Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
срс 4-2.pptx
Скачиваний:
4
Добавлен:
21.05.2020
Размер:
1.67 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚАГРОТЕХНИКАЛЫҚУНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ №4-2

Тақырыбы: Ұйым қызметінің тиімділігін қалыптастыру. Ауыл шаруашылығындағы маркетинг. Лидерлік (Көшбасшылық).

Орындаған: Амантай Гүлманат Тексерген: Карсыбаева Қ.А.

Астана 2019

Жоспар

Кіріспе

1. Қоғамдағы бизнестің рөлі. Бизнес этикасы

2. Маркетинг түсінігі. Маркетингтің негізгі категориялары. Агромаркетинг.

3. Лидерлік: билік, басшылық ықпалы (влияние) және стилі. Басқарушылық шешім дер даярлау және жүзеге асыру.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі заманғы экономика — бұл жоғары технологияларға,барлық салалары мен сегменттеріне, инновацияларды және ғылым мен біліктілікті қажетсінетін экономика. Жалпы экономиканың тиімді дамуында аумақ экономикасының алатын орны айрықша. Аумақ – біріншіден, бұл елдің белгілі- бір бөліміндегі күрделі әлеуметтік- экономикалық жүйе. Екіншіден, ол елдің біртұтас экономикалық кешенінде дамитын өндіруші, тұтынушы және өспелі өндірістік үрдістерді ұйымдастырушы. Елімізде әлеуметтік-экономикалық қана емес, саяси салмағы да басым жетекші салалардың бірі-ауыл шаруашылығы. Ал ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды саласы-мал шаруашылығы болып табылады. Оның міндеті халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету, ал азық – түлік, тоқыма, былғары, парфюрма және басқада кейбір өнеркәсіп салаларының шикізатқа деген қажетін өтеу.

Мал шаруашылығы өнімдері өте көп, мысал ретінде ешкі өніміне тоқталып, ешкіден алы-натын өнімнің адамға пайдалы екенін зерттелік. Біздің елімізде ешкі сүтін өндіретін өндіріс орындары жоқтың қасы, осы жағдайды ескере келе ешкі сүтінің адам ағзасына пайдасының мол екенін және елімізде осындай өндіріс орнын ашу қажеттілігін зерттеу тақырыбымыздың өзектілігін айқындайды. Біріншіден, ешкіден алынатын өнімге тоқталайық: Ешкіден сүт, ет, тері, жүні, түбіті сияқты бағалы өнімдер өндіріледі. Әрбір өнім өзіндік ерекшелік қасиеттерге ие. Ешкі сүтінің биологиялық және химиялық қасиеті; Ешкі сүтін сиыр сүтімен салыстырғанда,ешкі сүтінде май, белок және минералды тұздар көп болады. Мысалы, сиыр сүтінің майлылығы 3,4%, белогы 3,9%, ал ешкі сүтінің майлылығы 4,37 %, ал белогы 4,49 % болып келеді, сонымен қатар ешкі сүтінің қанты да жеңіл қорытылып сіңеді және кальций, фосфор, кобальт элементтері В тобының витаминдері көп болады. Осының бәрі ешкі сүтінін қасиеттерін көбейтіп, адам үшін аса құнды диеталық тағам екені дәлелді. Ешкі сүті инфекцияға, геморияға қарсы қасиеттері бар. Ешкі сүтінің құрамы олардың тұқымына, жасына, сауылу мерзіміне, азықтар құрамына байланысты бір шама өзгеріп тұрады, бірақ орта есеппен алғанда, ешкі сүті әйел ананың сүтіне жақын келеді. Сондықтан жас баланы қоректендіруге сиыр сүтіне қарағанда ешкі сүті жұғымдырақ болады.

1. Қоғамдағы бизнестің рөлі. Бизнес этикасы

Кәсіпкерліктің этикасы баяғы заманнан келе жатқан оқып үйреніп біліп алу объектісі болып саналады. Оны ертеде Аристотель өсімқорылықтан кіріс алуға теңестірген. Ерте заманнан бері бизнес адам қызметінің қажетті бір жүйесі ретінде баян етілген. Бизнес этикасын зерттеушілер барлық уақытта кәсіпкерліктің өзекті элементтеріне, оның ішінде ерекше бизнесменнің, өзінің жеке ісінің этикалық түрақтану негізіне аса көңіл аударған.Дегенмен, ең алдымен бұл басылымдағы негізгі түсінік болып саналатын және қарас- тырылатын зат туралы анықтаманы сипаттап алайық. Ол бизнес этикасы.

Бизнес – жоғарыда кіріспеде айтқандай-ақ, ол өзінің есебінен, және де өзінің тәуекелділігі мен өзінің жауыпкершілігіне қарызға алған қаражаттың немесе өзінің қаражат есебінен іске асырылатын, мақсаты болып тұрақтан- дыру мен кіріс алу үшін жеке ісін дамыту және кәсіпкерлік болып табыла- тын еңбек ұжымының жалпы қоғамдық әлеуметтік проблемаларын шешуге бағытталып, өз еркімен жасалған коммерциялық қызмет.

Басқа сөзбен айтқанда, бизнес – ол өзінің және қоғамның қажеттілігін қанағаттандыруға, өзінің ісін, қайта жасап шығаруды кеңейтуге, мекеменің сапалы өркендеуін пайдаланылану мен кіріс алуға, қаражатты көбейтуге бағытталған және тұрақты инновацияларды пайдалануға арналған, өз еркімен жұмыс істейтін әрекетті экономикалық қызмет.

Бүгінгі Казақстандағы бизнестің мақсаты – шаруашылық айналымдарды өсіру және кіріс алу емес, сонымен қатар үздіксіз дағдарыс жағдайында өмір сүру қабілеттілігі.

2.Маркетинг түсінігі. Маркетингтің негізгі категориялары. Агромаркетинг.

АҚШ əдебиетінде «маркетинг» термині XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында пайда болды. Маркетингтің жарнама, тауарды өткізу, сауданы ұйымдастыру сияқты элементтері бұдан біраз уақыт бұрын белгілі болғанымен, экономика пəнінің құрамына енбеді. Қазіргі заманғы маркетингтің пайда болуы мен дамуының алғышарттары мыналар болып табылады: əлемнің дамыған елдеріндегі нарықтық қатынастардың дамуы жəне заңдардың жетілдірілуі, халықаралық еңбек бөлінісіне ықпал еткен ғылымитехникалық, технологиялық өрлеу, бəсекелестік күрестің өсуі. Осының барлығы маркетингтің ғылым, өнер, экономикалық пəн ретінде теориялық жəне практикалық негіздерінің қалыптасуына себеп болды. Маркетинг ғылымының негізін американдық профессор Филип Котлер қалады. Ол маркетинг пəнінің құрылымын жасап, басты түсініктерін анықтады, негізгі тұжырымдамасын қалыптастырып, оларды жүзеге асыру жолдарын көрсетті. Маркетинг тұжырымдамасының негізгі идеясы — тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру. Котлердің пайымдауынша, маркетинг дегеніміз — айырбас жолымен мұқтаждықтар мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған адам қызметінің бір түрі (1.1. сурет). Маркетингтің басты назар аударатын нысандары: адам қажеттіліктерін түсіну жəне басқару, сұраныс, тауарлар, айырбас, келісім, нарық, тапсырыс. 1.2. суретте маркетинг нысандарының қарапайым байланысы көрсетілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]