- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қорқыт ата атындағы қызылорда мемлекеттік университеті
- •Жұмыс оқу бағдарламасы
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •Оқу жоспарының көшірмесі
- •5.1. Дәріс сабақтарының мазмұны
- •5.2. Практика /семинар сабақтарының мазмұны
- •5.4. Білім алушының оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының жоспары
- •5.4. Білім алушының өзіндік жұмысы
- •Қосымша әдебиеттер тізімі
- •7. Негізгі әдебиеттер тізімі
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қорқыт ата атындағы қызылорда мемлекеттік университеті
- •Білім алушының сабақ түріне байланысты жұмыс уақытының бөлінісі
- •5.4. Білім алушының оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының жоспары
- •5.4. Білім алушының өзіндік жұмысы
- •7. Негізгі әдебиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиеттер тізімі
- •Дәріс тақырыптарының тезистері.
- •4. Саналылық
- •3. Оқу әдебиеттерінің негізгі түрлерін даярлаудың басты талаптары
- •2. Білімді бақылау және бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары
- •3. Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың жаңа технологиясы
- •4. Оқыту жүйесіндегі білімді бақылау және бағалаудағы немқұрайлылықты (формализмді) жою
- •«Дидактика» бөлімін оқыту әдістемесі
- •Тәрбие теориясы бөлімін оқыту әдістемесі
- •«Білім беру жүйелерін басқару» бөлімін оқыту әдістемесі
- •Практикалық сабақ жоспары
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Практикалық тапсырмалар
- •Педагогика курсының мазмұнына жалпы сипаттама
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Талқыланатын сұрақтар
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Сабақ барысы
- •2.«Проблема шешімін қолдану» кезеңі
- •Сабақ барысы
- •2.«Проблема шешімін қолдану» кезеңі
- •1 Тапсырма.
- •2 Тапсырма
- •3 Тапсырма.
- •2.4. Оқытушының басшылығымен студенттердің өзіндік жұмыс шеңберіндегі сабақтардың жоспарлары.
- •Глоссарий
- •Өзгерістерді тіркеу парағы
- •Дәрісханалар тізімі
- •2015- 2016 Оқу жылына
4. Саналылық
саналылық принципі белсенділікпен тығыз байланысты /қызығушылық, бастама /инициатива/, шығырмашылық/ және дербестілік пен /өзін-өзі тәртіпке салу, ұймдастырушылық, ігкі жинақтылық, өзін-өзі жетілдіру/.
Студенттер әрекетін бағдарлау жағдайы ретінде жеке дара және топтық біріктіру принципі.
Оқытушы әр студенттің қызығушылығын, бейімділігін, іскерлігін, дарындылығын, әдеттерін, даму деңгейін /дене және интеллектуалдық/, болашақ мамандыққа пән сапалық ерекшеліктерін білуі қажет.
Нақтылы және абстрактілі біріктіру /абстрактілі ойлауды оқыту көрнекілігімен біріктіру. Жоғарғы оқу орнында оқумен байланысты абстракциялық жоғарғы тәртіпте, көрнекілік жоғарғы мектепте тән сипатта. Непосредственная көрнекілік қажет емес, ол өз белгілерінің нақтылығы мен таным көлемін және тереңдігін бұзады. Көрнекілік қажет, бірақ бар жерде емес, әрқашанда емес, нақтылы мен абстрактілінің міндетті сәйкестігінде емес.
Түсініктілік. Материалдың ғылыми теориялық күрделілік деңгейін, оның күрделілігінің, жеткізілу формаларын, оқып-үйрену әдістерін ескеру. Студенттердің жеке дара ерекшеліктерін ескеру.
Беріктілік. З.У.Жантексеев кейінгі «Жоғарғы мектеп педагогикасы» атты Қазақстандық оқу құралында дидактиканың келесі принциптерін ұсынады:
Оқытудың жеке адамды тәрбиелеу және дамыту, білім беру міндеттерін тұтас шешуге бағытталу принципі.
Ғылымилық
Оқытудың өмірмен байланыстылығы.
Оқытудағы жүйелілік және бірізділік.
Доступность
Оқытушың жетекші ролінде оқытудың белсенділігі мен саналылығы.
Көрнекілік.
Оқытудың әртүрлі әдістерінің сәйкестілік принципі.
Оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі формаларының сәйкестілік принципі (ұжымдық, топтық және дара).
Беріктілік
Оқыту принциптерінің өзара байланыстылығы.
Негізгі әдебиеттер: 6, 11-13
Қосымша әдебиеттер: 26, 28, 43 – 45
Лекция № 9, 10,11 Педагогикада оқыту формалары мен әдістері
Педагогиканы оқыту формалары
9.1 Оқыту формасы оқыту үрдісін ұйымдастырудың сыртқы көрінісі ретінде.
9.2 Оқытуды ұйымдастыру формасының түрлері: оқушылар санына, оқу орнына, сабақтың өту уақытына сәйкес.
10.1 Оқытудың жеке формасы оқытушының жеке формасы оқытушының бір оқушымен өзара әрекеттестігі.
10.2 Топтық , жеке формасы және ұжымдық оқыту формалары, олардың ұқсастықтары мен ерекшеліктері.
11.1Сабақ - колледждегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы, оның жетістіктері мен кемшіліктері
1. Оқытуды ұйымдастыру формаларын дамыту. Қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының әр кезеңіне мектеп мақсаттарының өзгеруін ескеретін, оқу процесін ұйымдастырудың белгілі бір идеясын көздейтін оқыту теориясының өз даму деңгейі сәйкес келеді. Білім беру мақсаты мен жағдайының өзгеруімен бірге тәрбие мақсаты мен жағдайы да өзгерді.
Әлеуметтік-экономикалықжағдайдың өзгеруімен қоғамның жаңа талаптарының пайда болуы, педагогикалық мақсаттарды кеңейтіп және күрделендіріп қоймай, оқыту мен тәрбиелеу процесіне де әсерін тигізді. Өскелең ұрпақтың шығармашылық деңгейін жеке тұлғаның эмоциональдық және адамгершілік белсенділігін жан-жақты дамыған адам тәрбиелеу мақсатына сәйкес дамыту кезек күттірмейтін мәселе болып отыр. Бұл мақсатқа оқыту ұйымдастыру формалары мен құралдары, әдістері, мазмұны сәйкес келуі қажет.
Оқытуды ұйымдастыру формалары оқушылардың танымдық әрекетін қалай ұйымдастыру қажет проблемасын қарастыратын дидактиканың бөліміне қатысты.
Ғылымда «форма» түсінігі лингвистикалық тұрғыдан және философиялық тұрғыдан қарастырылады.
С.И.Ожеговтің сөздігінде «форма» түр, тип, құрылым, бір нәрсенің құрылуы ретінде түсіндіріледі.
Форма – белгілі бір тәртіп, бұл сыртқы түр.
Бір заттың, процестің, құбылыстың формасы оның мазмұны бойынша, күрделенген, өз кезегінде оған кері әсер етеді.
«Философиялық энциклопедияда» форма түсінігі «форма мазмұнды іштей ұйымдастыру... Форма пәннің тұрақты байланыс жүйесін қамтамасыз етеді» деп анықталады.
Оқытуға қатысты, форма – бұл оқыту процесінің арнайы конструкциясы. Бұл конструкцияның сипаты оқыту процесінің мазмұнымен, әдістерімен, тәсілдерімен, құралдарымен, оқушылар әрекетінің түрлері мен күрделенген. Оқытудың бұл конструкциясы белгілі бір оқу материалымен жұмыс кезіндегі оқушымен мұғалім қатынасы, мазмұнды іштей ұйымдастыру.
Сонымен бірге, оқыту формасы ретінде әрекет тәсілдері мен оқу материалының белгілі бір мазмұнын меңгеру бойынша мұғалім мен оқушының өзара әрекетін жүзеге асыратын оқыту процесінің кезеңдерінің, бөліктерінің құрамы деп түсіну керек.
Оқытуды ұйымдастыру формалары (ұйымдастырушылық формалары) – бұл белгілі бір тәртіпте жүзеге асатын оқытушы мен студент әрекетінің сыртқы көрінісі. Олар дидактикалық жүйенің дамуымен байланысты жетілдіріледі және пайда болады, әлеуметтік күрделенеді.
Оқытуды ұйымдастыру формалары әртүрлі өлшемдер бойынша жіктеледі:
Студенттерн санына;
оқу орнына;
оқу сабағының ұзақтығына және т.б.
Бірінші өлшем бойынша көпшілік, ұжымдық, топтық, кішігірі топтық және оқытудың дербес формалары деп бөлінеді.
Оқу орны бойынша мектептік және мектептен тыс формалары деп бөлінеді.
Оқыту уақытының ұзақтығына қарай сабақ (90 мин.) қысқартылған сабақ (80 мин.) деп бөлінеді.
11.1Сабақ - колледждегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы, оның жетістіктері мен кемшіліктері
Сабақ – шығармашылық акті. Ол мұғалімнен де, оқушыдан да дене, ақыл – ой, сезімдік күш – жігер жұмсауды талап етеді. Сабақ оқытудың мақсаты мен мазмұнының, тәсілі мен әдісінің күрделі әрекеттестігінен көрінетін, жеке адамның, мұғалімнің шеберлігі байқалатын, оқушының жеке және жас ерекшелігі, оқытудың мақсаты мен міндеті, тәрбиелеу мен дамыту жүзеге асырылатын оқу – тәрбие процесінің логикалық жағынан аяқталған тұтас элементі.
А.Сухомлинский сабақты «Оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы» деп атаған.
Сабаққа қойылатын талаптар
Ұйымдастырушылық |
Дидактикалық |
Тәрбиелік |
1 |
2 |
3 |
|
|
|
Мектеп тәжірибесінде бір типті сабақ болмайды. Сондықтан оны топтастырудың мәні зор. Сабақты жіктеу әрбір пәннің ерекшеліктеріне, оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне де байланысты болады. И.Н.Казанцев былай жіктейді:
алғашқы сабақ;
кіріспе сабақ;
жаңа білімді меңгеру сабағы;
пысықтау сабағы;
жаттығу сабағы;
тәжірибелі сабақ;
қайталау – қорыту сабағы;
тексеру сабағы;
білім сапасын бағалау сабағы;
қорытынды сабақ.
С.В.Иванов:
1. Кіріспе сабақ
2. Оқу материалымен алғашқы рет танысу сабағы
3. Жаңа білімді меңгеру сабағы
4. Меңгерген білімді тәжірибеде қолдану сабағы
5. Дағдылану сабағы
6. Қайталау, пысықтау және қорыту сабақтары
7. Бақылау сабағы.
Қазіргі мектеп тәжірибесінде көптеп қолданылатын сабақтың көп тараған түрі – ол аралас сабақ. Аралас сабақта барлық сабақ түрлерінің бірнеше элементтері арқылы аралас өтеді. Осындай сабақтың бір вариантын Қазақстанның белгілі ғалым – педагогы Р.Г.Лемберг өзінің «Дидактикалық очерктер» деген еңбегінде ұсынады. Бұл еңбекте автор жаңа оқу материалын енгізіп, түсіндіру жұмыстарына аса мән берген. Оның құрылымы:
жаңа оқу материалын өткен материалға байланыстыра түсіндіру;
үйге тапсырма беру;
оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беру;
өткен оқу материалын қайталап, оқушылардың білімін сынау және жаңа сабақты пысықтау.
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлерінің бірі ол экскурсия. Оның мақсаты – оқушылардың сабақта алған теориялық оқу материалдарын практикамен жалғастыру, бекіту. Сондықтан оқыту процесінде оның маңызы зор. Ол барлық оқу пәндеріне, әсіресе физика, химия, биология, тарих және еңбек сабақтарында кеңінен қолданылады. Экскурсия түрінде жақсы өткізілген әрбір сабақ оқушыларға нақтылы фактілер мен құбылыстарды жақсы оқып үйренуге, өз түсініктерін кеңейтіп, білімдерін бекітуге мүмкіндік береді.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарының олардың таным белсенділіктерін арттыруда үлкен маңызы бар екені белгілі. Бүгінгі таңда оқушылардың үздіксіз білім алу міндеттерін жетілдіруге сай мектеп мұғалімдерінен олардың ойлау қабілеттерін одан әрі арттыру, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар өзіндік жұмыстарына қатысты іскерліктері мен дағдысын тәрбиелеу талап етіліп отыр.
Оқушылардың әртүрлі өзіндік жұмыстары негізінде сабақтың нәтижесін және таным қабілеттерінің белсенділігін арттыруға болады.
Оқушылардың өзіндік жұмысы міндетті түрде мұғалімнің басшылығын, сонымен қатар, олардың дербестігін, қызығушылығын, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етуі. Бұл жөнінде педагогтар мен психологтар (Р.Г.Лемберг, М.Н.Скаткин, В.А.Занков т.б.) оқушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшелігі – олардың ықыласы және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп санайды
Негізгі әдебиеттер: 6, 11 – 13
Қосымша әдебиеттер: 26, 28, 43, 44, 45.
№12,13,14 Педагогиканы оқыту әдістері
12.1 Оқыту әдістері- оқу іс әрекетін ұйымдастырудағы оқытушы мен білім алушылардың бірлескен жұмысының амалы.
12.2 Оқыту тәсілі оқыту әдісінің құрамды бөлігі ретінде
13.1 Оқыту әдістерінің жіктелуі
13.2 Ауызша баяндау әдістері: әңгіме, түсіндіру, дәріс, баяндау.
14.1 Оқытудың белсенді әдістері
Әдіс – оқу – тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі.
Тәсіл – оқыту әдісінің бөлігі. Жоспарды хабарлау, оқытушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс – қимылдарды қайталауы, ақыл – ой жұмыстары тәсілге жатады, ол оқу материалын түсінуге көмектеседі, әдістің жүзеге асуына ықпалын тигізеді.
Оқыту құралдары – білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер т.б.
Оқыту әдістерін білім алу көзіне қарай топтастыру.
Әңгімелеу, дәріс әдістер Оқулықпен жұмыс
О көрнекі құралдармен, бейне, сурет, құжатты фильмдер, компьютер
Іс – тәжірибелік Жаттығу, жазба жұмыстар, сызба, әдістер графиктік, машықтану жұмыстары
|
Оқыту әдістерін оқушылардың ойлау әрекетінің, қызметінің тәсілдері бойынша топтастыру
О Жеке (жартылай) ізденіс эвристикалық Зерттеушілік
|
И.А.Данилов, Б.П.Есипов дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді былайша топтастырған:
білім алу, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс - әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру.
И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин оқыту әдістерін оқушылардың танымдық жұмыстарының түріне қарай берген.
Ю.К.Бабанский оқу танымдық іс - әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. Ол іс - әрекет үш бөліктен тұрады: Ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын белгілеген.
М.И.Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін іріктеген. Олар: ақпарат беру әдісі, түсіндіру әдісі, ынталандыру әдісі, тәжірибелік әдіс.
Оқыту әдістерін таңдау әдетте сабаққа оқу материалының мазмұнын таңдаған кезде жүреді. Ол дидактикалық мақсатқа, оқушылардың білім деңгейіне, мұғалімнің өзінің дайындық деңгейіне байланысты.
Оқыту әдісін таңдауға қойылатын талаптар:
оқыту әдістерін оның мақсат – міндеттеріне, оқушылардың жас және таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану;
мектептің материалдық – техникалық негізін ескеру;
мектептің орналасқан жерін ескеру;
мұғалімнің шығармашылығы және шеберлігі;
оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын сабақ мақсатының айқындығы
№15,16 Педагогиканы оқыту құралдары
15.1 Оқыту құралдары білім беру үрдісін қамтамасыз ететін қажетті элементі.
15.2 Материалдық және идеалдық нысандар педагог пен білім алушылардың іс әрекет құралдары және ақпараттардың көзі ретінде.
16.1 Оқыту құралдарының жіктелуі: табиғи нысандар, ақиқат дүние құбылысы мен заттардың кескіні және бейнесі, заттар мен өмір құбылыстарын сөз және сөйлемдерімен суреттеу, оқытудың техникалық құралдары.
16.2 Педагогика бойынша оқулықтар мен оқу құралдары
15.1 Оқыту құралдары білім беру үрдісін қамтамасыз ететін қажетті элементі
Оқу және оқу-әдістемелік әдебиет – оқытудың мақсаты мен мәселелеріне, білім алушыларды тәрбиелеу мен тұлғалық дамуына жауап беретін оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар жиынтығы.
Жоғары мектепке арналған оқу және оқу-әдістемелік әдебиеті студенттердің мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары/ жоғары оқу орнынан кейінгі мамандық стандартында қарастырылған ғылыми көзқарасын шынықтыруды қалыптастыруы, жүйелендірілген материалды, тура және тексерілген ережелерді қамтуы, оларды түсінікті формада баяндауы, студенттер білімді, дағдыны және біліктілікті шығармашылық және белсенді меңгеруді қамтамасыз етуі керек.
Оқу басылымы – ғылыми немесе қолданбалы сипаттағы жүйелендірілген мәліметтерді қамтитын, оқытушы зерделеуге ыңғайлы болатындай да, әр түрлі деңгейдегі білімі бар білім алушыларға да есептелген формада баяндалған басылым.
2.1.1 Оқулық – ресми түрде басылымның осы түрі ретінде бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының қойылатын талаптарына, типтік оқу жоспарына, типтік оқу жоспарына, типтік оқу бағдарламасына сәйкес ғылымның белгілі бір бөлігінің білімдерінің негізі баяндалатын, оқу пәнінің (оның ең көлемді бөлімінің) жүйелендірілген мазмұны бар, ҚР БҒМ және ОӘС-ң грифін алған және арнайы басылым ретінде бекітілген кітап.
2.1.2 Оқу құралы – ресми түрде басылымның осы түрі ретінде бекітілген толықтыратын немесе оқулықты ішінара/толығымен айырбастайтын, ОӘС-ң грифін алған және арнайы басылым ретінде бекітілген оқу басылымы .
2.1.3 Оқу-әдістемелік құрал – оқу пәнін, оның бөлімін, бөлігін оқыту, үйрету немесе тәрбиелеу әдістемесі бойынша материалдарды қамтитын оқу басылымы.
2.1.4 Жұмыс дәптері – оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуге мүмкіндік туғызатын ерекше дидактикалық аппаратты қамтитын оқу басылымы.
2.1.5 Хрестоматия – оқылатын оқу пәнінің оқыту нысанын жасақтайтын әдеби-көркем, тарихи және де басқа шығармашылықтарды немесе олардың үзінділерін қамтитын оқу басылымы.
2.1.6 Практикум – практикалық тапсырмаларды және жаттығулар мен олардың шығарылуларын қамтитын оқу басылымы.
2.1.7 Жаттығулар/есептер жинағы – практикалық тапсырмалар мен жаттығуларды қамтитын оқу басылымы.
2.1.8 Практикалық практикумдар, есептеу мысалдары, карталар мен сұлбалардың альбомдары, конструкциялардың атластары, арнайы курстар мен типтік немесе жұмыс оқу бағдарламасындағы пәндердің кейбір маңызды және қиын бөлімдері және т.т. да оқу-әдістемелік әдебиет болып табылады.
2.2 Сөздік, энциклопедия, көрсеткіш, бума, жол сілтегіш анықтамалық басылымдар болып табылады.
2.3 Әдістемелік ұсыныстар –білім алушылардың/оқытушылардың/ мамандардың оқу/практикалық қызметінде оларға көмек ретінде бағытталған, ресми басылым болып саналмайтын, оларға авторлық құқық үлестірілмейтін нұсқаулық басылым.
2.3.1 Әдістемелік әдебиет – пәнді оқып үйренуге, өзіндік жұмыстарды, курстық және дипломдық жобаларды, практикалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар, практикалық сабақтарға арналған әдістемелік жетекшілік, семинар сабақтарының жоспарларын, есептеу-графикалық тапсырмалардың нұсқаулары, пәндер бойынша безендірілген материалдар және т.т.
2.3.2 Силлабус білім алушыларға арналған ақпараттық құжат, ол оқу құралына, арнайы басылымға жатпайды, ОӘС-ң грифі мен авторлық құқық бұған берілмейді.
2.3.3 Мамандықтың оқу-әдістемелік кешені – нақты мамандық бойынша білім беру мазмұнын анықтайтын құжаттар мен материалдар жинағы, ол оқу құралына, арнайы басылымға жатпайды, ОӘС-ң грифі мен авторлық құқық бұған берілмейді.
2.3.4. Бақылау -өлшеу материалдары – білім алушылардың ағымдық, рубеждік, аралық және қорытынды білімдерін бақылауды ұйымдастыруға арналған материалдар, соның ішінде: бақылау жұмыстары, тапсырмалар, тесттер, билеттер және тапсырмалардың басқа түрлері, оқу құралына, арнайы басылымға жатпайды, ОӘС-ң грифі мен авторлық құқық бұған берілмейді.
2.4 Монаграфия – ғылыми немесе әйгілі арнайы басылым. Бір немесе бірнеше автор жазатын, бір мәселені немесе БАОӨЖ №ты зерттеудің мазмұнын көрсететін басылым. Оқу құралына, арнайы басылымға жатпайды. ОӘС-ң грифі мен авторлық құқық бұған берілмейді.

Сөз
жүзіндегі Оқу – білімдік
пікір - сайыс
қыту
әдістері Көрнекі әдістер
Бақылау, байқау, бейнелеу,
Түсіндірмелі
- иллюстративтік
Репродуктивтік
(көшірме)
қыту
әдістері Проблемалық
баяндау