Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lekcija_-_Mezhd_pravo.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
987.65 Кб
Скачать

Тақырып 11. Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастығы

  1. Қылмыстылықпен күресудегі халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігі

  2. Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттер ынтымақтастығының салалары

  3. Қылмыстылықпен күресетін халықаралық ұйымдар

  4. Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек корсету және қылмыскерлерді беру

Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттер ынтымақтастығының салалары

Мемлекеттер терроризм, ақша белгілерін қолдан жасау, әуе кемелерін басып алу және айдап кету, есірткі және психотропты заттардың заңсыз айналымы, қарақшылық және басқа халықаралық сипаттағы қылмыс түрлерімен күресуде ынтымақтастықты белсенді түрде жүзеге асырады.

Халықаралық терроризм халықаралық қылмыстардың ауыр түрлеріне жатады. Қылмыстың бұл түрімен күрес 1937 жылы бастады. Осы жылы “Терроризмнің алдын алу және оны болдырмау” Женева конвенциясы қабылданды. Бұл конвенцияда террористік деп танылған және жазалануға жататын әрекеттердің тізімі көрсетілді. Аталған конвенция күшіне еңбеседе, ол терроризммен күресуге бағытталған кейінгі конвенциялардың қабылдануына негіз болды.

Терроризм латынның “террор” - қорқыныш деген сөзінен шыққан. Дипломатиялық сөздікте халықаралық терроризмге мынандай анықтама берілген: “Адамдардың орынсыз өліміне әкеліп соғатын, мемлекеттермен олардың өкілдердерінің қалыпты дипломатиялық қызметін бұзатын және халықаралық байланыстардың кездесулердің, сондай-ақ, мемлекеттер арасындағы көлік байланыстарының жүзеге асуын қиындататын халықаралық көлемдегі қоғамға қауіпті әрекет”.

Халықаралық терроризм актілеріне (әрекеттеріне) шетелдік мемлекет және үкімет басшыларының, дипломаттарды және халықаралық қорғаудағы басқа да тұлғаларды өлтіру, дипломатиялық өкілдердің, халықаралық ұйымдардың штаб-пәтерлерін жару, жоғарыда аталған тұлғалардың үй жайларымен көлік құралдарына шабуыл жасау, қоғамдық орындардағы, аэропорттардағы, вокзалдардағы, көшелердегі және тағы басқа диверсиялар.

Бұл қылмыс түрінің субъектілеріне жеке тұлғаларда, террористік ұйымдар да жатады.

Террористік актілердің, әсіресе дипломаттарға қатысты кең қанат жаюы мемлекеттерді 1973 ж. “Халықаралық қорғауы бар тұлғаларға, соның ішінде дипломатиялық агенттерге қарсы қылмыстарды тоқтату мен жазалау туралы” Конвенция қабылдауға итермеледі.

Сонымен қатар, аумақты сипаттағы бірнеше конвенциялар қабылданды. Мысалы, 1971 ж. “Терроризм актілерінің алдын алу және оларды жасағаны үшін жазалау туралы” Америка Конвенциясы, 1976 ж. “Терроризммен күрес туралы” Европалық конвенция, 1987 ж. Оңтүстік Азияның аумақтық ынтымақтастық Ассоциясы мақұлдаған “Терроризмнің алдын алу туралы” Конвенция біріккен Араб мемлекеттерінің 1991 жылғы “Халықаралық сипатта болатын тұлғаларға қарсы қылмыс нысанындағы және қорқытып талап етушілікпен байланысты, тероризм актілерінің алдын алу және оларды жасағаны үшін жазалар туралы” Конвенция.

Сонымен қатар, мемлекеттер терроризммен күресуге бағытталған екіжақты шарттарда бекітеді. Атап айытсақ, 1995 ж. 10 сәуірде ҚР-ң Үкіметі мен Герман Федерациялық Республикасының Үкіметі арасында “Ұйымдасқан қылмыспен, терроризммен және қылмыстардың басқа да қауіпті түрлерімен күресудегі ынтымақтастық туралы” Келісім бекітілді.

Терроризммен күресу үшін арнайы органдарда құрылады. Мыс., БҰҰ жүйесінде халықаралық терроризм жөнінде арнайы комитет құрылған. Оның 35 мүшесі бар. Бұл комитеттің шеңберінде террористік актілермен күрес жөніндегі конвенциялардың жобалары дайындалады.

Тероризммен күрес жөніндегі саяси шаралар ЕҚКК (СБСЕ) қорытынды құжаттарында, Шарм-аш-Шейхтегі 34 мемлекет басшыларының қорытынды жолдарында (1996ж. наурыз), БҰҰ 1994 ж. “Халықаралық терроризмді жоюдың әдістері туралы” Декларациясында бекітілгендей: “БҰҰ-ң мүше мемлекеттері салтанатты түрде сөзсіз қылмыстық және ақталуға жатпайтын терроризмнің барлық актілерін, әдістерін және терроризм тәжірибесін, олар қай жерде кіммен жасалмасын, сынға алынатыны жарияланды”.

Жалған ақша немесе ақша белгілерін қолдан жасау - ертеден келе жатқан халықаралық қылмыс түрлерінің бірі. 1929 ж. “ақша белгілерін қолдан жасау туралы” Женева Конвенциясы қабылданды. Бұл конвенцияға сәйкес қылмыстық әрекет деп жалған ақша белгілерін жасау мен өткізу, сондай-ақ ақша белгілерін жасау немесе өзгерту, оларды өткізу – елге кіргізу, өзі үшін іздеп табу, ақша белгілерін жасау немесе өзгертуге арналған құралдарды дайындау, алу немесе иемдену данылды. Қылмыс деп, сондай-ақ, аталған әрекеттерді жасауға оқталу мен қатысу да танылады.

1929 жылы Женева конвенциясы “Ақша белгілері” деген ұйымға айналымдағы қағаз ақшаларды да, металл монеталарында кіргізді.

Ақша белгілерін қолдан жасау тұрақты өсу тенденциясына ие және соңғы жылдары вексельдерді, аккредитивтерді, чектерді, почталық төлем белгілерін және басқа мемлекеттік құнды қағаздарды қолдан жасау кең қанат жайып отыр.

Әуе кемелерін басып алу және айдап кету - қылмыстары 60-жылдардың аяғынан бастап кең қанат жайды.

1963 ж. “Әуе кемесіндегі құқық бұзушылықтармен басқа да әрекеттер туралы” Токио конвенциясы қабылданды. Бұл Конвенцияда әуе кемелерін басып алуға мынадай анықталма берілген: “Әуе кемесінің ішіндегі тұлға заңсыз, күш көрсету арқылы немесе күш көрсетемін деп қорқыту арқылы араласу, басып алу әрекетін және басқа тәсілімен әуе кемесіне үшу барысында құқыққа қайшы түрде қадағалау жасаса”.

Токио конвенциясының кемшілігі - әуе кемелесін басып алу жөніндегі әрекет қатаң жауап кершілікке алып келетін қылмыс ретінде саранған жоқ.

1970 ж. “Әуе кемелерін заңсыз басып алумен күресу туралы” Гаага Конвенциясы қабылданды, бұл конвенцияға сәйкес әуе кемесін басып алу халықаралық сипаттағы қылмыс деп танылды. Конвенцияның кемшілігі – мұнда қылмыс деп тек әуе кемесін басып алу және айдап кету танылды.

1971 ж. “Азаматтық авиацияның кауіпсіздігіне қарсы бағыталған заңсыз актілермен күресу туралы” Монреаль Конвенциясы қабылданды. Бұл Конвенция әуе кемесіндегі қылмыстық қудаулауға жататын әрекеттердің тізімін кеңейтті. Әуе кемесін басып алу және айдап кетуден басқа қылмыстық әрекет деп мыналар танылды. Әуе кемесіндегі тұлғаларға күш көрсету, әуе кемесін бұзу және бұлдіру, аэронавигациялық құралдарды бұлдіру, кемені пайдалануға араласу. Осы әрекеттерге оқталау және қатысушылықта қылмыс деп танылды.

1988 ж. Монреаль конвенциясына қосымша ретінде “Халықаралық азаматтық авиацияға қызмет көрсететін әуе жайлардағы заңсыз күш көрсету актілерімен күрес туралы” хаттама қабылданды.

Есірткі құралдары мен және психотропты заттармен заңсыз операциялар жасау – халықаралық қылмыстардың ішіндегі кең таралған түрі. Қылмыстың бұл түрімен күрес мемлекеттердің күштерін біріктіргенде және олардың осы саладағы ынтымақтастық нәтижесінде ғана тиімді болады.

Есірткі құралдарын заңсыз тарату мен күресуге бағытталған алғашқы халықаралық шарт 1912 ж. Гаагада бекітілді. Кейіннен бір қатар халықаралық құқықтық актілер қабылданды. Олардың ішінде 1936 ж. “Есірткі құралдарының заңсыз саудасына тыйым” Конвенция, 1961 ж. “Есірткі құралдары туралы” біртұас Конвенция қабылданды.

1971 ж “Психотропты заттар туралы” Конвенция қабылданды. 1988 “Есірткі құралдары мен психотропты заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы” БҰҰ конвенциясы қабылданды.

Аталған конвенциялардың барлығы есірткі құралдары мен психотропты заттарды медициналық мақсатта пайдаланудың заңдылығын және оларға қатысты заңсыз әрекеттердің құқыққа қайшылығын мойындайды. Конвенцияға сәйкес жаза мен жауапкершілік тудыратын әрекеттерге мыналарды жатқызады: есірткілерді уағыздау, өндіру, пайдалану, дайындау, бөлу, коммерциялық мақсатта ұсыну, сатып алу, сату, кез келген жағдайларда жеткізу, маклерлік, сақтау, жіберу, кіргізу мен шығару, және т.б. Біртұтас конвенцияда есірткі заттарды өндіру мен сатып алу және жеткізуге байланысты 18 заңсыз әрекеттер қарастырылған.

Мемлекеттер есірткі құралдарын заңсыз таратымен күресуде ынтымақтастық туралы көпжақты конвенциялардан басқа, екіжақты конвенцияларда бекітуі мүмкін. Мыс., 1996 ж. 5 сәуірдегі “Есірткі құралдарының және присотропты заттардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы күресте ынтымақтастық туралы” КР Үкіметінің, Қырғыз Республикасы Үкіметінің және Өзбекістан Республикасы Үкіметінің арасындағы келісім; 1997 ж. 8 сәуірдегі “Есірткідерді бақылау саласындағы ынтымақтастық туралы” ҚР Үкіметінің және Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы келісім.

Интерпол- халықаралық қылмыстық полиция ұйымы.

Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы – халықаралық қылмыстармен күресуге тікелей ат салысатын қылмыстық полицияның жалғыз халықаралық ұйымы болып табылады. Ол 1923 ж. Орталығы Венада (Австрия) қылмыстық полицияның халықаралық комиссиясы ретінде құрылды. 1936 жылы ол өз қызметін фашистік Германияның Австрияны басып алуына байланысты тоқтатты. Ал қазіргі күйінде ол 1946 жылы қайта құрылды. Интерполдың Жарғысы 1956 ж. Күшіне еніп, оған 177 мемлекет мүше болып кірді. Қазақстан оған 1992 ж мүше болды. Интерполдың штаб-пәтері Францияда орналасқан (Лион қаласында). 1982 жылдан бері Интерпол БҰҰ -да халықаралық үкіметаралық ұйым мәртебесіне ие болды.

Интерполдың негізгі мақсаттары: әр түрлі елдердің қылмыстық полициясының барлық органдарының кең әрі өзара тиімді ынтымақтастығын қамтамасыз ету және дамыту, жалпы қылмыстылықты ескеруге және онымен күресуге көмек беретін мемлекеттерді құру мен дамыту.

Жарғының 3-бабына сәйкес ұйымға кез келген саяси, әскери, діни, нәсілдік мәселелерге араласуға немесе қызметке тыйым салынған.

Интерполдың басты органдарына Бас Ассамблея және сессиялары арасындағы кезеңде Бас Ассамблеяның қызметтерін атқаратын , Президент жетекшілік ететін атқару комитеті жатады. Тұрақты әрекет ететін жұмыс органы – Бас Хатшы басшылық ететін Секретариат және Ұлттық Орталық Бюролар. Олар бір уақытта екі жүйеде: жеке мемлекеттерде және ұйымның өзіне тиісті екіжақты бағыныштылықта әрекет етеді.

Ұлттық Орталық Бюролар Интерполға мүше мемлекеттердің әр қайсысының полицейлік қызметі құрылымында қызмет етеді. Олар қылмыспен күресудегі мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының орталықтары және интерполдың жергілікті жердегі түреуіштері болып табылады. Нақты бір мемлекетте ҰОБ Интерполдың тұрақты әрекет етуші органы болып табылады. Бір ауқытта ол осы мемлекеттің қылмыспен күресудегі үлкен өкілеттіктерге ие полицейлік органы болып есептеледі.

Халықаралық полицейлік ынтымақтастықтың түреіштері бола отырып, ҰОБ өз елдерінде соттармен, прокуратурамен, шекара және кеден қызметкерлерімен іскерлік байланыста, ол халықаралық деңгейде – басқа елдердің ҰОБ-мен және бас Секратариатпен байланыста болады.

Әр бір мемлекеттің ҰОБ өз сұрауларын “Интерпол” деген грифпен жазып, бас секритариатқа кез келген мүше мемлекеттің ҰОБ-на жіберуге құқылы. Осылайша оның өз атынада СІМмен басқа да мемлекеттік органға соқпастан, бас Секритариатпен өзге мемлекеттердің ұлттық орталық бюроларынан тапсырмалар келіп жатады. ҰОБ-ның басшысы деген бұйрықтық тәртіппен өзіне бағынышты қызметкерлермен пауазымды тұлғаларға келген тапсырманы белгіленген уақытта орындауды жүктейді. Осылайша ҰОБ мен бүкіл Интерпол өз қызметінің жетістігімен жоғары тиімділігіне қол жеткізеді

Интерпол қызметінің негізгі бағыттары мыналар: арнайы әдістеме және карточкалардың көмегімен қылмыстық тіркеуге алу, қылмыскерлерге, із-түссіз жоғалып кеткен тұлғалармен ұрланған құндылықтарға халықаралық іздеу салу. Бұған қоса, Бас Секретариатта әрбір елдегі қылмыстылық туралы статистикалық мәліметтерді жинау мен талдау, мүше мемлекеттерге техникалық көмек көрсету, халықаралық полицейлік көрмелерді ұйымдастыру және ғылыми зерттеу жұмыстарын жұзеге асыру.

Интерполдың автономды коммуникация жүйесі, жеке радиосы, телексі, телетайпы, фототелеграф, пошта және телеграфтық байланысы бар. Осы құралдар арқылы жылсайын Интерполдың миллионнан астам ақпараттар хабарлары өтеді. Ақпараттардың басым көпшілігі Интерполдың радио торабы арқылы өтеді. Ол жедел ақпаратты тез беруді және алуды қамтамасыз етеді. Ол өз кезегінде халықаралық сипаттағы қылмыстарды ашудың шешуші жағдайы болып табылады.