Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АСДП ЭКЗАМЕН ЖАУАПТАРЫ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
224.77 Кб
Скачать

19. Жолдар. Жолдарға қолданылатын стандартты процедуралар мен функциялар. Мысал:

Ұзындығын алдын ала анықтау қиын болған жағдайда ТП тілінде жолдарға String типі қолданылады. Жолдар (String) Турбо-Паскальда мәтіндерді өңдеу үшін кеңінен қолданылады.

Жолдар дегеніміз – символдар тізбегі.Жолдардағы символдардың максимальды саны (қатар ұзындығы деп те аталады) 1-ден 255-ке дейін өзгере алады.

Жолдық типті айнымалыны Type типтерді баяндау бөлімінде немесе тікелей айнымалыларды баяндау бөлімінде де баяндауға болады.

Type

ТипАты=string[жолдың максимальды ұзындығы];

Var

Идентификатор,...: ТипАты;

Типті алдын-ала баяндамай-ақ жолдық айнымалыны былай беруге болады:

Var Идентификатор,...:string[жолдың max ұзындығы];

Немесе Var Идентификатор,...string;

Жолдарға қолданылатын стандартты функциялар мен процедуралар:

1.Length (str1) – str1 қатарының ұзындығын анықтайды, функция типі Integer.

Мысалы:

FAM:=’Оралбаев

Length (FAM)=8.

2.Concat (S1,S2,..,Sn) – string типті функция. Қатарды тіркестіру үшін қолданылады.

Мысалы: STR1:=concat (‘Ленин’,’град’);

STR1=Ленинград.

3.POS (SUBST,ST) – integer типті функция. ST қатарына кіретін SUBST жолының сол жақ шеттегі бірінші позициясын анықтайды да, позициялық нөмірін көрсетеді. Егер SUBST мәні ST мәніне кірмейтін болса, онда POS функциясының мәні 0-ге тең.

Мысалы: POS (‘да’,’правда’)=5 /*‘да’ бесінші орында тұр*/

1.Copy (ST,INDEX,COUNT) - функция типі 4.STRING. ST қатарынан COUNT символдарды INDEX нөмірлі символдан бастап көшіреді. Мысалы, Copy (‘издание’, 2,6)=’здание’

2.DELETE(ST,INDEX,COUNT) – процедура. INDEX- нөмірлі позициядан бастап COUNT символды өшіреді. Мысалы, DELETE(‘алгоритм’, 1, 4)=’ритм’

INSERT(SUBST,ST,INDEX) - процедура. ST қатарына SUBST ішкі қатарды INDEX нөмірінен бастап қою. Мысалы, INSERT(‘smab’, ‘соление’, 3)=’составление’

STR(STR1,A)- функция. A мәнін қатарға түрлендіру.

VAL(ST,number,Code) – процедура. ST мәнін бүтін немесе нақты типті шамаға түрлендіріп, нәтижені number –ға жазады. Code—бүтін санды айнымалы.

Мысалы:

Program st; Var str1,str2,str3,str: string;Begin Writeln(‘енгізу’);Readln(str1); Readln(str2); Readln(str3);

Str:=concat(str1,str2,str3); Writeln(str); End.

Мысалы: а-дан басталатын сөздер санын анықтау керек.

Program st; Var s: string; I, k:integer;Begin

Writeln (‘S’); Readln (S); For I:=1 to length (s) do

If s[I]=’a’ then k:=k+1; Writeln(k); end.

20. Жиындар. жиындарды сипаттау. include,exclude стандартты функциясын қолдану. Мысал:

Жиындар – бірдей типті әртүрлі элементтердің тобы. Программаның type бөлімінде жиындар келесі түрде баяндалады:

Жиынның базалық типі ретінде кез келген қарапйым типін қолдануға болады. Бірақ нақты сандар типін пайдалануға болмайды(REAL). Жиынның базалық типіне бүтін сандар типінің шектелген типімен анықтауға болады. Жиын элементінің саны 64-256 аралығында болады. Жиындар элементтері үтір арқылы бөлектеніп, квадрат жақшаға алыныып жазылады. []-бос жиын.Мыс: type sandar = set of 1..5;

Var san –ж :sandar [ ],[1],[1,2],[1,3]…………[1,2,3,4,5];

Жиындарға келесі 2- стандартты функциясын қолданылады:

  1. INCLUDE(S,х)- S жиынға х элементін қосу үшін пайдаланылады. х элементінің типі S – жиынның базалық типімен бірдей болуы керек.

  2. EXCLUDE (S,x) - S- жиыннан х элементке шығару үшін пайдаланылады.