- •Емтихан сұрақтарының тізімі
- •Геоморфология деген түсінік
- •Геоморфологияның түрлері
- •4.Геоморфологияның басқа ғылымдарымен тығыз байланысы.
- •19. Планеталық бедер пішіндері. 1. Планеталық бедер пішіндері
- •20. Тектоникалық бедер пішіндері.
- •50. Өзен террасаларды зерттеу әдістері.
- •52. Жер асты және жер беті сулары әсерінен туындайтын бедер пішіндері. Карст және суффозия.
- •63. Тау мұздықтарының геоморфологиясы мен түзілімдері. Тау мұздықтарының геоморфологиясы мен түзілімдері .
- •64. Мұздық түзілімдеріндегі пайдалы қазбалар.
- •78. Тектоника, денудация және аккумуляция арасындағы қарым қатынастары.
- •97. Төрттік түзілімдерінің генетикалық типтері. Төрттік түзілімдердің генетикалық типтері
- •98. Элювий, делювий, аллювий, пролювий
- •104. Жер қыртысының қазіргі қозғалыстарын зерттеу әдістері. Қазіргі қозғалыстарды зерттеу әдістері
104. Жер қыртысының қазіргі қозғалыстарын зерттеу әдістері. Қазіргі қозғалыстарды зерттеу әдістері
Бұл қозғалыстар аспаптық-геодезиялық,геофизикалық, астрономиялық әдістерді қолдану арқылы анықталады. Ең бастылары – геологиялық, геоморфологиялық әдістер. Континенттер ішіндегі қазіргі қозғалыстар жоғары дәлдікті қайталап нивелирлеу жолымен анықталып , өлшеулер нәтижесінде көтерліу мен төмендеудің абсолют мәні есептеп шығарылады.
Геологялық-геоморфологиялық белгілері теңіздер мен үлкен көлдер жағалауларында анық байқалады.
Жер қыртысы төмен түскен жерлерде жағалық сызық гидрократтық қозғалысқа түсіп, құрлыққа қарай жылжиды.Трансгрессия басталады: өзен атырауларының көлемі азайып,қайраңдар лагуналарға ауысып, эстуарийлер қалыптасады. Жағаларда грунт сулары көтеріліп, батпақтанады. Жағалық сызықтар теңізге қарай жылжығанда яғни регрессиялық, геократтық қозғалыстарда бедер өзгерістері басқаша жүреді: аралдар аралығы саязданып, жаңа құрылық бөліктері пайда болады, өзен атыраулары ұлғаяды, лагуналар құрғайды.
Қашықтан зерттеу әдісі-әуе фото және ғарыштық түсірімдерді талдау, картографиялық әдістер неотектоника мен бедерді зерттеуде маңызды рол атқарады.
Жаңа қозғалыстарды зерттеулерде өзен аңғарларды ең қолайлы геоморфологиялық нысаны болып келеді, себебі өзен арнасы тектоникалық қозғалыстарға өте сезімтал.
Террасаларды талдау (саны салыстырмалы биіктіктері, типі)аңғар дамуының геологиялық тарихын білуге көмектеседі. Қозғалыстар қарқындалығын әр террасаның эрозиялық тілінім тереңдігі мен оларға аллювий қалыңдығына қарай бағалауға болады.
Жаңа қозғалыстар білінуінің сезімтал индикаторы гидрографиялық торап құрылысы.
Көлденең көтерлісте өзен арналардың илімденуіне әкеледі. Төмендеген аудандарда орталыққа қарай бағытталған өзен торабы, нақышы орын алады.
105. Өзен аңғарларының құрылысы және элементтері. Аңғарлар – теріс пішіндер – ұзын, планда иірленген, бастауынан сағасына қарай еңістігі бар, еңі өзгеріп тұрады (әр түрлі литологиялық құрамы, геологиялық құрылысының ерекшеліктігі, ысырынды конус, лавалы ағындылар). Аңғардың бойлық кескіні – төменге иілген (вогнутое).
Салалары келісімді және келісімсіз болу мүмкін: 1- келісімді6 2- келісімсіз
Себебтері: а) тектоникалық кертпеш (уступ)
б) таужыныстардың төзілімдігі әркелкі
в) жуырда мұздақталуы
Өзен: бастауы, жоғарғы ағыс, ортаңғы ағыс, төменгі ағыс және атыраудан тұрады.
.Көлденең кескінде аңғар бөліктері:
2-3-4-5-6- ең төменгі бөлігі – түбі немесе табаны
3-4-5- арна - аңғар түбінің сумен толған бір бөлігі
4- тальвег – аңғардың ең төменгі нүктелерін қосатын сызық
2-3 және 5-6 – жайылма – тасқында су қүйылып тұратын аңғар бөлігі
1-2 және 6-7 – аңғар беткейі
2 мен 6 – беткей етегі
1 мен 7 – беткей қабағы (бровки)
106. Жаратылу жағдайына қарай өзен аңғарларының түрлері. Генетикалық жіктемесі:
1) эрозиялық
2) эолды
3) карстты
4) мұздықтық
5) жанартаулық (барранкостар)
6) тектоникалық (лықсымалы немесе грабенді)
7) псевдотектоникалық – жарылым белдеміне тураланған
107. Орографияға қарай өзен аңғарларының жіктемесі. Орография бойынша аңғарлар жіктелінеді:
1) бойлық
2) көлденең
3) диагональды
108. Геологиялық құрылысына қарай өзен аңғарының жіктемесі. Төсеніш субстраттық геологиялық құрылымдары бойынша аңғарлар жіктеледі:
1) антиклиндік
2) синклиндік
3) куэсталық (моноклиндік)
4) лықсымалық
5) грабендік
6) моноклиндік үстіртінің аңғарлары (Сурет 21, 22)
а) консеквенттік (алғашқы көлденең аңғар) – аңғарлар топографиялық бетің жалпы еңістігімен және қабаттардың құлау бағытымен сәйкес орналасады
б) субсеквенттік (бойлық салалары) - өзен аңғарларының еңістік бағыты моноклинді жатқан қабаттардың созылу бағытына сәйкес болады.
в) ресеквенттік (субсеквенттік аңғардың салалары таужыныстардың құлау бағытына қарай ағады) – куэстаның ұзындау және еңістігі шамалы беткейімен ағатын салалардың аңғары
г) обсеквенттік (субсеквенттік анғардың салалары таужыныстардың құлау бағытына керісінше ағады) – қарсы жағындағы қысқалау және тіктеу беткейінен ағатын салалар аңғары (құлау бағытына қарсы)
7) эпигенетикалық – борпылдақ тыстың астында көмілген көне бедердің оң пішінін қиып өткен кезде.
8) антецедентті аңғар – жастау тау тізбесіне тесілгей
9) аллювийлдік тыстар
10) көмілген аңғарлар
11) суастынғы аңғар - өзен аңғарын теңіз суы басып кеткен
109. Өзен аңғарының геометриялық жүйелерінің түрлері. Өзен жүйелерінің типтері.
1) ағаш (бұтақ) тәрізді - әр түрлі бұрышпен салалары түйіседі. Олар жазықта, бір келкі аккумулятивтік субстратында қалыптасады.
2) қауырсынды (пористый) – сүйір бұрышпен салалары түйіседі. Қатты субстратында консеквенттік жаратылыста қалыптасады.
3) Ортогоналды (тікбұрышпен салалары түйіседі). Негізгі граниттерде қалыптасады. Аңғарлар жақпарлық жарықшақтар бойы қалыптасады.
4) Торлы (решетчатый) (тік бұрышпен салалары түйіседі) терең денудацияланған қатпарлы субстратында дамиды. Субсеквенттік, обсеквенттік, ресеквенттік болады.
5) радиалды. а) орталықтан таралған (жанартау беткейі бойы)
б) орталыққа ұмтылған
110. Геологиялық құрамына және құрылысына қарай террасалардың жіктемесі (мүсіндік, аккумуляциялық, аралас) Терраса аңғар беткейінің жайпақ бөлігі. Өзен террасалары геологиялық құрылысы бойынша бөлінеді:
1) тұғырлық немесе аралас террасалар – түпкілікті көне таужыныстар тұғырынан тұрады, немесе төменгі жағы тұғырдан, ал жоғарғы жағы аллювийден тұрады.
2) аккумуляциялық террасалар – аллювийден тұрады және оның негізгі өзендегі су деңгейінен төмен орналасады.
3) эрозиялық террасалар – бүйірлік эрозиямен тегістелген түпкілікті таужыныстар шығып жатады, сирек аздап аллювий болу мүмкін.
111. Көп ярусты бедер. Обручев В.А., Пенке В. және Усов М.А. ғалымдарының пікірлері. Көп ярусты бедер.
Таулы өңірлерді зерттегенде кейбір шыңдардың биіктігі бірдей емес екені білініп тұрады.Оны көп ярусты бедер деп санайды. Көп ярусты бедер жайлы ғалымдардың арасында әртүрлі пікір бар.
В.А. Обручев бойынша:
Алғашқы жер беті тегіс болған, себебі планация (тегістелу ) процесі жер бетін тегістейді. Сосын жарылымдар бойымен шойтасты қозғалыстар жүреді. Кейбір блоктар әртүрлі биіктікке көтеріледі . Таулы өңірлердің денудация процестер әсерінен әрі қарай тілімденген сайын әр блоктардың төбелерінің биіктері бірдей болып келеді. Мысалы, Жоңғар Алатауы .
Көп ярусты бедер.
28 -.Сурет
2) Вальтер Пенке бойынша :
Дөңесті көтерілім боларда, денудация процестері осы көтерілімді тілімдейді.
Артынан көтерілім көп аумақтарға таралады. Оларда тілімденеді. Сөйтіп табарлық (ступени) тәрізді бедер пайда болады. Табарлықтардың саны (Н) бедердегі тектоникалық импульстерге (Т)+1 тең болады.
29 .Сурет
3) М.А. Усов бойынша:
Аудан көтерілгенде бедер бір климаттық белдемінен екіншіге ауысады. Әрбір климаттық белдемде денудация процесі өзгеше жүреді, сондықтан бедерде табарлықтар дамиды. Усов, Обручевтың көз қарасын қолдайды.
112. Қазақ даласын тас замандарында мекендеген адамдар сипаты.
113. Аймақтық геоморфология. Аймақтық геоморфология – біршама нақты аумақтар бедерінің құрылымы мен дамуын зерттейді
114. Планетарлық геоморфология. Планеталық геоморфология – геоид пішіндерін тұтастай немесе оның құрамдас бөліктері- материктер мен мұхиттарды зерттейді
115. Жалпы геоморфология. Жалпы геоморфология – геоморфологиялық процестерінің жалпы заңдылықтарын зерттейді
116. Құрылымдық геоморфология. Құрылымдық геоморфология – тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде пайда болған бедер пішіндері мен жер қыртысының құрылымында ерекшеленген бедер түрлерін зерттейді.
117. Тарихи геоморфология. Тарихи геоморфология – жер бедерінің түзілу тарихын зерттейді.
118. Климаттық геоморфология. Климаттық геоморфология – эндогендік геологиялық процестермен, негізінен климаттық жағдайлармен байланысты сипатталатын бедер пішіндерін зерттейді.
119. Палеогеоморфология. Палеогеоморфология - өткен замандарда түзілген, қазір негізінен көміліп қалғандығына байланысты бұрғылау мен геофизикалық әдістер көмегімен анықтауға болатын бедер пішіндерін зерттейді
120. Карст процесімен байланысты пайдалы қазбалар Карсттық құдықтар мен шахталар тереңдікте үнгірлерге айналады. Үнгірлердің төбесінде және түбінде сталактиттер мен сталагмиттер дамиды. Түбінде карсттық сулар жерасты өзендерді және көлдерді жаратады. Осы процестердің, ауыл шаруашылыққа пайдасы да болады:
1. Кенорындарды іздеп, барлағанда
2. Сумен қамтамасыз ету (водоснабжение) көзін іздестіргенде
3. Батпақтарды құрғатқанда
4. Карсталынатын таужыныстар (гипс, тұз, ізбестастар) - өздері пайдалы қазба болып келеді.
