Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
срс 5-2.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
21.05.2020
Размер:
33.21 Кб
Скачать

Кіріспе

Жарма және тез пісетін өнімдерді өндіретін зауыттарда технологиялық үдерістер бір-бірімен тығыз байланысқан бір немесе бірнеше операцияларды орындайтын, тиімді жұмыстары келесі үдерістерге әсер ететін, технологиялық жабдықтар мен аппараттар тізбектерінен тұрады. Олардың технологиялық режимдерін тиімді қою және жабдықтар мен аппараттардың құрылымын жете білу негізгі қағида. Осыларды жете білген жағдайда өнімнің сапалы болуы, үдерістің тиімділігі, даяр өнімдердің бәсекелестігі қамтамасыз етіледі. Әдетте технология дәннің анатомиялық құрылысы, құрамындағы керекті және керексіз заттардың орналасу ерекшеліктері, олардың мөлшері арқылы сипатталынады. Жарманың шығымы ядроның мөлшеріне және технологияны ұйымдастырып жүргізуге тәуелді. Жарма дақылдары қауызды (қауызсыз) келеді.

Жарма технологиясы бойынша ядроны, жарма дақылдары үшін негізгі зат, бүтіндей немесе ірі зат ретінде сыртқы қабықтарын үгітіп, бетін жылтыратып, ұрықтық және тұқымдық қабықтарын бөліп алады. Бұл операцияларды орындау тиімділігі дақылдардың ерекшеліктеріне және қолданылатын жабдықтардың технологиялық айырмашылықтарына байланысты. Шикізаттардың әртүрлі болуына байланысты жарма өнімдерінің ассортименті 40-тан асады. Жарма өндірісі, ұн өндірісі сияқты тамақ индустриясында елеулі орын алады.

Жарма концентраттары – алдын ала қажетті механикалық, гидротермиялық өңдеуден өткізілген, алдымен дайындалған рецепттер бойынша таңдап алынған, ұзақ мерзімдік сақтауды қамтамасыз ететін ылғалдылыққа дейін кептірілген және толығымен тұтынуға дайын немесе қысқа мерзімді жылу өңдеуді қажет ететін әртүрлі шикізаттардың механикалық қоспаларынан тұрады.

Жарма концентраттары – тұтыну үшін қолайлы өнім, сондықтан олардың өндірісі басқа азық-түлік өнімдері өндірісімен салыстырғанда мейлінше жылдам қарқынмен өсіп келеді. Оның ішінде жылдам қарқынмен өсіп келе жатқаны тұтыну үшін дайын – жарма, үлпектер, түтікшелер және т.б. түрдегі жарма концентраттары өндірісі.

1 Жарма зауыттарын технохимиялық бақылаудың міндеттері

Жарма зауыттарын технохимиялық бақылау келесілерді қарастырады:

- дән түскен кездегі оның сапасын анықтау, оны орналасуын және

сақталуын бақылау;

- қамбададәнді тазалау мен кептіруді бақылау;

- дәннің қайта өңделетін партияларын құру;

- өнімнің шығымын есептеу және бақылау;

- технохимиялық бақылаудың схемасын мен кестесін құрастыру;

- дәнді жармаға дайындау мен қайта өңдеуге бақылау;

- дайын өнім сапасын бақылау және оның стандартты нормамен

сәйкестігін анықтау;

- жарманы дұрыс буып-түю мен таңбалауды тексеру;

- сақтау, жіберу мен тиеуде жарма сапасын бақылау;

- өндіріс корпусы мен қамбада тазартуды жүргізу және барлық астық

өнімдерінің сапасы бойынша есепті құру.

Өндірістік-техникалық лаборатория (ӨТЛ) жұмыскерлері дәнді қайта өңдеуге дайындаудың жаңа тәсілдерін жасау мен енгізуге қатысуға міндетті, технологиялық үдеріс жүрісіне бақылау үшін қолданатын әдістер мен құралдарды жетілдіру, технологиялық үдерісті реттеу мен автоматтық жүйесін басқаруды енгізуде көмек көрсетулері қажет. ӨТЛ жұмыскерлерінің барлық қызметі дән ядросын ұтымды қолдану, жарма шығымын көбейту мен сапасын жақсарту, жарма шикізатын дайындау мен қайта өңдеу үдерісін жетілдіруге бағытталу керек.

2 Жарма өндірудің технологиялық үдерісін бақылау

Дәнді жармаға өңдеудің технологиялық үдерісін бақылау үшін ӨТЛ бастығы өндіріс корпусының бастығымен бірігіп схемасын және технохимиялық бақылау графигін дайындайды, оны өндірістің бас инженері бекітеді.

1-кесте

Жарма зауытын технохимиялық бақылау схемасы

Аталуы

Үлгі алу орны

мен әдісі

Бақылаудың

қайталануы

Көрсеткіштер

Дән тазалау

бөлімге келіп

түскен дән

Тазаланбаған

дәнге арналған

бункерлер алдында

өздігінен ағатын

құбырдан, ожаумен,

үлгі алғышпен

Ауысымда

екі реттен

кем емес

Ылғалдылық,

түсі, иісі, дәмі,

залалсыздануы,

ластануы, ірілігі,

майда дән мөлшері,

қауыздылық,

ядро мөлшері

Сепараторлар

Машинаға дейін

және кейін өздігінен

ағатын құбырдан,

ожаумен

Айына екі

реттен кем

емес

Дәнде қоспалардың

болуы, қалдықтарда

дәннің болуы

Триерлер

Машинаға дейін

және кейін өздігінен

ағатын құбырдан,

ожаумен

Айына екі

реттен кем

емес

Дәнде қоспалардың

болуы, қалдықтарда

дәннің болуы

Булағыштар

Машинадан шыққан

кезде, ожаумен

Ауысымда

екі реттен

кем емес

Бу қысымы,

ылғалдың артуы,

температура

Бу

кептіргіштері

Кептіргіштен

шыққан кезде,

ожаумен

Ауысымда

екі реттен

кем емес

Дәннің

температурасы жән

ылғалдылығы.

Кептіру агентінің

температурасы

Салқындатқыш аппараттар

Аппаратттан шыққан кезде, ожаумен

Ауысымда

екі реттен

кем емес

Дән температурасы

Сұрыптау ма-шиналары

Машинаға дейін

және кейін өздігінен

ағатын құбырдан,

ожаумен

Айына

екі реттен

кем емес

Дәннің бір

фракцияларының

басқасындағы

қоспасы

Қауызсыздау

бөліміне келіп

түсетін дән

Өздігінен ағатын

құбырдан, ожаумен,

үлгіалғышпен

Ауысымда

екі реттен

кем емес

Түсі, иісі, дәмі,

залалсыздануы,

ластануы, ірілігі,

майда дән мөлшері,

қауыздылық,

ядро мөлшері

Қауызсыздағыш машиналар

Машинаға дейін

және кейін өздігінен

ағатын құбырдан,

ожаумен

Айына екі

реттен кем

емес

Қауызсыздалған,

қауызсыздалмаған,

ұрылған ядролар

және ұнтақ мөлшері

Елеуіштер

Машинадан шыққан

кезде, ожаумен

Айына екі

реттен кем

емес

Кем себілген

және қиқымдар

Дән тазалағыш

машиналар

Машинадан шыққан

кезде, ожаумен

Айына екі

реттен кем

емес

Жармада қауыз бен

ұнтақтың болуы

Ажарлау

Машиналары

Машинаға дейін

және кейін, ожаумен

Айына екі

реттен кем

емес

Ажарланған

ядролар мөлшері,

ажарлау деңгейі

Жылтырату

машиналары

Машинадан кейін,

ожаумен

Айына екі

реттен кем

емес

Органолептикалы,

ядро бетін

жылтырлату деңгейі

Сұрып бойынша

жарма

Буып­түю

алдында өздігінен

ағатын құбырдан,

үлгіалғышпен

Ауысымда екі

реттен кем

емес, орташа­

ауысымды

үлгілер

Түсі, иісі, дәмі,

ылғалдылығы,

залалсыздануы,

металлмагнитті

қоспалар мөлшері,

ластануы, жарма

нөмірі, жақсы

сапалы ядролар

Ұсақталған

жарма

Бақылаудан

кейін өздігінен

ағатын құбырдан,

үлгіалғышпен

Ауысымда

екі реттен

кем емес,

орташа­

ауысымды

үлгілер

Бүтін

ядро

мөлшері

Ұнтақ

Бақылаудан кейін

өздігінен ағатын

құбырдан, ожаумен

Ауысымда

екі реттен кем

емес, орташа­

ауысымды

үлгілер

Бүтін және ұсақталған

ядролар мөлшері

Қауыз

Бақылаудан кейін

өздігінен ағатын

құбырдан, ожаумен

Ауысымда

екі реттен кем

емес, орташа

ауысымды

үлгілер

Бүтін және ұсақталған

ядролар мөлшері

Қалдықтар

Бақылаудан кейін

өздігінен ағатын

құбырдан, ожаумен

Ауысымда

екі реттен

кем емес,

орташа­

ауысымды

үлгілер

Дәннің,

азық­түліктік,

жемді және

бұршақты

дақылдардың

болуы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]