Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
срс 2.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
21.05.2020
Размер:
37.42 Кб
Скачать

Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті

Кафедра: Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы

СӨЖ

Элеватордағы және нан қабылау орталықтарындағы технохимиялық бақылау

Орындаған: Амантай Г.

Тексерген: Леонидова Б. Л.

Астана 2018

Мазмұны

Бет

Кіріспе

3

1

2

3

4

Астықты қабылдау және орналастыру

Астықты орналастыру тәртібі

Астықтың сапа көрсеткіштері базисті кондицияға сәйкес болуы

Астықты белсенді желдету

4

6

8

9

Қорытынды

11

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

12

Кіріспе

Астық қабылдау кәсіпорындарының жұмысы дәнді дақылдарды колхоз, совхоздан және басқа астық өндіруші мекемелерден қабылдап алғаннан бастап, әртүрлі тұтынушыларға өткізіп жібергенге дейін астықтың әрбір партиясының сапасын бағалау мен сан-сапа өзгерістерін есептеуге тығыз байланысты. Мемлекетке өткізілетін астықты қабылдау және оны сақтап баптау астық қабылдау кәсіпорындарына жүктелген. Олар бұрынғы одақ көлемінде орналасып, бір мемлекеттік дайындау жүйесіне бірлестірілген болатын. Кейінгі кезде бұл жүйе Қазақстан Республикасындағы астық қабылдау кәсіпорындарын біріктіретін концерн деп аталатын ұйымға бірлестірілген. Осы жүйеге астықтан ұн, жарма және құрама жем алатын ірі-ірі өңдеу кәсіпорындары да кіреді.

Әрине, астық қабылдау кәсіпорындарының міндеті тек астықты қабылдауды ұйымдастырумен ғана тынбайды. Олар техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген, астық корын қысқа мерзім ішінде өңдеп дәнді ұзақ сақтауға, одан тұтынушылардың талабына сай өнімдер шығаруға жарайтын күйге келтіреді.

Мемлекетке колхоз-совхоздар сататын әр түрлі дақылдар дәні мен тұқымын астық қабылдау орындары егін орағы кезіндегі қысқа мерзімде шарт бойынша және сатып алу жоспарынан артық мөлшерде қабылдауға мәжбүр. Соған қарамастан кәсіпорын дән мен тұқым партиясын тоқтаусыз қабылдауға, оның сапасы мен салмағын анықтауға, астық тапсырушылармен мерзімінде және дұрыс есеп айырысуға, түскен дән партияларын жақсылап орналастыруға, оның мөлшері мен сапасын сақтау шараларын белгілеуге міндетті.

  1. Астықты қабылдау және орналастыру

Астық қабылдау кәсіпорындарына дәнді, бұршақты, майлы және басқа дақылдардың жүзге тарта түрлері келіп түседі. Әрине, сақтау технологиясын дұрыс қолдануда, жетілдіруде астықтың жалпы қасиеттерімен қатар әртүрлі партиялардың дән түріне байланысты ботаникалық белгілері, егу, өсіру, ору, тасымалдау ерекшеліктері де елеулі роль атқарады. Мұндай жол астықтың сақтауға төзімділігін арттыру үшін қолданылатан технологилық тәсілдердің жалпы принциптерін дұрыс орындап, жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оларды шығынсыз сақтауды ұйымдастыру үшін әрбір дақылдың өзіне тән ерекшеліктері мен қасиеттерін біліп, түрлік белгілерімен топтастырып қарастыру керек. Мысалы, сақтаудың кейбір жағдайларында бидай мен қара бидай, жүгері мен тарыдан төзімділеу келеді; жаңа ғана орылып жиналған астық дәні, міндетті түрде, бұрын жиналып алынған, орылғаннан кейінгі пісіп жетілу мерзімін өткен не болмаса көп уақыт сақталып жатқан дәннен төзімсіздеу болып, сапасы тезірек төмендеуге бейімдеу тұрады.

Астық қабылдау кәсіпорындарына дәнді дақылды астық белгілі бір көрсеткіштерімен іріктеліп, шоғырланып партия - партия болып келіп түсіп отырады. Астық деген сөз үлкен мәнді, кең түсінік. Оның құрамында негізгісі дәннің өзі болады да, тағы да әртүрлі қоспалар, шөп-шалам, ауа жайлаған қуыстары болады, түрлі микроортанизм жәндіктер мекендейді. Сондықтан сақтау тұрғысынан алғанда астық массасы дейді. Дегенмен, біздің ойымызша мұның қазақшалап астық жиынтығы не жиымы деп, не болмаса астық деп атағанымыз дұрыстау секілді. Ал, сол астықтың сапасының бірер сырт белгілері мен көрсеткіштері бойынша астық партиясы деп те атайды. Сондықтан бұдан былай астық, не астық жиыны, партиясы, дән партиясы деген ұғымдарды оқушы жоғарыда айтылғандай түсінуін тілейміз.

Астықты негізгі белгілі бір ботаникалық текті дәні болып келеді де, әрбір партия сол дәннің атымен аталады, мысады, бидай, қара бидай, күнбағыс, тары және т.б. Астықтың негізгі бөлігі болып келетін дәннің өзі де ылғалдығы, тығыздығы, пісіп жетілгендігі жене т.б. сапалық көрсеткіштері бойынша бірыңғай, біркелкі емес, сантүрлі болада. Мұның бірден-бір себебі дәннің өсімдіктің бойында өсіп жетілу мен қалыптасу ерекшеліктерінде. Мысалы, бидай мен кара бидайдың гүлденуі өсімдіктің орта шенінде орналасқан масақтан басталса, тары мен сұлы сібсебастың жоғары жағынан, бұршақты дақылдар төменнен гүлдейді. Ең жоғары бағалы әрі сапалы дән өсімдіктің ерте гүлдеген бөлігінен алынады. Осытан орай 1000 дәннің салмағы /массасы/ дейтін көрсеткіш сол дәнніц масактың қай жерінде өсіп-өнгеніне тікелей байланасты болады.

Астықты қоймаларға дұрыс орналастыру - технологиялық сапасы бойынша да, экономикалық көрсеткіштер бойынша да дәнді жаксы сақтаудың ең маңызды шарасы. Жоспардың жасалуы және оның орындалуы дәннің сақталуына кеселі тиетін қателіктерді болдырмауға астықты толассыз қабылдауға, көп күш жұмсамай-ақ ірі біркелкі партиялар қалыптастыруға, қойма сыйымдылықтарын пайдалану коэффициентін арттыруға, дәннің сапа және мөлшері жағынан ысырабын азайтуға мүмкіндік береді. Осының бәрі сақтау кезіндегі шығынды кемітіп, дәнді халық шаруашылығында орнымен пайдалануды қамтамасыз етеді.

Жоспар өткен жылғы дәнді қабылдау және орналастыру жөніндегі жұмыстарға талдау мэліметтері бойынша жасалады. Сондай-ақ, кәсіпорынның техникалық базасы, жоспар бойынша және одан да артық сатып алынатын дән мөлшері, дән мен әртүрлі дақылдар тұқымының сапасы, бұрынғы жылдардан қалған дән туралы деректер, өзге кәсіпорындардан әкелінетін дән жайындағы мәліметтер, оны кәсіпорыннан жөнелту мерзімі мен мөлшері ескеріледі.

Астық қабылдау кәсіпорынының дән қабылдау жөніндегі жұмысында оны сағаттық график бойынша жеткізу жөніндегі озық тәсілдің маңызы ерекше. Мұның мәні колхозға немесе совхозға бекітілген ирбір автомобиль немесе машиналар тобы дәнді астық қабылдау клсіпорынына нақты белгіленген уақытка әкеледі.

Мұндай жұмысты ұйымдастыру үшін ауылшаруашылығы, автотранспорт ұйымдары және астық қабылдау кәсіпорнының өкілдерінен диспетчерлік топ құрылылады. Жаңа өнім дәнін қабылдауды осылайша ұйымдастыру кәсіпорындардағы құралдарды пайдалану тиімділігін арттырып, астық жеткізу шығынын азайтады. Сонымен, дайындау жүйесіндегі мекемелердегі астық қабылдаудың екі түрі орын алған: 1. колхоз бен совхоздардан сатып алу; 2. басқа дайындау жүйелерінен келіп түсу.

Колхоз бен совхоздардан астық қабылдаудың сипаты маусымды, ол астықты орудан басталып, одан біраз уақыт өткен соң-ақ аяқталады. Ал басқа мекемелерде қабылдау жыл бойынша созыла беруі мүмкін.

Астықты тұтынушыларға жақындату, қоймаларды тиімді пайдалану, керекті технологиялық шараларды жүзеге асыру және сапасы біркелкі болатын ірі қор жасау үшін, оны қабылдап сақтайтын жүйелерде сөзсіз жылжытып тасымалдаумен байланысты.

Астық қабылдау кәсіпорнына келіп түсетін астық әрбір партиясының санын, салмағын, сапасын тексеріп, анықтап барып қабылдайды.

Сырттай қарап байқау және сынама шөкім алу арқылы түскен дәннің біркелкілігін және оны белгілі бір партияға жатқызу мүмкіндігін анықтайды.

Мемлекеттік дайындаудан өтетін астық үшін ылғалдылығы, ластығы шөп-шалам және түрлі қоспалардың мөлшері, дәннің зиянкестермен зақымдану, балаусалық белгілері және кейбір дақылдар үшін көлемдік салмағы бойынша базистік және шектілі кондициялар, басқа сөзбен айтқанда, сапа нормасы шегі бекітілген. Бұл кондициялар еліміздің ауа-райы әртүрлі болып келетін аймақтары, региондары үшін ылғалдылықпен көлемдік салмақ көрсеткіштері бойынша түрлі мөлшері болады. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]