- •Емтихан сұрақтарының тізімі
- •Геоморфология деген түсінік
- •Геоморфологияның түрлері
- •4.Геоморфологияның басқа ғылымдарымен тығыз байланысы.
- •19. Планеталық бедер пішіндері. 1. Планеталық бедер пішіндері
- •20. Тектоникалық бедер пішіндері.
- •50. Өзен террасаларды зерттеу әдістері.
- •52. Жер асты және жер беті сулары әсерінен туындайтын бедер пішіндері. Карст және суффозия.
- •63. Тау мұздықтарының геоморфологиясы мен түзілімдері. Тау мұздықтарының геоморфологиясы мен түзілімдері .
- •64. Мұздық түзілімдеріндегі пайдалы қазбалар.
- •78. Тектоника, денудация және аккумуляция арасындағы қарым қатынастары.
- •97. Төрттік түзілімдерінің генетикалық типтері. Төрттік түзілімдердің генетикалық типтері
- •98. Элювий, делювий, аллювий, пролювий
- •104. Жер қыртысының қазіргі қозғалыстарын зерттеу әдістері. Қазіргі қозғалыстарды зерттеу әдістері
4.Геоморфологияның басқа ғылымдарымен тығыз байланысы.
Геоморфология басқа ғылымдармен байланысты, олар;
1. Физикалық география
2. Динамикалық геология
3. Төрттік геология
4. Тектоника, неотектоника (жер қыртысының қазіргі қозғалыс жайлы ілім)
5. Тарихи геология
6. Аймақты геология
7. Құрылымдық геология
8. Минералогия, геохимия, геофизика, теңіз геологиясы, вулканология, пайдалы қазбалар.
5. Бедер жаратушы процестер. Бедер даму процестері. Бедер жаралу немесе морфогенез өте күрделі жүретін процесс. Ол бірқатар бедер түзуші факторлар – қозғаушы күштер мен бедер пайда болатын себептер әсерінен дамиды. Басты процестер – эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) бедер жасаушы процестер, яғни тікелей бедер пішіндерін жарататын факторлар. Сонымен қатар, басқа факторлардың, мысалы – жер қыртысының геологиялық құрылысы мен климаттың да маңызы зор.
Бедер тегі (генезисі)
Жер беті бедері эндогендік және экзогендік процестер әсерінен пайда болады. Осы екі процесс өзара тығыз байланысты. Бедер тегі негізінен далалық зерттеу кезінде анықталады. Бедердің ірі пішіндері эндогендік пішіндерге жатады, ал ұсақ пішіндер көбінесе экзогендік бедерге жатады.
Көрінген бедер геологиялық құрылымымен байланысты бөлінеді:
1. Тікелей бедер – көмілген бедердің оң немесе теріс пішінін қайталайды. (а)
2. Инверсиялық (керіс) бедер – оң геологиялық құрылымының орнында жер бетінде теріс пішіндер түзеледі (антиклинальға – ойыс), ал теріс геологиялық құрылымының орнында (синклинальға) – оң бедер пішіндері қалыптасады. (б)
3. Көшпелі (переходные) бедер – тікелей мен кері бедердің аралығы. (в)
4. Нейтралды бедер көлденең немесе көлдененге жақын жатқан қабаттарда
байқалады. (г)
6. Ірі бедер пішіндерін жарататын процестер.
Эндогендік процестер.
Бедер қалыптасуына жер қыртысының жаралу процестері мен тектоникалық қозғалыстардың тигізетін әсері мол. Бұл процестермен жер бетінің ең үлкен пішіндері байланысты. Бедер түзілуде жер қыртысының тербелмелі қозғалыстарының, яғни көтерілуі мен төмендеуінің де маңызы үлкен. Көтерілген тектоникалық белсенді белдемдерде таулар пайда болса, тектоникалық тұрақты аумақтарда ірі платформалық жазықтар қалыптасады. Жанартаулық процестер бедер түзілуіне әсер етеді, олар тектоникамен тығыз байланысты
7. Флювийлік бедер пішіндері және олардың жаратылу жағдайлары. Флювийлік – (лат. fluvium - өзен) – су эрозиялық және су-аккумуляциялық процестер және олар қалыптастыратын бедер пішіндер мен шөгінділер.
Эрозия (лат. erodero – жеміру, қирату) деп арналы су ағындарының жер бетін сызықтық шаюын атайды. Басты роль – еңістік (уклон).
Ағындардың эрозиялық әрекетіне кіреді:
1) сынық материалды шаю
2) ағын астындағы таужыныстарды механикалық жолмен қирату
3) жолындағы ерігіш таужыныстарды еріту
Эрозиялық процесс дамуын анықтайтын басты алғы шарт – эрозия базисі. Тереңдік эрозия (түптік-донная) – су ағынының түбін қазып арнасын тереңдетеді. Бүйірлік (боковая) эрозия – су ағынының жағаларын қиратып, шайып кенейтеді .
Генетикалық жіктемесі:
1) эрозиялық
2) эолды
3) карстты
4) мұздықтық
5) жанартаулық (барранкостар)
6) тектоникалық (лықсымалы немесе грабенді)
7) псевдотектоникалық – жарылым белдеміне тураланған
.
8. Бедер пішіндері мен элементтері. Жер бетінің кез келген бөлігінің бедері өзара байланыса жалғасатын жекелеген бедер пішіндерінен, ал пішіндер – элементтерден құралады.
Геометриялық белгілері бойынша жіктелетін бедер элементтері; су айырық, тальвег, қабақ, бүгілме, кемер табаны, қыр, төбелер, кезеңдер (сур.1, 2)
Еңістігіне қарай бедер беттері бөлінеді:
субгоризонталь беттер – еңістік бұрышы 20 –қа дейін
беткейлер – еңістік бұрышы 20 –тан артық
И.П. Герасимов жер беті пішінін үш категорияға бөлген:
геотектура – материктік дөнестер мен мұхиттық ойпаңдар
морфоқұрылым – тау көтерілімдер, ойпаңдар мен жазықтар
морфомүсін – экзогендік процестер нәтижесінде пайда болған бедер.
Беттер тегіс, ойыс немесе дөңес болады. Бедер пішіндері тұйық (мореналық төбе, мореналық ойық), ашық (жыра, сай), қарапайым және күрделі, оң (дөңес) және теріс (ойыс) болуы мүмкін.
Қарапайым пішіндер – шағын өлшемді, біршама дұрыс геометриялық кескінді болып келеді.
Күрделі пішіндер – бірнеше қарапайым пішіндердің жиынтығы.
Бедер пішіндері өлшемдері бойынша алты түрде жіктеледі, олар:
1) Планеталық пішіндер – жүздеген мың немесе миллиондаған шаршы километр аумақтарда қамтиды.
Оларға жатады: материктер, геосинклин белдеулер, мұхит табаны және мұхиттың орталық жоталары.
2) Мегапішіндер – жүздеген немесе мың шаршы километр аудандарды алады.
Оларға материктер ішіндегі тау белдеудері мен жазық аймақтар, мұхиттар табанындағы үлкен ойпаңдар мен көтерілімдер, жер бедерінде білінетін планеталық жарылымдар кіреді.
Мысалы: Алатау мен Алтай тау жүйелері, Орталық Қазақстанның ұсақ шоқылы жазығы (Сарыарқа), Каспий маңы ойпаты т.б.
3) Макропішіндер – мегапішіндердің құрамдас бөлігі болып келеді. Олар жүздеген немесе мыңдаған, кейде оңдаған мың шаршы километр болатын аудандарды қамтиды.
Мысалы: Іле Алатауы, Күнгей Алатау, Ыстық көл ойысы, Үстірт т.б.
Мезопішіндер – бірнеше, кейде оңдаған шаршы километрмен өлшенеді.
Мысалы: сайлар, бархан тізбектері, бұлақ аңғарлары.
Микропішіндер – ірілеу пішіндердің ұсақ бөліктері және бейтегістіктері.
Мысалы: карст воронкасы, эрозиялық жыра, жағалау белестері т.б.
6. Нанопішіндер – макро-мезо- және микро- пішіндер бетіндегі ұсақ бейтегістіктерді атайды. Мысалы: үйінділер, суыр індері, жыралар.
Планеталық бедер пішіндері , мегапішіндер, макропішіндер, кейбір мезопішіндер – эндогендік процестер нәтижесінде түзеледі. Мезопішіндердің көпшілігі, кейбір микро, нано пішіндер – экзогендік процестермен байланысты
9. Бедер морфологиясы мен морфометриясы. Бедер морфологиясы мен морфометриясы.
Бедердің ең басты көрсеткіштерінің бірі – гипсометриялық сипат. Құрлық беті теңіз деңгейінен биіктеу дәрежесіне қарай ойпат, биіктігі 0-200м. –ге дейінгі, қырат 200м. –ден жоғары бедерлерге жіктеледі.
Қырат бедер абсолют биіктігіне, геологиялық құрылымына және тілімденуіне қарай жіктеледі.
1) Қыраттар және қырат жазықтар. Олардың биіктігі 200-500м. –ге дейін. Мысалы: Орталық Қазақстандағы ұсақ шоқылы Сарыарқа даласы
2) Үстірттер (плато фр. plateau) – көлбеу немесе жатысы шамала өзгеріске ұшыраған таужыныстардан тұратын, беті тегіс немесе болымсыз тілімденген, төмен орналасқан ойпатты жазықтардан кертпештер арқылы шектелген қырат жазық. Мысалы : Арал мен Каспий теңіздерінің аралығын алып жатыр.
Жазық таулар (плоскогорье) үстірттерге жақын, үсті тегіс байтақ қыраттар, абсолют биіктігі 1000м. –ден аса. Мысалы: Орта Сібір, Шығыс, Памир тау үстірттері.
Қырат таулар (нагорье) жер бетінің таулы жоталары мен массивтері, үстірттер, жазық таулар, қазаншұнқырлар тізбегімен күрделенген.
Мысалы: Памир, Кіші Азия, Тибет таулы қыраттары.
Таулар – жер қабығының қатпарланған және қатпарлы-дөнес құрылымды, әр түрлі биіктіктерге (8000м. –ге және одан да жоғары) көтерілген, биіктіктері қысқа арақашықтықта және жылдам өзгергіш аумақтар.
Гипсометриясына қарай олар бөлінеді.
1) Аласа таулар 1000м. –ге дейін (Баянаул, Қарқаралы, Кент, Көкшетау, Семей тау, Шынғыс тау, Шу-Іле таулары)
2) Орта таулар 1000-3000м. (Орта және Солтүстік Оралтау, Тарбағатай и т.д.)
3) Биік таулар 3000м. –ден аса (Гималай, Памир, Кавказ, Тянь-Шань, Алтай, Кордильері, Альпі.
Теңіздер мен мұхиттар табанының гипсометриясы “батиметрия” (батос- тереңдік) деп атайды, соған байланысты белдемдерге бөлінеді:
Нерит – 0-200м.
Батиал – 200-3000м.
Абиссал – 3000-6000м. –ден терең
10. Бедер тегі және оны анықтау белгілері. Бедер тегі (генезисі)
Жер беті бедері эндогендік және экзогендік процестер әсерінен пайда болады. Осы екі процесс өзара тығыз байланысты. Бедер тегі негізінен далалық зерттеу кезінде анықталады. Бедердің ірі пішіндері эндогендік пішіндерге жатады, ал ұсақ пішіндер көбінесе экзогендік бедерге жатады.
Көрінген бедер геологиялық құрылымымен байланысты бөлінеді:
1. Тікелей бедер – көмілген бедердің оң немесе теріс пішінін қайталайды. (а)
2. Инверсиялық (керіс) бедер – оң геологиялық құрылымының орнында жер бетінде теріс пішіндер түзеледі (антиклинальға – ойыс), ал теріс геологиялық құрылымының орнында (синклинальға) – оң бедер пішіндері қалыптасады. (б)
3. Көшпелі (переходные) бедер – тікелей мен кері бедердің аралығы. (в)
4. Нейтралды бедер көлденең немесе көлдененге жақын жатқан қабаттарда
байқалады. (г)
11. Бедер түзуші факторлар. Бедер түзуші факторлары:
1. Жер қыртысы таужыныстарының заттық құрамы, сонымен бірге олардың физикалық және химиялық қасиеттері бірігіп, оң немесе теріс пішінді бедер қалыптастырады.
2. Геологиялық құрылымдар әсерінен құрылымдық-денудациялық бедер типтері қалыптасады. Көлбеу құрылымдарға қабаттық жазықтар (Волга маңы қыраты), үстірт, жазық таулар (Үстірт, Орта Сібір жазық тауы), үстел пішінді алқаптар сәйкес келеді.
Берік және болбыр таужыныстардан тұратын моноклинді құрылымдарда – куэст бедері түзіледі. (Сур.6 Байбатша ).
Олар асиметриялы жоталардан тұратын қырат.
Қатпарлы құрылымдар орнында күрделі бедер қалыптасады, себебі геологиялық құрылыммен бедер пішіндерінің арасында тікелей сәйкестік байқалады. Мысалы, антиклинальға оң пішінді бедер, ал синклинальға теріс пішінді бедер орналасады, және керісінше орналасқан (кері – инверсиялық) бедер пішіндері кездеседі: антиклинальға теріс пішін бедері, ал синклинальға – оң пішін бедері сәйкес. Осы құрылымдар мен бедер пішіндерін тектоникалық жарылымдар, интрузиялық пен эффузивтік магматизм күрделендіреді. Геологиялық құрылымдар мен бедер пішіндері арасындағы байланысты зерттейтін ғылым-құрылымдық геоморфология деп аталады.
Бедер және климат
Неміс ғалымы А. Ленк бойынша климат үш түрге бөлінеді:
1) нивальды (лат. nivalis – қарлы) – суық аймақтарға тән (Антарктида, Грендландия, Солтүстік Мұзды Мұхит) және биік таулардың қар сызығынан жоғары.
2) гумидті (лат. һumidis- ылғалды) – климатта эрозиялық бедер пішіндер қалыптасады (Өзен аңғарлары, сайлар, жыралар, карст)
3) аридті климат – ыстық, құрғақ климат. Физикалық мору, жел-басты факторлар болып келеді. Климат өзгергенде, бедер пішіндері де өзгереді.
12. Геоморфологиялық әдістердің сипаты. 1. Геоморфологиялық зерттеу әдістері:
1) морфографиялық – бедер пішінінің сыртқы түрін, элементтерін байқау.
2) морфометриялық – бедер пішіндерін генетикалық сипаттап талдағанда сандық критерияларын пайдаланады (ені, биіктігі, ұзындығы т.б.)
3) геологиялық – бедер пішіндерінің геологиялық құрылысын, тектоникасын зерттейді және олардың бір бірімен байланысын анықтайды. Осы зерттеуде минералогиялық-петрографиялық, литологиялық-фациялық т.б. әдістерді қолданады.
4) географиялық – экзогендік процестер дамуына әсер ететін негізгі факторларды (климат, өзендер гидрогеологиясы, топырақ, тоңдық жағдайлар) зерттейді.
5) тарихи-геоморфологиялық әдістер (палеогеоморфология) – бедер тарихын даму сатыларын және оның заңдылықтарын нақтылауға қажет.
Мысалы: 1. Өзен террасаларының пайда болуы және сонымен бірге бедер қалыптасуы.
2. Денудациялық және аккумуляциялық бедер қалыптасуы.
6) геофизикалық әдістер – сейсмикалық, магнитометрлік, гравиметрлік планетарлық геоморфологияда қолданады. Геоидтің пішінін және генезисін дәлелдейді.
7) топо-геодезиялық әдістер – топографиялық карталарды қолданатын әдіске және арнайы геодезиялық өлшемдерді жүргізу әдіске бөлінеді. Геодезия арқылы жаңа қозғалыстарды анықтайды.
8) дистанциялық (қашықтық) әдістер – жер бетін әуе және ғарыштан зерттеу. Қазіргі заманда өте тиімді, зерттеу жұмыстарын арзандатып, әрі жылдамдатады.
9) тарихи-археологиялық әдістер – географиялық атауларды зерттейді, топографиялық карталарды салыстыру арқылы бедердің өзгергенін анықтайды. Мысалы, Арал теңізінің шегінуі түбінде ескі қаланың қалдықтары табылды.
10) геоморфологиялық карталау – барлық әдістер негізінде құрастырылған қорытынды құжат. Ол бедердің пішінін, тегін және жасын көрсетеді.
11) эксперименттік әдістер – эксперимент геологиялық уақыт факторын есепке алады, бедер қалаптастыратын процестерді тек ғана сапасын емес санды көрсетеді
Мысалы: арналы процесі, жазықтылық шаю т.б. гравитациялық процестер
13. Геоморфологиялық әдістердің жер бетінің геологиялық тарихын зерттеудегі маңызы. Жабық аумақтарды зерттеу үшін көбінесе құрылымдық- геоморфологиялық әдісті қолданады. Бұл әдіс айрылымды бұзылыстарды анықтауға өте қажет. Айырылымды бұзылыстарды болжамдау үшін геоморфологиялық белгілер көмек етеді. Мысалы: негізінде бұл өзен аңғарлары мен арналарының шұғыл ассиметриясы.
Аймақтық және тереңдік жарылымдар көп жерге таралған сызықты-жолақты линеаменттер болып келеді, ал жақын жатқан жарылымдар ұсақ линеаменттер болып келеді.
Бедер жаратылуына әсер ететін географиялық және геологиялық факторлардың бір бірімен байланысы, геоморфологияның жер жайлы басқа ғылымиларымен және физикалық-математикалық ғылымимен тығыз байланысы геоморфологиялық зерттеуде қолданатын көп әдістерді туындырады.
Геоморфологиялық зерттеулер қолдануына қарай бөлінеді:
1) Жалпы – бедерді кешенді сипаттау, яғни морфологиясын, морфометриясын, тегін, жасын, даму тарихын, динамикасын айқындау.
2) Жеке зерттеулер – бөлек бір геоморфологиялық нысандарды, мысалы, карст немесе эрозиялық жыра пішіндерін зерттеу мақсатында жүргізіледі. Осы зерттеулердің қортындысы – геоморфологиялық карта болып келеді.
Геоморфологиялық зерттеу жұмыстары дайындық, далалық, камералдыққа бөліне
14. Геоморфологиялық графика (геоморфологиялық карталар, қималар, блок диаграмма, бағана, жазба сипаты). 2. Геоморфологиялық графика
Геологиялық карта түсіру жұмыстар кешеніне кіретін геоморфологиялық зерттеулер мен геоморфологиялық байқаулардың қорытындысы – геоморфологиялық карта. ол геологиялық есепнама графикасының кешеніне кіреді. Геоморфологиялық картаға қосымша геоморфологиялық қималар, бағаналар, блок-диаграммалар және т.б. графика салынады.
Масштабтар бойынша геоморфологиялық карта түрлері:
1) Шолулық (м-бы 1: 10 000 000 – 1: 1500 000-ге дейін)
2) Ұсақ масштабты (1: 1000 000 – 1: 500 000)
3) Орта масштабты (1: 200 000 – 1: 100 000)
4) Ірі масштабты (1: 50 000 – 1: 25 000 одан да ірі)
Мазмұны бойынша геоморфологиялық карта түрлері:
1. Арнайы геоморфологиялық карта - жалпылауға кірмеген жеке көрсеткіштер бойынша жасалады. Мысалы: морфографиялық, морфометриялық, генетикалық, қазіргі бедер түзуші процестерге байланысты көрсеткіштер негізінде сәйкес геоморфологиялық карта салынады.
2. Жалпы геоморфологиялық карта – маңызды көрсеткіштер жиынтығы бойынша, морфологиясы, генезисі және бедер жасы бойынша жасалады. Жалпы геоморфологиялық карталар аналитикалық және синтетикалық түрлерге бөлінеді.
Аналитикалық картада бедердің сипаты (генезисі, морфологиясы, жасы) бірнеше шартты белгілер жиынтығын пайдаланып көрсетіледі. Мысалы: түсі, реңі, штрихтеу, индекстер, изосызықтар қолданылады.
Синтетикалық картада
а) Бедер морфологиясының ерекшеліктерін – горизонтальдарымен көрсеткен дұрыс, ал жар, жыра, кертпештер, карст воронкасы тағы басқаларын қосымша шарт белгілерімен көрсетіледі.
б) Бедер генезисі – бояу реңдерімен көрсетіледі.
в) Бедер жасы – түс реңдерінің қанықтылығын пайдаланып көрсеткен дұрыс және генезисін мен жасын білдіретін индекстерді қолдану дұрыс.
Синтетикалық картада – морфологиялық кешендер (бедер типтері) сыртқы кейпі, геологиялық құрылымы, жаралуы мен дамуы ортақ болуымен біріккен пішіндердің табиғи топтамасы болып бөлінеді. Ірі, орта масштабты карталарда түсті белгілермен жанартаулық жарылымдар мен бедер пішіндердің экзогенезисі, олардың морфологиялық байланысы, ал түс реңі қанықтығымен – морфометриялық көрсеткіштер (абс. және салыстырмалы биіктігі) беріледі. Мысалы: Аккумуляциялық ойпат жазықтары – сары-қоңыр таулар – қоңыр және қызыл реңдеме боялынады.
Реңдер қанықтылығы жазықтар мен таулар биіктеген сайын күшейе береді. Түсті белгілер жүйесіне кірмейтін геоморфологиялық белгілерді көрсету үшін штрих қолданылады. Кейде шартты белгілер кесте түрінде жасалады. Аналитикалық және синтетикалық карталар бірін бірі толықтырады.
Геоморфологиялық қималар
Таулы алқаптар үшін кескіннің тік және көлденең масштабтары бірдей болады. Кейде 2 есеге дейін ауытқиды. Жазық алқаптар үшін тік масштабы көлденең масштабқа қарағанда
5-10 есеге дейін артық болу мүмкін. Кескін міндетті түрде геологиялық мәліметтермен толтырылады.
Геологиялық кескінді жасау тәсілдері:
бедер типтері мен олардың шекараларын көрсетеді
бір немесе бірнеше сызық бойынша гипсометриялық кескін тұрғызылады осыған бедердің гипсометриялық сипатын көрсетеді
Біріккен кескін тұрғызу – таулы өңірлерде немесе өзен аңғарларын зерттеуге қолданылады.
Басқа графикалар:
блок-диаграммасы, геоморфологиялық бағана сосын геоморфологиялық жазба сипаты беріледі.
Геоморфологиялық жазба сипаты
Зерттелген ауданның геоморфологиялық сипатының мәтіні геологиялық есепнаманың арнайы “Геоморфология” тарауында, не жеке есепнама түрінде беріледі. Бедер сипаты әр аудан бойынша жазылады. Эндогендік (тектоникалық және вулкандық) және экзогендік (флювийлік, мұздықтық, карст, беткей т.б.) бедер пішіндері бөлініп, олардың генетикалық типтері (мысалы, денудациялық немесе аккумуляциялық) жеке-жеке сипатталады. Ірі аңғарлар, теңіз және көл жағалауы, мореналық жоталар т.б. арнайы сипатталады. Бедер даму тарихын анықтауға негіз болатын өзен және теңіз террасалары, тегістелу беттері түбегелі сипатталады.
15. Эндогендік және экзогендік бедер. Бедер даму процестері. Бедер жаралу немесе морфогенез өте күрделі жүретін процесс. Ол бірқатар бедер түзуші факторлар – қозғаушы күштер мен бедер пайда болатын себептер әсерінен дамиды. Басты процестер – эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) бедер жасаушы процестер, яғни тікелей бедер пішіндерін жарататын факторлар. Сонымен қатар, басқа факторлардың, мысалы – жер қыртысының геологиялық құрылысы мен климаттың да маңызы зор.
Эндогендік процестер.
Бедер қалыптасуына жер қыртысының жаралу процестері мен тектоникалық қозғалыстардың тигізетін әсері мол. Бұл процестермен жер бетінің ең үлкен пішіндері байланысты. Бедер түзілуде жер қыртысының тербелмелі қозғалыстарының, яғни көтерілуі мен төмендеуінің де маңызы үлкен. Көтерілген тектоникалық белсенді белдемдерде таулар пайда болса, тектоникалық тұрақты аумақтарда ірі платформалық жазықтар қалыптасады. Жанартаулық процестер бедер түзілуіне әсер етеді, олар тектоникамен тығыз байланысты
Экзогендік процестер.
Олар эндогендік пішіндердің құрылысын күрделендіреді, соның әсерінен микропішіндер пайда болады. Экзогендік процестер үш геологиялық процестер тобына бөлінеді: мору, денудация және аккумуляция.
1) Мору – термодинамикалық пен физикалық-химиялық жағдайларға байланысты таужыныстардың бет қабатының аңырау және қайтадан жаралу процесі. Таужыныстар борпылдаққа айналып, соңынан сыртқы күштер әсерінен жылжуға дайын тұрады. Нәтижесінде жер бетінде құрылымсызданған немесе қазылған денудациялық бедер пішіндері пайда болады. Ал қозғалысқа келіп, тасымалданған мору материалдарынан шөгінді таужыныстар түзіліп, жиналған немесе аккумуляциялық бедер пішіндері қалыптасады.
Сонымен, денудация мен аккумуляция бір тұтас экзогендік процестердің екі жағы болып табылады.
2) Денудация (лат. denudatio -ашылым) – мору процесінің өнімдері денудация агенттерінің ықпал етуімен ысырылып қозғалысқа келеді. Осы процестің нәтижесі – жер бетінің қирау (деструкция), сонымен бірге денудациялық немесе қазылған бедер пайда болуы.
3) Аккумуляция – қираған өнімдердің тасмалданып түзілуі. Осы процесте түзілімдер және олардың ерекше генетикалық типтері пайда болады, сонымен бірге аккумуляциялық бедер типтері жаратылады.
4) Денудациялық-аккумуляциялық процестер минералдық массаларды қозғалысқа келтіріп, тасымалдайтын агенттердің сипаты. Осы агенттердің әсер етуі бойынша бөлінеді:
а) гравитациялық –минералдық массалар беткейлерден өз салмақ күші бойынша сырғып, қозғалысқа келеді.
б) делювийлік беттердің арнасыз тұтас сорғалама сумен шайылуы.
в) флювийлік – арналы су ағындарының әрекеттілігі.
г) мұздықтық (гляциалдық) – қозғалыстағы мұздықтар әрекеттілігі
д) флювигляциалдық – мұздықтардан еріп шыққан ағын су әрекеттілігі.
е) карст-жерасты суларының химиялық жолмен заттарды ерітіп шығаруы.
ж) суффозия – жерасты суларының ұсақ лайлама бөлшектерді механикалық жолмен шайып шығаруы.
з) соқпа толқындық процесс – теңіз бен көл жағасындағы соқпа толқындар әрекеттілігі
к) жел (эолдық) – желдің әрекеттілігі
л) антропогендік немесе техногендік процесс – минералдық массалардың техникалық жарақтармен немесе адам күшімен тасмалдануы
16. Бедер жаралудағы геологиялық және географиялық факторлар. Бедер түзуші факторлары:
1. Жер қыртысы таужыныстарының заттық құрамы, сонымен бірге олардың физикалық және химиялық қасиеттері бірігіп, оң немесе теріс пішінді бедер қалыптастырады.
2. Геологиялық құрылымдар әсерінен құрылымдық-денудациялық бедер типтері қалыптасады. Көлбеу құрылымдарға қабаттық жазықтар (Волга маңы қыраты), үстірт, жазық таулар (Үстірт, Орта Сібір жазық тауы), үстел пішінді алқаптар сәйкес келеді.
Берік және болбыр таужыныстардан тұратын моноклинді құрылымдарда – куэст бедері түзіледі.
Олар асиметриялы жоталардан тұратын қырат.
Қатпарлы құрылымдар орнында күрделі бедер қалыптасады, себебі геологиялық құрылыммен бедер пішіндерінің арасында тікелей сәйкестік байқалады. Мысалы, антиклинальға оң пішінді бедер, ал синклинальға теріс пішінді бедер орналасады, және керісінше орналасқан (кері – инверсиялық) бедер пішіндері кездеседі: антиклинальға теріс пішін бедері, ал синклинальға – оң пішін бедері сәйкес. Осы құрылымдар мен бедер пішіндерін тектоникалық жарылымдар, интрузиялық пен эффузивтік магматизм күрделендіреді. Геологиялық құрылымдар мен бедер пішіндері арасындағы байланысты зерттейтін ғылым-құрылымдық геоморфология деп аталады.
Бедер және климат
Неміс ғалымы А. Ленк бойынша климат үш түрге бөлінеді:
1) нивальды (лат. nivalis – қарлы) – суық аймақтарға тән (Антарктида, Грендландия, Солтүстік Мұзды Мұхит) және биік таулардың қар сызығынан жоғары.
2) гумидті (лат. һumidis- ылғалды) – климатта эрозиялық бедер пішіндер қалыптасады (Өзен аңғарлары, сайлар, жыралар, карст)
3) аридті климат – ыстық, құрғақ климат. Физикалық мору, жел-басты факторлар болып келеді. Климат өзгергенде, бедер пішіндері де өзгереді.
17. Бедер пішіндері және олардың генетикалық жіктемесі. Бедер даму процестері. Бедер жаралу немесе морфогенез өте күрделі жүретін процесс. Ол бірқатар бедер түзуші факторлар – қозғаушы күштер мен бедер пайда болатын себептер әсерінен дамиды. Басты процестер – эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) бедер жасаушы процестер, яғни тікелей бедер пішіндерін жарататын факторлар. Сонымен қатар, басқа факторлардың, мысалы – жер қыртысының геологиялық құрылысы мен климаттың да маңызы зор.
Эндогендік процестер.
Бедер қалыптасуына жер қыртысының жаралу процестері мен тектоникалық қозғалыстардың тигізетін әсері мол. Бұл процестермен жер бетінің ең үлкен пішіндері байланысты. Бедер түзілуде жер қыртысының тербелмелі қозғалыстарының, яғни көтерілуі мен төмендеуінің де маңызы үлкен. Көтерілген тектоникалық белсенді белдемдерде таулар пайда болса, тектоникалық тұрақты аумақтарда ірі платформалық жазықтар қалыптасады. Жанартаулық процестер бедер түзілуіне әсер етеді, олар тектоникамен тығыз байланысты
Экзогендік процестер.
Олар эндогендік пішіндердің құрылысын күрделендіреді, соның әсерінен микропішіндер пайда болады. Экзогендік процестер үш геологиялық процестер тобына бөлінеді: мору, денудация және аккумуляция.
1) Мору – термодинамикалық пен физикалық-химиялық жағдайларға байланысты таужыныстардың бет қабатының аңырау және қайтадан жаралу процесі. Таужыныстар борпылдаққа айналып, соңынан сыртқы күштер әсерінен жылжуға дайын тұрады. Нәтижесінде жер бетінде құрылымсызданған немесе қазылған денудациялық бедер пішіндері пайда болады. Ал қозғалысқа келіп, тасымалданған мору материалдарынан шөгінді таужыныстар түзіліп, жиналған немесе аккумуляциялық бедер пішіндері қалыптасады.
Сонымен, денудация мен аккумуляция бір тұтас экзогендік процестердің екі жағы болып табылады.
2) Денудация (лат. denudatio -ашылым) – мору процесінің өнімдері денудация агенттерінің ықпал етуімен ысырылып қозғалысқа келеді. Осы процестің нәтижесі – жер бетінің қирау (деструкция), сонымен бірге денудациялық немесе қазылған бедер пайда болуы.
3) Аккумуляция – қираған өнімдердің тасмалданып түзілуі. Осы процесте түзілімдер және олардың ерекше генетикалық типтері пайда болады, сонымен бірге аккумуляциялық бедер типтері жаратылады.
4) Денудациялық-аккумуляциялық процестер минералдық массаларды қозғалысқа келтіріп, тасымалдайтын агенттердің сипаты. Осы агенттердің әсер етуі бойынша бөлінеді:
а) гравитациялық –минералдық массалар беткейлерден өз салмақ күші бойынша сырғып, қозғалысқа келеді.
б) делювийлік беттердің арнасыз тұтас сорғалама сумен шайылуы.
в) флювийлік – арналы су ағындарының әрекеттілігі.
г) мұздықтық (гляциалдық) – қозғалыстағы мұздықтар әрекеттілігі
д) флювигляциалдық – мұздықтардан еріп шыққан ағын су әрекеттілігі.
е) карст-жерасты суларының химиялық жолмен заттарды ерітіп шығаруы.
ж) суффозия – жерасты суларының ұсақ лайлама бөлшектерді механикалық жолмен шайып шығаруы.
з) соқпа толқындық процесс – теңіз бен көл жағасындағы соқпа толқындар әрекеттілігі
к) жел (эолдық) – желдің әрекеттілігі
л) антропогендік немесе техногендік процесс – минералдық массалардың техникалық жарақтармен немесе адам күшімен тасмалдануы
18. Континенттік түзілімдердің генетикалық типтері.
Континенттік түзілімдердің генетикалық типтері.
Бедер дамуы мен континенттік түзілімдер жаралуы өзара тығыз байланысты. Түзілімдер генетикалық типтері деп- белгілі бір сыртқы физикалық-геологиялық процесс әсерінен пайда болған түзілімдерді атайды. Ол – бір тұтас аккумуляциялық процесс нәтижесі ретінде бір заңдылық бойынша құрылған шөгінділер. Түзілімдер генетикалық типтері өзара литологиялық құрамы бойынша ғана емес, бедердегі жағдайы, беті мен жатыс пішіндері бойынша ажыратылады. Түзілімдер тегін анықтап, кейбір белгілер бойынша жасырын жатқан жатыс пішіндерді және басқа генетикалық типтердің арақатынасын болжай аламыз.
Е.В. Шанцер ұсынған континенттік түзілімдердің генетикалық типтерінің жіктемесі, олардың жаралу жағдайлары, таужыныстардың мору мен мору өнімдерінің шығарылу кездерінен аккумуляция алқаптарына тасымалдау ерекшеліктері бойынша негізделген.
Континенттік түзілімдер генетикалық типтерінің жіктемесі
(Е.В. Шанцер бойынша)
7-iші кесте
Парагенетикалық қатарлар |
Генетикалық тип топтары |
Генетикалық типтер |
1 |
2 |
3 |
Элювий (мору қыртысының қатары) |
Элювий тобы |
Термофракциялық элювий. Криогендік элювий. Хемоморфтық элювий. |
Өзіндік мору қыртысы тобы |
Өзіндік мору қыртысы элювий |
|
Топырақтар тобы |
Автоморфтық топырақтар. Гидроморфтық топырақтар |
|
Беткейлік (коллювий) |
Гравитациялық топ (Опырылма коллювий) |
Опырылымдық жиылымдар. Сусымалы жиылымдар |
Су-гравитациялық топ (сырғыма коллювий) |
Сырғымалы жиылымдар Солифлюкция жиылымдар |
|
Су-беткейлік топ (шайылу коллювий) |
Делювий. Беткейлік, пролювий |
|
Сулық (аквалық) |
Арналы су ағын түзілімдерінің тобы (флювийлік) |
Аллювий, пролювий, атыраулы түзілімдер |
Көл түзілімдерінің тобы (лимнийлік) |
Көл түзілімдері (соқпа-толқын, табан ағындар, грвитациялық шөгу, хемогендік, биогендік) |
|
Жерасты сулық (субтерралық) |
Үңгір түзілімдері тобы (субтерралық) |
Жұрнақ опырылымдық, су-механикалық, су-хемогендік, органогендік |
Бұлақ түзілімдері тобы (шапшымалық –фонтанальная) |
Туфтар мен травертиндер. |
|
Мұздықтық (гляциалдық) |
Өзіндік мұздықтық түзілімдер тобы (субтерралық) |
Негізгі мореналар Шеткі мореналар Бүйірлік мореналар |
Су-мұздық түзілімдері тобы (флювий-гляциалық) |
Мұздық маңы түзілімдері, мұздықтан тыс түзілімдері. |
|
Мұздық-көлдік тобы (лимний –гляциалық) |
Көл – мұздық түзілімдер |
|
Желдік (эолдық) |
Эолдық құмдар тобы (перфляциялық) |
Эолдық құмдар |
Эолдық лесстер тобы (суперфляциялық) |
Эолдық лесстер |
|
Биогендік |
Шымтезектер тобы |
Автохтондық шымтезектер |
Жанартаутектік |
Су шаю түзілімдер тобы |
Лахорлар |
Бұлақ түзілімдер тобы |
Гейзер түзілімдері |
|
Техногендік (антропогендік) |
Үінді, шайынды, жасанды су қоймалар, өзгерген түзілімдер тобы |
Кен- өнеркәсіптік құрылыстық, ирригациялық, шаруашылық- тұрмыстық |
