- •15. Лекция тезистері Тақырып 1. Халықаралық құқық жүйесі
- •Тақырып 2. Халықаралық құқықтың субъектілері мен қайнар көзі
- •3. Халықаралық құқықмирасқорлық институты
- •В) Мемлекеттің бір бөлігінің бөлек шығуы кезінде
- •Тақырып 3. Халықаралық құқық принциптері
- •10. Адамның құқығы мен бостандығын қадірлеу принципі
- •Мемлекеттердің аумақтық тұтастық принципі
- •Тақырып 4 Халықаралық шарттар құқығы.
- •Түсінік берудің негізгі принциптері
- •Тақырып 5. Халықаралық ұйымдар. Біріккен Ұлттар Ұйымы
- •Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі (статусы)
- •Тақырып 6. Халықаралық құқықтағы азаматтық мәселелер
- •Тақырып 7. Аумақтар мен басқа да кеңістіктер
- •Тақырып 8. Халықаралық - құқықтық жауапкершілік
- •Тақырып 9. Халықаралық экономикалық құқық
- •Тақырып 10. Дипломатиялық және консулдық құқық.
- •Тақырып 11. Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастығы
- •Тақырып 12. Халықаралық экологиялық құқық
- •1. Халықаралық экологиялық құқық ұғымы, оның қалыптасуы мен дамуы
- •Тақырып 13. Халықаралық теңіз құқығы.
- •Халықаралық теңіз құқығының негізгі қағидалары
- •Тақырып 14. Халықаралық әуе құқығы.
- •4. Әуе қатынастарын халықаралық – құқықтық реттеу
- •Тақырып 15. Халықаралық ғарыш құқығы
- •Халықаралық ғарыш құқығы ұғымы және оның қайнар көздерінің жүйесі
- •Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерінің құқықтық режимі
- •3. Ғарышкерлердің құқықтық режимі
- •Табиғи аспан денелеріне қарағанда (Ай, планеталар,астероидтар және басқалары сияқты)
Мемлекеттердің аумақтық тұтастық принципі
Бұл принцип Хельсиндік Қорытынды Актсінде бекітілді. Бұл құжатта барлық мемлекетер БҰҰ-ның Жарлығына қарсы келмейтін және мемлекеттердің территориальдық тұтастылығына қарсы бағытталған кез келген іс әрекеттерден бас тарту керек екендігі айтылады. Сонымен қатар, халықаралық құқық тең бейбітшілік территориялдық өзгерістерді қамтиды.
Халықтардың өзін-өзі анықтау принципі Бұл принцип Хельсиндік Қорытынды Актте бекітілген. Бұл принциптің маңызды шарты – бейбітшілік, қауіпсіздік пен ынтымақтастық болып танылады. Алғашқы кезде бұл байланыс Қазан төңкерілісінің бір қатар актілерінде көрініс тапқан. Мысалы, 1917 жылғы бейбітшілік туралы Декрет.
Осы принципке сәйкес халықтар, ұлттар өздерінің саяси мәртебесін анықтайды:
басқару нысанын еркін таңдауға;
мемлекеттік құрылысты өзі анықтауға;
халықтар, ұлттар өзінің саяси, әлеуметтік және мәдени дамуын өзі жүзеге асыруға;
халықтар өздерінің жерлерін қорғауға құқығы бар;
халықты шетел мемлекетерге бағындыруға рұқсат етілмейді.
Адамның құқығы мен бостандығын қадірлеу принципі. Бұл принцип БҰҰ Жарлығында, толығымен 1948 жылы Жалпыға бірдей Адам құқығы туралы Декларациясында, 1966 жылы Адам құқығы туралы халықаралық Пакте, 1975 жылы Хельсиндік Қорытынды Актісінде бекітілген.
Осы принципке сәйкес барлық мемлекеттер :
А) кез-келген территорияда орналасқан барлық адамдардың құқығымен бостандықтарын қадірлеу керек;
Б) практика жүзінде адамдардың саяси, экономикалық, азаматтық, әлеуметтік құқықтарын дискриминациясыз, яғни алалаусыз құқықтарын орындау;
В) адамдар құқығы мен бостандықтарын қадірлеу керек, адам құқығы бойынша барлық халықаралық міндеттерді орындау керек.
Күш қолданбау немесе күшпен қорқытуды қолданбау принципі, мемлекеттер арасындағы күш қолдану қауіпін, күш қолдануға тыйым салатын халықаралық құқықтың негізгі принциптерінің бірі. Бұл 1928 жылғы 27 тамыздағы Париж келісімінде белгіленген. БҰҰ-ң Жарғысының 1945 жылы қабылданғаны күш қолданбау принципінің келесі маңызды сатысының бірі. БҰҰ Жарғысы агрессиялық соғысқа тыйым салумен шектелмей, халықаралық қатынаста аумақтың біртұтастығына, мемлекеттің саяси тәуелсіздігіне, сондай-ақ БҰҰ мақсаттарына сәйкес келмейтін қандайда болмасын күш қолдануға, болмаса күш қолданамын деп қорқытуға тыйым салады.
Күш қолданбау принципі 1974 жылы 14 желтоқсан БҰҰ Бас Ассамблеясының 3/314 «Агрессияны анықтау жөнінде« деген Резолюцияда анықтама берілген. Сонын 1 бабына сәйкес Агрессия:- бір мемлекеттің егемендігіне, аумақтық дербестігіне немесе саяси тәуелсіздігіне қарсы екінші бір мемлекеттің қарулы күш қолдануы, сондай-ақ бір мемлекеттің екіншісіне қарулы күш сұмсап, БҰҰ Жарғысына қайшы келерлік өзге де басынушылық әрекеттер жасауы. Мысалы ретінде фашистік Германияның КСРО-ға шабуылы.
Басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау туралы принципы мемлекеттердің егеменді тепе теңдік принципімен тығыз байланысты. БҰҰ Жарлығы бойынша «кез-келген мемлекеттің ішкі құзыретіне кіретін іске араласуға тиім салынады« деп көрсетеді.
1970 ж. Декларацияға сәйкес «араласпау принципі« деп мемлекет өзінің саяси экономикалық, әлеуметтік және мәдени жүйесіне (таңдау құқығы арқылы) басқа мемлекеттерді араластырмауға (өзі шешуге) құқығы бар.
Бұл принцип мынаны тыйым салдырады:
1)қарулы және араласудың басқа нысандары немесе қорқыту арқылы мемлекеттің ішкі саясатына араласуы;
2)халықтарды ұлттық егемендіктер айыру мақсатпен күш қолдану;
3)басқа мемлекетті өзіне бағындыру мақсатында экономикалық, саяси және басқада шараларды қолдану.
Мысалы, Қазақстан мен Литва республикасы арасындағы ынтымақтастық және өзара қатынастар туралы Шартының 1 бабында (1993 ж 7 қараша) көзделген: «Жоғарыда келісуші жақтар өздерінің достық қарым-қатынасын дамыту барысында, «егеменді тепе-теңдік принципін…, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау принциптерін … « ұстанады.
