Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
срс 5.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
21.05.2020
Размер:
27.57 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................................3

  1. Көтеру-тасымалдау машиналарының жіктелуі.........................................4

  2. Көтеру-тасымалдау машиналарын өндіру жəне сенімді қолдануы........6

  3. Көтеру-тасымалдау машиналарының қозғалтқыштары..........................7

Қорытынды..............................................................................................................8

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................................9

Кіріспе

Көтеру-тасымалдау техникасы қоғам сұранысы мен қойылған талабына сəйкес дамуда жəне көпғасырлық тарихы бар. Ежелгі заманнан бері адамзат қоғамы жүктерді көтеріп тасымалдау үшін қарапайым құрылғыларды жасады – алдымен, егістік талабына қарай (құрғақ жерді суаруға арналған құрылғыны), көп мөлшердегі жүктері тасымалданатын, құрылыс пен сауда саласында қолданылатын құрыл ғылар жасалынды.

Заманауи кезеңіндегі крандар элементтері мен формасын сақтайтын алғашқы жүккөтергіш құрылғылар ХI-XII ғғ. пайда бола бастады. Құрылымы жеткілікті, күрделі КТМ ХIХ ғ. басында пайда болды, ал 1830 ж. жетегі бумен жұмыс істейтін кран, сонан соң 1837 ж. гидрокөтергіш құрылғысы бар крандар жасап шығарылды. XIX ғ. екінші жартысында суда жүзетін немесе теміржол бойымен жүретін, тіптен кабельдік крандар жəне сонымен қатар конвейерлер пайда бола бастады. КТМ-да электрқозғалтқышы ХIХ ғ. аяғынан бастап, пайдалана бастады.

  1. Көтеру-тасымалдау машиналарының жіктелуі

КТМ конструкциясы, жұмыс істеу қағидасы, қолдану салалары жəне технологиялық параметрлері бойынша бір-бірінен көп айырмашылығы бар. КТМ жіктеуде ең негізгі көрсеткішімен сипатталатын құрылымы мен жұмыс істеу қағидасы, технологиясы жəне қолдану салаларымен анықталады. КТМ міндетті түрдегі жұмыс істеу қағидасы бойынша екі топқа бөлінеді: жүк көтеру машиналары жəне үздіксіз тасымалдау машиналары.

Жүк көтеру машиналары – негізінен дана жүктерді тік көтеріп, аз қашықтыққа горизонталь жазықтығымен тасымалдайтын жəне келесі жүкке бос қайту процесі бар, циклді құрылғыны айтамыз. Негізінен көтеру бағыты – тік, тасымалдайтын жүктер – ауыр дана жүктер болып табылады. Динамикалық жүктемесі жетерлік.

Үздіксіз тасымалдау машиналары – негізінен сусымалы майда материалдарды (жүктерді) біраз қашықтыққа горизонталь немесе көлбеу, сирек тік бағытта (элеваторлар) үздіксіз ағынмен тасымалдайды, бос, тоқтап қайту процесі жоқ құрылғыны айтамыз. Негізінен тасымалдау бағыты горизонталь немесе көлбеу, тасымалдайтын материалы – сусымалы жəне кіші көлемдегі (массадағы) жүктер, кейбір кездерде өте көлбеу орналасқанда материалдар сырғымас үшін арнайы бөгеттермен, ал тік бағытта үздіксіз тасымалдау үшін арнайы шөмішпен жасақтап тасымалдайды. Оларды элеваторлар деп атайды.

Жүк көтеру машиналары үш топқа бөлінеді: қарапайым жүккөтергіш машиналар немесе құрылғылар; көтергіштер жəне крандар. Қарапайым жүк көтеру құрылғылары – құрылымы өте қарапайым күштен ұту қағидасы бойынша жасалған жəне жүктерді сырғанатып қозғалту немесе көтеру жұмыстарын орындайды (домкраттар, полиспасттар, лебедкалар, тальдер). Қарапайым жүк көтеру құрылғысы өз бетінше жұмыс жасайды жəне күрделі крандардың құрылымына кіреді. Көтергіштер дегеніміз кабинада, жəшіктерде немесе арнайы астауларда (скиптер, бадъялар), платформада, алақан ұстағыштарда, т.б. орналасқан (салынған) жүктерді үлкен көлбеулерде, тік жазықтықта – бағыттаушы бойымен көтеретін құрылғыны айтады. Крандар – құрылымы күрделі, бірнеше бөлім дерден тұратын агрегат жəне дара жүктерді кеңістікте кез келген траек то риямен көтеруге, тасымалдауға арналған құрылғылар. Крандар өндірісте ең көп таралған жəне маңызды машиналардың бірі деп есеп телінеді.

Үздіксіз тасымалдау машиналары үш топқа бөлінеді: конвейерлер (тарту элементі бар жəне тарту элементі жоқ), пневмати калық жəне гидравликалық тасымалдау машиналары, қосым ша қон дырғылар.

Тарту элементі бар конвейерлердің бəріне ортақ жұмыс істеу үрдісі, ол сусымалы материалдарды, тұйықталған екі тармақтан тұратын тарту элементінің көмегімен, көбінесе жоғарғы жағында орналасқан жұмысшы тармағындағы жүктерді үздіксіз тасымалдайды. Тасымалданатын жүктердің қасиеті мен формасына, мөлшеріне байланысты конвейердің тарту элементтерінің конструкциясы соған сəйкестендіріліп жасалынады. Оған жататындар: ленталы, шынжырлы, қалақшалы, пластиналы, тележкалы, люлькалы, арқанды аспалы т.б. конвейерлер.

Тарту элементі жоқ конвейерлердің құрылымы əртүрлі болып келеді, олар бір-біріне ұқсамайды. Конструкциясының құрылымы, тасымалданатын материалдың геометриялық формасы мен мөлшеріне, қасиеттеріне, технологиялық тасымалдау талаптарына сəйкес жасалынады. Оған жататындар: роликті, бұрандалы, тербелмелі (вибрациялы), айналмалы тасымалдаушы құбырлар. Олар дың ерекшелігі: тасымалданатын материалдар жылжымалы, айналмалы, секіртпелі жүріспен конвейердің жұмысшы бетімен үздіксіз ағынмен қозғалады.

Пневмоқондырғыда сусымалы материалдарды үздіксіз тасымалдау негізінен жеңіл фракциясын ауада қалқыған түрде, ал ауырлау түрін домалатып, сырғанатып ауаның қысымымен немесе соруымен құбырдың ішінде ағынмен тасымалдауымен сипатталады. Пневмоқондырғыда көбінесе шаңдалатын, улы газ бөлетін, меншікті салмағы аз немесе ұнтақталған материалдарды тасымалдайды, мысалы: ағаш ұнтағы, майда көмір ұнтағы, цемент, ұн, бидай өнімдері жəне т.б.

Гидравликалық тасымалдау, негізінен сусымалы материалдар құбырдың немесе науаның ішімен сұйық заттың – көбінесе судың ағынымен тасымалданады, сол кезде сумен араласқан сусымалы материалдарды – пульпа (гидроқоспа) деп атайды. Бұл түрдегі тасымалдау көбінесе тасымалданатын материалдарды жуу, бос қоспалардан тазалау технологиялық үрдісті орындау үшін қолданады. Мысалы, рудаларды, құрылыс материалдарын лайдан, бос жыныстан тазалап жуу кезінде қолданылады.

Қосалқы құрылғылар көбінесе үздіксіз тасымалдау машиналарына қызмет жасауға арналған, атап айтқанда сол машиналарға сусымалы материалдарды жинап, сақтап, сонан соң бір қалыпты конвейерді материалмен қоректендіру (бункерлер, жапқыштар, қорек тендіргіштер), гравитациялық науалар (құбырлар, науалар, сыр ғанақтар, түсіргіштер) жəне жүктерді санағыштар, өлшегіштер, мөлшерлегіштер (таразылар, мөлшерлегіштер, электронды есепте гіштер).

Барлық КТМ қолдану салалары бойынша екі топқа бөлінеді: жалпы жəне арнайы қолданылатын КТМ. Бірінші топтағы көбінесе əмбебапты болып келеді. Бұл топтағы машиналар əртүрлі жүктерді көтеріп-тасымалдауға бейімделген. Мысалы крандарда жүктерді ілуге арналған ілмек (крюк), оған кез келген жүкті байлап арнайы құрылғымен іледі; арнайы қолданылатын КТМ-на көбінесе біркелкі жүктерді үлкен өнімділікпен көтеріп-тасымалдау жұмыстарында қолданылады. Мысалы металлургия өндірісінде құймаларды немесе сұйық шойын қорытпасын тасымалдайтын ожауды тасымалдағанда арнайы жүк қармау қондырғысы қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]