Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
срс 2-1.pptx
Скачиваний:
4
Добавлен:
21.05.2020
Размер:
631.97 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ №1

Тақырыбы: Ұн зауытының ұнтақтау бөліміндегі технологиялық үдерістер

Орындаған: Амантай Гүлманат

Тексерген: Нұрматқызы Д.

Астана 2019

ЖОСПАР

Кіріспе

1.Ұн зауыты

2.Ұн зауытының ұнтақтау бөліміндегі технологиялық үдерістер

3.Ұн зауытының дайындау бөліміндегі технологиялық үдерістер

Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Ұн дәнді дақылдарды ұнтақтау арқылы алынатын тағамдық өнім. Ол негізінен бидай, сондай-ақ жүгері, арпа, сұлы, бұршақ дәндерінен дайындалады. Ұн: нан, кондитерлік, кеспе өнімдерін, т.б. дайындау үшін пайдаланылады. Ұнның химиялық құрамы, тағамдық және технологиялық сапасы дәннің түріне, ұнтақталу дәрежесіне, т.б. байланысты. 2-сұрыпты және еленбеген ұнда В1, В2, РР және Е витаминдері болады. Жоғарғы сұрыпты ұнда бұл витаминдердің мөлшері өте азайып кетеді. Ұзақ сақталған ұнның сапасы нашарлайды. Оның ылғалдылығы 15%-дан аспау керек, ылғалдылық мөлшері одан жоғары болса, ұн қышқылданып көгереді және өздігінен қызып кетеді. Ал төмен болған жағдайда ұн аши бастайды. Ұн диірмендерде тартылады.

ҰН ЗАУЫТЫ

Ұн зауыты 3 бөлімнен тұрады:

-дайындау;

-ұнтақтау;

-қаптау

ҰН ЗАУЫТЫНЫҢ ДАЙЫНДАУ БӨЛІМІНДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР

Дайындау бөлімінің негізгі мақсаты астықты ұн тартуға дайындау, ол 3 этаптан тұрады:

-астықты қоспалардан тазарту және дәннің бетін өңдеу;

-гидротермиялық өңдеу;

-астықты ақырғы рет тазалау.

Бірінші этапта қоспалардан тазалау үшін сепараторлар, триерлер, тас бөлгіш машиналар қолданылады. Дәннің алғашқы структура механикалық және техникалық қасиеттерін жақсарту үшін ГТӨ қолданады. Дайындау бөлімінің операциялары астықты жармалау алдында дәнді ылғалдаумен бітеді.

ҰН ЗАУЫТЫНЫҢ ҰНТАҚТАУ БӨЛІМІНДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР

Ұн зауытының ұнтақтау бөлімінде дәнді ұнтақтау және ұнтақтау өнімдерін ірілігі және сапалылығы бойынша сортттау операциялары жүзеге асырылады. Қрахмалды эндоспермді жіктеп, ұнтақтау талабына сәйкес жоғарыда аталған операциялар бірнеше рет қайталанады.

Рассевтерде, електі желдеткіш машиналарда ірілігі және сапалылылығы бойынша біркелкі заттарды топтап әр жүйеде ұнтақтау процесінің тиімділігін арттыруға болады.

ДИІРМЕННІҢ ҰНТАҚТАУ БӨЛІМІНЕ ЖІБЕРІЛГЕН АСТЫҚТЫҢ САПАСЫ

Тазалау және дайындау жүйелерінде астықтың сапасы жақсаруы тиіс. Ұнтақтау бөлімінің бірінші жармалау жүйесіне түсетін дәнге қойылатын талаптар: – ылғалдылығы олардың технологиялық қасиеттеріне қарай, бидай үшін 15-16,5%, қара бидай үшін 13,5-15,0 % болуы керек; –барлық қалдықтар мөлшері 0,4%–дан, оның ішінде адамның денсаулығына зияндылары 0,05 %–дан аспауы, құм-тас болмауы керек; –дәнді қалдықтардың мөлшері 4 %–тен аспауы керек; –сортты ұн тартуға арналған бидай сағызының мөлшері 25%-дан, жай ұн тартуға арналған бидайдікі 20 %-дан кем болмауы керек.

ҚОРЫТЫНДЫ

Дәнді өзара өңдеу кезіндегі технологиялық үрдістер мен операциялардың өзара байланысқан түрде белгілі бір тізбек бойынша жүргізілуін – ұн тарту деп атайды. Әрбір ұн тарту белгілі бір құрылымда болып, бірнеше кезеңдерден және жүйелерден құралады. Біркелкі өнімдерді бір машинада немесе бірнеше машиналардан тұратын топта өңдеуді – жүйе деп атайды. Жүйенің жұмыс істеу режимі осы жүйеге өңдеуге келіп түскен өнімнің шығымы және сапасымен сипатталады. Жүйелер бірігіп кезеңдерді құрайды, ал кезеңдер технологиялық үрдістің жоғарғы деңгейі болып саналады. Қолданыстағы ұн тартулардың барлығы екіге бөлінеді: қарапайым және күрделі. Қарапайым ұн тартуларға жататындар: бидай мен қара бидайдың қарапайым ұн тартулары (сәйкесінше бидай - 96%; қара бидай - 95%). Қара бидайдың бір сұрыпты ұн тартуы – обдирлі ұн шығымы 87%. Күрделі ұн тартуларға: бидай мен қара бидайдан наубайханалық сұрыпты ұн тартулар және қатты бидайдан макарондық ұн тартулар жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]