Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
срс 7.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
21.05.2020
Размер:
28.55 Кб
Скачать

2.Құрама жем өндірісінде қолданылатын негізгі шикізаттардың азықтық және минералдық құрамы

Келтірілген негізгі көрсеткіштермен нәруызды құрайтын өлшем қышқылдары минералды жемдердегі бөлек элементтер мысалы: Ca. P.Na т.б. құрама жем нәруызды витаминді қосымшалар, премикстер және басқа құрама жем өндірісі өнімдерін шығару үшін өсімдік, жануар және минерал типтес шикізаттардың жүзден астам түрлері қолданылады.

1 топқа дәнді-дақылдар: бидай, қара бидай, арпа, сұлы, тары т.б. Басқа дәнді-дақылдарға қарағанда жүгеріде жем бірлігі мөлшері көп, ал шикі клетчаткасы аз болады. Төрт түлік малға, құстарға арпа азық-түлік түрінде беріледі. Оның қабығы ядромен беттесе өседі. Сондықтан 9,6% құрайтын қабықты ажырату қиын. Құрама жемге қосылатын қара бидайдан крахмалы мал асқазанында қатты ісініп, ас қорыту жүйесінің өзгеруіне әкеліп соғады. Сондықтан жемге қосатын қара бидайдың мөлшерін шектеу қажет. Сұлының азықтық құндылығы аса жоғары, оның дәні 30% құрайтын оңай ажырайтын қабықпен қапталған. Жас малмен құсқа сұлыны қабықсыз берген дұрыс.

2 топ Диірмен және жарма өндіретін жанама өнімдер. Оған: ұн және жарма алу кезінде түзілген жем, ұншық және жемдік ұнтақпен, кебек жатады.

3 топ арпа мен сұлының жемдік құны.

4 топ май өндіретін зауыттардың жанама өнімдері. Оған: күнжара мен шұлық (шрот).

5 топ қант кәсіпорнының қалдықтары, кептірілген қызылша жоны және жемдік сірне жатады.

Қантын бөліп алып, кептірген қызылша жаңқаларын жом деп атайды. Қызылша жомы мен сірнесі қант кәсіпорындарының негізгі қалдықтары.

Жем патокасы – құрамында 50% -ға дейін қанты бар қалыпты температурада сұйық зат. Жом мен сірне дән шикізатын алмастыра алады.

6 топ Крахмал кәсіпорындарының жем өнімдері: экстракциялы және экстракциясыз жүгері мен бидай езінді жемдері, гидрол.

7 топ ашыту (арақ, шарап, сыра, т.б) кәсіпорындарының жем өнімдері: жемдік ашытқы, кептірілген сыра бытыршақтары.

8 топ Гидролиз кәсіпорындарының жем өнімдері: жемдік ашытқы.

9 топ жануар тектес жем ұндары: ет-сүйек, қан-жын, гидролизденген қауырсын ұндары, балық, теңіз сүт қоректілері мен шаян тәріздес жәндіктердің жемдік ұны. Жануар тектес жем ұндарының құндылығы жоғары. Өйткені, олардың құрамында тиімді амин қышқылды нәруыз көп (50-60%). Ет – сүйек, сүйек ұндары кальций мен фосфорға аса бай.

10 топ шөп және көк бұтақшалардың витаминді ұны.

5

Шөп ұнын орылған шөпті кептіргіште кептіріп, оны балғалы ұсатқыштарда ұнтақтау арқылы алады. Құрамындағы протеинді дәнді-дақылдар мен шамалас және каротин А провитаминге бай шөп ұнын шашпа және гранулденген түрде шығарады.

11 топ минерал тектес шикізаттар: бор, әк, ас тұзы, бетонитті ұнтақ, жемдік фосфат, фосфат декальциі т.б. минерал тектес шикізаттар құрама жемнің дәмін жақсарту, сондай-ақ кальций мен фосфор, натрий мен кальцийдің қажетті қатынастарын түзетуге арналған.

12 топ Химия микробиология (медицина) кәсіпорындарының өнімдері: карбамид және басқа синтетикалық азотты заттар, микроэлемент тұздары, витаминдер, антибиотиктер, амин қышқылдары және т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]