Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
срс 7.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
21.05.2020
Размер:
28.55 Кб
Скачать

Мазмұны

Бет

Кіріспе

3

1

Құрама жемнің жемдік құндылығын жоғарылату жолдары

4

2

Құрама жем өндірісінде қолданылатын негізгі шикізаттардың азықтық және минералдық құрамы

5

3

Құрама жемнің жемдік құндылығын жоғарылатуда түйіршіктеудің маңызы

6

4

Қорытынды

8

5

Қолданылған әдебиеттер

9

Кіріспе

Құрама жем - арнайы рецепт бойынша жасалған азықтың майдаланған дайын қоспасы. Қоспа ретінде дән, қатқыл азықтар, өсімдік және шөп ұны, техникалық, химиялық және микробиологиялық өнімдер алынады. Толық рационды құрама жем құрамында малға қажет барлық қоректік заттар бар даяр азық рационы ретінде шығарылады. Концентратты құрама жем - сусымалы біркелкі азық, малға қатқыл, шырынды азықтармен қатар қосымша азық ретінде беріледі. Үстеме құрама жем - құрамында протеин, минерал заттар және витаминдер көп, құнарлы азық. Рацион құрамын теңестіру үшін пайдаланылады. Премикстер - биологиялық белсенді заттардың байытылған қоспасы. Премикстерді құрам жемнің құнарлылығын арттыру үшін және олардың мал организміне биологиялық әсерін күшейту үшін пайдаланады. Құрама жемді азық ұны, балық ұны,жарма, түйіршік, брикет, ұнтақ түрінде өндіреді. Минерал заттар мен витаминдер жағынан теңестіру үшін рационға (оның салмағының 1- 5%-ы) қосып беріледі. Құрама жем өндірісінде ұн өндірісінің қалдық өнімдері және жарма өндірісінің жанама өнімдері, оның ішінде ұн мен жарма ұншықтары, жүгері ұрықтары, ашыту өндірісінің өнімдері, жемдік ашытқы, сыра өндірісінің қалдықтары және тағы басқа өндіріс қалдықтары пайдаланылады.

3

  1. Құрама жемнің жемдік құндылығын жоғарылату жолдары

Әлемдік құрама жем өндірісі 2014 жылы 2,1 % жоғарылап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 980,12 млн.т. құрады. Ал, 2014 жылы Қытай 180 млн.т., АҚШ –173, Бразилия – 66, Мексика – 31, Үндістан және Испания – 29 млн.т., Ресей – 26 млн.т., Жапония – 24 млн.т. құрама жем өндірген. Құрама жемнің негізгі құрауышы – дәнді дақылдар. Дәнді дақылдың түріне, өсімдіктің сұрыбына, өсу жағдайына және де басқа факторларға байланысты 56 – 70 % азотсыз экстрактивті заттар болады, бұл мал және құстарда нашар қорытылады. Қытайбұршақ пен рапс маңызды ақуыз бен қуаттылық құрауыштары болып табылады. Қытайбұршақ ұны – бұл құрама жем өндірісіндегі негізгі ақуыз көзі, ол 5 – 10 % ұйқы безі бөлетін ферменттерді жоюға септігін тигізетін сіңімділігі нашар заттарды сақтайды. Ингибиторларды залалсыздандырудың тиімді жолы жоғары қысымды қолданып жылумен өңдеу. Құрама жемде 40-48 % май және қорытылу коэффициенті 84,4 – 93,4 % , 21-33 % шикі протеин сақтайтын рапс сұрыпы энергетикалық құндылыққа ие. Алайда рапс тұқымы эрук қышқылын сақтайды, ол қан тамырлары – жүрек жұмыстарын бұзады, бауыр ауруларын тудырады.

Астық дақылдары және құрама жемнің кейбір құрауыштарының микроағзалармен тұқымдануы көп кезедеседі және бұл көгерткіштердің метаболизм өнімдері мал мен адам үшін қауіпті болып табылады. Құрауыштарды залалсыздандыру құрама жемнің сапасын жақсартады. Құрама жемде балық, ет – сұйек ұнының, меласса, майлар және басқа дәнді емес құрауыштарды жылумен өңдемей пайдалану мүмкін емес. Құрама жем өндірісінде заманауи технологияны пайдаланып жоғары температурада өңдеу, жоғары қысымды қазандарда 12 – 21 МПа және 300 – 3740С-та өңдеу, жылумен өңдеу бұл үрдісті тездетеді, электр қуатының шығынын азайтады және экономикалық тиімділікке қол жеткізеді. Жоғарғы сапалы азық - мал шаруашылығы өндірісінде ең негізгі фактор болып табылады. Бұл мәселені шешудің маңызды жолы болып, дәстүрлі емес шикізат түрлерін пайдалану: май өнеркәсібінің қалдық өнімі, тағам, астық өңдеу, крахмал өнеркәсібі, жеміс – жидек өнеркәсібі, ет, балық өңдеу өнеркәсібі қалдық өнімдері және микробиология өнеркәсібі жатады. Минералды азықтық қоспа ретінде табиғи минералдарды – бентонит, шунгит және цеолитті қолдануға болады . Құрама жемнің құрамына жемдік шунгитті қосу оның физикалық – механикалық, құрылымдық қасиетінің жақсаруына, одан әрі де мал мен құстарды азықтандырғанда алынатын өнімнің экологиялық таза болуына септігін тигізген. Бұл табиғи минералдар сорбенттер болып табылады және мал ағзасынан метаболизмнің уытты өнімдері мен ауыр металдарды шығарады, өнімнің технологиялық қасиеттерін ғана жақсартып қоймай, оны 40 астам минералды элементтермен байытады. Кальций, магний, калий, алюминий, темір, кремний сияқты микроэлемент тотықтарын сақтағандықтан ол өсудің тиімді био ынталандырғышы болып табылады, стерильді, ауыр металдарды сақтамайды. Жеміс – көкөніс қалдықтарынан дайындалған

4

жемдік ұнның өзінің физикалық қасиеттеріне байланысты әлсіз жағы да бар, ол құрама жем құрауыштарының тиімділігін төмендетеді. Бұларды сақтау үлкен қоймаларды қажет етеді. Шаң тәрізді ұндар нашар тасымалданады, олардың тағы бір бөлігі тозаңданып жоғалады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]