесі және политехникалық білім беру, педагогикалық мамандық беделі, мұғалім-тәрбиеші шеберлігін қалыптастыру.
Негізгі әдебиет. 6,8,13.
Қосымша әдебиет: 15,26,328,43,44,45.
Лекция № 7,8 Педагогиканы оқыту үрдісі мен ұстанымдары
7.1 Педагогиканы оқыту үдерісі, оның ерекшеліктері.
7.2 Сабақ беру және оқу педагогиканы оқыту үрдісінің құрылымы ретінде .
7. 3 Оқыту үрдісі танымдық іс әрекеттің ерекше түрі.
8.1 Педагогиканы оқыту ұстанымдары және олардың сипаттамасы
8. 2 Дидактиканың ұстанымдарын педагогиканы оқыту барысында пайдалану
1. Педагогиканы оқыту үдерісі, оның ерекшеліктері
Педагогика үнемі оқыту процесін зерттейді. Оны оқыту процесінің дидактикалық және жалпы педагогикалық сипаты мен қатар әлеуметтік қыры қызықтрады. Оқыту процесінің төмендегідей негізгі сипаттамасы бекітіліп оқу әдебиетіне енгізілді:
динамикалық, үнемі даму үстінде, өзгертелі, қоғамталаптары мен уақыт өткен сайын күрделінетін міндеттерге сәйкес жетілдірілетін, сондай-ақ, оқушылардың оқуға даярлық деңгеімен жетілдіріледі;
Оқытудың екі жақтылығы, оқушы мен оқытушы іс-әрекетінің үйлесімділігі;
Оқытудың әрекеттік сипаты;
Оқыту процесінің тұтастығы және басқыштарға, аспектілерге бөліну мүмкіндігі.
Оқушы меноқытушы қимылын бейнелеу мүмкіндігі, әр басқышта оқыту процесінің барысын тексеру, сондай-ақ, кейбір бағыттар бойынша да;
Оқыту процесінің управляемость.
Бұл сипаттамалардың барлығы педагогиканы оқыту процесіне қатысты. ППОӘ педагогиканың пән ретіндегі сипатын және оны оқып-үйрену міндетін ескеріп-оқыту процесінің ерекшеліктерін жүйелеуге және оқып-үйренуге көңіл аударады.
Педагогиканы оқыту ерекшеліктері қандай?
Қоғамдық өмірдегі өзгерістер оқыту процесінің барлық деңгейдегі сипаты мен бағытын анықтайды;
Жаңа деңгейде маман қалыптастыру үшін үлгі іздеу;
Педагогиканы оқыту-бұл мұғалімнің кәсіби әрекетінің негізі;
Педагогиканы оқыту жалпы білім беру негізіне құрылды, ол туыс пәндерді оқып-үйренумен тығыз байланыста жүзеге асырылады (психологияны, жас ерекшелік физиологиясын, гигиенаны және т.б.). Сондықтан оқыту кәсіби даярлық және жалпы білім беру деңгейін ескеру негізіне құрылуы қажет;
Оқушылардың белсенділігі мен дербестігін дамыту оларды жоспарлауға әрекетті ұйымдастыруға, өзін-өзі бақылауға, өз бетімен білім алуға ұмытылуын ояту;
Педагогика бойынша шығармашылық тапсырмаларды, әдістемелік нұсқауларды талдау, оларды орындау әдістемесін негіздеу;
Оларды орындау тәсілдері мен білімдерін меңгеру үшін жағдай жасау;
Оқыту процесін басқару және бақылауға оқыту;
Сабақ беру және оқу педагогиканы оқыту үрдісінің құрылымы ретінде
«Педагогикалық әдебиеттердің пайдасы туралы» атты К.Д.Ушинскийдің жұмысын талдау және оған қойылған сұрақтар тұрғысынан: әдебиеттерді оқудың пайдасы неде және оны оқымаудың зияны неде. Педагогикалық білімді меңгерудің қажеттілігі туралы тұжырым. Білімді меңгеру танымдық қажеттілік және тұрақты танымдық қызығушылық негізінде жүзеге асырылады.
Білімнің басты сипаты: толықтығы, жүйелігі және сезімталдығы, әсершілдігі. Білімнің әсершілдігі педагогика бойынша, оның негізінде кәсіби сендіруді қалыптастыру жағдайында қамтамасыз етіледі.
К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский және т.б. кәсіби әрекеттерінен мысалдар.
3. Оқуды белсендіру. Өздігінен педагогикалық білім алуға даярлықты қалыптастыру.
Танымдық қажеттілікті және қызығушылықты қалыптастыру студенттердің оқуда дербестігі мен белсенділігімен тығыз байланысты. Педагогиканы оқыту танымдық әрекетті белсендіру үшін қолайлы мүмкіндіктер туғызады. Оны оқып-үйрену процесінде болашақ мұғалімдер оқу табиғаты, құралдары және оны белсендіру тәсілдері туралы жан-жақты және кең білім алады. Сондықтан студенттерге педагогиканы оқытуда өз бетімен ізденуге, өз бетімен бақылау және жоспарлауға ең басынан үйрету қажет.
Оқу іскерліктері комплексі мен мотивтерін қалыптастыру өздігінен білім алуға даярлықты қалыптастырудың даярлық басқышы болып табылады.
Өз бетімен педагогикалық білім алу студенттердің жалпы өздігінен білім алуының бір бөлігі ретінде қарастырылады. Ол жалпы педагогикалық процесті жетілдіруге бағытталған, педагогикалық тәжірибе мен педагогикалық теорияны меңгеру бойынша жеке тұлғаның жүйелі танымдық әрекеті болып табылады.
Өз бетімен педагогикалық білім алу кәсіби әрекеттің әр түрлі жақтарымен неғұрлым тығыз байланысты және педагогикалық шеберлікті қалыптастыру, біліктілікті арттыру, оқытудың маңызды факторы. Зерттеуде өз бетімен педагогикалық білім алуға даярлықты қалыптастыру бойынша жұмыстың тиімділігін арттырудың кейбір шарттары анықталған:
өз бетімен білім алудың мәні мен белгісін студенттердің терең түсінуі маңызды;
өз бетімен білім алуға даярлықты қалыптастыруға бағытталған тапсырмалардың үнемі күрделенуі жүйелі талдау қажет;
тапсырмаларды орындау бойынша жұмы студенттерді өз бетімен білім алудағы жетістікті сезінуіне себеп болуы қажет;
өз бетімен білім алуға даярлықты қалыптастыруда студенттердің дербес ерекшеліктері ескерілуі қажет.
Принцип /лат. /- негізі, бастапқы/ деп педагогикада оқыту мен тәрбиелеу процесінің басқарушы, жіберуші ережелерін атайды. Жоғары мектеп педагогикасындағы оқыту принциптер - оқу процесінің қызметінің тиімділігін қамтамасыз ететін негізгі ережелер, маңызды талаптар жүйесі.
Жоғары мектеп педагогикасы келесі ережелерді қамтиды:
- принциптер тарихи нақты;
- қоғамдық қажеттіліктерді бейнелейді.
Бұдан принциптер өзгереді. Платон мен Аристотель адам әрекеті мен дүниені тану оқытудың негізі деп есептеді.
Аристотель оқыту мен тәрбиелеу негізінде сезімдік қабылдау мен шындық тұрмысты пайымдады. Оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде үш игіліктің құрамында қарастырды:сыртқы, дене, рухани,ал білімді екі түрге бөлді:
Шынайы /практикалық/
ықтималды /ойланушылық/ тіл, сөйлеу арқылы бірігеді.
Я.А.Коменский 1632 жылы «Ұлы дидактика» еңбегінде былай деді: «Барлық таным сезімнен бастау алады» және «Бедел негізінде ғана оқытуға болмайды, сезім мен сананы пайдаланған дәлелдер керек». Ол алты принципті ұсынды.
түсінушілік;
бірізділік;
көрнекілік /алтын ереже/;
жүйелілік /«Кімде кім үй салса, ол қабырғасы мен шатырынан бастайды, фундаментінен бастайды. Барлығы бір-біріне жалғасады, байланысады, біреуі басқасының негізінде, ал басқаша мүмкіндік емес»/,
беріктілік
әлділік
Принцип теориясын шетел педагогикасында Д.Локк, Ж.Ж. Руссо, И.Г.Песталоцци, ИФ.Гербарт, А.Дистервег қарастырды.
Орыс және кеңес педагогтар: В.Г. Белинский, Н.А. Добралюбов, К:Д. Ушинский, Л.Н.Толстой, М.А.Гончаров, М.а.Шимбирев, П.П. Блонский, В.П.Есипов, ф.Ф. Королев, А.И.Щербаков,Н.Д.Никандиров, Н.Ф.Галызина, Т.А.Ильнина, С.И.Архангельский және т.б.
2.Принциптер номенклтурасы және сипаттамасы.
С.И.Архангельск бойынша жоғарғы мектеп дидактикасының принциптері :
ғылымилық принцип:
а/ дәлелділігі;
б/ ғылыми қорды жүйелі қайта бағалау және болжаумен байланысты қалыптастыру;
в/ ғылымилық өлшемдерін құрастыру /деңгейі, мөлшері, формалары/
г/ оқыту деңгейі мен ғылыми мазмұны көлеміне және деңнейін, байланысын орнату;
д/ оқылған материалдың ғылыми мазмұнын әдіснамалық бағалау.
1. Жоғарғы мектеп оқытушысының әрекеті оқу, ғылыми және қоғамдықтан құралатындықтан жүйелілігі.
2. Теория мен практиканың байланысы. Теория қандай болуы қажет? Ал практика ше? Болашақтың практикасы болжалындай, бүгінгі күні практикасына сүйеніледі. Бұдан теория мен практика кезек күттірмейтін міндеттер қатарына талап етеді;
қазіргі және болашақтағы маманның нақтылы әрекетіндегі практика мен теорияның қатысын анықтайтын факторларды талдау және анықтау;
жоғары теориялық және практикалық оқыту мен бұл факторлардың байланыс заңдылығын және сәйкестігін орнату;
жоғары мектепте оқыту телриясы мен практикасына тиісті теориялық тұжырымдар мен қорытындыларды енгізу;
студенттерді даяплау практикасы және оқу процесімен ғылымның, техниканың, өндірістік және практикалық тәжірибенің дамуымен байланысын орнату,
