- •Емтихан сұрақтарының тізімі
- •Геоморфология деген түсінік
- •Геоморфологияның түрлері
- •4.Геоморфологияның басқа ғылымдарымен тығыз байланысы.
- •19. Планеталық бедер пішіндері. 1. Планеталық бедер пішіндері
- •20. Тектоникалық бедер пішіндері.
- •50. Өзен террасаларды зерттеу әдістері.
- •52. Жер асты және жер беті сулары әсерінен туындайтын бедер пішіндері. Карст және суффозия.
- •63. Тау мұздықтарының геоморфологиясы мен түзілімдері. Тау мұздықтарының геоморфологиясы мен түзілімдері .
- •64. Мұздық түзілімдеріндегі пайдалы қазбалар.
- •78. Тектоника, денудация және аккумуляция арасындағы қарым қатынастары.
- •97. Төрттік түзілімдерінің генетикалық типтері. Төрттік түзілімдердің генетикалық типтері
- •98. Элювий, делювий, аллювий, пролювий
- •104. Жер қыртысының қазіргі қозғалыстарын зерттеу әдістері. Қазіргі қозғалыстарды зерттеу әдістері
Емтихан сұрақтарының тізімі
Геоморфология деген түсінік
“Геоморфология мен төрттік геология” – жалпы Жер туралы ғылымдар кешенінің біршама жас саласы. “Геоморфология ” – жер бедері туралы ғылым. Ол жер бетіндегі бедер пішіндерінің морфологиясын (құрылысын), морфометриясын (өлшемдерін), морфогениясын (жаралуын), жасын және қалыптасу тарихы мен қазіргі динамикасын зерттейді.
Геоморфологияның түрлері
Геоморфологияның негізгі салалары:
1. Жалпы геоморфология – геоморфологиялық процестерінің жалпы заңдылықтарын зерттейді.
2. Аймақтық геоморфология – біршама нақты аумақтар бедерінің құрылымы мен дамуын зерттейді
3. Планеталық геоморфология – геоид пішіндерін тұтастай немесе оның құрамдас бөліктері- материктер мен мұхиттарды зерттейді.
4. Тарихи геоморфология – жер бедерінің түзілу тарихын зерттейді.
5. Құрылымдық геоморфология – тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде пайда болған бедер пішіндері мен жер қыртысының құрылымында ерекшеленген бедер түрлерін зерттейді.
6. Климаттық геоморфология – эндогендік геологиялық процестермен, негізінен климаттық жағдайлармен байланысты сипатталатын бедер пішіндерін зерттейді.
7. Палеогеоморфология - өткен замандарда түзілген, қазір негізінен көміліп қалғандығына байланысты бұрғылау мен геофизикалық әдістер көмегімен анықтауға болатын бедер пішіндерін зерттейді.
8. Эксперименттік геоморфология – негізінен әр түрлі геоморфологиялық эксперименттер көмегімен зерттеулер жүргізіледі.
9. Ғарыштық геоморфология және салыстырмалы планетаморфология - әр түрлі планеталар бедерін салыстыра зерттейді.
10. Экологиялық геоморфология – геологиялық және техногендік бедер пішіндерінің қоршаған орта мен қоғамға тигізетін әсерін зерттейді.
3. Бедер деген түсінік, оның жасын анықтау әдістері
Жер бетінің бедері - (фр. reliev – дөнестілік) пішіндерінің жиынтығы. Оларға ішкі (эндогендік) және сыртқы (экзогендік) процестер әсер етеді. Осы себептен бедер пішіндерін құрайтын таужыныстардың құрамы мен қасиеттерін және оған әсер ететін геологиялық процестерді білмей тұрып, оны зерттеуге болмайды
Бедер жасы
Геоморфологияда бедердің “салыстырмалы” және абсолют жасы деген түсініктер қолданылады. Бедердің салыстырмалы жасы деген түсінік мынадай жағдайда қолданылады:
1. Кез келген аумақ бедерінің немесе пішіндерінің дамуы сатыланып жүретін процесс сондықтан, бедердің жасы деп – оның даму сатысын айтуға болады.
Мысалы: Төрттік кезеңінде сонғы мұз басу заманында (12-20 мың жыл бұрын) мұхит пен теңіздер деңгейі қазіргіден 100м.- дей төмен болған, соңынан тоң-мұздың еруінен әлем мұхитының деңгейі көтеріле бастады, 4-5 мың жылдай бұрын ол қазіргі жағдайға келді.
2. Кез келген пішін бетіне кейінгі кездерде пайда болған және оны күрделендіретін қосымша жаңа бедерлерден көнелеу болады.
Мысалы: Каспий маңы ойпатында соңғы төрттік (хвалын) кезде пайда болған теңіз жағалауы жазығы кеңінен таралған. Бұл жазық теңіз қайтқан соң өзендер арқылы тілімденіп, желмен үрленіп, бетінде эрозиялық және эолдық жаңа пішіндер қалыптасты. Сонымен эрозиялық пен эолдық пішіндер хвалын теңіз жазығы мен салыстырғанда жас болып шығады.
3. Бедердің салыстырмалы геологиялық жасын анықтау.
Мысалы: Орта төрттік шөгінділермен құралған өзен террасаларының жасы да орта төрттік, ал плиоцендік эол шөгінділерінен түзілген көне дөңдердің (құм жолдардың) жасы да плиоцен болады.
Денудацияланған бедер пішіндерінің жасын анықтау үшін К.К. Марков ұсынған әдістерді қолданады, олар:
1) Сәйкестендірілген (корреляттік) шөгінділер арқылы бедер пішіндерінің жасын анықтау – шөгінділер жасы мен олардан тұратын бедер пішіндерінің жасы бірдей екенін анықтау.
Мысалы: Жыра түзілгенде, оны сағасында борпылдақ таужыныстардан жиналған ысырынды конус пайда болады. Осы ысырынды конусты құраған түзілімдердің жасын геологиялық тәсілмен анықтау, жыраның жасын анықтаудың кілті болып табылады.
2) Бедер пішінің жастық шектелу әдісі (метод возрастных рубежей) - өнделген бедер пішіннің төменгі және жоғарғы шектерін белгілейтін шөгінділердің жасын анықтау.
Мысалы: Өзен аңғары неоген кезеңіндегі (mN) теңіз шөгінділерінің үстіне түзілген. Аңғардың түбінде қазіргі заманғы аллювийді (aQIV) астында төменгі төрттік (gQI) кезеңніңмұздық шөгінділері қалыптасқан. Сонда бұл аңғар неоген мен төменгі төрттік уақыт аралығында өңделген.
3) Денудациялық бедердің жасын белгілеу – кейбір жағдайларда денудациялық беттер морыған қыртыспен бекітіледі. Осы мору қыртысының жасын палеонтологиялық, палеоботаникалық тағы басқа әдістермен анықтау арқылы денудациялық беттің жасына байланысты сұраққа да жауап беруге болады.
4) Фация ауысу әдісі (метод фациальных переходов) – құрамында палеонтологиялық қалдықтары жоқ шөгінділерден тұратын аккумуляциялық пішіндердің жасын анықтау барысында қолданылады. Қарастырған шөгінділеріне палеонтологиялық қалдықтары бар фация ауысқан шөгінділеріне дейін кеністікте бақылау барысында осы екі шөгінділердің жасы бірдей екендігін анықтайды, олай болса олардан құралған пішіндер де бір мезгілде пайда болғанын көрсетеді.
Бедердің абсолют жасы - радиозотоптар әдісімен жыл мөлшерін есептеп шығарады. Бұл мақсатта радиокөміртек, калий-аргон, фтор, уран, термолюминесценттік т.б. әдістер қолданылады.
