- •15. Лекция тезистері Тақырып 1. Халықаралық құқық жүйесі
- •Тақырып 2. Халықаралық құқықтың субъектілері мен қайнар көзі
- •3. Халықаралық құқықмирасқорлық институты
- •В) Мемлекеттің бір бөлігінің бөлек шығуы кезінде
- •Тақырып 3. Халықаралық құқық принциптері
- •10. Адамның құқығы мен бостандығын қадірлеу принципі
- •Мемлекеттердің аумақтық тұтастық принципі
- •Тақырып 4 Халықаралық шарттар құқығы.
- •Түсінік берудің негізгі принциптері
- •Тақырып 5. Халықаралық ұйымдар. Біріккен Ұлттар Ұйымы
- •Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі (статусы)
- •Тақырып 6. Халықаралық құқықтағы азаматтық мәселелер
- •Тақырып 7. Аумақтар мен басқа да кеңістіктер
- •Тақырып 8. Халықаралық - құқықтық жауапкершілік
- •Тақырып 9. Халықаралық экономикалық құқық
- •Тақырып 10. Дипломатиялық және консулдық құқық.
- •Тақырып 11. Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастығы
- •Тақырып 12. Халықаралық экологиялық құқық
- •1. Халықаралық экологиялық құқық ұғымы, оның қалыптасуы мен дамуы
- •Тақырып 13. Халықаралық теңіз құқығы.
- •Халықаралық теңіз құқығының негізгі қағидалары
- •Тақырып 14. Халықаралық әуе құқығы.
- •4. Әуе қатынастарын халықаралық – құқықтық реттеу
- •Тақырып 15. Халықаралық ғарыш құқығы
- •Халықаралық ғарыш құқығы ұғымы және оның қайнар көздерінің жүйесі
- •Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерінің құқықтық режимі
- •3. Ғарышкерлердің құқықтық режимі
- •Табиғи аспан денелеріне қарағанда (Ай, планеталар,астероидтар және басқалары сияқты)
В) Мемлекеттің бір бөлігінің бөлек шығуы кезінде
Аумақтық ұмтылыстар шарттық тәртіпте келісіледі;
Халыққа таңдау құқығы және өздері жататын ұлтқа қосылу құқығы беріледі;
Меншік мәселелері шарттық тәртіпте шешіліді;
Мүшелікке өту мәселелеріәр нақты жағдайдажеке дара шешіледі. Мысалы,1963 ж. Малайзия Федерациясы құрылды (Малайзия, Сингапур, Солтүстік Борнео, Саравак Федерациясы). 1965 ж. Сингапур Малайзия Федерациясының құрамынан бөлек шығып, БҰҰқұрамына дербес мемлекет ретінде қабылданды.
Г) Мемлекет аумағының бір бөлігінің басқа бір мемлекетке өтуі кезінде
Аумақтық ұмтылыстар шарттық тәртіпте келісіледі;
Халыққа таңдау құқығы және өздері жататын ұлтқа қосылу құқығы беріледі;
Меншік мәселелері шарттық тәртіпте шешіліді;
Мүшелікке өту мәселелері әр нақты жағдайда жеке дара шешіледі.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру кезіндегі құқықмирасқорлық мәселелер.
КСРО-ның бұрынғы субъектілері – мемлекеттер - өздерінің арасындағы бұрынғы барлық қатынастарды түбегейлі қайта қарау керек деп шешті. Ең алдымен, ТМД-ға мүше –мемлекеттер үшін КСРО-ның халықаралық құқық субъектісі ретінде өмір сүруін тоқтатқаны аян болды. Соған байланысты, халықаралық құқықтың жаңа субъектілерінде де,сондай-ақ мирасқор-мемлекет Ресей Федерациясында да көптеген проблемаларды жеделдете реттеу қажеттілігі туралы мәселелері пайда болды.
ТМД-ның барлық мүше-мемлекеттері өздерінің құрылтай құжаттарында сыртқы саясаттың іс жүзіндегі мәселелерін жүзеге асыру үшін тиісті шарт-жағдайлар қалыптастыру туралы жариялап, бұрынғы Одақтың мүліктерінен тиісті, бекітілген әділ үлестеріне ТМД-ның әрбір мүше-мемлекетінің иелену, пайдалану, билік ету құқығын бекітіп жатты. ТМД- ның барлық мүшелері халықаралық шарттардың мемлекеттер арасындағы қатынастарды одан әрі дамыту және нығайту ісіндегі рөлі туралы мәселені шешуге ортақ мәмілемен келу қажеттілігі жөнінде мәлімдеді.
1991 ж. 8 желтоқсандағы ТМД-ны құру туралы келісімде, 1991 ж. 21 желтоқсандағы Алматы Декларациясында, 1993 ж. 22 қантардағы ТМД жарғысында жалпы экономикалық кеңісткті, жалпы еуропалық және еуразиялық нарықты қалыптастыру және дамыту; жұрт таныған нормалар мен халықаралық құқық қағидалары негізінде демократиялық құқықтық мемлекеттер құруға ұмтылу; ТМД мүше –мемлекеттерінің азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралақ келісімді сақта жауапкершілігін сезіну мәселелерінде ынтымақтастықтың жолын қуу бірнеше мәрте бекітілді.
ТМД аясында құқықмирасқорлықты жүзеге асыру ТМД-ға мүше-мемлекеттердің мүдделерін, сондай-ақ ТМД мемлекеттерінің басқа мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен қатынастарын келістіру үшін уақыт талап ететін күрделі процесс.
4.Халықаралық құқықтың нормалары.
Халықаралық жария құқықтың қайнар көздеріне талдау жасамас бұрын, норма жасау проблемасымен танысып алғанымыз дұрыс. Норма жасау процесі кезінде құқық субъектілері өз қызметінің басым бағыттарын, яғни тұтастай алғанда халықаралық құқықтың мәнін анықтайды.
Латын тілінен аударғанда норма (латынша “norma”) – заңдастырылған міндет, міндетті деп танылған тәртіп, құрылыс. Кейбір құқықтық нормалардың мазмұны мен іс қимыл тетігі құқықтық нормаларына емес, халықаралық сыйласымдық, имандылық нормаларына ұқсас. Соңғылары заң жүзінде міндетті деп есептелмейді, бірақ халықаралық теңіз құқығы мен халықаралық дипломатиялық құқық онсыз өмір сүре алмайды. Мысалға, оның теңізде кемелердің бір-біріне салют беруін, дипломатиялық салтанаттарды алайық.
Халықаралық сыйластық деп, мемлекеттердің өз еріктерімен бір-бірін ерекше құрмет тутуын, тату көршілік, қонақ жайлық актілерін айтады. Бірақ халықаралық сыйластықтың қайсы бір ережелері халықаралық құқықтық ынтымақтастыққа қатысушылар үшін заң жүзінде міндетті болуы да мүмкін. Ол халықаралық келісім шарттарда (құқықтық келісімдік нормалары), халықаралық салт-дәстүрге де бекітілуі мүмкін (құқықтық әдеттегі нысаны).
Халықаралық құқықтық нормалар ұлттық-құқықтық нормалармен тығызбайланысты, осы тезистің дәлелдеуі бойынша өзара ықпал ету процесі болып табылады.
Халықаралық құқықтық нормалар – халықаралық жалпы құқық субъектілерінің белгілі бір мінез-құлықтары.
Ондай нормаларға мыналар тән:
Біріншіден, халықаралық құқық субъектілері арасындағы қатынастарды реттеу;
Екіншіден, міндеттемелік сипаты, яғни, құқықтық нормалардың өз міндеттемелік күші болмағандықтан, құқықтық норманың заң күшіндегі күші;
Үшіншіден, жалпы сипат – яғни, норманың ықпалы көптеген жағдайларға есептелген.
Халықаралық құқықтық нормалардың көбейюі оларды жіктеу қажеттілігін тұдырады. Соңғыларды шартты және әдеттегі нормалар деп екіге бөлу неғұрлым көбірек тараған. Бірақ бұл құбылыстың күрделігіне және көптармақтылығына байланысты, басқа да маңызды шарттарды назарға алу қажеттігі туады.
Іс қимыл саласы бойынша - әмбебаптық, аймақтық деп болінеді.
Әмбепап нормалардың болуы халықаралық нормалар арқылы қамтамасыз етіледі, онда соңғылар көпшілік таныған халықаралыққұқық нормалары деп аталады. Әмбепап нормалар БҰҰ Жарғысында, 1970 жылғы халықаралық құқықтар принциптер туралы Декларациясында, БҰҰ Бас Ассамблеясы қарарларының көпшілігінде орын алған, олар заң күшіне енгеннен кейін, мемлекеттердің көпшілігі оны халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған нормалары ретінде қабал алады.
