Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геоморфо емтихан.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
562.94 Кб
Скачать

50. Өзен террасаларды зерттеу әдістері.

51. Аллювиймен байланысты пайдалы қазбалар. Аллювиймен әр түрлі пайдалы қазбалар байланысты. Оларға құрылыс құмдары, кірпіш саздары, шашылымдық алтын және басқалар жатады. Шашылымдарды төзімді, ауыр және қатты минералдар – алтын, платина, рутил, касситерит, шеелит, монцанит, алмас, т.б. құрайды.

52. Жер асты және жер беті сулары әсерінен туындайтын бедер пішіндері. Карст және суффозия.

Жер асты және жер беті сулары әсерінен туындайтын бедер пішіндеріне карст, суффозиялық пішіндер және термокарст жатады.

Карст – жер асты мен жер үсті сулар нәтижесінде ерігіш жыныстардың шаймалану процесінде жаратылады. Осы жағдайда таужыныстарда пішіндері және мөлшері әр түрлі карст қуыстары пайда болады. Карстық процесте ертінмен бірге заттар жылжып (шайылып) кейбір түзілімдер жиналады. Жылдам еритін жыныстарға жатады: ізбестас, бор, доломит, мергель, гипс, ангидрит, тас тұзы.

Ылғалдық климатта – карсттар жылдам пайда болады. Құрғақ климатта – бұл процестің жылдамдығы төмендейді. Қалың қабаттарда карст тереңдікке таралады, ал қалыңдығы аз қабаттарда – карсттар ұсақ болады.

Жарықшақтық жыныстарда қуыстылығы (скважность) жоғары, сондықтан атмосфералық жауын- шашындар көп жиналады, жер асты суының циркуляциясын күшейтеді. Тегіс жерде атмосфералық сулар жәй ағады, жыныстар еруіне уақыт береді және жарықтармен тереңдікке өтеді. Ерігіш тау жыныстардың жатыс жағдайының ерекшеліктеріне қарай және жамылғы жаралымдардың бар жағына байланысты карст екі типке бөлінеді:

  1. Ашық (жерортатеңіздік) карстқа

  2. Жабық (орта европалық) карстқа

Ашық карст- жер бетінде ашылған ерігіш жыныстарда пайда болады (Крым, Кавказ, Жерорта теңіз).

Жабық карст – ерімейтін борпылдақ таужыныстармен жамылған ерігіш жыныстарда пайда болады. (Орта және Шығыс Европа, Орал, Сібір)

Жер үсті суларының әсерінен дамыған карст – жер үсті карсттар, ал жер асты суларының әсерінен дамыған карсттар – жер асты (тереңдік) карсттар деп атайды.

1. Жер үсті карсттардың пішіндері:

а) Каррлар (жінішке атыздар (борозды) тереңдігі 1,5-3м. дейін)

б) Карсттық шұнқырлар (воронки) – жарықшақтарда немесе олардың қиылысқан жерінде (понорлар)

в) Карстық шұнқырлар бір бірімен қосылғанда – қазаншұнқырлар, оймауыттар (поля) пайда болады (алаңы 300-400 км2 )

г) Карбонатты және гипсты жыныстарда қабаттастық бойы оларды ерітетін сулар циркуляцияланғанда, қуыстар (ниша) 1-5м.-ге дейін тереңдікте дамиды. Қуыстар жаратылуы және пішіндері тау жыныстардың жарықшақтығына байланысты. Карст жаратылуымен “соқыр аңғарлар” пайда болуы байланысты. Олар тереңдікте карст каналдарымен ағып бір неше мың метр ұзындығымен, сосын жер бетіне тау етегінен шығу мүмкін.

2. Жер асты карсттар.

Жер үсті карсттар дамыған кезде, жарықшақтар (шұнқырлар) кеңіп карстық құдыққа айналады. Оншақты метр тереңдікпен. Одан да терең болса – карсттық шахтаға айналады.

Карсттық құдықтар мен шахталар тереңдікте үнгірлерге айналады. Үнгірлердің төбесінде және түбінде сталактиттер мен сталагмиттер дамиды. Түбінде карсттық сулар жерасты өзендерді және көлдерді жаратады.

Көне карст (қалыптасуы аяқталған) – жер үстіндегі пішіндері жас түзілімдермен жамылған.

Жас карст – кейде ашық, қазіргі, карстты суларын сорғалататын гидрографиялық торларымен байланысты.

Суффозия – жерасты суларымен таужыныстардың ұсақ бөлшектерін механикалық шайылады. Суффозия саздық таужыныстарда таралған (саздар, саздақтар, лесс) – Қазақстанда, Орталық Азияда, Закавказье. Суффозия әсерінен таужыныстар отырғыш болып келеді.

Термокарст – жерастындағы мұз еріп таужыныстар отырады (просадка). Бұл процесс ызғар климатта және көпжылдық мұзды таужыныстары бар аймақтарда таралады. Жер астындағы карсттың қуыстарының дамуы жоғары жатқан таужыныстарды (грунттарды) деформацияға ұшыратады. Гидротехникалық құрылыста, пайдалы қазбаларды өңдегенде, үлкен құрылыстарды пайдаланғанда кар, термокарст, суффозия әрекетін есеп алу қажет.

Осы процестердің, ауыл шаруашылыққа пайдасы да болады:

1. Кенорындарды іздеп, барлағанда

2. Сумен қамтамасыз ету (водоснабжение) көзін іздестіргенде

3. Батпақтарды құрғатқанда

4. Карсталынатын таужыныстар (гипс, тұз, ізбестастар) - өздері пайдалы қазба болып келеді.

53. Карст. Ашық, жабық карст. Карст базисі. Карст және суффозия.

Жер асты және жер беті сулары әсерінен туындайтын бедер пішіндеріне карст, суффозиялық пішіндер және термокарст жатады.

Карст – жер асты мен жер үсті сулар нәтижесінде ерігіш жыныстардың шаймалану процесінде жаратылады. Осы жағдайда таужыныстарда пішіндері және мөлшері әр түрлі карст қуыстары пайда болады. Карстық процесте ертінмен бірге заттар жылжып (шайылып) кейбір түзілімдер жиналады. Жылдам еритін жыныстарға жатады: ізбестас, бор, доломит, мергель, гипс, ангидрит, тас тұзы.

Ылғалдық климатта – карсттар жылдам пайда болады. Құрғақ климатта – бұл процестің жылдамдығы төмендейді. Қалың қабаттарда карст тереңдікке таралады, ал қалыңдығы аз қабаттарда – карсттар ұсақ болады.

Жарықшақтық жыныстарда қуыстылығы (скважность) жоғары, сондықтан атмосфералық жауын- шашындар көп жиналады, жер асты суының циркуляциясын күшейтеді. Тегіс жерде атмосфералық сулар жәй ағады, жыныстар еруіне уақыт береді және жарықтармен тереңдікке өтеді. Ерігіш тау жыныстардың жатыс жағдайының ерекшеліктеріне қарай және жамылғы жаралымдардың бар жағына байланысты карст екі типке бөлінеді:

  1. Ашық (жерортатеңіздік) карстқа

  2. Жабық (орта европалық) карстқа

Ашық карст- жер бетінде ашылған ерігіш жыныстарда пайда болады (Крым, Кавказ, Жерорта теңіз).

Жабық карст – ерімейтін борпылдақ таужыныстармен жамылған ерігіш жыныстарда пайда болады. (Орта және Шығыс Европа, Орал, Сібір)

54. Жер бетілік пен жер астылық карст пішіндері. Жер үсті суларының әсерінен дамыған карст – жер үсті карсттар, ал жер асты суларының әсерінен дамыған карсттар – жер асты (тереңдік) карсттар деп атайды.

1. Жер үсті карсттардың пішіндері:

а) Каррлар (жінішке атыздар (борозды) тереңдігі 1,5-3м. дейін)

б) Карсттық шұнқырлар (воронки) – жарықшақтарда немесе олардың қиылысқан жерінде (понорлар)

в) Карстық шұнқырлар бір бірімен қосылғанда – қазаншұнқырлар, оймауыттар (поля) пайда болады (алаңы 300-400 км2 )

г) Карбонатты және гипсты жыныстарда қабаттастық бойы оларды ерітетін сулар циркуляцияланғанда, қуыстар (ниша) 1-5м.-ге дейін тереңдікте дамиды. Қуыстар жаратылуы және пішіндері тау жыныстардың жарықшақтығына байланысты. Карст жаратылуымен “соқыр аңғарлар” пайда болуы байланысты. Олар тереңдікте карст каналдарымен ағып бір неше мың метр ұзындығымен, сосын жер бетіне тау етегінен шығу мүмкін.

2. Жер асты карсттар.

Жер үсті карсттар дамыған кезде, жарықшақтар (шұнқырлар) кеңіп карстық құдыққа айналады. Оншақты метр тереңдікпен. Одан да терең болса – карсттық шахтаға айналады.

Карсттық құдықтар мен шахталар тереңдікте үнгірлерге айналады. Үнгірлердің төбесінде және түбінде сталактиттер мен сталагмиттер дамиды. Түбінде карсттық сулар жерасты өзендерді және көлдерді жаратады.

Көне карст (қалыптасуы аяқталған) – жер үстіндегі пішіндері жас түзілімдермен жамылған.

Жас карст – кейде ашық, қазіргі, карстты суларын сорғалататын гидрографиялық торларымен байланысты.

55. Суффозия. Суффозия процесімен байланысты бедер пішіндері. Суффозия – жерасты суларымен таужыныстардың ұсақ бөлшектерін механикалық шайылады. Суффозия саздық таужыныстарда таралған (саздар, саздақтар, лесс) – Қазақстанда, Орталық Азияда, Закавказье. Суффозия әсерінен таужыныстар отырғыш болып келеді.

56. Термокарст. Термокарст – жерастындағы мұз еріп таужыныстар отырады (просадка). Бұл процесс ызғар климатта және көпжылдық мұзды таужыныстары бар аймақтарда таралады. Жер астындағы карсттың қуыстарының дамуы жоғары жатқан таужыныстарды (грунттарды) деформацияға ұшыратады. Гидротехникалық құрылыста, пайдалы қазбаларды өңдегенде, үлкен құрылыстарды пайдаланғанда кар, термокарст, суффозия әрекетін есеп алу қажет.

Осы процестердің, ауыл шаруашылыққа пайдасы да болады:

1. Кенорындарды іздеп, барлағанда

2. Сумен қамтамасыз ету (водоснабжение) көзін іздестіргенде

3. Батпақтарды құрғатқанда

4. Карсталынатын таужыныстар (гипс, тұз, ізбестастар) - өздері пайдалы қазба болып келеді.

57. Теңіз бен көл жағалауларындағы бедер пішіндері мен түзілімдер. Жер бетіндегі негізгі бедер жасаушы негізгі фактор-теңіздер мен көлдер болып табылады.

Жағалар дамуындағы маңызды фактор-теңіз теңіз суының қозғалысы.

Жағалық сызық-теңіз (мұхит, көл, су қойма) бетінің құрлық бетімен қиылысқан сызығын айтады.

Жаға-қазіргі теңіз деңгейіне сәйкес жағалық сызыққа жапсарлас жатқан құрлық жолағы.

Жағалау-теңізбен құрлық жолақтарын қамтитын екі белдем (тектоникалық қозғалыстар жағаны көтереді және төмендетеді) .Теңіз толқындары жағаны соққылап, қирату әрекеті-абразия деп аталады. (лат авradera-қырлаймын,жонамын).

58. Абразиялық жағалар типі. Абразиялық жағалар типі. Жағаны берік таужыныстар құраған жағдайда абразия баяу жүрсе ,ал болбыр таужыныстар-жылдам қирап,тасындыға айналады.Қия жағаларға соғылған толқындар су деңгейі сызығында немесе сәл жоғарылау жерде соқпа толқын (волноприбойная) қуысын жасайды.Қуыс тереңдеген сайын оның үстіне аспа карниз орнайды,оны клиф деп атайды. Шегіген клиф етегіндегі түпкілікті таужыныстарда құрлыққа қарай кеңейе беретін шамалы еңіс абразиялық жағалау алаңы-бенч пайда болады.Бұл ауданның суасты бөлігі мен жаға қиясы аралығында жағажай (пляж) пайда болады.

59. Жаға белдемінің аккумуляциялық пішіндері. Жаға белдемінің аккумуляциялық пішіндері-жағажайлар,суасты және жағалық ірімектер (волы)мен жағалық қайырлар (бары) Жағалық қайырлар даму барысына қарай бөлінеді:

1) суастылық сатыға

2)аралдық сатыға

3)жағалық сатыға

Тасындылардың жаға бойымен тасмалдануы кезінде аккумуляциялық пішіндері жаралады.

Жағалық сызықтың бастапқы жіктелу типтері:

1)Риастық жаға-таулы аңғарлар су астында қалғанда ирелең шығанақтар мен аралдардан тұратын жаға.

2)Лимандық жаға –аласа жағалаулық жазықты тілімдеген аңғарларға теңіз жайылғанда пайда болады.

3) Фиордты жаға –таулы жағалаудағы мұздықтардың трог аңғарларын су басқанда пайда болады.

4) Аралдық типті жағалар эолдық бедер пішіндерін теңіз басқанда пайда болады.

Мысалы :Арал теңізінің шығыс жағасы,Балқаш ,т.б.

5) Далмациялық типті –жаға (Адриатика теңізіндегі Далмация –Югаславия жағалауы)-таулы қатпарлы өңірлерде теңіз басуынан пайда болады.

6) Лықсыма-құжбан типті жаға-дифференцияланған блоктың тектоникалық қозғалыстар әсерінен пайда болады.

7) Жанартау типті жаға-кальдераларын мен кратерлерін су басуынан пайда болады.

8) Биогендік жағалар –маржандар мен мшанкілер рифінен тұрады. Жағалаулар мен жағажайларда әртүрлі шашылымдар түзіледі.

60. Көлдер және олардың дамуы. Көлдер жаратылуына қарай тектоникалық, мұздықтық, жанартаулық,табандық атыраулық ,карст, термокарст, суффозиялық бөгеттік болып бөлінеді.Олар климаттық жағдайларға байланысты әркелкі дамиды.

Ылғал климат көлдері терригендік шөгінділер басымдылығымен, хемогендік және органогендік тұнбалар болуымен сипаталады. Оларда темір кендері ,бокситтер түзіледі және бор мен мергель шөгеді, органикамен байланысты - сапропелит көмірі мен жаңғыш тақтатастар .

Аридті және семиаридті көлдерге тұздар түзіледі. Ыстық құрғақ алқап көлдерінде органикалық заттар аз болады. Көл шөгіндіге толғанда,тегіс аккумуляциялық жазыққа айналып құрғап кетеді.

61. Мұздықтық бедер пішіндері мен түзілімдері. Қар сызығы. Хионосфера. Экзарация. Мұздықтық бедер пішіндері мен түзілімдер

Мұздықтар нивал климат белдеуінде жаратылады. Олар полюс аудандары мен биік тауларда орналасады. Мұздықтар жер бетіндегі ерекше белдемінде орналасады-хионосферада (грек.Хион –қар). Төменгі жағы қар сызығымен (снеговая линид) шектеледі.

Сонымен хионосфера аумағында қар жиналып, тығызданып уақытша еріп және қайтадан кристалданып түйрлі «фирнға» ауысады,соңынан кристалдық глетчер мұзына айналады.

Төмен жылжыған мұздық хионосфераның төменгі шекарасына жеткенде ,ери бастайды. Сонымен мұздық таралуына шек береді. Мұздықтардың коректенуі (питания), еру және абляция (кебу)алқаптарына бөлінеді. Мұздықтарды қирату жұмыстары –экзарация (жырту) деп аталады. Жартас таужыныстар экзарацияға ұшыраса –мұздық корразиясы деп аталады. (тырнаған, сыдырған мұздың ішінде қадалып қалған кесекті материалдармен )

Мұздық массасы қысымынан таужыныстар кейде қатпарланып , кесіліп жарылымданады –гляциядислокацияланады.

Морена –мұзбен тасмалданған және түзілген кесекті материал.

62. Материктік мұздықтар геоморфологиясы мен түзілімдері. Мұздықтар –материктік және таулық болып екі типке бөлінеді.

Материктік мұздықтар-жабын мұздықтарға жатады. Құрлықтың көп жеріне таралған.Қазір Греландияда да (1,83млн кв км) және Антарктида да (13,9млн кв км) бар. Плейстоценде құрлықтың 32% алған. Мұздық аккумуляция түзілімдері негізгі және шеткі мореналарға бөлінеді. Қайраң мұздықтары – мұздық-теңіз түзілімдерін қалыптастырады. Мұздық еріп кеткенде пайда болған су ағындары шеткі мореналады шаймалап флювий-гляциялық жаралымдар жасайды. Шеткі мореналар бойымен ұзынынан ирелеңдей орналасқан қырқаларға –оздар жатады. Оздардың ұзындығы 10-даған км-ге ені 100-300м-ге, биіктігі 50 м-ге жетеді.

Биіктіктері 2-5м-ден 30м-ге дейін төбелерді камдар дейді.

Зандр алаңдары –құмдардан түзілген жазықтар. Мұздықтардың еруі жазықтар нәтижесінде пайда болған, көлдерде таспа саздар тұнады.