Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
срс 5.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
21.05.2020
Размер:
27.57 Кб
Скачать
  1. Көтеру-тасымалдау машиналарының қозғалтқыштары

КТМ-сын жұмысқа қосу үшін келесідей қозғалтқыш түрлері қолданылады:

Қол қозғалтқышы негізінен аз көлемдегі өндірісте жəне жүк көтеру-тасымалдау мөлшері аз, көтеру биіктігі көп емес қарапайым құрылғыда қолданыс табады (домкраттар, полиспасттар, лебедкалар).

Электрқозғалтқышы қазіргі кездегі ең көп тараған жəне ең тиімді жетек болып табылады. Олардың артықшылығы: жоғары үнемділігі, жөндеу жəне қызмет көрсету қарапайымдылығы, қозғалтқыштың барлық уақытта жұмысқа дайындығы, жылдамдықты реттеу жəне кері жүрісін қосу жеңілдігі, басқару жəне автоматтандыру қарапайымдылығы жəне т.б. Кемшілігі: электр желісінің машинамен сым арқылы байланысы. Қозғалтқыш тұрақты немесе айнымалы ток көзімен қоректенеді, себебі барлық өндірістерде осындай электр желісі орталықтан қосылған. Асинхронды айнымалы токпен қоректенетін жетектер жасалуы жəне жөндеу жұмыстары жеңіл.

Моторлы қозғалтқыш немесе іштен жану қозғалтқышы – көбінесе теміржол, шынжыр табанды жəне автомобильді крандарда қолданылады, себебі электр жүйесіне қосу мүмкіндігі жоқ. Іштен жану двигателі – карбюраторлы немесе дизельді болып бөлінеді. Негізгі артықшылығы – электр энергиясына байланысты емес. Кемшіліктері: аз жіберу моменті, сондықтан ұлғайтылған қуаты бар қозғалтқышты орналастырады, артқы бағытқа ауыстыру күрделілігі – механикалық берілісте, жетекті жөндеу, басқару, қызмет көрсету қиындығы.

Гидравликалық қозғалтқыш КТМ-сында кеңінен қолданылады. Қозғалтқыш насостан, бөлгіштер желісінен, жұмысшы цилиндрінен, поршенінен жəне құбырлардан тұрады. Машинаны басқару құрылғысында гидравликалық жетек жүйелері қолданылады. Қозғалтқыштың артықшылығы: жоғары сенімділігі, жұмыс жасау бірқалыпты жүреді, жайлылығы, үлкен күштелуде жұмыс жасау мүмкіншілігі. Кемшіліктері: ПƏК-інің аздығы, (0,6 шамада), арнайы қатпайтын сұйықтықты төменгі температурада қолдануы.

Қорытынды

Көтеру-тасымалдау машиналарын өндірісте жасау саласының дамуы, орыс ғалымдарының еңбегі мен зерттеулеріне тығыз байланысты. КТМ сипаттайтын алғашқы күрделі еңбекті 1872 ж. проф. И. А. Вышнеградский баспадан басып шығарды. Жүккөтергіш жəне тасымалдауыш машиналарды есептеу теорияларын əрі қарай дамытқан ғалымдар-профессорлар: А. М. Самус, М. Н. Берлов, Л. Г. Кифер, А. О. Спиваковский, А. И. Дукельский, Н. Ф. Руденко, М. П. Александров, А. А. Вайнсон, А. В. Вершинский, Л. А. Колобов, С. А. Джиенкулов, Р. А. Кабашев, С. Н. Нураков, А. Н. Данияров, Ж. О. Кульсейтов, А. С. Кадыров, А. Ж. Омаров, В. В. Грузин, М. В. Дудкин, З. А. Молдагалиев жəне т.б.

Көтеру-тасымалдау машиналарын жасаудың жалпы дамуы машина номенклатурасының жалпы өсуімен сипатталады. Қуатты крандар мен үздіксіз тасымалдау машиналары бүгінгі таңда арнайы зауыттарда жасап шығарылуда. Мəселен, көпірлі кранның жүккөтергіштігі 1300 т-ға, суда жүзетін кранның жүккөтергіштігі 1600 т-ға, ал төрт тағанды сандал кранның жүккөтергіштігі 2000 т-ға жетеді. Заманауи қуатты конвейер 30000 т/сағ-қа дейін қопарылған кенді тасымалдап, 1 минутта 10 теміржол вагонын жүктей алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]