- •15. Лекция тезистері Тақырып 1. Халықаралық құқық жүйесі
- •Тақырып 2. Халықаралық құқықтың субъектілері мен қайнар көзі
- •3. Халықаралық құқықмирасқорлық институты
- •В) Мемлекеттің бір бөлігінің бөлек шығуы кезінде
- •Тақырып 3. Халықаралық құқық принциптері
- •10. Адамның құқығы мен бостандығын қадірлеу принципі
- •Мемлекеттердің аумақтық тұтастық принципі
- •Тақырып 4 Халықаралық шарттар құқығы.
- •Түсінік берудің негізгі принциптері
- •Тақырып 5. Халықаралық ұйымдар. Біріккен Ұлттар Ұйымы
- •Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі (статусы)
- •Тақырып 6. Халықаралық құқықтағы азаматтық мәселелер
- •Тақырып 7. Аумақтар мен басқа да кеңістіктер
- •Тақырып 8. Халықаралық - құқықтық жауапкершілік
- •Тақырып 9. Халықаралық экономикалық құқық
- •Тақырып 10. Дипломатиялық және консулдық құқық.
- •Тақырып 11. Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастығы
- •Тақырып 12. Халықаралық экологиялық құқық
- •1. Халықаралық экологиялық құқық ұғымы, оның қалыптасуы мен дамуы
- •Тақырып 13. Халықаралық теңіз құқығы.
- •Халықаралық теңіз құқығының негізгі қағидалары
- •Тақырып 14. Халықаралық әуе құқығы.
- •4. Әуе қатынастарын халықаралық – құқықтық реттеу
- •Тақырып 15. Халықаралық ғарыш құқығы
- •Халықаралық ғарыш құқығы ұғымы және оның қайнар көздерінің жүйесі
- •Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерінің құқықтық режимі
- •3. Ғарышкерлердің құқықтық режимі
- •Табиғи аспан денелеріне қарағанда (Ай, планеталар,астероидтар және басқалары сияқты)
Тақырып 12. Халықаралық экологиялық құқық
Халықаралық экологиялық құқық ұғымы, оның қалыптасуы мен дамуы
Экологиялық құқықтың арнайы қағидаттары мен арнайы көздері
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ұйымдар. БҰҰ және оның арнайы мекемелері. БҰҰ-ң қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасы
Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнамасы. Қазақстанның халықаралық экологиялық бағдарламаларды жасауға және жүзеге асыруға қатысуы.
Қоршаған ортаны қорғау адамзаттың қажеттілігіне айналып, бүкіл әлемдік қауымдастықты оны сатап қалу үшін өзара ұйымдасуға және өз әрекеттерін үйлестіруге мәжбүр етті.
Планетаны сақтау және қорғау проблемасы адамзаттың бүлдіруші қызметінің нәтижесінде туындады. Көптеген мемлекеттер адамның өнеркәсіптік қызмет әсері болмай тұрғанда–ақ табиғи орта бұзылуының ғаламдық зардаптарын ұғынды. Ұлттардың минуттық мүддесі кейбір мемлекеттерді қоршаған ортаның бұзылуы мен ластануына көз жұмғызып отыр. Ал бұдан да маңыздырақ проблемалары бар мемлекеттер қоршаған ортаны қорғау мәселесін екінші қатарға жылжытып қоюға мәжбүр болып отыр. Осы қиыншылық жағдайға қарамастан, адамзат қызметінің табиғатқа және керісінше табиғаттың адамға қауіпті әсер ететіндігі қазіргі дің өзінде дәлелденіп отыр. Осы процесті тоқтату және қоршаған ортаға байланысты саясатты өзгерту адамзаттың қазіргі кезде бұзылған қоршаған орта мүдделерін қалпына келтірумен қалдықтарын сақтаудағы және келешек ұрпаққа болашақта да осы мүдделердің бұзылуына жол бермеуді тапсырудағы маңызды міндеті.
1. Халықаралық экологиялық құқық ұғымы, оның қалыптасуы мен дамуы
Әлемде 60-жылдардан бастап өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының, энергетиканың дамуында өзгеріс болып, қоршаған ортаға кері әсерін тигізді және ғаламдық көлемде бүлдіруші сипат ала бастады.
1972 ж. Стокгольм Декларациясы қоршаған ортаға қамқорлық көрсете отырып, біз бүкіл әлемге өз әрекеттерімізді реттеуімізге тиісті кезең келді делінген. Түсінбестікпен немесе немқұрайдылықпен қарау арқылы біз жер шарына орасаң зор және түзелмейтін залал келтіруіміз мүмкін. Осыдан бұл әрекеттің халықаралық құқықты құрайтың халықаралық - құқықтық реттеу екендігі түсінікті. Қоршаған ортаға байланысты үдеп кележатқан барлық проблемалар аймақтық және халықаралық сипатты иеленетін болғандықтан немесе олар жалпы халықаралық аяға әсер ете болғандықтан, жалпы мүдде үшін халықаралық ұйымдар тарапынан шаралар қолдану мен мемлекеттер арасындағы кең ынтымақтастықты талап етеді. Осының барлығынан мынадай тұжырым щығаруға болады, халықаралық немесе аймақтық деңгейде қоршаған оратны қорғау мақсатында әлемдік қауымдастық ыңтымақтастықтан күткеннен асып түскен нәтиже алу үшін өз қызметін ретке келтіруге тырысуда.
Қоршаған ортаны халықаралық қорғау құқығы – бұл қазіргі және болашақ адамзат үшін табиғи ресурстарды үнемдеп пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі субъектілердің қатынастарын реттейтін принциптер мен нормаларының жүйесі. Алғашқы табиғат қорғау жөніндегі келісімдер және тірі ресурстардың жекелеген түрлерін қорғау мен реттеп отыруға бағытталған шарттар осы ғасырдың басында жасалған. Мыс., 1897 ж. Теніз котиктерін қорғау туралы Келісім. Осы салада, 1972 ж.өткен БҰҰ -ң бастамасы мен адамның қоршаған орасынның проблемаларына арналған Стокгольм Конференциясының маңызды орын алғаны сөзсіз.
Ғылыми-техникалық революция, өндіріс күштерінің дамуы, табиғи ресурстарды үнемсіз пайдалану, жер планетасының биосферасын ластау адамзатты экологиялық дағдарысқа әкеліп соқтырды. Осы тұрғыда, экологиялық қауіпсіздікпен табиғи ресурстарды дұрыс пайдалануды орнықтыратын халықаралық механизмдердің, соның ішінде халықаралық ынтымақтастықтың рөлі артып отыр.
Халықаралық табиғат қорғаудың маңызды оқиғасы ретінде 1992 ж Рио-де-Жанейрода өткізілген БҰҰ даму мен қоршаған орта жөніндегі Конференциясын қарастыруға болады. Ол жиында принципиалдық мәселелер қаралып, бір қатар халықаралық құжаттар қабылданды. Атап айытсақ : даму мен қоршаған орта жөніндегі Рио Декларациясы ; Климаттардың өзгеруі туралы Рамолық Конвенция және 21 ғасырдың күн тәртібі деп аталатын мемлекеттерге, үкіметтерге, үкіметаралық ұйымдарға қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нұсқаулар жиындығы нысанындағы т.б. құжаттар.
Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнамасы. Қазақстанның халықаралық экологиялық бағдарламаларды жасауға және жүзеге асыруға қатысуы.
Қоршаған ортаның ластануы мәселесі Қазақстан республикасын да сырт қалдырмайды. Ол қоршаған ортаны қорғауға байланысты халықаралық конференцияға белсенді қатысады. Табиғат ортасын қорғау жөніндегі түпкілікті халықаралық конвенцияларды бекітеді, сонымен қатар қоршаған ортаны қалпына келтірі және қорғауға байланысты бір қатар шаралар қолданады. Қазақстан республикасы өзінің аумағында нарықтық экономикалық жүйені қалыптастыру мақсаты болып табылатын экономиканың өтпелі үлгісін иеленеді. Өтпелі үлгісінің әзірше табиғат обьектілерін жойылуданқорғауға мүмкіндігі жоқ.
Көптеген он жылдықтар бойы республика КСРО-ның шикі зат базасы ретінде дамып келді. Бір тектес кен және мұнай өндіру секторларының дамуы тікелей қазіргі мемлекет өндірісінің негізі болып, қоршаған ортаға аса қауіпті жанар май, металургиялық және химиялық, мұнай химия салаларының орын алуына әкеп соқтырды. Көптеген өндірістерде жетілмеген технология орын алады. Негізгі өндірістік қорлар моралдық және физикалық тұрғыда тозып біткен, бұл зиянды қалдықтар мөлшерінің көбеюіне әсер етеді
Алылшаруашылық өндірісініңнегізгі үлесін-астықты жерлерде өңдеу, күрішті, мақтаны, қант қызылшасын өсіру құрайды. Ауылшаруашылық өндірісінің қарқынмен дамуы жердіңтозуы секілді із қалдырады. Елдің 60 пайыз аумағы қатаң шөлге айналу қаупінде тұр, бұл топырақтың аз өнім беруіне әкеп соқтырады, сол сияқты бұл жануарлар менөсімдіктердің өнімділігінқысқартады. 40 жыл ішінде тың және тыңайған жерлерді пайдалану нәтижесінде жер және су эрозиясы арқылы 1,2 млрд. Тонна қарашірктен айырылдық.
Жерді пайдаланудың қарқынды және тиімсіз дамытылуы, сонымен қатар аридті климат жағдайындағы ағымды реттеу тікелей Іле,Сырдария, Есіл сияқты ірі және шағын өзендер алабындағы судың тапшылығына әкеліп соқтырды. Біздің көз алдымызда Арал теңізі жойылып кетіп отыр. Осыған ұқсас тағдырды Балқаш көлі де күтуде. Республиканың суға деген мұқтаждығы 100 текше км. Болса, жылына қамтамасыз етілуі 34,6 текше км. Қазақстан халқының әрбір адамын сумен қамтамасыз етуде ТМД елдерінің арасында соңғы орынды иеленіп отыр.
Көмір, мұнай, түсті және қара металдарды және минералды заттарды кең көлемде өндіру қоршаған ортаға әсерін тигізді. 90-жылдардың басында жыл сайын атмосфераға 6млн. т. жуық ластану(50 пайыз-жылу-энергетика, 20 пайыз-қара металлургия, 13 пайыз-түсті металлургия, 4 пайыз-химия және мұнай химиясы) түсті. Ауаның жоғары және аса жоғары ластануы халықтың шоғырланып орналасқан жерлерімен сәйкес келеді. Қарағанды және Павлодар обылыстарында 1993 ж. әрбір тұрғынға 10,5 және 7,7 тонна зиянды қалдықтар тиесілі болды. Жыл сайын републиканың су сақтайтын жерлерінің бетіне 200млн. М3 аса ластанған су шығарлады. 1995ж. жағдайларға назар аударсақ, республика бойынша 3047 ластанған жер асты суларының ошақтары анықталған, олардың көлемі бірнеше шаршы км-ден жүздеген шаршы км-ге дейін жетеді.
Қазақстан Республикасында мынадай проблемаларды ерекше атап көрсетуге болады:
-су ресурстарының тапшылығы;
-жайылым және жыртылатын жердің тозуы;
-шоғырланан аумақтардың атмосфералық ауасының ластануы;
-ағын сулардың, су объектілерінің ластануы;
-қоршаған ортаның қатты өндірістік және тұрмыстық қалдықтармен ластануы;
-ормандардың және аса қорғалатын аймақтардың жеткіліксіздігі;
-мұнай шығару аудандарындағы қоршаған ортаның ластануы.
Жоғарыда аталғандай, реслублика өзінің экологиялық поблемаларымен дербес түрде мемлекеттік және аймақтық деңгейде күресуге мүмкіндігі жоқ. Осыған орай, Қазақстан Республикасы табиғи қоршаған ортаны қорғау аясында халықаралық қатынас жасау бағытын алды және халықаралық саясатқа белсене қатысты. Қазіргі күнде Қазақстан Реслубликасы 11-ге жуық мынадай конвенцияларды бекіту:
Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйымдар конвенциясы, 1947, ҚР, 1993 ж.; Мұнайдың ластануынан келген зардап үшін азаматтық жауапкершілік жөніндегі 1969 ж. халықаралық конвенция, ҚР, 1994 ж.; 1972 ж. Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау жөніндегі конвенция, ҚР, 1994 ж.;
