Қорытынды
Жарма
зауыттарының технологиялық үдерістерінің
негізгі мақсаттары: астық массасынан
қоспаларды және адам организмі сіңірмейтін
қабықтарды бөліп алу. Қауыздалған
өнімдердің сапасын арттыру және сырт
пішінін жақсартуды мүдделеп түрлі
операцияларды қолдану.
Жарма
өте құнды тағамдық өнім. Онда сіңімділігі
жоғары және тұтынушылық қасиеті маңызды
қоректі заттар шоғырланған. Жарманың
сіңімділік және тұтынушылық құндылығын
оның физикалық, коллоидтық және
биохимиялық қасиеттері сипаттайды, ал
олар қайта өңделетін шикізаттардың
табиғи ерекшеліктеріне және қолданатын
технологиялық үдерістер әдістері мен
режимдеріне тура тәуелді.
Қайта
өңделетін дақылдың табиғи қасиеттерін
(анатомиялық құрылымы, технологиялық
және физикалық қасиеттері), кездесетін
қиын бөлінетін қоспаларды, қолданылатын
әртүрлі өңдеу режимдерінің
құрылымдық-механикалық, биохимиялық
өзгерістеріне әсерін жете біліп, тиісті
тиімді өңдеу әдістерін, механикалық,
гидротермиялық өңдеу режимдерін
қолданып, қажетті сапалылығын, сырт
түрі, түсі, дәмі, иісі үйлесімділігін
келтіріп, жарманың сіңімділігін арттыруға
болады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.
Ізтаев Ә., Жиенбаева С. Т. , Байысбаева
М. П. Өңдеу өндірістерінің технологиясы.
– Алматы: Дәуір, 2012. – 632 б.
2.
Ізтаев Ә. Астық өндірістерінің
технологиясы. – А.: СаГа, 2006. – 223 б.
3.
Мынбаева
А. Б. Жарма концентраттары технологиясы.
Тараз университеті баспасы, 2010. – 134 б.
12