Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геоморфо емтихан.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
562.94 Кб
Скачать

97. Төрттік түзілімдерінің генетикалық типтері. Төрттік түзілімдердің генетикалық типтері

Жаратылу жағдайына қарай төрттік түзілімдер мына топқа бөлінеді:

1) эллювийлік

2) беткейлік

а) гравитациялық (коллювий)

ә) делювийлік

3) су тобы: пролювий, алювий, атыраулық, көлдік және теңіздік

4) мұздық тобы: мұздық (гляциялдық), флювиогляциялдық, көлдік-мұздық (лимногляциялдық) және теңіздік

5) эолдық тобы: құмдар, лесстар

6) полигенетикалық жаралымдар.

98. Элювий, делювий, аллювий, пролювий

Күрделі және сан түрлі процестер нәтижесінде, оны Е.В. Шанцер элювийлік процесс деп атаған, мору қыртысы түзіледі. Морыған таужыныстар ыдырауынан пайда болған және жылжымай өз орнында қалған өнімдерден элювий жаралады. Элювий – астындағы таужыныстармен тығыз байланысты. Оның құрамында сырттан әкелген материал болмайды.

Аллювий- дегеніміз арпадағы су ағындарымен келіп, арнаға шөккен түзілімдерді айтады. Белгілері:

а) анғар түбінде ұзыншақ орналасады.

б) ірілігі бойынша жақсы сортталуы

в) кесектердің жұмырлануы

г) бедерде аллювий жайылма мен террасаларды туындырыды, ағын арнасы түбін жауып жатады.

Пролювий түзілімдері – дегеніміз уақытша және гидрогеологиялық режимі тұрақсыз ағындар сағасына жиналған түзілімдерді атайды. Олар әр түрлі шығарынды конустар (конуса выноса) жасайды. Пролювийдің екі түрі бар: тау етегіндегі (предгорный) және жыралық (овражный). Тау етегіндегі пролювий – шығарынды конус жаратады (конус төбесінде – ірі материал, ал етегіне жақындаған сайын ұсақталады). Жыралық пролювий – жыралық аңғарлар сағасында уақытша қысқа ағындар әрекеттілігіне байланысты жаралады. Материалдары жұмырланбаған, ірі құмды, саздақтардан тұрады. Бедер пішіні – шығарынды конус.

99. Көлдік түзілімдер. Көлдер жаратылуына қарай тектоникалық, мұздықтық, жанартаулық,табандық атыраулық ,карст, термокарст, суффозиялық бөгеттік болып бөлінеді.Олар климаттық жағдайларға байланысты әркелкі дамиды.

Ылғал климат көлдері терригендік шөгінділер басымдылығымен, хемогендік және органогендік тұнбалар болуымен сипаталады. Оларда темір кендері ,бокситтер түзіледі және бор мен мергель шөгеді, органикамен байланысты - сапропелит көмірі мен жаңғыш тақтатастар .

Аридті және семиаридті көлдерге тұздар түзіледі. Ыстық құрғақ алқап көлдерінде органикалық заттар аз болады. Көл шөгіндіге толғанда,тегіс аккумуляциялық жазыққа айналып құрғап кетеді.

100. Мұздық түзілімдер. Мұздықтар нивал климат белдеуінде жаратылады. Олар полюс аудандары мен биік тауларда орналасады. Мұздықтар жер бетіндегі ерекше белдемінде орналасады-хионосферада (грек.Хион –қар). Төменгі жағы қар сызығымен (снеговая линид) шектеледі.

Сонымен хионосфера аумағында қар жиналып, тығызданып уақытша еріп және қайтадан кристалданып түйрлі «фирнға» ауысады,соңынан кристалдық глетчер мұзына айналады.

Төмен жылжыған мұздық хионосфераның төменгі шекарасына жеткенде ,ери бастайды. Сонымен мұздық таралуына шек береді. Мұздықтардың коректенуі (питания), еру және абляция (кебу)алқаптарына бөлінеді. Мұздықтарды қирату жұмыстары –экзарация (жырту) деп аталады. Жартас таужыныстар экзарацияға ұшыраса –мұздық корразиясы деп аталады. (тырнаған, сыдырған мұздың ішінде қадалып қалған кесекті материалдармен )

Мұздық массасы қысымынан таужыныстар кейде қатпарланып , кесіліп жарылымданады –гляциядислокацияланады.

Морена –мұзбен тасмалданған және түзілген кесекті материал.

101. Эолдық түзілімдер. Корразия нәтижесінде эолдық ,коразиялық, қуыстар, тас бағаналар жаралады.

Дефляция нәтижесінде үрлеме қазан шұңқырлар, қазандар, ярдангтар (атыздар) сорлар, тақырлар пайда болады.

Акумуляциялық бедер пішіндері: құм төбелер, жоталар, бархандар және дөңдер.

Эолдық түзілімдер: а) эолдық құмдар

б) лесстар- ұсақ қуысты, бітімі біркелкі таужыныстар

102. Қазақстан аумағындағы табиғи жағдайлар.

103. Техногендік бедер пішіндері мен олардың жаратылу себептері.