- •Емтихан сұрақтарының тізімі
- •Геоморфология деген түсінік
- •Геоморфологияның түрлері
- •4.Геоморфологияның басқа ғылымдарымен тығыз байланысы.
- •19. Планеталық бедер пішіндері. 1. Планеталық бедер пішіндері
- •20. Тектоникалық бедер пішіндері.
- •50. Өзен террасаларды зерттеу әдістері.
- •52. Жер асты және жер беті сулары әсерінен туындайтын бедер пішіндері. Карст және суффозия.
- •63. Тау мұздықтарының геоморфологиясы мен түзілімдері. Тау мұздықтарының геоморфологиясы мен түзілімдері .
- •64. Мұздық түзілімдеріндегі пайдалы қазбалар.
- •78. Тектоника, денудация және аккумуляция арасындағы қарым қатынастары.
- •97. Төрттік түзілімдерінің генетикалық типтері. Төрттік түзілімдердің генетикалық типтері
- •98. Элювий, делювий, аллювий, пролювий
- •104. Жер қыртысының қазіргі қозғалыстарын зерттеу әдістері. Қазіргі қозғалыстарды зерттеу әдістері
63. Тау мұздықтарының геоморфологиясы мен түзілімдері. Тау мұздықтарының геоморфологиясы мен түзілімдері .
Қар сызығынан жоғары жатқан тауларда таулық мұздықтар кездеседі. Тау аңғарларына жиналған қар фирн алаптарын қалыптастырып глетчер мұзына айналады.
Эрозиялық аңғар бойымен аққан мұздар мұздық тілдеріне айналады.
Мұздықтардың типтері –аңғарлық немесе әльпілік .Қарапайым мұздықтар қосылғанда ағаш тәріздіге айналады . Мұздықтар аңғар бойымен төмен қарай жылжып , трог аңғарын (немісше трог-астау ) қалыптастырады. Цирк беткейлерінде аспа мұздықтар орналасады. Үш немесе төрт жақты шыңдар-карлингтер болып қалады. Мореналар бүйірлік,түптік (конечные) болады. Екі аңғардың мұздық тілдері қосылып бір мұздыққа біріккенде, ортасында ортаңғы және ішкі мореналар қалыптасады. Мұздықтар ерігенде морен түзілімдері жаратылады.
64. Мұздық түзілімдеріндегі пайдалы қазбалар.
65. Эолдық бедер пішіндері мен түзілімдері. Эолдық бедер пішіндері мен шөгінділер
Эолдық процестер даму үшін бір қатар физикалық-географиялық және геологиялық жағдайлар болу керек: 1) жауын-шашын 100-2500 мм/жыл аспайды, 2) жиі күшті жел тұрады, 3) өсімдіктер аз өседі, 4) таужыныстар қарқынды физикалық моруға ұшырайды.
Эолдық процес түрлері : Дефляция –болбыр грунтты үру және ұшыру процесі.
Корразия –берік таужыныстарды жел ұшырып әкелген қатты сынықты материалмен жыру, тесу процесі. Шөлдер (пустыни ) жазық және таулы болып бөлінеді.
Тасты шөлдер-қыратты үстірт қиыршық пен тасжақпарлармен жамылған.(Үстірт шөлі)
Құмды шөлдер-құмдардан тұрады.
Сазды шөлдер –құмды шөлдің ішінде және жиегінде орналасады. Сазды шөлдер беті тегіс және жазық болып, үсті сазды түзілімдермен жабылады.Олардың пайда болуына жер бетіндегі ағын сулары әсер етеді. Сазды-сорлы шөлдер (сорлар)-бетін қалыңдығы 1-2мм тұз қабыршығы жабады.Ал астында тозаң мен тұз қосындысынан тұратын борпылдық сор жатады. (Сарыкамыс көлі , (Арал басында), Орал, Эмба алқабындағы сорлар).
Корразия нәтижесінде эолдық ,коразиялық, қуыстар, тас бағаналар жаралады.
Дефляция нәтижесінде үрлеме қазан шұңқырлар, қазандар, ярдангтар (атыздар) сорлар, тақырлар пайда болады.
Акумуляциялық бедер пішіндері: құм төбелер, жоталар, бархандар және дөңдер.
Эолдық түзілімдер: а) эолдық құмдар
б) лесстар- ұсақ қуысты, бітімі біркелкі таужыныстар.
66. Геоморфологиялық ландшафт типтері. Геоморфологиялық ландшафт-өзара тарихи және парагенетикалық байланыстағы бедер пішіндерінің жиынтығы болып табылады.
Континенттердегі ең басты геоморфологиялық ландшафт типтері –таулы және жазық өңірлер.
Теңіз бен мұхит кеңістіктері үшін осындай текті геоморфологиялық бірліктері суасты тау жүйелері мен жазықтар болып есептеледі. Олар табиғаты жағынан әртүрлі және өз кезегінде бірнеше геоморфологиялық провинцияларға бөлшектенеді. Тау және жазық ландшафт типтері әр түрлігімен ерекшеленеді. Оларға ұсақ бөлімдемелеуге бөлуге, яғни геоморфологиялық аудандауға мүмкіндік береді. Геоморфологиялық аудандау типологиялық және аймақтық принцптер негізінде жүргізіледі.
Типологиялық аудандауда өзара сыртқы белгілері, тегі, ұқсас бедер пішіндерінің аумақтары немесе жеке бедер пішіндері бойынша бөлінеді.
Аймақтық аудандауда нақты тарихи жағдайда пайда болған, өзіндік қайталанбас келбеті бар, геологиялық құрылымы ,процесі мен даму тарихы бар ерекшеліктер бірлігімен сипатталған бедер пішіндеріне бөлінеді. Бедер түзуші процестердің масштабы мен әртүрлігі бойынша сан-қилы геоморфологиялық өңірлер, провинциялар, алқаптар, аудандар мен бөлікшелер бөлінеді.
67. Таулы өңірлер геоморфологиясы. Таулы өңірлер геоморфологиясы
Материктер ауқымындағы таулы бедер қозғалмалы белдеулерде және платформа-лардың жекелеген тектоникалық белсенділенген аудандарында орналасқан.
Таулы өңірлер деп –биіктігі теңіз деңгейінен 500м жоғары орналасқан,салыстырмалы биіктігі 200-500м жоғары жатқан қыраттарды айтады.
Тау деген –жазықтардан 200м биікке көтеріліп тұрған пішіндерді айтады.
Мысалы: Орталық Қазақстандағы жанартаулар, жұрнақ таулар т.б.
Тау элементері: ұшы (төбесі), беткейлер және табаны.
Тау жоталары мен тау тізбектері – планда ұзынынан созылған қия беткейлі қыраттар .
Тау шыңдары –ұсақ қыраттар
Тау массивтер немесе тау түйіндері-бірнеше жоталар біріккен жерлер . Ұзындығына қарай жоталар бөлінеді: 1) Тау төбелер –планда изометриялық, 2) Жазық таулар-үсті жазық, аз тілімденген, 3) Үстірт таулар- беті тегіс, шамалы еңіс, 4) Құрылымдық үстірт-куэсталар.
Тау аралық ойпаттар-өңірі теріс пішіндер (Зайсан , Іле, Ыстықкөл, Фергана, т.б.)
Жоталардың арасында-тауаралық аңғарлар орналасады. (Алтай)
Морфологиясы бойынша: күмбез тәрізді (а), шошақ (ә) , конус тәрізді (б), пирамидал
ық (в) және тегіс (г), (үстірт тәрізді ) тау шыңына бөлінеді. (сур. 27)
68. Таулы өңір бедерінің ерекшеліктері. Абсолют биіктіктеріне қарай таулар бөлінеді:
биік таулар (әльпілік типі)-салыстырмалы биіктігі 1000м-ден асады. Беткейлері қия, үшкір төбелі таулар басым болады.
Орта таулар-салыстырмалы биіктігі 500-1000 м (Алатау , Алтай, т.б)
Аласа таулар-салыстырмалы биіктігі 200-500 м.Аласа таулар эрозиялық процесінің әсерінен сатыланып, жазық бедерге алмасады. Мысалы: Оңтүстік Орал, Мұғалжар, Салайыр, Қырым, т.б.
Таулы және жазық бедерлер арасында өтпелі санаттағы бірқатар аудандарда ұсақ шоқылы бедер орналасады. Мысалы, Орталық Қазақстан.
69. Таулардың генетикалық жіктемесі. Жаратылу жағдайына қарай таулар бөлінеді:
1) Тектоникалық таулар-қозғалмалы белдеулердегі орогендік қозғалыстар нәтижесінде немесе платформалардың белсенділік жағдайындағы жекелеген бөліктерінде түзіледі.
Барлық тектоникалық тауларды эрозиялық-тектоникалық немесе денудациялық-тектоникалық деп қарастыруға болады.Тектоникалық таулар арасында кездеседі:
а) қатпарлы таулар-ірі қатпарлы көтерілімдердің түзілу нәтижесінде пайда болады.
(Қаратау жоталары, Маңғыстау таулары)
ә) жамылғы таулар-үсті кристалды берік таужыныстармен жабылған күрделі қатпарлардан тұрады.(Әльпі, Карпат, Балкандағы Динар таулары)
б) дөңес-құжбан (қатпарлы-құжбан) таулар-қатпарлы таужыныстар субстратында пайда болады. (Тянь-шань таулары мен жоталары) в)құжбан таулар-жарылымдар бойымен көтерілген блоктардан қалыптасады.
Дөңес-құжбан және құжбан таулар эпиплатформалық орогендік белдеулер құрылымында басым.
2) Жанартаулық таулар-жанартау атқылаулары нәтижесінде лава мен күл материал үйінділері орографиялық пішіндер құрайды.(жанартау конустары ,қалқан жанартаулары ,жанартаулық үстірті ,экструзиялық күмбездер мен инелер, калдералар, маарлар)
3) Эрозиялық таулар - эрозиялар процестер нәтижесінде тектоникалық пен жанартаулық таулардың тілімденуі дәрежесі артып кеткен кезінде пайда болады. Олар аласа және орта таулар, кейде биік таулар ретінде түзіледі.
Тегістелу беттерінің қалыптасу жағдайлары
70. Таулы ландшафттың қалыптасуы мен эволюциясы. Тікелей, кері бедерлер, жұрнақ денудациялық таулар. Таулы ландшафт –жер қыртысының даму заңдылығындағы белгілі бір кезең нәтижесі болып табылады. Тектоникалық таулар дамуындағы негізгі үш кезең бар:
а)тікелей тектоникалық бедер-тау жоталарының антиклин немесе басқа құрылымдарға сәйкес келеді.
б) денудациялық-тектоникалық бедер.
Бұл кезеңде кері (обращенный) бедер қалыптасады, яғни антиклиндерде депрессиялар,ал синклиндерде жоталар пайда болады.
в) жұрнақ денудациялық таулар қалыптасуы жер қыртысы тұрақтанып, көтерілімдер тоқтағаннан кейін басталады.Тау аңғарлары кеңейді, болбыр таужыныстардан тұратын жоталар мен төбелер денудацияға ұшырап шоқылы бедерге ауысады.
Тұрақтану сатысында тектоникалық бедер дамуы аяқталып жер бетінің денудациялық тегістелуі басталады-тегістелу беті қалыптасады.(планация)
Тегістелу беттер дамуы геологиялық құрылыс пен климаттың жағдайлармен байланысты.Көбінесе олар борпылдақ және аз берікті таужыныстарда жылдам дамиды. Тегістілеу беттер тек ғана денудациялық процесінің әсерінен емес, аккумуляция жолымен де қалыптасады.
71. Жазық өңірлер геоморфологиясы. Жазықтар деп-жатаған тегіс ,биіктігі шамалы өзгеретін (50-200м аралығында) салыстырмалы биіктігі 25 м-ден аспайтын және еңістігі мейлінше аз байтақ кеңістіктерді айтады.
Жазықтар эпиплатформалық тектоникалық белсенділікке түспеген платформалық аймақтарға, шеткі және тауаралық ойыстарға сәйкес келеді. Гипсометриялық орнына қарай жазықтардың мынадай түрлері бар:
ойпат жазықтар (низменности) аз биіктікте (биіктігі 200м-ге дейін)
мысалы: Батыс-Сібір ойпаты
қырат жазықтар (возвышенные ),абсолюттік биіктігі 200-500 м
үстірт (плато)-ең биік орналасқан жазықтар (Үстірт)
тау үстірті мен тауаралық жазықтар –таулы өңірлер құрамына кіреді.
Теңіз деңгейінен төмен орналасқан жазықтар абразиялық саты арқылы қайранға жалғасады. Жалпы жағдайына қарай жазықтар бетінің мынадай түрлері бар;
Жазық-Батыс-Сібір ойпаты жатады.
Қиғаш (еңіс)-бір жағына қарай еңістенген (еңістігі 1:100) тау өңірлерінің шетінде орналасады.
Ойыс жазық (вогнутые)-шетінен ортасына қарай еңістенген (Балқаш маңы жазығы, Тұран ойпаты)
Жазықтар бетінің морфологиялық сипаты бойынша жазықтар арасында тегіс,текшеленген толқынды, жоталы және шоқылы түрлерге бөлінеді.
Жоталар (белдер) –ұзынан созылған жайпақ қыраттар , олар мезобедрге жатады.
Шоқылар –биіктігі 100-200 метрден изометриялық ұсақ қырат биіктер
Жалдар немесе қырқалар -өте созылынқы шоқылар.
Жазықтар бетінің құрылысы әр түрлі теріс бедер пішіндерімен- өзен аңғарлары, сайлар және әртүрлі ойыстармен күрделенеді.
72. Жазықтардың генетикалық жіктемесі. Денудациялық, абразиялық, аккумуляциялық, жанартаулық жазықтар. Жазықтардың генетикалық жіктемесі
Денудациялық және аккумуляциялық процестері әсерінен денудациялық жазықтар пайда болады.
1. Денудациялық жазықтар жаралуда денудациялық ролі басым . Олардың арасында әр түрлі текті пенеплендер мен педиплендер бар, сонымен қатар ол абразиялық жазықтарға бөлінеді.
Пенеплендер тектоникалық қыраттардың ұзақ (ондаған миллион жыл) комплексті денудациялану нәтижесінде пайда болады. (орталық Қазақстан жазықтары ).
Педиплендер –шамалы еңістенген сатыланған жазықтар.Олар таулы қыраттар мен кемерлер етегінде беткейлердің жайпаңдалмай шегіну нәтижесінде жаралады.
Бұл процес семиаридтік климат жағдайында, беткейлік ағындар ықпалынан, тоң басу жағдайында, сынықты материалды нивация-солифлюкциялық ысырып шығару нәтижесінде және шөлдер жағдайында өте белсенді дамиды.
Абразиялық жазықтар беті құрлықтың едәуір кеңістігін абразиялық жонуы нәтижесінде қалыптасуы және тегіс болуымен сипатталады.
Бұл жазықтар алғашқы кезде жағалаулық түзілімдермен жабылып жатады, тек кейінгі кездегі денудация нәтижесінде ғана жер бетіне шығады, қайта туындайды немесе «қазып алынады». Осындай жазықтарға-соңғы бор-полеоген кезінде пайда болған жазықтар жатады.
Геологиялық құрылысы бойынша И. П.Герасимов пен Ю.А. Мещереков жазықтарды тұғырлыққа ( цокольные) және қабаттыққа бөледі.
Тұғырлық жазықтарда жер бетіне қатпарлы құрылымдар шығып тұрады.
Қабаттық (пластовые) жазықтар жайпақ жатқан қабаттардан тұрады.
2. Аккумуляциялық жазықтар денудациялық жазықтарға қарағанда әлдеқайда кең таралған. Морфологиялық ерекшелігі бойынша олар бір неше генетикалық типтерге бөлінеді: аллювилік, пролювийлік , мореналық, флювий-гляциялық, көлдік,эолдық және теңіздік жазықтарға
Жанартаулық жазықтар жер бетіне жарықтар бойымен базальт лавасы төгілуінен және жанартау атқылағанда шашылған күл массасы жер бетінің кедір-бұдырларын тегістей толтыруынан түзіледі. Қазіргі кезде жанартаулық жазықтардың көп бөлігі жоғары көтерілген шатқалдармен тілімденген үстірт бедері түрінде кездеседі. (Колумбия, Исландия, Патагония базальтты үстірті). Жазықтардың аталған генетикалық типтерімен қатар аралас текті полигенетикалық жазықтар кеңінен таралған. Мысалы, Батыс-Сібір ойпатының солтүстік бөлігіндегі көлдік-алювийлік-флювий гляциялық жазығы.
Жазық бедері қалыптасуында экзодинамикалық басымдығы геоморфологиялық келбеттің климаттық жағдайлармен тығыз байланысын көрсетеді.Жазықтар бетінің құрылысында неотектоникалық және құрылымдық факторлар да айтарлықтай мәнге ие.
Геоморфологиялық ландшафтарды зертеген кезде кең көлемді мәселерді қамтитын кешенді әдістемені қолдану керек. Морфологиялық,геологиялық және геофизикалық әдістермен қатар аэрофото және ғарыштық түсірімдерді қолдану тиімді
73. Неотектоника және бедер. Қазіргі деректер бойынша денудация құрлық деңгейін жылына 0,05 мм жылдамдықпен төмендетеді екен. Бұл орташа деңгейі 875 м құрлық денудация ықпалынан 17,5 млн жылда толығымен жойылып кетеді деген сөз.
Таулардағы мүжілу жылдамдығы одан да жоғары. Мысалы, мөлшермен Тәжікстан жоталары (Вахш өзені алып шығатын тасындылар бойынша )жылына 1,6мм жылдамдықпен мүжіледі. Бұл мөлшерге қарағанда биіктігі 1600 м жота тегістелеуі үшін 1 млн жыл керек. Оған қарамай, жер бетінде биік тауларда, терең шұңғымалар да кездеседі. Көтерілімдер болғанын бір кезде ойпаңдарда қалыптасқан жас түзілімдердің қазіргі таулар мен биік жазықтарда орналасуына қарап білеміз. Мысалы, Қазіргі Алатау таулары мен Алматы ойпаңы олигоценде деңгейі 150-200м шамасындағы жазық алқап болған. Неогенде басталған тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде Алатау жоталары көтеріліп ,ал Алматы ойпаңы төмендей бастайды. Қазіргі кезде Алатау 4000-5000 м-ге дейін жоғары көтерілген ,Алматы ойпаңының табаны керісінше жер бетінен 3000 м-дей тереңде жатыр. Бұл жаңа немесе неотектоникалық қозғалыстар деп аталады, оның нәтижесінде әртүрлі құрылымдық пішіндер пайда болады. Қазіргі бедердегі ірі пішіндер қалыптасуы неотектоникалық процестерге байланысты.Неотектоникалық қозғалыстар олигоцен –төрттік кезеңге сәйкес келеді, оның ұзақтығы 25-35 млн жылды қамтиды.
74. Неотектониканы зерттеу әдістері. Бұл қозғалыстар аспаптық-геодезиялық,геофизикалық, астрономиялық әдістерді қолдану арқылы анықталады. Ең бастылары – геологиялық, геоморфологиялық әдістер. Континенттер ішіндегі қазіргі қозғалыстар жоғары дәлдікті қайталап нивелирлеу жолымен анықталып , өлшеулер нәтижесінде көтерліу мен төмендеудің абсолют мәні есептеп шығарылады.
Геологялық-геоморфологиялық белгілері теңіздер мен үлкен көлдер жағалауларында анық байқалады.
Жер қыртысы төмен түскен жерлерде жағалық сызық гидрократтық қозғалысқа түсіп, құрлыққа қарай жылжиды.Трансгрессия басталады: өзен атырауларының көлемі азайып,қайраңдар лагуналарға ауысып, эстуарийлер қалыптасады. Жағаларда грунт сулары көтеріліп, батпақтанады. Жағалық сызықтар теңізге қарай жылжығанда яғни регрессиялық, геократтық қозғалыстарда бедер өзгерістері басқаша жүреді: аралдар аралығы саязданып, жаңа құрылық бөліктері пайда болады, өзен атыраулары ұлғаяды, лагуналар құрғайды.
әдістер неотектоника мен бедерді зерттеуде маңызды рол атқарады.
75. Қашықтан зерттеу әдісі. Жаңа қозғалыстарды Қашықтан зерттеу әдісі-әуе фото және ғарыштық түсірімдерді талдау, картографиялық зерттеулерде өзен аңғарларды ең қолайлы геоморфологиялық нысаны болып келеді, себебі өзен арнасы тектоникалық қозғалыстарға өте сезімтал.
76. Террасаларды талдау әдісі. Террасаларды талдау (саны салыстырмалы биіктіктері, типі)аңғар дамуының геологиялық тарихын білуге көмектеседі. Қозғалыстар қарқындалығын әр террасаның эрозиялық тілінім тереңдігі мен оларға аллювий қалыңдығына қарай бағалауға болады.
Жаңа қозғалыстар білінуінің сезімтал индикаторы гидрографиялық торап құрылысы.
Көлденең көтерлісте өзен арналардың илімденуіне әкеледі. Төмендеген аудандарда орталыққа қарай бағытталған өзен торабы, нақышы орын алады.
77. ТМД елдері аумағының неотектоникалық сипаты. Материктік платформалар, орогендік алқаптар, рифтогенез алқабы. ТМД елдері аумағының жаңа тектоникасы
Материктік платформалар:
1) көне-байкалидке дейін платформалар (шығыс Европа, Сібір)
2) жас платформалар (Скиф, Туран, Батыс Сібір т.б.)
Олардың ішінде қалқан мен массивтерге сәйкес келетін алқаптар көне (Балтық, Алдан,Украйна, Анабар ) және жас (Қазақ, Салаир, Солтүстік Таймыр) болып бөлінеді. Платформалар аласа және біршама көтеріңкі жазықтар, оларда сейсмикалық құбылыстар мен вулканизм болмайды.
Орогендік алқаптар жаңа кезеңде дифференцияланған контрасты қозғалыстармен ерекшеленеді. Даму тарихына қарай орогендік алқаптар эпигеосинклиндік (Кавказ) және эпиплатформалық (Тянь-шань, Алтай, Салайыр ,Байкал) типтерге бөлінеді.
Бұл алқаптар сейсмикалық құбылыстар мен вулканизм процестері білінуімен ерекшеленеді. Және әр түрлі жарылымдар жүйесі дамиды, олардың амплитудасы үлкен.
Мысалы, Талас –Фергана жарылымның жаңа кезеңдегі жалпы жылжуы 12-15км-ге жетеді.
Рифтогенез алқабы Байкал-Мам рифт белдемін қамтиды, ол Солтүстік Монголиядан басталып, Алдан қалқанына дейін созылады.
Мұхиттық геоқұрылымдарға геосинклиндік терең су асты науалар бойымен дамыған мұхиттық платформа мен мұхит тереңіндегі жазықтар табаны кіреді. (Қара теңіз). Сонымен неотектоникалық кезең жер дамуының өте қарқындылықты тектоникасымен сипаталады. Бедер тектоникалық қозғалыстар (Т) мен денудациялық процестер (Д) жылдамдығының өзара қатынасы бойынша жоғарылаған және төмендеген типтерге бөлінеді.
