Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геоморфо емтихан.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
562.94 Кб
Скачать

19. Планеталық бедер пішіндері. 1. Планеталық бедер пішіндері

Жер қыртысы құрылыстық ерекшеліктеріне қарай материктік және мұхиттық типтерге бөлінеді. Материктер дегеніміз – кең таралған қыраттар, теңіз деңгейінен + 0,8 км. орташа биіктігімен. Мұхит дегеніміз – үлкен ойпаттар – 4,2 км. орташа тереңдікпен. Материктер үшқабатты жер қыртысынан құралады (базальттік – граниттік – шөгінді тыс). Қалындығы 40-70 км.

Мұхитта жер қыртысы 5-15 км. дейін жұқарады (гранит қабаты сүйірленіп, жоқ болып кетеді, тек ғана базальт қабатынан тұрады). Жер қабығы материктердің мұхиттармен жапсарлас аймақтарындағы (өтпелі жерлерінде) қозғалмалы, яғни қазіргі геосинклин белдеулерінде күрделі құрылымдар дамуымен ерекшеленеді. Мысалы, Тынық мұхитын батыс жиегіндегі геосинклин алқап (тектоникалық жік-субдикция) негізгі үш элементтен тұрады: терең сулы теңіз қазан шұнқырларынан, аралдар доғасынан және терең сулық науаладан. Бұл аймақтағы қазан шұнқырлары (Кариб, Жапон т.б.) орналасқан кеңістіктердің жер қабығы мұхиттық типке сәйкес келсе, ал осы теңіздермен шектескен құрлық массивтерінің (мысалы, Жапон аралдары) жер қыртысы құрылысы жағынан материктік типке келеді. Мұндай өтпелі тектоникалық аймақта жер сілкіну мен вулканизм дамыған. Жер қабығы орталық – мұхиттық жоталар астында да өзіне тән ерекшеліктерге ие – оны жер қабығының рифтогендік типтері дейді. Сонымен, планеталық бедер пішіндеріне материктер, мұхит ойпаттары, литосфера тақталары аралығындағы тектоникалық жіктер (су асты және құрлықтық) мен орталық-мұхиттық жоталар жатады.

20. Тектоникалық бедер пішіндері.

Тектоникалық қозғалыстар негізінен тік (радиал) және көлденең (тангенциал) бағыттарда өрбиді. Бұл екі типті қозғалыстар жеке өз бағытында немесе өзара байланысты да жүруі мүмкін. Олар жер қыртысының ірі блоктарын тік немесе көлденең бағыттарда қозғап, ауқымы әр түрлі қатпарлы және жарылымды құрылымдардың түзілуіне әкеледі.

Литосфералық тақталар тектоникасы тұжырымдамасы бойынша жоғары өрлеген конвекциялық тасқындар бедердің оң (дөңес) ірі пішіндерін қалыптастырады (мысалы, Шығыс Тынық мұхит көтерілімі). Осыдан кейінгі кезеңдерде мұндай көтерілімдердің өстік бөліктерінде терең бойлаған жарықтар әсерінен рифт- грабен тәріздес бедер пішіні пайда болады (мысалы, Орталық Атлантикалық рифт). Рифт түбіндегі айырылымдар бойымен көтерілген мантия затының балқыған жаңа порциялары литосфералық тақталарды екі жаққа қарай кернеп ығыстырған – спрединг туындатады. Бұл спрединг қозғалысы көлденең бағытта жүреді. Біз осы құбылыс арқылы тік қозғалыстардың көлденең қозғалыстарға ауысқанын көреміз. Көлденең бағытта бір-біріне қарсы қозғалған литосфералық тақталар өзара соқтығысып, бірінің астына бірі кіреді (субдикция), немесе бірінің үстіне бірі шығады (обдукция). Бұл қозғалыстар терең су асты науалары мен оларды көмкерген аралдар доғасын (мысалы, Жапон астау мен Жапон аралдары), ғаламат тау жүйелерін (мысалы, Гималаи мен Анды) туындатады. Бұл мысалдардан, көлденең қозғалыстардың тік бағыттағы қозғалыстарға ауысқанын көреміз. Қалай болғанда да, тектоникалық қозғалыстар әр түрлі типті бедер пішіндерін көрініс табады.

21. Неотектоникалық қозғалыстардың рөлі.

22. Магматизммен байланысты бедер пішіндері.

23. Жерсілкінулер түзген бедер пішіндері.

24. Морфомүсіндік бедер.

25. Мору процесімен байланысты бедер пішіндері мен түзілімдер. Мору процесімен байланысты бедер пішіндері мен түзілімдері.

Мору – таужыныстардың әр түрлі экзогендік агенттер әсерімен механикалық қирау немесе химиялық ыдырау процесі. Мору агенттері – күн инсоляциясы, ауа, су, қышқылдар және тіршілік. Мору процесі физикалық, химиялық және органикалық түрлерге бөлінеді. Олар көбінесе климаттық жағдайларға байланысты бірігіп әсер етеді. Мору процесі нәтижесінде континенттік жаралымның айырықша генетикалық типі – элювий және онымен байланысты элювийлік кенорындар (боксит, никель, хром, марганец, темірлі телпектер, шашылымдар), сонымен қатар түрлі топырақ типтері түзіледі.

Физикалық мору нәтижесінде таужыныстар әр түрлі физикалық механикалық әсерлерден шытынап, уатылып қыйрайды, бірақ олардың химиялық құрамы өзгеріссіз қалады.

Температуралық мору кезінде таужыныстар температураның тәуліктік ауытқуы ықпалынан жылыну (ұлғаю) және салқындау (сығылу) сияқты өзгерістерден іштей кернеуге түседі, осының салдарынан олар шытынайды және қабыршақтанады (десквамация). Түсі қара полиминералды және ірі түірлі таужыныстар жылдам бұзылып қирайды.

Ауыздық моруда таужыныстар жарықтары мен кұыстарына кірген судың мұзға айналған кезінде ұлғайып, механикалық әсер етуінен қирайды.

Тұздық мору ыстық, құрғақ шөлдерде болады. Таужыныстар жарықтарына кірген тұзды судың кеуіп, тұз кристалдары өскен сайын, олардың қысымынан қирауға мәжбұр болады.

Химиялық моруда таужыныстар мен минералдар құрамы өзгеріп, жаңа құрамды басқа қосылыстар түзіледі. Химиялық мору климатпен байланысты, ол судың, оттектің, көмір қышқыл газдың және органикалық қышқылдардың әсер етуінен туындайды.

Таужыныстардың сызаттануы мен қуыстылығы артқан сайын, олардың химиялық моруы да жылдамдайды. Химиялық мору кезіндегі басты реакциялар – тотығу, гидраттану, еру және гидролиз. Тотығуда – төменгі валентті закистік қосылыстар жоғары валентті окистерге ауысады. Мысалы, магнетит – гематитке, пирит – лимонитке айналады. Еру мен гидролиз – су мен көмір қышқыл газдың ықпалынан болады. Ең жеңіл еритіні – хлоридтер (NaCl, KCL, т.б.), сульфаттар (гипс), карбонаттар (әктас, доломит, мергель).

Силикаттар мен алюмосиликаттар гидролизінде минералдар ыдырап, олардың кристалдық торы қайта түзіледі (негізді және ультранегізді таужыныстар монтмориллонитке, нонтронитке және бейдоллитке, ал далашпаттар мен слюдалардан тұратын таужыныстар – гидрослюдалар мен каолинитке айналады.

Органикалық мору

Бұл процесте таужыныстар өсімдіктер мен жануарлардың әсер етуімен өзгереді. Өсімдіктер тамыры мен микроорганизмдер таужыныстардың жарықтары мен куыстарында кіріп, оларды физикалық қиратумен қатар, олардың құрамынан өзгеруінің өсуіне қажет минералдық заттарды (K, P, S, Ca, Mg, Fe ,A, Si, т.б.) бөліп алады. Ал өздері семіп, ыдыраған кезде органикалық қышқылдар бөледі, олар химиялық процестерді (еру мен гидролиз) күшейтіп, жаңа минералдар түзеді.

Элювий. Күрделі және сан түрлі процестер нәтижесінде, оны Е.В. Шанцер элювийлік процесс деп атаған, мору қыртысы түзіледі. Морыған таужыныстар ыдырауынан пайда болған және жылжымай өз орнында қалған өнімдерден элювий жаралады. Элювий – астындағы таужыныстармен тығыз байланысты. Оның құрамында сырттан әкелген материал болмайды. Құрамындағы кесектер мен түірлері жұмырланбаған және іріктелмеген, қабаттылығы жоқ. Мору қыртысы элювий процесінің ұзақтығы (миллиондаған жыл) және жерасты суларының белсенді әсері нәтижесінде тереңге қарай дамып, оның қалыңдығы ондаған, жүздеген метрге жетеді.

Мору қыртысы бастапқы таужыныстар құрамына байланысты жіктеледі:

  1. сынықты үгінді

  2. гидрослюдалы қабық

  3. монтмориллонитті қабық

  4. каолинитті қабық

  5. қызыл түсті кабық

  6. латеритті қабық

Климатқа байланысты мору қыртысы мына түрлеріне бөлінеді:

1) полюс және нивал климатта аязды мору дамып сынықты криогендік элювий түзіледі

2) аридті (құрғақ) климатта элювий морыған бастапқы таужыныстардың сынықтарынан, тасшақпардан, қиыршықтардан тұрады. Химиялық мору локальды көрініс табады, ол дала қақтамасы қабыршағы, гипс қабыршағы және сор түрінде кездеседі.

3) гумидті және жылы климатта мору қабығы толық дамиды. Моруа пайда болған тұрақсыз заттар жылдам еріп, су ерітіндісі ретінде ағып кетеді де, гидролиз нәтижесінде силикаттардан саз минералдары түзіледі. Алюмосиликаттарға бай магмалық және метаморфтық таужыныстардың (гранит, гнейс, т.б.) моруы нәтижесінде пайда болған каолиниттен каолин сазы кенорны түзіледі.

4) жылы және ылғалды климатта алюмосиликаттардың өзі алюминий және темір тотықтарының гидраттарына ыдырап, латеритті мору қабығын (аллиті элювий) түзеді. Мору қыртысы ашық қызыл және сары түсті болып келеді.

5) ылғалды климатта элювий – қалдық саз болып келеді.

Осының салдарынан әр түрлі мору пішіндері пайда болады. Шытынаған таужыныстар жарықтар бойымен жылдам тілімденеді. Нәтижесінде бағана, шар, матрац, т.б. пішіндер пайда болады. Жел мен су ықпалынан қуыс, ұя, басқа микробедер пішіндері түзіледі.

26. Физикалық мору түрлері. Физикалық мору нәтижесінде таужыныстар әр түрлі физикалық механикалық әсерлерден шытынап, уатылып қыйрайды, бірақ олардың химиялық құрамы өзгеріссіз қалады.

Температуралық мору кезінде таужыныстар температураның тәуліктік ауытқуы ықпалынан жылыну (ұлғаю) және салқындау (сығылу) сияқты өзгерістерден іштей кернеуге түседі, осының салдарынан олар шытынайды және қабыршақтанады (десквамация). Түсі қара полиминералды және ірі түірлі таужыныстар жылдам бұзылып қирайды.

Ауыздық моруда таужыныстар жарықтары мен кұыстарына кірген судың мұзға айналған кезінде ұлғайып, механикалық әсер етуінен қирайды.

Тұздық мору ыстық, құрғақ шөлдерде болады. Таужыныстар жарықтарына кірген тұзды судың кеуіп, тұз кристалдары өскен сайын, олардың қысымынан қирауға мәжбұр болады.

27. Химиялық мору. Химиялық моруда таужыныстар мен минералдар құрамы өзгеріп, жаңа құрамды басқа қосылыстар түзіледі. Химиялық мору климатпен байланысты, ол судың, оттектің, көмір қышқыл газдың және органикалық қышқылдардың әсер етуінен туындайды.

Таужыныстардың сызаттануы мен қуыстылығы артқан сайын, олардың химиялық моруы да жылдамдайды. Химиялық мору кезіндегі басты реакциялар – тотығу, гидраттану, еру және гидролиз. Тотығуда – төменгі валентті закистік қосылыстар жоғары валентті окистерге ауысады. Мысалы, магнетит – гематитке, пирит – лимонитке айналады. Еру мен гидролиз – су мен көмір қышқыл газдың ықпалынан болады. Ең жеңіл еритіні – хлоридтер (NaCl, KCL, т.б.), сульфаттар (гипс), карбонаттар (әктас, доломит, мергель).

Силикаттар мен алюмосиликаттар гидролизінде минералдар ыдырап, олардың кристалдық торы қайта түзіледі (негізді және ультранегізді таужыныстар монтмориллонитке, нонтронитке және бейдоллитке, ал далашпаттар мен слюдалардан тұратын таужыныстар – гидрослюдалар мен каолинитке айналады.

28. Органикалық мору. Органикалық мору

Бұл процесте таужыныстар өсімдіктер мен жануарлардың әсер етуімен өзгереді. Өсімдіктер тамыры мен микроорганизмдер таужыныстардың жарықтары мен куыстарында кіріп, оларды физикалық қиратумен қатар, олардың құрамынан өзгеруінің өсуіне қажет минералдық заттарды (K, P, S, Ca, Mg, Fe ,A, Si, т.б.) бөліп алады. Ал өздері семіп, ыдыраған кезде органикалық қышқылдар бөледі, олар химиялық процестерді (еру мен гидролиз) күшейтіп, жаңа минералдар түзеді.

29. Элювий, олармен байланысты пайдалы қазбалар.

Элювий. Күрделі және сан түрлі процестер нәтижесінде, оны Е.В. Шанцер элювийлік процесс деп атаған, мору қыртысы түзіледі. Морыған таужыныстар ыдырауынан пайда болған және жылжымай өз орнында қалған өнімдерден элювий жаралады. Элювий – астындағы таужыныстармен тығыз байланысты. Оның құрамында сырттан әкелген материал болмайды. Құрамындағы кесектер мен түірлері жұмырланбаған және іріктелмеген, қабаттылығы жоқ. Мору қыртысы элювий процесінің ұзақтығы (миллиондаған жыл) және жерасты суларының белсенді әсері нәтижесінде тереңге қарай дамып, оның қалыңдығы ондаған, жүздеген метрге жетеді.

30. Топырақтар. Топырақтар.

Мору қыртысының беткі жағында биохимиялық өзгерістерге түсуіне байланысты топырақ пайда болады. Оны түзілу жылдамдығына климат, өсімдіктер, түпкілікті таужыныстардың құрамы және бедер пішіні әсер етеді. Барлық топырақ типтері элювийлік және гидроморфтық қатарға бөлінеді. Элювийлік (автоморфтық ) қатарға күлді және қара топырақтар кіреді. Гидроморфтық қатар жерасты суларымен байланысты болғандықтан, шымтезекті- батпақты түрлерге бөлінеді. Ыстық далалар мен шөлдерге гипсті, содалы, глауберлі және натрийлі сор түзіледі.

31. Аяздық процестер, олармен байланысты бедер пішіндері. Аяздық процестер.

Көп жылдық тоң басқан алқаптарда элювий жаралу грунт тонуы мен жібуінің көп қайталануымен байланысты. Осындай жағдайда өлшемдері әр түрлі сынықтардан тұратын элювий пайда болады. Тоң басу процестермен байланысты бедер пішіндері: аяздан шытынаған жарықтармен шектелген полигонды жаралымдар, мұз тастамырлары, жарық медальондар, қайнаған топырақ, төмпешік бедер (гидролакколит және булгунняхтар), беттік мұздықтар, термокарст және солифлюкция.

32. Беткейлік бедер пішіндері мен түзілімдер. Беткейлер деп еңістігі 20 –тан асатын жер беті алқаптарын айтады. Олар су айырық, үстірт, аңғар, ойпат, тау жоталары мен шыңдар беткейлеріне жіктеледі.

Беткейлер еңістігі бойынша бөлінеді:

1) өте жайпақ - 2-60

2) жайпақ 6-150

3) орташа 15-300

4) құлди (крутые) 30-450

5) өте құлді 45-600

6) қия 60-800

7) тік 80-900

8) аспалы > 900

Беткей кескінінің морфологиясына қарай бөлінеді:

1) түзу (а)

2) дөңес (б)

3) ойыс (в)

4) кертпештік (г)

9 - сурет

5) күрделі а) құрылымдық беткей ─ беткей беті таужыныстардың қабаттастылығымен сәйкес

б) ақұрылымдық беткей ─ физикалық-механикалық қасиеттері бірдей таужыныстарда жаратылады. Құрылымына қарамай беткей оны әр түрлі бұрышпен қиып өтеді.

10 - сурет

Беткей жаратушы процестер:

1) Эндогендік процесс – тектоника, вулканизм

2) Экзогендік процесс – су ағындары, мұздықтар, абразия және желдік әрекеті.

33. Беткейлік процестер. 3) Беткейлік процестер

Алғашқы екі процестер бастапқы беткейлерді қалыптастырады. Ал үшінші процестер нақты пішіндерін туындатады. Беткейлер денудациялық және аккумуляциялыққа бөлінеді. Беткейлер биіктігіне және еңістігіне қарай және соны жарататын факторларға қарай гравитациялық күштер бір қатар процестерді туындатады.

1) Гравитациялық процестер – еңістігі 300 –тан асатын беткейлерде дамиды: опырылым бедер (обвал), сусыма бедер (осыпь), колювий.

2) Су-гравитациялық процестер – беткейлер ылғалданған кезде таужыныстар сырғи бастайды:

Оған жатады: сырғыма (оползание)

11 - сурет.

СБ – сырғыма базисі

СТК – сутіректі қабат

СТ- сырғыма табаны

Ж – жарықшақтар

Сырғымалардың инженерлік – геологиялық маңызы өте зор.

Солифлюкция (лат. solum – топырақ, fluxus-ағын) – күш салмағының және ылғалдықтың әсерінен жер бетіндегі мору қабатындағы таужыныстардың жайлап аққан процесі. Солифлюкция мәнгі тоң жағдайда сипатты. Солюфлюкция қар жиынтығының еріген кезінде нивация процесіне ауысады. Олардың ең ірі пішіні – тау үсті террасалары.

12 - cурет.. Тау үсті террасаның құрылысы және нивальды тегістелу бетінің жаратылуы

Солифлюкциялық түзілімдер: саздақтар қиыршықтарымен.

1) Қыраттың алғашқы пішіні; 2) Түпкілікті таужыныстар; 3) Кесекті материал; 4) Тауүсті тарраса кертпешінің (уступ) шегіну сатысы

1- тауүсті террасалар; 2 – қарлы (тоңды) ұнғы (забой); а,б,в – нивальды тегістелу беті; г,д – көне тегістелу бетінің орны; а1 б1 – тумп төменгі тегістелу беті дамыған кезіндегі жоғарғы бетінің қалдығы; б – тумп (қирағанда жартастың қалдықтары)

Қорымдар (якутша – тас) солифлюкциялық жаралымдардың ерекше типі. Олар морыған кезде тасжақпарлар жасайтын шомбал гранит, гнейс және басқа таужыныстардан құралған беттерде пайда болады. Беткейлерде жиналған тасжақпарлар төмен қарай баяу сырғи береді. Олардың жылжу жылдамдығы 5-150 см/жыл, беткейлер еңістігі 2-30 –тан аспау да мүмкін.

Дефлюкция – тұтқыр – майысқақ грунт массасының ауырлық күші және шамалы ылғалдық ықпалымен беткейлер бойымен жылжуы. Олардың жылжу жылдамдығы жылына миллиметрдің бөлігінен аспайды.

3) Су – беткейлік процестер.

Бұл процестер мору өнімдерін жазықтық бойынша шайылумен және беткейлерді уақытша ұсақ су сорғаларының бүлдіруімен білінеді. Мұндай процесс жазықтық шаю (плоскостный смыв) деп аталады. Шайылған кіші-гірім кесектер мен түіршіктер тау-төбенің бөктері мен етегінде жиналып делювий шөгінділерін құрайды. Олар өте жайпақ келген (2-30 ) беткейлерде байқалады. Беткейлерде кейде ірі өзендер пайда болады, сондықтан екінші шайылу пішінін – беткей эрозиясы деп атайды. Беткейлік шайылу процесінде пайда болатын денудациялық бедер әр түрлі

Бір құрамды таужыныстардан құралған жазықтарда шайылу беткей жаратылады, артынан ол суайырық жазыққа айналады. Төзімділігі әр түрлі таужыныстарда дөңес қалдықтары және ағыс ойыстары (делли) таралады. Эрозия нәтижесінде беткейлерде қазындылар,ұсақ жыралар жаратылады. Делювийлік шаю нәтижесінде бедер тегістеледі. Делювийлік шөгінділер беткейдін жоғарғы бөлігінде көбінесе іріктелмеген кесектастар, құмдар жиынтығы, ал төменгі етегі құмдақ, саздақ және беткей етегіне жақындаған сайын қалыңдығы өсе береді.

Делювийлік шөгінділермен шашылымды кенорындар байланысты. Мысалы Якутия, Африкадағы алмас, Қазақстанның корунд шашырандылары делювий шлейфімен байланысты.

а – беткей шаю, б- делювийлік шаю

Фация: I – беткей маңы

II – орталық

III- төменгі

13 - cурет. Делювийлік шайылу құрылысы

34. Гравитациялық процестермен байланысты бедер пішіндері. 1) Гравитациялық процестер – еңістігі 300 –тан асатын беткейлерде дамиды: опырылым бедер (обвал), сусыма бедер (осыпь), колювий.

35. Су-гравитациялық процестермен байланысты бедер пішіндері. 2) Су-гравитациялық процестер – беткейлер ылғалданған кезде таужыныстар сырғи бастайды:

Оған жатады: сырғыма (оползание)

Сырғымалардың инженерлік – геологиялық маңызы өте зор.

Солифлюкция (лат. solum – топырақ, fluxus-ағын) – күш салмағының және ылғалдықтың әсерінен жер бетіндегі мору қабатындағы таужыныстардың жайлап аққан процесі. Солифлюкция мәнгі тоң жағдайда сипатты. Солюфлюкция қар жиынтығының еріген кезінде нивация процесіне ауысады. Олардың ең ірі пішіні – тау үсті террасалары.

Солифлюкциялық түзілімдер: саздақтар қиыршықтарымен.

1) Қыраттың алғашқы пішіні; 2) Түпкілікті таужыныстар; 3) Кесекті материал; 4) Тауүсті тарраса кертпешінің (уступ) шегіну сатысы

1- тауүсті террасалар; 2 – қарлы (тоңды) ұнғы (забой); а,б,в – нивальды тегістелу беті; г,д – көне тегістелу бетінің орны; а1 б1 – тумп төменгі тегістелу беті дамыған кезіндегі жоғарғы бетінің қалдығы; б – тумп (қирағанда жартастың қалдықтары)

Қорымдар (якутша – тас) солифлюкциялық жаралымдардың ерекше типі. Олар морыған кезде тасжақпарлар жасайтын шомбал гранит, гнейс және басқа таужыныстардан құралған беттерде пайда болады. Беткейлерде жиналған тасжақпарлар төмен қарай баяу сырғи береді. Олардың жылжу жылдамдығы 5-150 см/жыл, беткейлер еңістігі 2-30 –тан аспау да мүмкін.

Дефлюкция – тұтқыр – майысқақ грунт массасының ауырлық күші және шамалы ылғалдық ықпалымен беткейлер бойымен жылжуы. Олардың жылжу жылдамдығы жылына миллиметрдің бөлігінен аспайды.

36. Су- беткейлік процестермен байланысты бедер пішіндері. 3) Су – беткейлік процестер.

Бұл процестер мору өнімдерін жазықтық бойынша шайылумен және беткейлерді уақытша ұсақ су сорғаларының бүлдіруімен білінеді. Мұндай процесс жазықтық шаю (плоскостный смыв) деп аталады. Шайылған кіші-гірім кесектер мен түіршіктер тау-төбенің бөктері мен етегінде жиналып делювий шөгінділерін құрайды. Олар өте жайпақ келген (2-30 ) беткейлерде байқалады. Беткейлерде кейде ірі өзендер пайда болады, сондықтан екінші шайылу пішінін – беткей эрозиясы деп атайды. Беткейлік шайылу процесінде пайда болатын денудациялық бедер әр түрлі

Бір құрамды таужыныстардан құралған жазықтарда шайылу беткей жаратылады, артынан ол суайырық жазыққа айналады. Төзімділігі әр түрлі таужыныстарда дөңес қалдықтары және ағыс ойыстары (делли) таралады. Эрозия нәтижесінде беткейлерде қазындылар,ұсақ жыралар жаратылады. Делювийлік шаю нәтижесінде бедер тегістеледі. Делювийлік шөгінділер беткейдін жоғарғы бөлігінде көбінесе іріктелмеген кесектастар, құмдар жиынтығы, ал төменгі етегі құмдақ, саздақ және беткей етегіне жақындаған сайын қалыңдығы өсе береді.

Делювийлік шөгінділермен шашылымды кенорындар байланысты. Мысалы Якутия, Африкадағы алмас, Қазақстанның корунд шашырандылары делювий шлейфімен байланысты.

37. Бедердің дамуы. Пенеплен, педиплен, педимент. Пенеплен, педиплен, педимент және тегістелу беттері туралы түсінік

Беткейлік процестер беткейлердің жазықталуына және тегістелуіне, бедер бір пішіндерінен басқа пішіндерге ауысуына әкеліп соқтырады (О. Леонтьев, Г. Рычагов, 1988). Беткейлік процестер әсерінен беткейлердің жоғарғы жері бұзылып өнімдері етегіне қарай жылжып тұрады. Соның нәтижесінде суайырық (водораздел) беті төмендеп, беткейлер жазықталып, кең таралады, сонында тегістеледі. Тілімденген таулы бедерден жазыққа- пенепленге айналады (Сарыарқа даласы, Қазақстанда).

Беткейдік екінші даму жолы – педиплендену (pedis – лат. бауырай – подножье, ағылшын plain – жазық). Педипленуде бұзылыс өнімдері жойылуы, беткей баурайынан басталады (14 сур. )

Педиплену қатты тропикалық жауында, құрғақ климатта, полярлық климатта, солифлюкция ағында дамиды.

Педимент – шегініске түскен беткейлер етегіндегі түбірлік таужыныстарда қалыптасқан жазық. Ол педипленденудің қарапайым түрі болып келеді. Бедер дамуының бірде жоғары, бірде төмен қарай жүруінен таулы өңірлерде денудациялық жазықтар сатылы түрде түзіледі. Оларды тегістелу беттер (поверхности выравнивания) деп атайды.

Мысалы, мезозой кезінде қалыптасқан тегістелу жазықтығы Орталық Қазақстан мен Іле Алатаудың әр деңгейінде кездеседі.

а)- аккумулятивтік беткей; б)- денудациялық беткей; в) – транзитті- денудациялық беткей

ДБ – денудация базисы

∙∙∙∙∙∙– беткейдің ретімен дамыған сатысы.

14 - cурет. Пенеплендену (А) мен педиплендену (Б) жолымен беткейлердің дамуы.

38. Су ағындарының эрозиялық әрекеті, тереңдік, бүйірлік эрозия. Эрозия (лат. erodero жеміру, қирату) деп арналы су ағындарының жер бетін сызықтық шаюын атайды. Басты роль – еңістік (уклон).

Ағындардың эрозиялық әрекетіне кіреді:

1) сынық материалды шаю

2) ағын астындағы таужыныстарды механикалық жолмен қирату

3) жолындағы ерігіш таужыныстарды еріту

Эрозиялық процесс дамуын анықтайтын басты алғы шарт – эрозия базисі. Тереңдік эрозия (түптік-донная) – су ағынының түбін қазып арнасын тереңдетеді. Бүйірлік (боковая) эрозия – су ағынының жағаларын қиратып, шайып кенейтеді.

БЭ- эрозия базисі

Ні – бастау (исток) деңгейі

Нб – эрозия базисінің деңгейі

Ні-Нб – бастау мен эрозия базисінің деңгейлерінің биіктігі

п- ағын еңістігі (ылдиы) – уклон потока

Алғашқы еңістігі әр түрлі болып келетін ағын бойындағы кескін – қалыптаспаған деп аталады (несформировавшийся), ал еңістігі бір қалыпқа (при продольном профиле) келген ағын кескіні – қалаптасқан дейді (сформировавшийся).

Осындай кескін – теңгерілген кескін (профиль равновесия) немесе шегіне жеткен эрозия қисығы деп аталады (предельной эрозионной кривой). Бойлық кескіні теңгерілгеннен кейін- тереңдік эрозия тоқтап, бүйірлік эрозияға көшеді – аккумуляциялық әрекеті басталады – аллювий түзіледі.

39. Су ағындарымен байланысты түзілімдер. Алғашқы еңістігі әр түрлі болып келетін ағын бойындағы кескін – қалыптаспаған деп аталады (несформировавшийся), ал еңістігі бір қалыпқа (при продольном профиле) келген ағын кескіні – қалаптасқан дейді (сформировавшийся).

Осындай кескін – теңгерілген кескін (профиль равновесия) немесе шегіне жеткен эрозия қисығы деп аталады (предельной эрозионной кривой). Бойлық кескіні теңгерілгеннен кейін- тереңдік эрозия тоқтап, бүйірлік эрозияға көшеді – аккумуляциялық әрекеті басталады – аллювий түзіледі.

Жайылма – тасқын (паводок) болған кезінде (су басады) аллювийлдік материал арнаның сыртында түзіледі

ПЭК – шектік эрозиялық қисық (кривая) орны

в- тереңдік эрозия дамуы

г – бүйірлік эрозия дамуы – және аллювий жиналуы

д - әрі қарай бүйірлік эрозияның дамуы, жайылма жаратылуы

ПВ – тасқын суының деңгейі

МВ – тартылған судың деңгейі

Флювийлік процесс үш сатымен дамиды:

I Жас (балаң) кезең (стадия молодости)

II Кемелденген кезең (бүйірлік эрозия орын алып аккумуляция басталады)

III Қартайып тоқыраған кезең – эрозиялық процесс тоқталып өзен кескіні тегістеледі. Жайылма кең таралады. Соңынан өзен арнасы иірленіп ағады.

40. Тау мен жазықтағы өзендердің ерекшеліктері.

41. Өзен террасасының құрылысы. Өзен аңғарлары табанынан жоғары жатқан ені әр түрлі тегіс алаңдар террасалар деп аталады (лат. terro – жер). Олар сатылана орналасады. Террасалар өзен бұрын жоғары орналасқанын, ал қазіргі террасалар сол кездегі өзен табаны болғанын көрсетеді. Тегіне қарай террасалар климаттық, эвстатикалық және тектоникалық түрлерге бөлінеді.

Климаттық террасалар сыртқы процестер барысындағы өзгерістерге ғана байланысты. Олардың биіктігі шамалы, ені шағын болып келеді.

Эвстатикалық террасалар эрозия базисі жылжуларымен байланысты. Олар климаттық террасалардан ірілеу болғанымен, өзен деңгейінен биіктігі онша көп емес.

Тектоникалық террасалар жер қыртысының тектоникалық қозғалыстарында (көтерілімдер немесе төмендеулер) эрозия базисі жағдайының өзгеруіне байланысты жаралады. Олар өте биік, ал тауларда жүздеген метрге жетеді.

Терраса аңғар беткейінің жайпақ бөлігі. Өзен террасалары геологиялық құрылысы бойынша бөлінеді:

1) тұғырлық немесе аралас террасалар – түпкілікті көне таужыныстар тұғырынан тұрады, немесе төменгі жағы тұғырдан, ал жоғарғы жағы аллювийден тұрады.

2) аккумуляциялық террасалар – аллювийден тұрады және оның негізгі өзендегі су деңгейінен төмен орналасады.

3) эрозиялық террасалар – бүйірлік эрозиямен тегістелген түпкілікті таужыныстар шығып жатады, сирек аздап аллювий болу мүмкін.

Өзен террасасының құрылысы.

1 – түпкілікті таужыныстар.

2- аллювий түзілімдер

Терраса элементтері: Б- беті, Қ- қабағы, К – кемері, СТ- сырт тігісі, КЕ – кемер етегі.

I – жайылма табан (аккумуляциялық) террасалар; II- бірінші жайылма үсті (тұғырық), III- екінші жайылма үсті (эрозиялық).

Террасалар арақатынасы бойынша аңғардың көлденең қимасын бірнеше типке бөлінеді: 1)тілінді , 2) салынды, 3) таянған, 4) үстілік

42. Эрозиялық бедер пішіндерінің морфологиясы мен типтері. Эрозиялық бедер пішіндерінің морфологиясы мен типтері.

Атмосфералық жауын –шашынмен пайда болатын уақытша ағындар мен байланысты пішіндер:

  1. эрозиялық аңғар

  2. эрозиялық атыздар (борозды) – 0,5м. тереңдікте

  3. жырықтар (рытвины) – 1-2м. –ге дейін

  4. шайылмалар (размывы) - 3-5м.-ге дейін

  5. жыралар (овраги) – құрғақ аңғарлар мен сайларға айналады

Ең ірі эрозиялық пішіндер - өзен аңғары. Ол тұрақты немесе уақытша су ағындарымен байланысты. Аңғарлар – теріс пішіндер – ұзын, планда иірленген, бастауынан сағасына қарай еңістігі бар, еңі өзгеріп тұрады (әр түрлі литологиялық құрамы, геологиялық құрылысының ерекшеліктігі, ысырынды конус, лавалы ағындылар). Аңғардың бойлық кескіні – төменге иілген (вогнутое).

Салалары келісімді және келісімсіз болу мүмкін: 1- келісімді,2- келісімсіз

Себебтері: а) тектоникалық кертпеш (уступ)

б) таужыныстардың төзілімдігі әркелкі

в) жуырда мұздақталуы

Өзен: бастауы, жоғарғы ағыс, ортаңғы ағыс, төменгі ағыс және атыраудан тұрады.

Көлденең кескінде аңғар бөліктері:

2-3-4-5-6- ең төменгі бөлігі – түбі немесе

3-4-5- арна - аңғар түбінің сумен толған бір бөлігі

4- тальвег – аңғардың ең төменгі нүктелерін қосатын сызық

2-3 және 5-6 – жайылма – тасқында су қүйылып тұратын аңғар бөлігі

1-2 және 6-7 – аңғар беткейі

2 мен 6 – беткей етегі

1 мен 7 – беткей қабағы (бровки)

Көлденең кескін бойынша аңғарлар симметриялыққа және ассиметриялыққа бөлінеді, себебтері: 1) геологиялық құрылыстың ерекшеліктері, 2) литологиялық құрамы, 3) беткейлер онтүстік жағы жылдам бұзылады күн сәулелерінің әсерінен, ал солтүстік жағы – жайлап бұзылады.

43. Өзен аңғарының морфологиясы. Ең ірі эрозиялық пішіндер - өзен аңғары. Ол тұрақты немесе уақытша су ағындарымен байланысты. Аңғарлар – теріс пішіндер – ұзын, планда иірленген, бастауынан сағасына қарай еңістігі бар, еңі өзгеріп тұрады (әр түрлі литологиялық құрамы, геологиялық құрылысының ерекшеліктігі, ысырынды конус, лавалы ағындылар). Аңғардың бойлық кескіні – төменге иілген (вогнутое).

Салалары келісімді және келісімсіз болу мүмкін: 1- келісімді,2- келісімсіз

Себебтері: а) тектоникалық кертпеш (уступ)

б) таужыныстардың төзілімдігі әркелкі

в) жуырда мұздақталуы

Өзен: бастауы, жоғарғы ағыс, ортаңғы ағыс, төменгі ағыс және атыраудан тұрады.

Көлденең кескінде аңғар бөліктері:

2-3-4-5-6- ең төменгі бөлігі – түбі немесе

3-4-5- арна - аңғар түбінің сумен толған бір бөлігі

4- тальвег – аңғардың ең төменгі нүктелерін қосатын сызық

2-3 және 5-6 – жайылма – тасқында су қүйылып тұратын аңғар бөлігі

1-2 және 6-7 – аңғар беткейі

2 мен 6 – беткей етегі

1 мен 7 – беткей қабағы (бровки)

Көлденең кескін бойынша аңғарлар симметриялыққа және ассиметриялыққа бөлінеді, себебтері: 1) геологиялық құрылыстың ерекшеліктері, 2) литологиялық құрамы, 3) беткейлер онтүстік жағы жылдам бұзылады күн сәулелерінің әсерінен, ал солтүстік жағы – жайлап бұзылады.

Пішіндерінің түрлері:

1) Тар шатқал (саңылау) (лесс, саздақтар) – теснины (щель)

2) Каньон (тереңдігі 1-2 км.) (Шарын өзені, Маңғыстау)

3) Тау шатқалы (ущелье) (Есік, Шілік) -беткей дөңес, қабағынан түбі көрінбейді.

4) Жәшік тәрізді

5) V – тәрізді - беткейі тегіс еңістелген

6) Трапеция тәрізді

7)Террасаланған

44. Аңғарлар жүйесі және олардың жіктелуі. Генетикалық жіктемесі:

1) эрозиялық

2) эолды

3) карстты

4) мұздықтық

5) жанартаулық (барранкостар)

6) тектоникалық (лықсымалы немесе грабенді)

7) псевдотектоникалық – жарылым белдеміне тураланған

Орография бойынша аңғарлар жіктелінеді:

1) бойлық

2) көлденең

3) диагональды

Беткейлердің тұйықталу (замыкание) бойынша аңғарлар бөлінеді:

1) жабық – биіктігін жоғалтпай беткейлер бастауында бірігеді

2) тұйық (слепая) – беткейлері бастауында, атырауында бірігеді. Осындай аңғар карст аймақтарында пайда болуы мүмкін, егерде өзен жер астына карст үнгіріне ағып кетсе

3) өтпелі (сквозные) аңғар – беткейлері жан-жаққа атырау мен бастауда таралады

4) жартылай ашық – көршілес аңғардың қарсы беткейімен бастау беткейлері қосылады. сосын асу пайда болады.

5) ашық – аңғар қарсы беткейдің аңғарына ауысады

Төсеніш субстраттық геологиялық құрылымдары бойынша аңғарлар жіктеледі:

1) антиклиндік

2) синклиндік

3) куэсталық (моноклиндік)

4) лықсымалық

5) грабендік

6) моноклиндік үстіртінің аңғарлары (Сурет 21, 22)

а) консеквенттік (алғашқы көлденең аңғар) – аңғарлар топографиялық бетің жалпы еңістігімен және қабаттардың құлау бағытымен сәйкес орналасады

б) субсеквенттік (бойлық салалары) - өзен аңғарларының еңістік бағыты моноклинді жатқан қабаттардың созылу бағытына сәйкес болады.

в) ресеквенттік (субсеквенттік аңғардың салалары таужыныстардың құлау бағытына қарай ағады) – куэстаның ұзындау және еңістігі шамалы беткейімен ағатын салалардың аңғары

г) обсеквенттік (субсеквенттік анғардың салалары таужыныстардың құлау бағытына керісінше ағады) – қарсы жағындағы қысқалау және тіктеу беткейінен ағатын салалар аңғары (құлау бағытына қарсы)

7) эпигенетикалық – борпылдақ тыстың астында көмілген көне бедердің оң пішінін қиып өткен кезде.

8) антецедентті аңғар – жастау тау тізбесіне тесілгей

9) аллювийлдік тыстар

10) көмілген аңғарлар

11) суастынғы аңғар - өзен аңғарын теңіз суы басып кеткен

45. Эрозиялық бедер пішіндері. Атмосфералық жауын –шашынмен пайда болатын уақытша ағындар мен байланысты пішіндер:

1) эрозиялық аңғар

2) эрозиялық атыздар (борозды) – 0,5м. тереңдікте

3) жырықтар (рытвины) – 1-2м. –ге дейін

4) шайылмалар (размывы) - 3-5м.-ге дейін

5) жыралар (овраги) – құрғақ аңғарлар мен сайларға айналады

46. Аллювий түзілімдері. Флювий тобындағы түзілімдердің негізгі генетикалық типі аллювий болып табылады, сонымен бірге бұл топқа пролювий және атырау түзілімдері кіреді.

Аллювий- дегеніміз арпадағы су ағындарымен келіп, арнаға шөккен түзілімдерді айтады. Белгілері:

а) анғар түбінде ұзыншақ орналасады.

б) ірілігі бойынша жақсы сортталуы

в) кесектердің жұмырлануы

г) бедерде аллювий жайылма мен террасаларды туындырыды, ағын арнасы түбін жауып жатады.

Аллювий түзілімдер мен пайдалы қазбалар байланысты. Аллювийлдік түзілімдерді зерттеу инженерлік геология мен іздеу жұмыстарын жүргізу үшін өте қажет. Аллювий жазықтық, таулық және жыралық-сайлық түрлерге бөлінеді.

Жазықтық аллювий кең таралған, оның құрамында көрнесе құмдар билейді, басқа малтатас, құмдақ, саздақ, саздар, тасдөнбектер және шымтезек жиналу мүмкін. Аллювийлік құмдарда қиғаш қабаттылық дамиды. Аллювий құрамында екі горизонт бар: а) томенгі-малтатас-құмды (арналы аллювий), б) жоғарғы – құмдақ- саздақ (жайылмалы аллювий) .

Қалдық арнасындағы (старица) аллювийдің түрлері:

Инстративтік (төселген- выстилаемый) – түптік эрозия кезінде пайда болатын қалындығы шамалы уақытша жиылымдар.

Перстративтік (қайта төселген – перестилаемый) – жақсы жетілген аңғарларда, арнаның бүйірлік миграциясы жағдайында пайда болатын шөгінділер (нағыз аллювий), қалындығы бірнеше метрден ондаған метрге дейін.

Констративтік (жаба төселетін аллювий) – жер қыртысының ойысуы аллювиймен ұдайы (компенсация) толу жағдайында пайда болады, қалыңдығы жүздеген метрге дейін.

Арналық аллювий – су тасыған жағдайда өзен арнасы аумағында жиналады (жылдам ақса- аллювий ірі түйірлі, жәй ақса –ұсақ)

Жайылмалық аллювий (пойменный) – тасыған судың ағысы баяулаған жағдайда қалыптасады. Құрамы – саздақтар, кейде құм және қиыршық қоспалар да кездеседі.

Қобылық аллювий (старичный) - өзен арнасынан бөлінген тұйық суқойма жағдайында пайда болады.

Тау өзендерінің аллювийінің құрамында ірі сынықты материал басым (малтатастар), әр түрлі құрамды.

47. Пролювий түзілімдері. Пролювий түзілімдері – дегеніміз уақытша және гидрогеологиялық режимі тұрақсыз ағындар сағасына жиналған түзілімдерді атайды. Олар әр түрлі шығарынды конустар (конуса выноса) жасайды. Пролювийдің екі түрі бар: тау етегіндегі (предгорный) және жыралық (овражный). Тау етегіндегі пролювий – шығарынды конус жаратады (конус төбесінде – ірі материал, ал етегіне жақындаған сайын ұсақталады). Жыралық пролювий – жыралық аңғарлар сағасында уақытша қысқа ағындар әрекеттілігіне байланысты жаралады. Материалдары жұмырланбаған, ірі құмды, саздақтардан тұрады. Бедер пішіні – шығарынды конус.

48. Атырау түзілімдері. Атырау түзілімдер – субаквалық атыраулар аумағында жаратылады.

а) Су үстілік түзілімдер (надводные) – арна түбінен жоғары.

б) Су астылық түзілімдер (подводные) – теңіз немесе көл деңгейінен төмен жатқан атыраудың су асты беткейінде түзіледі.

Су үстілік түзілімдер аллювиймен ұқсас. Су астының түзілімдері – жоғарыда құмдан тұрады (қиғаш қабаттастық кеңіне дамыған).

49. Өзен террасалардың пайда болу себептері. Өзен террасалары, оның құрылысы мен элементтері.

Өзен аңғарлары табанынан жоғары жатқан ені әр түрлі тегіс алаңдар террасалар деп аталады (лат. terro – жер). Олар сатылана орналасады. Террасалар өзен бұрын жоғары орналасқанын, ал қазіргі террасалар сол кездегі өзен табаны болғанын көрсетеді. Тегіне қарай террасалар климаттық, эвстатикалық және тектоникалық түрлерге бөлінеді.

Климаттық террасалар сыртқы процестер барысындағы өзгерістерге ғана байланысты. Олардың биіктігі шамалы, ені шағын болып келеді.

Эвстатикалық террасалар эрозия базисі жылжуларымен байланысты. Олар климаттық террасалардан ірілеу болғанымен, өзен деңгейінен биіктігі онша көп емес.

Тектоникалық террасалар жер қыртысының тектоникалық қозғалыстарында (көтерілімдер немесе төмендеулер) эрозия базисі жағдайының өзгеруіне байланысты жаралады. Олар өте биік, ал тауларда жүздеген метрге жетеді.

Терраса аңғар беткейінің жайпақ бөлігі. Өзен террасалары геологиялық құрылысы бойынша бөлінеді:

1) тұғырлық немесе аралас террасалар – түпкілікті көне таужыныстар тұғырынан тұрады, немесе төменгі жағы тұғырдан, ал жоғарғы жағы аллювийден тұрады.

2) аккумуляциялық террасалар – аллювийден тұрады және оның негізгі өзендегі су деңгейінен төмен орналасады.

3) эрозиялық террасалар – бүйірлік эрозиямен тегістелген түпкілікті таужыныстар шығып жатады, сирек аздап аллювий болу мүмкін.

24 - сурет. Өзен террасасының құрылысы

1 – түпкілікті таужыныстар.

2- аллювий түзілімдер

Терраса элементтері: Б- беті, Қ- қабағы, К – кемері, СТ- сырт тігісі, КЕ – кемер етегі.

I – жайылма табан (аккумуляциялық) террасалар; II- бірінші жайылма үсті (тұғырлық), III- екінші жайылма үсті (эрозиялық).

Террасалар арақатынасы бойынша аңғардың көлденең қимасын бірнеше типке бөлінеді: тілінді , салынды, таянған, үстілік