Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
срс 5.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
21.05.2020
Размер:
27.57 Кб
Скачать
  1. Көтеру-тасымалдау машиналарын өндіру жəне сенімді қолдануы

КТМ-адамның қол жұмысын механикаландырып, еңбекті жеңілдету болып табылады, сондықтан бұл машиналарды өндірістің қолы десе де артық болмайды. Осы тұрғыдан қарағанда КТМ өндірісте жəне халық шаруашылығында маңызы зор, демек келесідей жұмысты атқарады: 1) өндірістің өнімділігін арттыру, шығарылатын өнімнің бағасын төмендету, өндірістің даму қарқынын еселеу; 2) еңбек жағдайын жеңілдету жəне жақсарту; 3) базалық машиналарды құру, өндірісті тиімді ұйымдастыру жəне оны басқару тиімділігінің негізін қалау. Сондықтан КТМ-ның өндірісте кеңінен қолданылуына жəне конструкциясын үздіксіз жетілдіруіне зор көңіл бөлінуі керек.

Бірақ КТМ-сын үздіксіз жетілдіру, кей кезде, олардың құрылымын күрделендіріп, агрегаттарының бір-бірімен өзара байланысын қиындатып жіберуі ықтимал; бір бөлшегі немесе тетігі бұзылса, бүкіл машина тоқтап қалады. Сондықтан машинаның барлық бөлшектері, тетіктері, агрегаттары бірыңғай ұзақ мерзімде жұмыс істеу сенімділігі мен беріктігін қамтамасыз ету КТМ-сын өндірісте қолдану тиімділігін сеніммен ақтайды. Сонымен қатар бұзылған бөлшекті, тетікті немесе агрегатты тез арада тауып, ақауланған тетікті алмастыру КТМ жалпы өнімділігін арттырып, өндірістегі тиімділігін ұлғайтады.

Жүкті көлікпен тасымалдау, құрылыста жəне өндірісті шығын жəне шикізаттармен қамтамасыз етуде – өте көп, əр түрдегі құрылымы, қолданылуы жəне үлкен-кішілі мөлшерлердегі КТМ-сын қажет етеді. КТМ түрлерін жəне бір түрдегі құрылымның қатар санын көбейтуде, жалпы пайдалану тиімділігін нашарлатып, машинаны жөндеу жұмыстары күрделеніп кету қаупі бар. Сондықтан осы машиналардың өндіріске қажетті түрі мен саны шектеледі. Осы салаларда КТМ жасап шығаратын елдердің келісімімен сол машиналардың бөлшектері, тетіктері мен агрегаттары стандартталады, нормаға келтіріледі, біріздендіріледі (унификацияландырылады).

Стандарттау – негізінен мемлекет аумағында жүреді жəне КТМның барлық түрлерін: крандарды, конвейерлерді, тиеп-түсіру машиналарын, т.б. қамтиды. Мемлекеттік стандарттар КТМ барлық негізгі көрсеткіштерін: жүккөтергіштігін, жебенің ұзындығын, кранның ось аралық адымын, жұмыс органының жылдамдықтарын, қуаттылығын жəне т.б. бірыңғай санға келтіріп ықшамдайды.

Унификация (біріздендіру) жұмысы стандарттау жұмысымен қатар орындалады жəне конструкциясы бір-бірінен аз ғана айырмашылығы бар машиналарды біріктіріп, өндіріске қажет моделін белгілі бір көрсеткішімен анықтайды жəне қабылданған моделіне нормалдан ған бөлшектер мен тетіктер қолданыс табады. КТМ-сын біріз дендіру əртүрдегі машиналардың бір типтегі машинаның реттелген, мөлшерленген түрін белгілейді. Нормализациялау – дегеніміз КТМ-сында қолданылатын бөлшектер мен тетіктердің түрлерін ықшамдап, бір қалып қа келтіру (жетектер, барабандар, тежегіштер, муфталар жəне т.б.).

Стандарттау, нормализациялау, біріздендіру КТМ-сын өндіріс те пайдалану тиімділігін жоғарылатады, бұзылған тетіктерін жөндеу, тез алмастыру жұмыстары жеңілдеп, өндірісті ұйымдастыру жəне технологиясын басқару жұмыстары жақсарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]