Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
срс 3-2.pptx
Скачиваний:
0
Добавлен:
21.05.2020
Размер:
73.5 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ №1

Тақырыбы: Ұнның сапалық көрсеткіштері

Орындаған: Амантай Гүлманат

Тексерген: Нұрматқызы Д.

Астана 2019

ЖОСПАР

Кіріспе

1.Ұнның органолептикалық көрсеткіштері

2.Ұнның физико-химиялық көрсеткіштері Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Түр мен типтің деңгейіне қарай ұнды тауарлық сортқа бөледі.Ұн сорты дән ұлпасының арақатынасы мөлшерімен, өңдеу технологиясымен ерекшелінеді.Бидай нанын пісіретін ұнды бес тауарлық сортқа бөледі: майда ақ ұн, жоғарғы, бірінші, екінші, ерекше тартылған қара бидай ұны. Ұнның сапасы келесі параметрлер арқылы бағаланады:

-тағамдық және биологиялық құндылығы;

-органолептикалық ерекшелігі;

-физикалық-химиялық;

-қауіпсіздік.

Бірінші және жоғарғы сорттың бидай ұны витаминдерден болуы мүмкін, егерде оған В1, В2, РР витаминдері қосылса.Ұнның құндылығы дәнді

дақылда болатын заттарға байланысты. Ұнның әртүрлі сорты дәннің әр бөлігінен жасалынып, оның тағамдық құндылығына әсер етеді. Ұнның сорты жоғары болған сайын ұнда көмірсу көбейіп, белок және басқа заттар аз болады.

ҰННЫҢ ОРГАНОЛЕПТИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Түс – ұн сортының негізгі көрсеткіші. Ол дән түсіне, қабықтар санына, тартылу ірілігіне, нығыздау дәрежесіне және ұнның ылғалдылығына, жарықтың түсуіне байланысты болады. Бидай ұнының жоғарғы сортының түсі – ақ немесе аздап қоңыр реңді; бірінші сорттың түсі – ақ немесе ақ сарғыш реңді; ерекше тартылған ұнның түсі – ақ сары реңді немесе сұр реңді болып сипатталады

Иісі – қара бидай ұнына тін болып, шіріктің, көктің және басқа да бөтен иістер болмау керек.

Дәмі – қара бидай ұнына тән болып, қышқыл, ашты, бөтен дәм болмау керек. Қытырлау ұнның жіберілмейтін ақауы болып есептеледі. Ол дән дұрыс тазартылмаған жағдайда болады.

Нанды пісіруге және сатуға арналған ұнда көгерген, қышқыл дәм болмау керек. Егерде кез келген зиянкестерді тапса, онда ол ұн сатуға жарамсыз болып есептеледі.Ұнды сақтау тепмературасы 12-180С жоғары болмау керек және ауаның ылғалдылығы 60-70%, құрғақ, таза, жақсы желдетілетін бөлмелерде сақтайды.

ҚОРЫТЫНДЫ

Дәнді өзара өңдеу кезіндегі технологиялық үрдістер мен операциялардың өзара байланысқан түрде белгілі бір тізбек бойынша жүргізілуін – ұн тарту деп атайды. Әрбір ұн тарту белгілі бір құрылымда болып, бірнеше кезеңдерден және жүйелерден құралады. Біркелкі өнімдерді бір машинада немесе бірнеше машиналардан тұратын топта өңдеуді – жүйе деп атайды. Жүйенің жұмыс істеу режимі осы жүйеге өңдеуге келіп түскен өнімнің шығымы және сапасымен сипатталады. Жүйелер бірігіп кезеңдерді құрайды, ал кезеңдер технологиялық үрдістің жоғарғы деңгейі болып саналады. Қолданыстағы ұн тартулардың барлығы екіге бөлінеді: қарапайым және күрделі. Қарапайым ұн тартуларға жататындар: бидай мен қара бидайдың қарапайым ұн тартулары (сәйкесінше бидай - 96%; қара бидай - 95%). Қара бидайдың бір сұрыпты ұн тартуы – обдирлі ұн шығымы 87%. Күрделі ұн тартуларға: бидай мен қара бидайдан наубайханалық сұрыпты ұн тартулар және қатты бидайдан макарондық ұн тартулар жатады.

ҰННЫҢ ФИЗИКО- ХИМИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Бидай ұнының ылғалдылығы 15% аспау керек. Ұнның ылғалдылығы жоғары болса, оның су сіңіру қасиеті төмендейді. Ол шығарылатын өнімдердің мөлшерін азайтады.

Ұнның күлділігі сұрыптың қосымша көрсеткіштері болып саналады. Төменгі сұрыптқа қарағанда, жоғарғы сұрыптың күлділігі төмен болады. Өйткені жоғарғы сұрып ұнының дәні негізінен эндосперма бөлшектерінен тұратындықтан, бөлек дән ұлпаларында минералды заттардың бір текті таралмауы байқалады. Жоғарғы сұрып бидай ұнының күлділігі - 0,55, бірінші сұрып – 0,75-тен, екіншісі–1,25-тен аспау керек.

Ұнның тартылу ірілігі әр сұрыпында өзіндік белгіленген бөлшектің мөлшерімен сипатталып, маңызды технологиялық рөл атқарады. Ұнның сұрыпы жоғарлаған сайын оның бөлшектері ұсақ. Өте ірі ұнның су сіңімділігі төмен және пісірілген нанның көлемі жеткіліксіз болып, оның жұмсақ жерінің ұсақ тесіктілігі қалың, дөрекі болады. Өте ұсақ ұнтақталған ұнның нанының сырты мен жұмсағы күңгірт, формасы жайылып кеткен, тез қатып қалатын нан дайындалады.

Ұнның металомагниттік қоспасы 1 кг. 3 мг-нан аспау керек. Металдық бөлшектің ең үлкен мөлшері 0,33 мм-ден аспау керек. Шикі желімшенің мөлшері мен сапасы нан пісіру және макарон дайындауға арналған бидай ұнының қасиетін сипаттайды. Желімшенің эластикалық және созылмалық қасиетіне байланысты, ол қамырдың ашу кезінде көмірқышқыл газын сақтап қалып пісіру кезінде формасын қалыптастырады. Ұн жармасында ішкі желімшенің мөлшері 30 %-тен кем болмау керек. Ал жоғарғы сұрыпта – 28, 1 сұрыпта – 30, 2 сұрыпта – 25, ерекше тартылған – 20.

ҚОРЫТЫНДЫ

Ұн – астық дақылдарын (қарабидай, бидай және т.б.) ұнтақтау арқылы алынған ұнтақ тәрізді өнім. Ұнды түрге, типке және сорттарға ажыратады. Ұнның түрі қай дақылдан дайындалғанын білдіреді – бидай, қарабидай, соя, жүгері, қарақұмық, бұршақ және т.б. Ұнның типі оның тағайындалуына байланысты: наубайханалық, макорондық, қолдануға дайын ұн (аспаздық өнімдер үшін рецептуралық қоспалар).Ұнның химиялық құрамы дақыл сапасы мен тарту түріне байланысты. Ірі тартылған ұн жоғары сортты ұнға қарағанда құрамында қабықшалар болуына байланысты энергетикалық құндылығы және сіңімділігі төмен, бірақ витаминдер мен минералды заттардың көп болуына байланысты биологиялық құндылығы жоғары. Ұнда 6,9-12,9% белок (соя және сұлы ұнында 13-48,9%), 54-81,6% крахмал, 0,9- 1,9% май (соя ұнында 20,2%,сұлы ұнында 6,8%), 0,5-1,6% минералды заттаржәне 13-14% ылғал бар. Төмен сортты ұндарда В тобы витаминдері бар. Ұн сорты жоғары болған сайын, витаминдер мен минералды заттар аз болады, себебі олар дән қабығы мен ұрығында жинақталған, оны ұн тарту кезінде алып тастайлы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]